11 ақпан
2016 жыл
№6
(162)
2011 жылдың 3 қарашасынан шыға бастады
Шарбақты аудандық қоғамдық-саяси газет
Қорытынды есеп
Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі Балғабай Ыбыраев 2015 жылдың әлеуметтік-
экономикалық дамуына арналған қорытынды есептік кездесу өткізді. Аудандық
мәслихаттың хатшысы Төлеген Әбдірахмановтың төрағалығымен өткен алқалы жиынға ҚР
Президенті әкімшілігінің мемлекеттік хатшысы К.В.Петров, облыс әкімінің орынбасары
Н.В.Дычко және ауылдық округтерден сайланған делегаттар, мекемелер мен ұйымдардың,
кәсіпорындардың басшылары, ауыл әкімдері, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен
бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Аудан әкімі кең көлемді есептік
баяндамасында өңірдің жағдайына
толық тоқталды. Барлық салада
қомақты жұмыс тындырылған. Даму
жолымен келеміз. 2015 жылы
ауданда 9,9 миллиард теңгенің
ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген.
Бұл 2014 жылмен салыстырғанда
11,1 пайызға артық. Қамбаға
құйылған астық көлемі 55,3 мың
тонна болса, бұл да бұған дейінгі
жылмен салыстырғанда 65,2
пайызға артылған.
2015 жылы төрт түліктің басы
өсіп, өнім өндіру молайған. Атап
айтсақ, ірі қара мал – 1,7 пайызға,
шошқа - 1,4, құс 3,3 пайызға
артылып, ұсақ мал жылқы саны
сақталынған. Ет өндіру 1,9 пайызға,
сүт – 0,4 пайызға, жұмыртқа 16,2
пайызға қосылған.
Барлығымызға белгілі, Елбасы
еліміздің ауылшаруашылығының
алдына ет экспортын дамытуға
үлкен міндет жүктеген. Бұл жұмыс
та ауданда қарқынды түрде қолға
алынған. Жаңа технологиялар
енгізілуде. Қара мал басын өсірумен
қатар тұқымын асылдандыру
бағытында нақты жұмыстар қолға
алынуда. Осы бағытта ауданда
жалпы құны 122 миллион теңгені
құрайтын 786 бас қара мал сатылып
алынған.
«Алтын
асық»
бағдарламасы бойынша 13 миллион
теңгеге 607 бас қой сатылып
алынған болса, 2016 жылы тағы да
300 бас сатып алу жоспарлануда.
«Абай» ЖШС-сы 10 бас қара малды
ұстауға арналған бордақылау
алаңын салды. «КС-ЕТ» шаруа
қожалығы
етті
қара
мал
шаруашылығын дамыту үшін 2500
бас қара мал сатып алды.
«Красиловка» ЖШС-сының жұмысы
да өзінің оң нәтижесін көрсете
бастады.
Есептік баяндамада айтылғандай,
аудан қара мал етінің экспортын
дамыту бағдарламасын 61
пайызға
орындап,
дайындалған ет көлемі 43
тоннаны құраған. Бұл
жұмыс әлі де жалғасатын
болады, әрі мемлекет
тарапынан да қолдау бола
береді. Мәселен, 2015
жылы
ауданның
мал
шаруашылығын дамытуға
588
миллион
теңге
субсидия берілген, бұл 2014
жылмен салыстырғанда 72
пайызға көп.
Өңір ауылшаруашылығы
өнімі өндірісін дамытуға
қолайлы. Шекара бойында
орналасқан. Сондықтан
көрші елмен байланыс
орнатуға мол мүмкіндік бар.
Ауданда
ауыл
шаруашылығы
өнімін
өңдеумен шұғылданатын
23 нысан бар. 2015 жылы
нан-тоқаш өнімі өндірісі 0,4
пайызға, жарма өндіру үш
еседен артық, шұжық
өндіру
1,6
пайызға,
жартылай дайындалған ет
өнімдерін өндіру 0,2 пайызға
артылған.
2014
жылмен
салыстырғанда сұйық май мен ұн
өндіру ғана төмен түскен.
Есептік баяндамасында аудан
әкімі Балғабай Жұмағұлұлы ауыл
шаруашылығы өнімін өңдеу
жұмысының жалғаса беретінін
қадап айтты. Бұл бағыттағы
жұмыста сылбырлық болмайды.
Осыған орай ауылдық округтердің
әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімі бұл жұмыстың өте
маңызды, әрі Елбасы жүктеген
тапсырмалардың бірі екенін айтты.
Сонымен қатар, еліміздің 1
қаңтардан бастап ДСҰ-ға мүше
болғанын айта келе, бәсекеге
қабілетті болу, ол үшін бірінші
кезекте өндірісті дамытудың
маңыздылығына тоқталды.
Қаржы секторында дағдарыс
болғанымен ең маңызы жұмыс –
инвестиция құю жалғасын таба
береді. 2015 жылы кәсіпорындар
мен ұйымдардың жалпы алғанда
барлық сала бойынша 1,8 миллиард
теңгенің капиталы тартылған, бұл
2014 жылмен салыстырғанда 84,7
пайызды құрайды.
Өзінің есептік баяндамасында
аудан
әкімі
кәсіпкерлердің
бизнестің
әлеуметтік
жауапкершілігіне үлкен назар
аударып келе жатқанын атап өтті.
«Абай» серіктестігі мешіт пен Еңбек
Даңқы аллеясын салып, Ұлы Отан
соғысы боздақтарының ескерткішін
жөндеуден өткізген. «Победа»
серіктестігі облыста аудандар
арасынан бірінші болып киім ілетін
жылы бөлмесімен қоса жабық
хоккей кортын және жасанды
жабынды төселген шағын футбол
алаңын салды. «Қалтаев» шаруа
қожалығы Галкин ауылында мешіт
салды, бүгінде мешіттің құжаттары
дайындалу үстінде. Жеке кәсіпкер
ең бірінші болып Есілбай ауылында
Қазақ хандығының 550 жылдығына
арналған стела орнатты, сонымен
қатар субұрқақ пен балалар ойын
алаңын салды. Атымтай жомарт
азаматтардың көмегімен аудандық
мешітке үлкен көлемде жөндеу
жүргізілді, еденіне толығымен кілем
төселіп, төбесі жөнделді. Жаңадан
аспашамдар орнатылды. Тағы бір
кәсіпкер азаматтар православ
шіркеуінің электр қуаты үшін
қарызын өтеп берді.
Аудан әкімі кәсіпкер азаматтардың
бұл игі істерін жақсылыққа балып, ел
мен туған жерге патриоттық сезім,
белсенді азаматтық ұстаным деді.
Аудан әкімі бұдан әрі кәсіпкерлік
саласына назар аударды. Аудан
бойынша жалпы саны 850 кәсіпкерлік
нысаны тіркелген болса, оның 643-і
жеке кәсіпкер, 150-і шаруа
қожалығы,
57-сі
серіктестік.
Кәсіпкерлік саласында 3261 адам
жұмыс істейді, бұл ауданның еңбекке
қабілетті адамдарының жартысына
жуығын құрайды. 2015 жылы өнім
өндіру және атқарылған жұмыс пен
көрсетілген
қызметті
қоса
есептегенде 6,6 миллиард теңгені
құрайды. Осы саладан аудандық
бюджетке 52 миллион теңге қаржы
құйылған. Мұнымен қатар шағын
және орта бизнес те жақсы жұмыс
істеп келеді. Ауданда 150 сауда
нүктесі, 14 қоғамдық тамақтану орны
мен 116 қызмет саласындағы
нысандар жұмыс істейді.
