ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
7
№9 (116)
29 тамыз
2014 жыл
С Ұ Х Б А Т
студент қыздар жүлделі орындарды еншілеп
отырды. Бұл көрсеткіш университетке жақсы
мамандар келгенінің нәтижесі. Сол жылдардағы
студенттеріміздің дайындығы 2 курстан кейін
тапсырылатын аралық бақылау емтиханда
рында сүріндірмеді. Өзге оқу орындарында
манмандықтар жабылып, түрлі қысқартулар
болып жатқанда біз керісінше көркейдік.
Студенттеріміздің білімі де, талабы да артты.
– Университеттің ғылыми жетістіктері
жағынан ой бөлісіп отырсыз. Ал Сіз басқарған
жылдары қандай ерекше оқиғалар есіңізде қалды?
– Біздің республикамыз өте кең, байтақ.
Елбасының арнайы жұмыс жоспары бар,
елдің, халықтың мәселесін айналасады, күн
тәртібінде бәрі есептеулі, бірақ соның өзінде
Қыздар университетіне көңіл бөліп, 2 рет өз
қабылдауына шақыруы – мен үшін ерекше
оқиға. Содан кейін 2010 жылы университеттің
9 қабатты жатақханасы салынғаннан кейін
Елбасының арнайы келіп көруі ерекше оқиға.
Бұл жатақхананың құрылысын 2008 жылдың
кү зінде бастап, 2009 жылдың 29 тамызында
салатанатты түрде аштық. Сол кезде газет
журналдардың барлығы«Мына жатақхана
интерьері қонақ үй типтес екен» деп жарыса
жазды. Жатақхананың ашылғанына 1 жыл екі ай
толғанда Президент келіп көргенде ғимараттың
еш жерінде мұқалған, тіпті бір сызығы жоқ,
аппақ, әдемі қалпында тұрды. Елбасы жүз
университеттің бәріне бірдей баруы мүмкін емес
қой. Дәл біздің қара шаңыраққа келуі ерекше
жағдай.
Содан кейін Нұрсұлтан Әбішұлының
қолдауымен институттың университет атануы
да үлкен жетістік деп білемін. Оқу орынның
жаңа мәртебеге жетуі көңілімді жадыратады,
арулар білім алатын оқу орнының дәрежесі
өсіп, мәртебесі артуына үлес қоса алдым деп
ойлаймын. Тағы бір есте қаларлық ерек
ше жайт – Елбасының туған күніне орай
ұйымдастырылған «Елбасы және студент» атты
керемет кеші. Бұл шараны Абай атындағы балет
және опера театрында өткіздік. Бұл жас буынға
берері мол ғибратты кездесу болды. Кейін мен
Президентке мереке барысы бейнеленген та
спаны апарып бердім. Н.Ә.Назарбаев бізге келіп
машинадан түсе бергенінде сол кешті жүргізген
екі қызды бірден танып (олар менің қасымда
гүл шоқтарын ұстап тұрған болатын): «Сендерді
көрдім ғой кеше кассетадан» – деді, сосын
маған бұрылып «Кеш жақсы өтіпті» деді. Сосын
Бауыржан Момышұлы атамыздың мерей тойына
орай ұйымдастырылған кешті батырдың «Сек
сен мен жүздігімді халық атар» деген сөзімен
жылда әрине көптеген жетістіктеріміз болды.
Мәселелер де болды, оларды шешуге тырыстық.
Солшешуге көмектескен ұстаздарға, менімен
бірге қызмет еткен адамдардың барлығынал
да рахмет айтқым келеді. Яғни университеттің
менің тағдырымда ерекше орны бар. Және
2011 жылы Тәуелсіздік күніне қарсы өзінің
Ақордасында Елбасы маған өз қолыменен
«Парасат» орденін табыстады. Сондықтан мен
Қыздар университетінде оқығаныма да, қызмет
жасағаныма да қуаныштымын.
Ал біз оқыған кез бен қазіргі кезді салыс
тыру өте қиын. Себебі, заман дегенің басқа.
