Ниязова Дамира Қауашқызы-Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы
Шарбақты ауданы,Павлодар облысы
Мектептегі « қиын » оқушылармен жұмыс әдістемесі
« Қиын » оқушы ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері беріледі : « өмірі ауыр жағдайдағы балалар » , « ата – анасының қарауынсыз қалған балалар » , « қауіпті әлеуметтік жағдайдағы балалар » , « мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар » , « қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар » және т.б.
« Ауыр жағдайдағы балалар » қатарына мынадай критерийдегі балаларды жатқызуға болады : ата-анасының қарауынсыз қалған балалар ; мүгедектер , физикалық және психикалық дамуында кемістіктері бар балалар ; ұлтаралық және қаруланған қақтығыстардың құрбандарының , экологиялық және техногендік апаттардың , басқа елден еріксіз қоныс аударған « босқындардың » балалары , зорлық – зомбылық көрген балалар , бас бостандығынан айырылып өз кінәсін тәрбиелеу колонияларында өтеген балалар ; « қиын » балаларға арналған оқыту – тәрбиелеу арнайы мекемелердегі , аз қамтылған отбасындағы балалар ; мінезінде кемістігі бар балалар ; әртүрлі жағдайлардан бұзылған , оны өз бетімен не жанұясы шеше алмайтын отбасындағы балалар .
« Қиын » топтағы балалар , тамыры терең кеткен әртүрлі жағдайлардан болады . Сондықтан осы топтағы балаларға жекелей жұмыс , педагогикалық әдістемелер қажет . Ол үшін баламен жұмысты қалай жүргізуге болады :
« әлеуметтік педагог және бала » - бір-біріне деген сенім атмосферасының қалыптасуы ;
мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау және баланың балалық шағын қорғау туралы үрдістерді іске қосу ;
баланың жанұясымен үнемі тығыз байланыста болу ;
үнемі әлеуметтік қорғау туралы қосымша мағлұматтармен , құжаттармен таныстыру ;
Әлеуметтік педагогтың жұмысындағы ең белгілі әдістердің бірі – бақылау әдісі . Баланың іс-қимылын , сөзін әртүрлі іс-шаралардан байқау .Жүйелі және нәтижелі жұмыс арқылы ол баланың мінезінде ауытқушылықтар болса , сөзінде береке болмаса , ол баламен жеке жұмыс ұйымдастыру керек . Бақылауды қалыпты жағдайларда жүргізу өте тиімді : ойын кезінде , сабақта , әртүрлі іс-шараларда үнемі көңіл аударып , жүйелі жұмыс жүргізу керек .
Әңгімелесу әдісі – бұл баламен сөйлесу арқылы оның ішкі дүниесіне ену , проблемасын білу , түсіну және оны шешуге бағыт – бағдар сілтеу .
Сауалнама жазу арқылы бала туралы ақпарат жинау . Сауалнаманың мазмұнына негізгі проблема ғана болуы тиіс .
ойы
мінезі
әлеуметтік – демографиялық жағдайы
белгілі бір бағыт бойынша қызығушылығы
Сұрақтар мынадай түрде болуы мүмкін :
сұрақ (дайын жауаптардан керегін бала өзі таңдайды )
өз бетімен жауап беру
тура жауаптар
жанама жауаптар
Сұхбаттасу әдісі – алдын – ала дайындалған сұрақтарға жауап алу . Бұл әдісте мына жағдайларды есте ұстаған абзал :
қарапайым жағдайда сөйлесу ;
баланың үнемі болатын ортасында сұхбаттасу ;
жауап беру мүмкіндігін ескеру ;
белгілі бір уақыт ішінде жауап беру керектігін айту ;
үшінші адамның көмегінсіз әңгімелесу ;
Тест әдісі – стандартты тапсырмалар арқылы зерттеу . Дамыту , графикалық , ассоциациялық тестер болуы мүмкін . Жауаптарды белгілі бір жүйе арқылы сараптау , талдау қажет .
Құжаттарды тексеру – бұл әдісті үнемі қолдануға болады . Құжаттар мынадай түрде кездеседі :
жеке , жанұялық не сыныптық , т.б.
алғашқы ( бақылау не әңгімелесу кезінде алынған жауап ) , соңғы
( сараптаудан өткен нәтиже )
негізделген және негізделмеген (официальный и не официальный )
Бұл әдісті қолдану бала туралы ақпараттарды тез арада жинауға көмектеседі ,
Бірақ ақпараттың кейбір түрлері белгілі бір уақытқа ғана жарамды болады , оны
жаңартып отыру қажеттігі туындайды .
Девиант мінезді балалар кімдер ? Оны қалай білеміз ?
Әрбір баланың мінезі жүре қалыптасады . Кейбір кездерде әртүрлі оқиғаға бала жүрегімен беріледі , өзінше қайғырады , содан барып түрліше мінез көрсететін кездері де болады .
Әке – шешесінің айрылысуынан , үлкендердің өз уайымдары өздерінде болады , бұл балаларға кері дивиантты әсерін тигізеді , бала осы уақытта кез – келген нәрсені жүрегіне жақын қабылдап , шамкөстеніп кетеді .
Жақын адамын жоғалту , бала өзіне ең маңызды адамды жоғалтқандықтан мінезінің өзгеруі мүмкін , уайым дивиациясы пайда болады .
Жанұяға жаңадан жас сәби келген кезде балада қызғаныш дивиациясы туындайды , өзіне деген көңіл аз бөлінеді деген қорқыныш пайда болады .
Жанұядағы балаға деген кері көзқарас : ұрысу , соғу , жәбірлеу , намысына тиетін сөздер айту баланы басқадан өзін кем сезіну дивиациясын тудырады.
Сексуалды зорлық – зомбылық көрген бала да осылай болады .
Достарыңызбен бөлісу: |