Әлемде
қаржы
дағдарысы.
Сондықтан артық және тиімсіз
шығындар қысқартылуда. Аудан
әкімі бұл мәселеге екпін түсіре айтты.
Бұл жөнінде Елбасының әрбір
кездесуде, атқарушы органдарға
жүктеген тапсырмасында айтып
келе жатқанына тоқталды. Тиімді
жұмыс істеу, сапалы қызмет көрсету,
өмір сүру деңгейін жақсарта беру
негізгі міндет болып қала береді.
Ауданда халықты таза ауыз сумен
қамтамасыз ету, көріктендіру,
санитарлық тазалық, көшелерді
жарықтандыру, жолдарды жөндеу
бағытында кең көлемді жұмыс
жүргізілуде. Аудан әкімі ауылдарда
өткен кездесулерде жекелеген
сұрақтар бойынша тұрғындардың
өтініші болғанына да тоқталды.
Бүгінде олар бақылауға алынған,
түйінін шешу бағытында жұмыстар
жүргізіледі.
Мемлекет халықтың көмекке
мұқтаж тобына әлеуметтік көмек
көрсететін болады. Олардың кәсібін
қолдайды. Бұл бағытта «Жұмыспен
қамтудың жол картасы – 2020»
бағдарламасы жұмыс істеуде. 184
қатысушы жәрдем алды. 1 нысанға
жөндеу жүргізіліп, 18 жұмыс орны
ашылды.
Аталған бағдарламаның екінші
бағыты бойынша 32 адам несие
алып, олардың 18-і жаңадан кәсіп
ашса, 14-і бұған дейінгі кәсібінің аясын
кеңейте түскен. 14 адам кәсіпкерлік
курсынан өткен.
(БАСЫ. СОҢЫ 2-ШІ БЕТТЕ)
Дүйсенбідегі мәжілісте
Аудан әкімінің орынбасары Р.Неғманова өткізген
дүйсенбідегі мәжілісте екі мәселе қаралды.
Бірінші мәселе 2015 жылы Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік
сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетуді өткізу жұмыстары туралы.
Бұл жөнінде қаржы бөлімінің басшысы Т.Ахметова баяндады.
Бөлім басшысы атап өткендей, 2015 жылы жалпы құны 472,0 миллион
теңгені құрайтын 5326 мемлекеттік сатып алу қызметі өткізілген. Оның
ішінде 9 сатып алу бәсекелес негізінде, 40 сатып алу бір көзден, 15
сатып алу ашық биржа арқылы өткізілген екен.
Бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу жұмыстарына үнемі мониторинг
жүргізіп отыратынын атап өтті. Кейбір жағдайларда заңсыздықтар
да орын алған. Бұл негізінен белгіленген уақытынан кешігу немесе
жұмыстың толық аяқталмауына қатысты. Мұндай жағдайда Павлодар
облысының аймақаралық мамандандырылған соты шешім шығарады.
Мемлекеттік сатып алуда кемшілік болмауы тиіс. Барлық жұмыс заң
талабы бойынша жүруі қажет. Бұл жөнінде мемлекеттік сатып алудың
жаңа ережесімен Т.Ахметова толық таныстырды. 2016 жылдың бірінші
қаңтарынан бастап жаңа талап енгізілді. Енді әкімшілік бюджеттік
бағдарламаларды игеруде кемшілікке жол берілмеуі тиіс.
Жиналыста қаралған екінші мәселе тұрақтандыру қорының жұмысы
туралы. Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі
басшысының міндетін атқарушы Қ.Омаров баяндады.
Қ.Омаров атап өткендей, ауданда 18 әлеуметтік сауда орны жұмыс
істейді. Әлеуметтік сауда орындарында сатылатын азық-түліктердің
тізбесі барлығына берілген. Бағасы мен мөлшері де көрсетілген. Әрбір
ауылдық округте арнайы жұмыс тобы құрылған, олар жұмысты
бақылауда ұстайды.
Жалпы алғанда азық түлік пен дәрі-дәрмек бағасын тұрақты ұстап
тұру үшін жеке кәсіпкерлермен меморандумға қол қойылған.
29 қаңтардан бастап «Аслан» ЖШС-сы 1-ші сортты ұннан пісірілген
нан бағасын 70 теңге деп белгілеуде. Салмағы - 550 - 600 грамм.
«Шарбақты Құс» ЖШС-сының бұйрығы бойынша 26 қаңтардан
бастап тауық жұмыртқасының орташа бағасы да 7,5 пайызға
қымбаттады. Қымбаттау себебі доллар бағамына байланысты. Қазір
аудан дүкендерінде 1 сортты 10 дана жұмыртқаның бағасы 240 теңге.
Бөлім басшысының міндетін атқарушы баға саясатын бақылауда
ұстаумен қатар әр аптаның сенбісінде ауылшаруашылығы тауар
өндірушілерінің жәрмеңкесі өткізіліп келе жатқанын да атап өтті.
Мәжіліс соңында аудан әкімінің орынбасары Р.Негманова қаралған
барлық мәселелердің маңыздылығын айта келе жұмысты бақылауда
ұстау жөнінде тапсырмалар берді.
К. ҚАДЫС.
Әлеуметтік жобалар
әлеуеті әлсіремейді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ
басқармасының төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдады,
деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ө.Шөкеев кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингті
трансформациялау бағдарламасын және оның активтерін
жекешелендіруді жүзеге асыру барысы туралы, сондай-ақ
корпоративтік басқаруды жетілдіру шаралары жөнінде баяндады.
2015 жылы компанияның ағымдағы шығыстары 520 миллиард
теңгеге қысқартылды, басымдығы жоқ бірқатар инвестициялық
жобалар кейінге қалдырылды, соның арқасында 255 миллиард теңге
үнемделді. Кредиторлармен келіссөздер нәтижесінде компаниялар
тобының жалпы қарызы 7 миллиард долларға азайды.
Нұрсұлтан Назарбаев жүзеге асырылып жатқан жекешелендіру
бағдарламасының маңыздылығын атап өтіп, осы үдерістің ашықтығы
мен жариялылығын қамтамасыз ету міндетін қойды.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті әлемдік экономиканың
тұрақсыздығына қарамастан, холдинг әлеуметтік маңызды
жобаларды жүзеге асыруды жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын
ашылуы тиістігіне назар аударды.
Ө.Шөкеев өңірлердегі ірі жобаларға, соның ішінде Атырау
облысындағы мұнай химиясы өнімдерін шығаратын кәсіпорын
құрылысына, Жамбыл облысындағы каустикалық сода және
глифосат өндіретін өндірістік кешенге, сондай-ақ, «Солтүстік –
Шығыс» электр тарату желісінің құрылысына инвестиция салу көлемі
ұлғайғаны туралы айтты.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма
берді.