Қазіргі қыздар, мен ойлаймын, мынау жаһан
дану дәуірінде өмір сүріп жатқанымызды сезін
гендіктен, қыздар білім алуға құштар және
бә се келестікке төзімді болу үшін ақпараттық
технологияларды жақсы меңгеріп жатыр. Мен
сол үшін қуанамын. Өздерінің басқа жерде
білім алып жатқан замандастарынан еш кем
емес. Атап өткім келгені, біздің қыздар өзге
отандық оқу орындарында, әсіресе, басқа тілде
білім алатын қыздардан тіпті, басқа елдің,
Еуропаның оқу орындарымен салыстарғанда
ұлттық құндылықтарды жете менгерген тәлім
тәрбиемен ерекшеленіп тұрады. Өнер мен
шығармашылық жағынан біздің қыздар оқ
бойы алда тұр. Спортты айтатын болсақ, бұл
мамандықты біз кейін аштық. Соның өзінде
біздің баскетболшы қыздар ұлттық құраманың
мүшелігіне өтті. Студенттер олимпиадасына 58
жоғары оқу орны қатысты, менің есімде қыздар
Шәмша БЕРКІМБАЕВА, ҚазМемҚызПУ-дың 2003-2011 жылдардағы ректоры:
ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНЕ
қызмет еткен оқу ордасы
– Шәмша Көпбайқызы, сұқбатымызды
Қыздар университетінің қоғамдағы рөлі, маңызы
қандай деген сауалдан бастасақ...
– Қыздар университеті өткен ғасырда
құрылды. Жалпы ХХ ғасыр – біздің халқымызға
та лай қасірет әкелген, қуанышты жағдайлар да
болған ғасыр. Соның ішінде үлкен жетістігіміз
– жап пай сауаттылыққа қол жеткізу. Осы
жұмыста Қазақ мемлекеттік педагогикалық
университетінің орны ерекше болды. Соғыс
жылдары құрылуының өзі бұл жайдан жай
емес. Азаматтар соғысқа кеткенде мектепте
жұмыс істеуге қыздарды шақыру керек болды.
Тек қана бұл емес әрине. Біздің халқымыз
дың қыз тәрбиесінде арыдан келе жатқан
ерекше педагогикалық мәдениеті бар. Сол
арқылы қыздарды оқыту, қыздарды қоғамға
белсенді мүше ретінде дайындау, қыздар дың
ақыларасатын, білімін, бойындағы қабіле тін
көрсетуге мүмкіншілік беру ретінде ашылған.
Ұлт болып ұйысуымызға, халық болып
қалыптасуымызға әрине, Қыздар институтының
қосар үлесі мол болды. Солай болып келе жатыр,
халықтың жақсылығына, халықтың мүддесіне
қызмет етуде.
– 2003-2011 жылдар аралығында Қыздар
университетін басқардыңыз. Сіз басқарған 8 жыл-
да оқу ордасы қандай еді?
– Ол кездегі жалпы оқу орындарының
экономикалық жағдаы қиын еді. Себебі біз
мүлдем басқа қоғам құрып, өтпелі кезеңді ба
стан өткерген едік. Мен басшылыққа келген
кезде 2 жатақхана қолды болып кеткен еді,
Бір жылда 70 іс сотта қаралып, соның ішінде
жатақхананы қайтардық. Жөндеу жұмыстарын
жүргізіп, студенттерді орналастырдық. Соны
мен қатар, музыка және мәдениет факультетінің
оқу корпусы «пайдалануға болмайды» деген
шешіммен жабық тұрған. Күрделі жөндеу
өткізіп, қайта пайдалануға бердік. Аудито
риялар қорын кеңейттік. Сондайақ, барлық
ғимараттың техникалық құжаттарын реттеп,
заңдастырылып, мемлекеттік акт алып, студент
тер мен қызметкерлерге жағдай жасаланды.
– Ал осы 2006 жылғы алған Дамушы кәсіпо-
рын номинациясы бойынга «Алтын құйма»
халықаралық сыйлығымен марапатталуы оқу
орнының дамуына әсер етті ме?