«Егемен Қазақстан газеті»
Хабарландыру
1 9 8 9 ж ы л д ы ң 1 5 а қ п а н ы н д а К е ң е с ж а уы н г е р л е р і
Ауғанстан жерінен шығарылды. Осыған орай 26 ақпан
к ү н і а уд а н д а а уғ а н с о ғ ы с ы н а а р н а л ғ а н ә н д е р д е н
аудандық конкурс өткізіледі.
Ұсыныстар 19 ақпанға дейін қабылданады. Анықтама
телефоны 2-15-73. Конкурсқа 14-29 жас аралығындағы
жастарды шақырамыз.
АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІ.
№ 6, 11 ақпан 2016 жыл
МАРАЛДЫ
2 бет
(СОҢЫ. БАСЫ 1-ШІ БЕТТЕ)
Қорытынды есеп
ДЕРЕКТЕР МЕН ДӘЙЕКТЕР:
2015 жылы ауданда 9,9 миллиард теңгенің ауыл
шаруашылығы өнімі өндірілген. Бұл 2014 жылмен
салыстырғанда 11,1 пайызға артық. Қамбаға құйылған
астық көлемі 55,3 мың тонна болса, бұл да бұған дейінгі
жылмен салыстырғанда 65,2 пайызға артылған.
2015 жылы төрт түліктің басы өсіп, өнім өндіру
молайған. Атап айтсақ, ірі қара мал – 1,7 пайызға,
шошқа - 1,4, құс 3,3 пайызға артылып, ұсақ мал
жылқы саны сақталынған. Ет өндіру 1,9 пайызға, сүт –
0,4 пайызға, жұмыртқа 16,2 пайызға қосылған.
2015 жылы ауданның мал шаруашылығын дамытуға
588 миллион теңге субсидия берілген, бұл 2014 жылмен
салыстырғанда 72 пайызға көп.
2015 жылы нан-тоқаш өнімі өндірісі 0,4 пайызға, жарма
өндіру үш еседен артық, шұжық өндіру 1,6 пайызға,
жартылай дайындалған ет өнімдерін өндіру 0,2 пайызға
артылған. 2014 жылмен салыстырғанда сұйық май мен
ұн өндіру ғана төмен түскен.
5
қатысушы
Инновациялық
Еуразиялық
университеттің
колледжінде кәсіби дайындық
курсында
білім
алды.
Кәсіпорындармен бірлесе 20
жұмыссыз адам үшін әлеуметтік
жұмыс орындары ұйымдастырылып,
22 түлек жастар практикасына
жіберілген.
Бұдан ары аудан әкімі білім беру
саласы туралы баяндады. Соның
ішінде кәсіптік-техникалық білім
беруге назар аударды. Бұл да
Елбасының тапсырмасы. Ұлт
Жоспарында көзделген. «Барша
үшін тегін кәсіптік-техникалық білім»
жаңа жобасын жүзеге асыру 2017
жылдан бастап қолға алынады. Бұл
күндері бағдарламаны жүзеге асыру
тетіктері
жіті
саралануда.
Республика, облыс, аудан көлемінде
қолға алынады. Бағдарламаға
қатысу арқылы жастар қысқа
мерзімде
қайта
даярлау
курстарынан өтіп, өзінің біліктілігін
арттырып, шағын несие алу
мүмкіндігіне қол жеткізеді. Ең
бастысы
еңбек
рыногында
сұранысқа ие мамандықтың иесі
болып шығады. Ауданда бұл
бағдарламаны жүзеге асырумен
аграрлық-техникалық колледжі
шұғылданатын болады. Мүмкіндігі
толық жетеді. Қазірдің өзінде
бірнеше бағыт бойынша кәсіби
мамандар дайындап келеді. Өткен
жылы колледжі өзінің қаржысымен
студенттер үшін 30 орынды
жатақхана ашқан. Мұнда соңғы 20-
25 жылда жатақхана болмаған.
Дәлірек айтқанда, келер жылдан
бастап қолға алынатын «Барша үшін
тегін кәсіптік-техникалық білім»
бағдарламасын
орындауға
ауданның толық мүмкіндігі бар.
2015 жыл ауданның білім беру
саласы үшін табысты жыл болды.
ҰБТ тапсырған түлектер орташа
есеппен 76,44 балл жинады, бұл
2014 жылғыдан 7,92 балл жоғары
көрсеткіш.
ҰБТ деңгейін әлі де жақсарта
түсуге болады. Оған мектептерінің
мүмкіндігі бар. Өткен жылы
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
бойынша 22 жас маман келген. Оқу
орындарының
материалдық-
техникалық базасы да жақсы. Орта
және негізгі білім беру мектептерінде
59 интерактивті тақта бар.
Мектептер интернет желісіне
қосылған, 1 компьютерге бес
баладан келеді.
Ең үлкен жаңалық - 2015 жылы
Шарбақты селосында 300 балаға
арналған қазақ мектебі салынды.
Бұл мемлекеттің білім саласына үлкен
мән беріп келе жатқандығын анық
көрсетеді. Сонымен қатар ауданға
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
аясында келген 22 жас маман
жеңілдікті несиеге ие болса, 50 жас
маман біржолғы көтерме жәрдемақы
алған. 2015 жылы мектептерге
жөндеу жүргізуге 8 миллион теңге
бөлінген. Бұл жұмыс биыл да
жалғасады. Төрт нысанға жөндеу
жүргізу үшін жалпы көлемі 46
миллион теңге бөлінеді.
Денсаулық сақтау саласы үшін де
2015 жылдың жұмысы нашар емес.
Ана мен бала өлімі орын алған жоқ.
Туберкулездің жаңадан тіркелу
дерегі де орын алмады.
Спорт саласы үшін 2015 жыл
үлкен табысты жыл болды. 15-ші
облыстық спартакиадада аудан
командалық есеп бойынша екінші
орынды иеленді. Бұл соңғы 20-25
жылдағы ең жақсы көрсеткіш. 2014
жылы аудан командалық есеп
бойынша 9-шы орынды иеленген
болатын. Мұның барлығы ауданда
спортты
дамытуға
назар
аударылып
келе
жатқанын
білдіреді. Бұл бағытта кең көлемді
жұмыстар жүргізілуде. Соңғы
жылдары ауданның Галкин мен
Орловка ауылында жасанды
жабынды төселген футбол алаңы
салынды. Аудандық балалар және
жасөспірімдер спорт кешенінде
аудандық,
облыстық,
республикалық,
халықаралық
жарыстар жиі-жиі өткізіліп келеді.
Нәтижесінде спортшыларымыз
тәжірибе жинақтады, шыңдалды.
Сонымен қатар күрес пен баскетбол
бойынша В.Поляков пен Б.Акуовты
еске алуға арналған жарыстар да
дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Ардагер спортшы З.Әлімбаев
жүлдесі үшін өткізілетін жарыс та
жалғасын табуда. Аудандық,
облыстық,
республикалық
жарыстар жүлдегерлерінің қатары
да өсе түсті. Міне, мұның барлығы
спорт саласы жұмысының табысты
болғанын
көрсетеді.
Бұл
жетістіктерді аудан әкімі атап өтті.
Спорттық іс-шаралар қыста да
жалғасуда. Аудан орталығында үш
мектеп жанынан хоккей корты және
№3 Шарбақты орта мектебі
жанынан шағын футбол алаңы, №2
негізгі мектеп жанынан балалар
сырғанағы салынды.
Аудан әкімі бұдан әрі жастар
мәселесі қоғамдық бірлестіктер
жұмысына назар аударды.