– Жалпы, қандай да бір награда шынайы
еңбекті бағалап берілген болса, ол халықтың,
қызметкерлердің көңілкүйін айтарлықтай
жақсарта түседі. Жұмыс деген көңілкүйге
байланысты. Қыздар университеті жоғарғы
оқу орындарының дүниежүзілік ұйымдарының
қатарына кіруге батыл ұмтыла бастады. Ал
ж о ғ а р ы д а а й т қ а н н о м и н а ц и я Қ ы з д а р
институтының беделін арттырды деп айта
аламын. Сол жылдардан бері республикалық
рейтингтің қорытындысында оқу орны же
келеген мамандықтар бойынша да, жалпы
көрсеткіште де алдыңғы 12 орындарды иеленіп
жүрді. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
– 2008 жылы араға 64 жыл салып Елбасының
қолдауымен оқу орнына «Университет» дәрежесі
берілді. Бұл қандай күшпен келді? Қыздарға ғана
арналған жалғыз оқу ордасына бұл мәртебе кеш
берілген жоқ па?
– У н и в е р с и т е т д е г е н м е к е м е қ а й
мемлекеттің де байлығы. Біз де «университет»
деген дәрежені алуды армандадық. Бұл жерде
Елбасының үлкен қолдауы болды. Жалпы 8
жыл ректор болып тұрғанымда 2 рет Елбасының
қабылдауында болдым. Бір қабылдауда уни
верситет дәрежесін беруді сұрадым. Елбасы
осы дәреженің маңызын, берер өзгерісі ту
ралы сұрады. Қазақ қыздарының, әсіресе
ауыл қыздары оқып жатқан оқу ордасының
абырой артып, әлеуеті көтерілер еді деген
пікірлерімді білдірдім. Елбасы қолдап, Үкіметке
тапсырма беріліп, 2008 жылы 23 қыркүйекте
қаулы шығарылып, Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті болып өзгерілді.
Университет атанған coң магистратурадағы
6 мамандықты 22 мамандыққа дейін жеткіздік,
бұрын докторантура бөлімі болмаған еді, біз
6 мамандықтан PhD докторантруа бөлімін
аштық. Жалпы университеттің ғылыми әлеуеті
көтерілді, жақсыжақсы мамандар бізге келе
бестады. Айталық, мен 2005 жылы келгенде
осында 15 шақты ғана ғылым докторы болса,
олардың саны 66ға жетті, бұл үлкен күш қой.
Доцент пен кандидаттар саны 250ге жетті,
яғни, оқу орданың жаңа мәртебесі оның жалпы
ғылыми әлеуетін көтерді.
Әр жылдары министрліктің тарапынан
ұйымдастырылған түрлі олимпиадаларда біздің
36 медаль алып келді. Бұл керемет көрсеткіш
қой. Осыған орай республикалық «Казахстан
ская правда» газетінде бізге тамсанып жазылған
тамаша мақала шықты. Отандық 58 ЖОО ішінде
ҚазМемҚызПУ үздік ондыққа кірді. Бұл – үлкен
жетістік. Яғни, осындай қыздар спортқа, өнерге
қатысуға мүдделі.
Қазір тәрбиеде әртүрлі жағдайлар орын
алуда. Өзіміздің, ұлтымыздың әдетғұрпына
сай емес дүниелер болып жатыр өкінішке
орай. Біз өзіміздің халқымыздың өзіне тән
педагогикалық мәдениетін аздап та болса,
әсіресе, қыз тәрбиесіне байланысты қызыл
жібін үзіп алдық па деп ойлаймын. Ал Қыздар
университеті қыздарының тәрбиесі ауылдан
келген социумнан құрағандықтан, ауылдағы
сары майдай сақталған құндылықтар арқасында
сақталған. Сондықтан ҚазМемҚызПУ қыз
дарының болмысы мүлдем басқаша. Қыздар
университеті ерекше оқу орны. Қарашаңыраққа
ұқсас Қырғызстандағы, Дағыстандағы оқу
орындары жабылып қалса, біздікі күн санап
кемелденіп келеді. Мен мысалы осы институтты
қиынқыстау уақытында «Бұл институттың қазір
қажеті жоқ, жабу керек» деген түрлі пікірлер
болғаны білемін. Осыған орай Президенттің
айтқанын да естігем. Мен бір барғанда ол кісі:
«Түрлі жабу керек деген әңгімелер айтылып
жатыр», – деді, сосын мен: «Мұнда ауылдың
қыздары, қазақ қыздары оқып жатыр, оқу
орны керек», – деп өз ойымды айттым. Сонда
Елбасы тұра сол жерде жанындағы көмекшісін
шақырып: «Қыздар институты жабылады де
ген сөздерді тоқтату керек. Қазақтың қыздары
оқитын оқу орнына қайта көмектесуіміз керек,
дами берсін, өсе берсін», – деді. Тағдырдың
бастадық, осы міндетті орындаған сияқтымыз.
Бұл оқиға қоғамымызда да ерекше орын алды.
– Сіз өзіңіз осы оқу орнында білім алдыңыз,
жақсы маман болдыңыз, ұзақ жылдардан кейін
басшылық қызметке тағайындалдыңыз. Сол өзіңіз
студент болып жүрген кездегі қазақ қыздарының
болмыс, келбеті қандай болды, қазіргі қыздармен
салыстыруға келе ме?
– Пайымдауымша ұстаздық менің маңда
йы ма жазылған Алладан бұйырған мамандық.
Өйткені, кішкентай кезімізде мен көршілердің
балаларын, туыстардың балаларын жанап алып,
мен мұғалім болам, міндетті түрде. Директор бо
лам. Сөйтіп ойнайтынбыз. Ал кейін осы Қыздар
институтына түстім. Аллаға шүкір, жаман болғам
жоқ. Мұғалімдік мамандықтан бастап, жалпы
білім саласындағы лауазымдық қызметтердің
бәрінде болдым деуге де болады. Айтарым,
мен ұстаз жолын таңдап, Қыздар институтына
түскеніме еш уақытта да өкінбеймін. Екіншіден
осы жерге жаңағы біздің үкімет отставкаға кетіп,
тараған кезде Президент өз аузымен айтты
маған: «Шәмша, өзің оқыған жерің, сол жерге
барып қызмет жасасаң қайтеді?» деді. Мен қуана
келістім. Аздыкөпті 8 жыл басқарыппын. 8
тезіне шыдас берген оқу орны 70 жылға жетті
мінекей, шүкіршілік.
– Осындай мерейтойға қандай тілек арнай-
сыз?
– Алдымен 1944 жылы осы оқу орнын құрған
ағаларымызға да көп рахмет айтам. Мысалы,
Үкімет басында Н.Оңдасынов бірінші хатшы
Ж.Шаяхметов секілді тұлғалардың үлкен еңбегі.
Өйт кені, мәселенің бәрі Мәскеуден шешіліп
тұрғанда «Неге қазақтың қыздары үшін оқу
орнын ашу керек?» дегенді дәлелдеп беру – ол
үлкен ерлік. Сондықтан мен шын көңілмен
қуанам 70 жыл толғанына.
Заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов ғасырлар
бойы тәуелсіздік үшін күрескен қайракерлерді
екі топқа бөліпті: қол батыры және ой баты
ры деп. Тарихқа үңіліп қарасақ, біздің қыз
дарымызды қол батыры да, ой батыры да деуге
болады. Қазірде күрес әлі жалғасып жатыр.
Тәуелсіздікті нығайту үшін күресу керек қазір.
Сол күрестен біздің қыздарымыз бүкіл ақыл
ойын, парасатын, білімін пайдаланады деп
ой лаймын. Барлығы бақытты болса екен деп
ті леймін. Қазақтың қыздары өзінің елінде, жұр
тында құрметті болуларына тілектеспін. Олар
асыл жар, аяулы ана болсын, мейірлі, мейір бан
әже болсын, еліміз үшін еңбек ететін бақытты
жандар болсын. Ал Қыздар университетіне үлкен
табыстар тілегім келеді.
– Сұхбатыңызға рахмет!
Сұхбаттасқан
Қарлыға ТЕЛЬМАН