Жастар аудан тұрғындарының 23
пайызын құрайды. Бұл үлкен күш.
Өткен жылы «Кахарман» жастар
орталығы ашылған. Жастардың
қоғамдық белсенділігі жоғары.
Бұқаралық шаралар кең көлемде
жүргізілуде. Көңілді тапқырлар
ойындары, конкурстар, дөңгелек
үстелдер, кездесулер және тағы
басқа іс-шаралар ұйымдастыруда.
Елдің өркендеуі мен дамуы -
ұлтаралық
бірлік
пен
тұрақтылықта. Бұл жұмыспен
қоғамдық бірлестіктер мен
үкіметтік
емес
ұйымдар
шұғылдануда.
Ауданда
8
үкіметтік емес ұйым мен 1
қоғамдық қор, 6 этномәдени
бірлестік және мұсылман әйелдері
лигасының аудандық филиалы
жұмыс істейді. 10 діни бірлестік
бар. Рухани тағылымы мол
шаралар
да
жиі-жиі
ұйымдастырылуда.
Мұның
барлығына аудан әкімі тоқталды.
Жалпы алғанда, 2015 жыл
табысты аяқталды. Барлық
мемлекеттік
бағдарламалар
жүзеге асырылуда.
Есептік
баяндамасының
соңында аудан әкімі ағымдағы
жылдың өзекті жұмыстары мен алда
тұрған міндеттерге тоқталды. Ең
бірінші кезекте мемлекеттік және
салалық бағдарламаларды орындау
жалғасады. Ағымдағы жылда еліміз
Қазақстан
Республикасы
Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап
өтеді. «Ұлт жоспары: нақты 100
қадамды» жүзеге асыру ең басты
жұмыс болып табылады. Бұл ХХІ
ғасырдың табыс кілті болады. 1-ші
қаңтарда бастап ұлт жоспарын
жүзеге асыру қолға алынды.
Қазақстандық
арманға
ұлт
жоспарын жүзеге асыру арқылы
жетеміз. Аудан әкімі 20 наурызда
өтетін Парламент Мәжілісі мен
барлық деңгейдегі мәслихат
д е п у т а т т а р ы н ы ң
сайлауы жөнінде айта
келе,
аудан
т ұ р ғ ы н д а р ы н
азаматтық белсенділік
танытуға шақырды.
Аудан әкімі атап
өткендей,
Ұлт
жоспарын
жүзеге
асыру аясында аудан
әкімі
жанынан
қоғамдық
кеңес
құрылған. Олар өңірді
дамытуға арналған
с т р а т е г и я л ы қ
ж о с п а р л а р д ы ң
орындалуын үнемі
бақылауда ұстайды.
Жергілікті атқарушы
орган мен халыққа
есеп беретін жергілікті
полиция
қызметі
құрылған. Аудан әкімі
ауылдық
округтер
әкімдерінің жұмысы,
олардың
бюджеті
және ауыл әкімдері
жанынан құрылған
қоғамдық
кеңес
туралы айтты. Баяндамасының
соңында елдің тағдыры халықтың
қолында екенін айта келе, Елбасы
жүктеген
тапсырмалар
мен
міндеттерді
бірге
еңсеруге
шақырды.
Аудан
әкімінің
есептік
баяндамасынан соң облыстық
мәслихаттың депутаты, «Победа»
ЖШС-сының директоры А.Поляков,
аудандық орталық аурухана бас
дәрігерінің
орынбасары
Қ.Ибрагимова, Заборовка орта
мектебінің мұғалімі А. Шварц
жарыссөзге шығып, ауданның 2015
жылғы әлеуметтік-экономикалық
дамуын жақсы жетістік деп өз
бағаларын берді.
А.Поляков
өткен
жылдың
табысты болғанын айтты. Барлық
салада алға жылжу бар. -Өткен
жылдың жазында жаңбыр аз болды.
Бірақ та жаңа технологиялық
жұмыстардың нәтижесінде алынған
өнім
аз
болмады.
Әрине,
мемлекеттің қолдауы өте үлкен мол
болды. Берілген несие мен
субсидияны қоса есептегенде 737
миллион теңгені құрады. Мұндай
жұмыстар биыл да жалғасын табады
деп ойлаймыз. Біздің алдымызда
үлкен міндет тұр. Ол еліміздің азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл үшін біз жан-жақты жұмыс
істеуге тиіспіз,- деді.
Қ.Ибрагимова мен А. Шварц
денсаулық сақтау мен білім беру
саласының жұмыстарына тоқталды.
Есептік жиын соңында бір азамат
«Чайка» сауықтыру лагеріне
жөндеу жүргізілгені үшін өзінің
алғысын айтса, тағы бір азамат
жекелеген
округтерде
ұялы
байланыс сапасының нашарлығы
мен Шарбақты селосында екінші
балабақша ашу жөнінде өтінішін
білдірді.
Аудан әкімі өтініштерге толық әрі
нақты жауап берді.
Қ.ШӘМШИЕВ,
Суретті түсірген
Н.Меркулов.
Кешке еліміздегі кең тараған
мамандық иелері болып саналатын
қызметкерлер шақырылды. Атап
айтсақ, Шарбақты ауданының ІІБ
кәсіби
даярлық
жөніндегі
инспекторы, капитан Нұрлан
Абдулхамитұлы,
аудандық
аурухананың статистик-дәрігері
Гүлден Амангелдіқызы, азаматтық
қорғаныс бөлімінен Махамбет
Жамбылұлы, сонымен қатар төтенше
жағдайлар бөлімінің инженері, жас
маман Саят Тоқайұлы қатысты.
Бүгінгі мектеп түлегі - ертеңгі ел тірегі
Аталған тақырыпта аудан орталығындағы Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім
беру мектебінде мектеп психологы мен «Өзін-өзі тану» мұғалімдерінің ұйымдастыруымен
оқушыларды мамандық иелерімен кездестіре отырып, мамандықтың қыр-сырына үңілдіру,
мамандық таңдаудың жауапкершілігін ұқтыру мақсатында жоғары сынып оқушыларына
арналған танымдық кеш өткізілді.
Мамандық таңдау кешін мектептің
тәрбие ісінің меңгерушісі Ғ.Дауенова
құттықтау
сөзбен
ашып,
қонақтарға жылы лебізін білдіріп,
оқушыларға мамандық таңдауда
сәттілік тіледі. Бұл кеш бұған дейінгі
өткізіліп келген кездесу кешінен
өзгеше жағдайда өткізілді, кеш
қонақтары балалармен бірге топқа
бөлініп, әр топтың жетекшісі
қызметін атқарып, балалармен бірге
мамандыққа байланысты түрлі
сауалдарға
пікір
қосып,
тапсырмаларды орындап, өз
мамандықтары жөнінде қызықты да
мазмұнды етіп айтып отырды.
Топтардың «Атамекен», «Туған
жер», «Мәңгілік ел», «Қазақстан»
деп аталуы да маңызды екендігі
айтылып өтті. Еліміздің әрбір маман
иесінің өз қызметінде еліміздің игілігі
үшін қызмет етіп, өздерінің адал
еңбектерімен өз өмірлерін нұрлы етіп
қана қоймай, Қазақстанымыздың
гүлденіп, өркендеуіне де үлестерін
қосатындықтары айтылып, әр топ
өз топтарының атына байланысты
патриоттық тақырыпта әндер де
шырқады. Әр топ оқушылары өз
жетекшілерінің мамандық таңдау
жолындағы
белестері,
мамандықтарына
тән
ерекшеліктері, артықшылығы мен
қиындықтары жайында ақпарат
жинап, қатысушылар алдында
қорғап отырды. Кеш басында қонақ
болып келген мамандық иелері
өздері таңдаған топқа барып
отырса, кеш соңына қарай
оқушылар қай мамандықты өзіне
жақын тартты, сол мамандық иесінің
жанына барып, олардың ақыл-
кеңестерін тыңдап, сұрақтарын
қойды.
Сонымен қатар, оқушылар «Өзін-
өзі тану» сабағында өткен
«Мамандық-жетістік
мерейі»
тақырыбын еске түсіре отырып,
мамандықты сүйіспеншілік, парыз,
ақиқат, қиянат жасамау, жан
тыныштығы
сияқты
өмірдің
құндылықтарымен байланыстыра
білді.
Қорыта келе, мамандық таңдауда
ешқашан қателеспеумен қатар,
сүйікті
мамандығын
жүрек
қалауымен таңдау керек жайлы
көкейтесті ой қалдырдық.
«Мамандықтың жаманы жоқ,
дұрыс таңдай біле алсаң» дегендей
кәсіптің жаманы жоқ, тек өзіңнің
қабілетіңе сай келетін, көңілің
сүйетін мамандықты таңдап ерінбей
еңбек етсең, талай биіктерді
бағындыратының кәміл.
Келешекте түлектер де қолынан
іс келетін мамандар болып
тәрбиеленіп, дүниенің кетігіне «бір
кірпіш» болып қаланатынына сенім
мол.
Аймереке СМАЙЛОВА.
Туған ел. Бұл кішкентай үйіңнің
табалдырығынан басталады. Содан
шетсіз-шексіз қияға өрлеп кете
барады. Оның жұпар атқан жусаны,
оның жүректей болып желмен
лүпілдей соққан гүлдері, оның
кеудеңе құйылған мөлдір ауасы,
жотаға өрлеген жалғыз аяқ
жолдары – осының бәрі-бәрі сенің
туған еліңді құрайды.
Туған жерсіз адамның күні жоқ.
Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына
дейін сағынасың. Туған жерің түсіңе
енеді. Алыстан сені қол бұлғап
шақырады.
Туған ел мағынасы тереңде
жатыр. Балғын балалық шақ.
Күлдір-күлдір кісінеп, айнала
шапқылаған ала аяқты құлыншақ.
Күннің қызғылт шапағына бөленген
үйлер – осының бәрі тұтас тұрған
туған ел. Ал енді ананың бесікте
жатқан әлдиі, әженің тамылжыта
төккен
тамаша
ертегілері,
туғандарыңның
мейірбанды
күлкілері, жеңгелеріңнің тәтті
әзілдері – осының бәрі туған еліңнің
керемет сипаттары. Туған елдің тілі
барша жанға түсінікті.
- «Ел іші – алтын бесік» деп халық
тегін айтпаған. Әрбір адам
туғаннан-ақ ел бесігінде тербеледі.
Олай дейтініміз ол сол жердің
топырағында өсіп, суын ішіп,
ауасымен
тыныстайды,
табиғатымен біте қайнасып, адам
болып
қалыптасады,
өскен
Мұқағали рухына
Өткеннің өзегінен жас тамыпты,
Қарадым, бұл жанымды аспан ұқты.
Әуелде ұлылардың есімдері,
«М» деген мықты әріптен басталыпты.
Махамбет ойран кешкен, майдан кешкен,
Мағжанын шығарар ел қайдан естен?
Үш Мұхтар – үш алабы қазағымның,
Мұқағали - мәңгілік қайран дескен.
Кірпігін қас қағымда түн қағатын,
Таңдайынан ғасырлық жыр таматын.
Әу баста Жаратқанның жазғаны екен,
Маңдайына қазақтың ұл табатын.
Тәуелді жері, бірақ байтақ та елі,
Жүрегі секем еткен байқап нені?!
Орыстың ойшылдары ортасында,
Мәскеуде ойын батыл айтпап па еді?!
Шығысын баурап, шіркін, батысын да,
Жайдан-жай бар әлемді оқысын ба?
Шекспир, Чили, Мавр, Моцарттар мен
Дантені аударған ғой отызында.
Жасын ғұмыр жарқ еткен жандай ұлға,
Сағыныштан ел-жұртың сарғаюда...
Өткеніңмен көктемің мәңгі жасар,
Бұйырғаны қырық бес жыл маңдайыңа...
Жүрегіммен, жан ата, төгем үнді,
Қасиетің, қамдығың, өрең - үлгі.
Әрбір қазақ өмірім деп біледі,
«Өлтіре алмас» деп кеткен өлеңіңді!
Махамбет Дания,
Есілбай мектебінің 8-сынып оқушысы
9 ақпан - Ұлы ақынның
туылған күні
Мәңгілік жыр ғұмыр
Туған жерге құрмет бәрінен жоғары
Туған жердің көгілдір аспаны сенің кеудең секілді. Сол аспанның төсінде түнде
жарқырап тұрған жұлдыздар сенің көздерің секілді. Сен сол туған жердің
аспанымен тыныстайсың. Туған жердің жарық күнімен алысқа қарайсың.
25 жыл болды күн шыққалы Шығыстан,
Арайлап ат, алтын арай күміс таң.
Қазақстан барлық әлемге паш болады,
Қазақстан – Ұлы дала мекені.
Адель Бозжігітова, 2 сынып
оқушысы
Ауылым таңқалдырады орманымен,
Ғажайып табиғатпен нұрландырып,
Мақтан тұтам өз жерімді әрдайымда,
Отан деген басталады,
Туып - өскен жеріңнен.
Калкенова Тамирис, 2 сынып
оқушысы
Отаным алтын бесігім,
Өзіңнен алдым нәр суын,
Жүреді сенің есімің,
Мәңгілік жүрек ұшында.
Бекмұрат Жадыра, 2 сынып
оқушысы
ортасының тәрбиесін алады. Сол
себепті өз елінің азаматы ретінде
Отанына жанашырлықпен қарайды,
суығына төзеді, жақсылығын бірге
бөліседі, барлық уақытта
да
халқымен
бірге
болады. Туып өскен
ауылымның аты - Жаңа
ауыл. Өзімнің туған жерім
орманға бай өлке.
Ауылымды
мақтан
тұтамын. Жаңа ауыл
мектебінде бастауыш
сынып
мұғалімімін.
Мектепте отызжылдай
еңбек етудемін. Өз
оқушыларымды әрдайым
тәрбиелеп, туған жеріне
деген сүйіспеншіліктерін
арттырып, табиғатын
қ о р ғ а у ғ а
д а ғ д ы л а н д ы р а м ы н .
Өзімнің туып өскен
жерімнен ешқашанда
кетпеймін. Өз ауылымды
көркейтуге
әрдайым
атсалысамын.
- Туған жер өзіміздің
кіндік қанымыз тамған жер, ата-
бабамыз, ата-анамыз аялап өсірген
жер. Туған жердің түні де, күні де
ыстық. Қазақта мынадай мақал бар
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз
еліңде ұлтан бол деген». Сондықтан
да біз өз туған еліміздің білімді,
еңбекқор, мейірімді, тәрбиелі,
қарапайымда кішіпейіл азаматы
болып өсуіміз керек. Біздің барлық
жақсы істеріміз туған жерге
арналады. Туған елін, өскен жерін
сүю – әрбір ұрпақтың парызы.
Сондықтан да әрбір адам туып-
өскен жерін аялайды, қастерлейді,
қорғайды, мақтан тұтады. Өйткені
Отан – алтын бесігіміз, ата-анамыз!
Ж.СҮЛЕЙМЕНОВА, Жаңаауыл
орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі.
Ордабаева Жанар Төлегенқызы
2011 жылдан бастап Шарбақты
аудандық сотында қызмет істеп
келеді. Еңбек жолын жетекші маман
болып бастаған ол бүгінде бас
маман, дәлірек айтсақ Шарбақты
аудандық
сот
отырысының
хатшысы болып жұмыс істейді.
Сот отырысының хатшысы сот
процесінде жүріп жатқан істің
барысын, оған қатысушылардың
айтқан сөздерін хаттамаға түсіріп
отырады. Бұл жауапты жұмыс. Сот
отырысы хаттамасының дұрыс,
нақты, сауатты толтырылуы осы
хатшыға байланысты. Хатшының
тағы бір жұмысы тараптардың сот
отырысына келуін қамтамасыз етіп,
азаматтық істерді ресімдеп, сот
актілері мен басқа да құжаттарды іс
жүргізу нұсқаулығына сәйкес
сатыларға жолдайды. Мұның өзі
үлкен
жұмыс.
Салғырттық,
сылбырлық танытуға болмайды.
Тараптардың бірі белгісіз себеппен
келмей қалса белгіленген сот
отырысы кейінге шегерілуі мүмкін.
Мұны Жанар Төлегенқызы жақсы
біледі. Сондықтан соттың жұмысы
мен
беделі
сот
отырысы
хатшысының жұмысты дұрыс
ұйымдастыра
білуіне,
жауапкершілігіне, біліктілігі мен
ұқыптылығына да байланысты
деген пікірлерді судьялар да айтып
жатады.
Аудандық соттың төрағасы
Жанар Ордабаевқа «Сабырлы,
әдепті, сыпайы, ұжымда сыйлы,
қызмет барысында еңбек тәртібі мен
мемлекеттік қызмет этикасын
жоғары ұстанады» деген мінездеме
беріпті. Әрине, бұл бас маманға
берілген жақсы баға.
Жанар Ордабаева 2011 жылы
С.Торайғыров атындағы Павлодар
Сот отырысы хатшыларының жұмысы сырт көзбен қарағанда жеңіл болып көрінуі
мүмкін. Шындығында олай емес. Бұл жауапкершілігі мол жұмыс.
м е м л е к е т т і к
университетін заңгер
мамандығы бойынша
бітірген. Сондықтан заң
саласын жақсы біледі.
-Заңгерлер үшін еңбек
жолын сот отырысының
хатшысынан бастаудың
жақсы жақтары өте көп.
Білімді
шыңдауға
мүмкіндігі мол,- дейді бас
маман. Әрине, сот
отырысында әр түрлі
істер қаралады. Заңның
да әр түрлі баптары
қ о л д а н ы л а д ы .
Азаматтық
және
қылмыстық
істер,
даулар сотта қаралып,
соңғы түйін осында
шығарылып жатады.
Міне, осының барлығын
көзімен көре жүріп, мол
тәжірибеден
өтеді,
білімін
жетілдіреді.
Соңында
өз
мамандығының жетік білгірі болып
шағады.
Сот
отырысы
хатшылары
жұмысының жетіле түсетіне сенім
мол. Себебі бұған бұл салада
жүргізілген реформалар өзінің оң
нәтижесін беруде.
-Мемлекет басшысының бес
институционалды
реформаға
негізделген 100 нақты қадамы
Қазақстанның қарышты дамуының
кепілі. Мұнда сот билігі мен осы
саланың жұмысын жетілдіре түсуге
ерекше назар аударылған. 100
қадамның 16-шы мен 34-ші қадамы
тұтасымен
заң
үстемдігін
қамтамасыз етуге бағытталған
болса, оның ішінде сот жүйесін
жетілдіру мәселесі 16 мен 27-ші
қадамдарда нақты айтылған. Ұлт
жоспарының талабы бойынша сот
процестерін бейне және дыбыс
таспаға жазу көзделген және де
бейне жазуды тоқтатуға немесе
аудио жазба материалдарын
редакциялауға мүлде жол бермеу
жөнінде айтылған. Бұл ең
бастысы,
соттың
жұмысын
жетілдірумен қатар, сот отырысы
хатшыларының жұмысын да
жеңілдете
түседі.
Жазу
жұмыстарының орнын бейне және
жазба таспалар алмастырады,-
деп өз пікірін білдірді Жанар
Ордабаева.
Қ.ҚЫЗЫРҰЛЫ.
Суретте:
Ордабаева Жанар
Төлегенқызы
Қазақстан Республикасының 2001
жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан
Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк
басқару және өзiн – өзi басқару туралы»
Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi
«Ветеринария туралы» Заңының 10-1
бабы 7) тармақшасына, Шарбақты
ауданының мемлекеттiк ветеринарлық-
санитарлық бас инспекторының 2016
жылғы 21 қаңтардағы № 2-19/77 ұсынымы
негізінде, жануарлардың құтырық
ауруларының алдын алу және жою
мақсатында Шарбақты ауданының
Шарбақты ауыл әкімі ШЕШТI:
Шарбақты ауылы әкімінің шешімі
2016 жылғы 22 қаңтар, №1
Шарбақты ауданының Шарбақты ауылының аумағында шектеу
іс-шараларын белгілеу туралы
1.Шарбақты ауданының Шарбақты
ауылында ірі қара малдың құтырықпен
ауруы пайда болуына байланысты, Ленин
көшесінің Орджоникидзе көшесімен
қиылысына дейін солтүстік жағынан, 9 Май
көшесіне дейін оңтүстік жағынан,
Вокзальный көшесінен 1 Май көшесімен
қиылысына дейін батыс жағынан және
Садовый көшесіне дейін шығыс жағынан
шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2.«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық
бақылау
және
қадағалау
комитетінің Шарбақты
аудандық
аумақтық инспекция» мемлекеттік
мекемесі (келісім бойынша) анықталған
эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-
санитарлық қолайлы жағдайға қолжеткізу
үшін қажетті ветеринариялық-санитарлық
іс-шаралар өткізсін.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды
өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім алғаш ресми жарияланған
күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шарбақты ауылының әкімі
Қ. Мүскенов
Павлодар облысының әділет
департаментінде 2016 жылғы 9
ақпанда тіркелген. Тіркеу №4920
Мұқағали:
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
Газет аптасына бір рет бейсенбі күні шығады. Индексі: 65843. Таралымы 410 дана,
тапсырыс 410 дана.
Оқырмандарға газетті жеткізу жөнінде 2-20-78 телефонына хабарласуға болады.
МАРАЛДЫ
Газеттің шығарылуына жауапты
редактор Даниял Қызыр
М Е Н Ш І К
И Е С І :
« Ш а р б а қ т ы
ауданының әкімдігі, «Маралды» және
«Трибуна» газетінің редакциясы ЖШС
(Павлодар облысы)
Газет: ҚР Байланыс және
ақпарат министрлігінде 2011
жылғы 28 қазанда тіркеліп,
тіркеу туралы №12084 куәлігі
берілген.
«Маралды» газеті редакцияның
компьютер орталығында теріліп,
беттелді. Павлодар облыстық
«ДОМ ПЕЧАТИ» ЖШС-де
басылды. Мекен-жайы:
Павлодар қаласы,
Ленин көшесі 143 үй.
Бас редактор Қ.К.Шамшиев
Мекен жайы: 141100 Шарбақты селосы, Советов көшесі 53. Телефон: 2-12-
63. E-mail: maraldy2011@mail.ru
Автордың пікірі редакция көзқарасына сәйкес келе бермеуі мүмкін. Мақалада көрсетілген
ақпараттар мен деректерге авторлар, жарнама материалдарының мазмұнына жарнама берушілер
жауап береді. Редакция оқырмандардан түскен барлық хаттарға тегіс жауап беруді және
жариялауды міндетіне алмайды. Хаттар, қолжазбалар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
Нөмірді әзірлеу барысында ғаламтордан алынған суреттер де пайдаланылады.
Мемлекеттік органдар басшыларының
«Нұр Отан» партиясының Шарбақты
аудандық филиалында азаматтарды
қоғамдық қабылдаудың 2016 жылдың ақпан
айы бойынша кестесі
ҚАБЫЛДАУҒА ЖАЗЫЛУ
ТЕЛЕФОНЫ: 8 (718-36) 23231
Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,
Жалықпай құпиялар ашқан тілім!
Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,
Жат жұрттан да достарын тапқан тілім!
«Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығында
«Жарқын болашақ» VIII республикалық олимпиадасы
өтті. Мектеп оқушылары арасында өтетін қазақ тілі
олимпиадасын «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық
қорының бастамасымен облыстық білім басқармасы
мен аудандық оқу бөлімі ұйымдастырып келеді.
«Жарқын болашақ» - тіл жанашырларының басын
қосатын ерекше сайыс.
Биылғы сегізінші республикалық қазақ тілі
олимпиадасының аудандық кезеңіне 14 мектеп
белсенділік танытты. 7-11 сынып аралығында оқитын
қазақ және өзге ұлт өкілдерінің балалары бақ сынасты.
Олимпиаданың басты мақсаты - мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени,
әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау,
оқушылардың
шығармашылық,
ізденушілік
қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту,
оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне,
салт-дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне деген
қызығушылығын арттыру болды. Олимпиаданың
ерекшелігі бірнеше сайыстар қатарынан өтті.
«Жазушылар» бөліміне қатысқандар берілген
тақырып бойынша эссе жазса, «Тілші - әдебиетшілер»
сайысына қатысушылар білім деңгейін анықтау
мақсатында тест сұрақтарына жауап берді. «Жас
ғалымдар» бөлімінде жобаны дайындаған оқушылар
мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәнін кеңінен аша келіп,
оқу ойын, еңбек, діни ұғымдармен байланыстыра
түссе, тағы бір жобада қазақтың ұлттық бас
киімдерінің түр-түсі мен адамның жас ерекшелігіне
байланысты киетін бас киімнің маңыздылығына назар
аударған. Келесі жобада ертегідегі мифтік
кейіпкерлер бейнесіндегі жылан жайында жан-жақты
талқылады. Жылан туралы аңыздар мен жыланның
пайдалы жақтарына да тоқталды.
«Сөз шеберлері» бөлімінде сайыскерлер поэзия мен
прозалық жанрдағы шығармаларды нақышына
келтіріп, мәнерлеп көркем оқуға талпынды.
Ал «Әнші - бұлбұлдар» кезеңінің аты айтып
тұрғандай ән өнеріне бет бұрған дарынды балалар
сайысқа түсті.
«Білекті бірді, білімді мыңды жығады» дегендей,
білім мен өнерін паш еткен дарынды оқушылар
арасында өткен олимпиада тартысты да қызықты
өтті. Қазылар алқасына бағалау мен саралау оңайға
түскен жоқ.
Сайыс қорытындысына келетін болсақ, «Тілші -
әдебиетшілер» конкурсында Шегірен орта мектебінің
11-сынып оқушысы Кірісхан Ләйла бірінші орынды,
Абай
орта
мектебінің
9-сынып
оқушысы
Айтмухамбетова Айдана екінші, Есілбай орта
мектебінің 11-сынып оқушысы Бексұлтанова Мадина
Газ
ауамен
қосылғанда
жарылатынын және өртке қауіпті
екендігін ұмытпаңыздар! Қосынды
тұтануының көздері ашық от,
электр құралдарын қосқан және
өшірген кезде туындайтын электр
ұшқыны болуы мүмкін. Улануды
болдырмау үшін газды жақпас бұрын
тарту күшін тексеру қажет, газ
қондырғыларын қосқаннан кейін
және олардың жұмыс істеуі кезінде
желдеткіш
каналдардың
дұрыстығын қадағалау, әрдайым
Жекешелендіру акциясы 2016
жылдың 31 желтоқсанына дейін
Шарбақты ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
мүліктерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан тыс
жерлердегі мүліктерді, заңдастыру акциясының 2016 жылғы 31
желтоқсанға дейін ұзартылғанын естеріңізге салады.
Азаматтарға еліміздің аумағындағы және шет елдердегі мүліктерін
заңды айналымға енгізуге мүмкіндік туды. Бұл шара әрі қарай азаматтарға
заңдастырылған мүліктен заңды табыс табуға мүмкіндік береді.
Мүліктерді заңдастыру бойынша толық ақпаратты келесі жерлерден
алуға болады:
- Қазақстан Республикасы аумағындағы мүліктерді (соның ішінде
өздеріңіздің меншік жерлеріңізде салынған, бірақ әлі заңдастырылмаған,
құрылыс объектілерін де) заңдастыру бойынша –Шарбақты аудандық
әкімшілік жанындағы комиссияға;
- шет елдердегі мүліктерді заңдастыру бойынша – Шарбақты ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында;
Анықтама үшін телефон - 8 (718-36) 2-11-81,
2-13-60, 2-21-84.
ШАРБАҚТЫ АУДАНЫ БОЙЫНША
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ
№
Лауазымды тұлғаның есімі,
әкесінің есімі, тегі
1
Аудан әкімі – Ыбыраев Балғабай
Жұмағұлұлы
2
Аудан әкімінің әлеуметтік
сұрақтар бойынша
орынбасары - Неғманова
Ризагүл Алексеевна
3
Жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің
басшысы - Смаилханова Гүлмира
Қаратайқызы
4
Мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы - Исеев
Дулат Баймұхамбетұлы
5
Сәулет және қалақұрылысы
бөлімінің басшысы - Гумаров
Равиль Гильманович
Қабылдау өткізетін
күні және уақыты
23 ақпан. сағ. 15:00-16:00
12 ақпан. сағ. 15:00-16:00
15 ақпан. сағ. 10:00-12:00
16 ақпан. сағ. 10:00-11:00
22 ақпан. сағ. 15:00-16:00
үшінші орынды, өзге
ұлт
өкілдерінің
арасында Алексеевка
орта мектебінің 10-
сынып
оқушысы
Постольник
Дарья
бірінші орынды, №3
орта мектебінің 9-
сынып
оқушылары
Стасюкова
Алина
екінші, Кургузкина
Настя үшінші орынды
иеленді.
« Ж а з у ш ы л а р »
конкурсында Шегірен
орта мектебінің 9-
сынып
оқушысы
Жиналған Аманбол
бірінші, Абай орта
мектебінің 10-сынып
оқушылары Данкина
Ақерке
екінші,
Құрбанбаева Севара
үшінші орынды, ал өзге
ұлт
өкілдерінің
оқушылары арасында
Алексеевка
орта
мектебінің 8-сынып оқушысы Гнилозуб Алексей үшінші
орынды иеленді.
«Жас ғалымдар» конкурсында Жылыбұлақ орта
мектебінің 7-сынып оқушысы Бекболат Әрсен бірінші
орынды, Галкин орта мектебінің 10-сынып оқушысы
Хонтхай Құралай және Сосновка орта мектебінің 7-
сынып оқушысы Изатова Айнұр үшінші орынды, өзге
ұлт өкілдерінің оқушылары арасында Алексеевка орта
мектебінің 8-сынып оқушысы Цуров Мухаммед үшінші
орынды иеленді.
«Сөз шеберлері» конкурсында Жаңаауыл орта
мектебінің 9-сынып оқушысы Макишева Данагүл бірінші
орынды, Хмельницкий орта мектебінің 9-сынып
оқушысы Насриденова Назерке екінші, Шегірен орта
мектебінің 9-сынып оқушысы Құсаинова Әнел үшінші
орынды, өзге ұлт өкілдерінің оқушылары арасында
Жаңаауыл орта мектебінің 9-сынып оқушысы
Целипоткин Сергей бірінші, Жаңаауыл орта мектебінің
7-сынып оқушысы Сибагатуллина Адия екінші орынды
қанжығасына байлады.
«Әнші-бұлбұлдар» конкурсында Абай орта мектебінің
7-сынып оқушысы Рахат Әмина бірінші орынды,
Жаңаауыл орта мектебінің 7-сынып оқушысы
Бердыгожина Мерей екінші, өзге ұлт өкілдерінің
арасында Красиловка орта мектебінің 7-сынып
оқушысы Таран Ангелина екінші орынды иеленді.
Бірінші орынды иеленген оқушыларымыз 12 ақпанда
өтетін облыстық «Жарқын болашақ» конкурсына
жолдама алды. Қатысушыларымызға сәттілік тілей
отырып, олардан көп үміт күтеміз.
М. ТЕМІРХАНОВА, аудандық оқу бөлімінің
жетекші маманы.
Суреттерді түсірген Қ.Қазына.
Тұрмыстық газды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!
Газ баллондарын және газ құрал-жабдықтарын осы өнімді сатуға сертификаттары бар мамандандырылған
ұйымдардан ғана сатып алу керек. Өйткені жұмыс істейтін газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану және оларды
тиісті жағдайда ұстау үшін жауапкершілік олардың иелеріне жүктеледі.
бөлмені әсіресе ұйықтар алдында
желдету керек.
Тұрмыста газды пайдаланған
кезде:
-Газ құбырларына жіп байлауға
(осылай
істеген
жағдайда
бұрандалы
біріктірулердің
тығыздығы бұзылады, газдың
шығып кетуі мүмкін); жанып тұрған
плита үстінде киім-кешек және шаш
кептіруге;
-Газ құралдарын, баллондарды,
арматураны өз бетімен қайта
орнатуға және жөндеуге; жұмыс
істеп тұрған газ құралдарын
қараусыз қалдыруға;
-Газ құралдарын мектепке дейінгі
жастағы балалар және оларды
қауіпсіз пайдаланудың ережелерін
білмейтін тұлғаларға жол беруге;
-Газдың шығып кетуін анықтау
үшін ашық отты пайдалануға (ол
үшін тек сабынды эмульсия ғана
қолданылады);
-Қысым реттеуішін нығыздауыш
сақинасынсыз немесе төсемсіз
орнатуға;
-Жұмыс істейтін плита маңында
тез жанғыш материалдар мен
сұйықтықтарды орналастыруға;
-Ұйықтау және демалу үшін газ
құралдары
орналастырылған
бөлмелерді пайдалануға;
-Бөлмені жылыту үшін газды және
газ плиталарын пайдалануға;
-Ұшқын туындататын құрал-
саймандар
көмегімен
газ
арматурасының
бөлшектерін
біріктіруге тыйым салынады.
Өткен жылдың қараша айында
Ш а р б а қ т ы а у ы л ы н д а Б д е г е н
азамат өзінің үйінде ашық оттың
к ө м е г і м е н б а л л о н н а н г а з д ы ң
ш ы ғ у ы н т е к с е р д і . О л г а з д ы ң
тұтануына және одан әрі өртке
әкеп соқтырды. Б азаматы ҚР
ә к і м ш і л і к қ ұ қ ы қ б ұ з у ш ы л ы қ
Кодексінің 410 б. 1 т. сәйкес 5
А Е К
м ө л ш е р і н д е
ә к і м ш і л і к
ж а у а п к е р ш і л і к к е
т а р т ы л д ы .
З а р д а п ш е к к е н д е р м е н з а л а л
кел т ір іл ген жоқ . Шығын ор ын
алмады.
ШАРБАҚТЫ
АУДАНЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ
ЖАҒДАЙЛАР
БӨЛІМІ.
Зорлық-зомбылыққа жол бермейік
Қоғамның
ең
маңызды
аспектілерінің бірі адамгершілік
болып табылады. Мемлекеттік
органдарымен қатар қоғам да
адамның
жеке
басы
мен
адамгершілігіне қарсы қылмыстың
жолын
кесуге
және
оны
болдырмауға жәрдемдесуі тиіс.
Оған
жыныстық
қол
сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс
жатады.
Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексінің 122 бабына
сәйкес он алты жасқа толмаған
адамға қатысты ата-анасы, педагог
немесе оны тәрбиелеу міндеті
Қазақстан
Республикасының
заңымен жүктелген, өзге адамның
жасаған жыныстық қатынасын,
еркек пен еркектің жыныстық
қатынасын, әйел мен әйелдің
жыныстық қатынасын немесе
сексуалдық сипаттағы бірнеше рет
жасалған іс-әрекеті үшін белгілі бір
лауазымды атқару немесе белгілі
бір қызметпен айналысу құқығынан
өмір бойына айыра отырып, он
жылдан он бес жылға дейін мерзімге
бас бостандығынан айыруға
жазаланады.
Кәмелетке
толмағандарға
қатысты
жыныстық
қол
сұғылмаушылыққа
қарсы
қылмыстың алдын алу және оны
ескерту
жөнінде
аудан
прокуратурасымен
өткізілген
тексеруге байланысты, барлық
азаматтарды балаларға қатысты
зорлық-зомбылық
жасаған
деректер белгілі болған жағдайда
дереу 2-15-33 сенім телефонына
хабарлауға шақырамыз.
Шарбақты ауданының
прокуратурасы.
Достарыңызбен бөлісу: |