Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады



жүктеу 12,97 Mb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата19.11.2018
өлшемі12,97 Mb.
#20693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

6

№9 (116)



29 тамыз

2014 жыл

С Ұ Х Б А Т

бірі шақырысып, бірлескен ортақ шаралар 

ұйымдастырып тұрды. Оқытушыларымыз 

әскери оқу орнына барып, сабақ беріп, 

дәрістер оқып тұрды. Студенттер болса, 

практикалық тәжірибеден өтетін. Бір жылы 

әскери оқудың курсанттары бітірушілердің 

салтанатты биін қаланың орталық алаңында 

өткізді. Бітіруші түлектермен вальс биін 

билеуге біздің институттан қыздар керек 

болған екен. Ұсыныспен басшылар бізге 

келді. Дәстүр бойынша әр курсант өзінің 

жұбына биге арналған көйлек сыйлауға тиіс. 

Міне, осындай шарадан соң біздің қаншама 

қыздарымыз өздерінің болашақ жарларын 

тапты. Осының өзі де есте қалатын қызықты 

оқиға емес пе?



– Сіздің студенттік кезіңізбен салыс-

тырғанда қазіргі қазақ қыздары қандай? 

Ұлттық болмысты сақтап қалу үшін не істеу 

керек?

– Иә, біз де студент болғанбыз. Ол 

кезде де жігіттер қыздармен араласатын, 

сыйласатын. Дегенмен, ол уақытта қыз­

дар тым қарапайым болатын. Бүгінгідей 

қы зылды­жасылды киім киіп, назарла­

рын аудартпайтын. Қыздардың сұлулығы 

де   ге  німіз  сыртқы  көркі  ғана  емес,  ішкі 

жан сара йының тазалығы мен ғылым­

білімді игеруімен, өз ұлтының салт­санасын 

жете біліп, ұстануымен де ерекшеленсе 

керек. Осы сипаттама біздің студенттік 

кезіміздегі қыздардың бойынан молынан 

табылатын. Инабатты, ибалы, ұстамды және 

аңғарымпаз болатын. 

Ал бүгінгі қыздарымыздың арасын­

да да сол апаларына ұқсаған қыздар аз 

емес. Меніңше, ондай қыздар сол біздің 

кезіміздегі қыздардың ұрпағы болса керек. 

Бәрі тәрбиеден. Ал тәрбие бесіктен баста­



– Қазіргі Қыздар университетінің 

қызметіне қандай баға бересіз?

– Әрине жоғары баға беремін. Ең 

алдымен айтарым, білім ордасының «уни­

верситет» мәртебесіне ие болуының өзі 

оның қоғамдағы рөлі мен маңызының 

артып отырғанын көрсетсе керек. Білім 

ордасының дәл бүгінгі материалдық­

техникалық базасын бұдан бұрынғы 

қай кезеңмен де салыстыра алмайсың. 

Жаңа заманның талаптарына сай кескін­

келбетке ие болған. Ендігі жерде «ұлттық» 

мәртебесін алу үшін жұмыстар жасау 

керек. Ал ол үшін бүгін сіздерде барлық 

мүмкіндіктер бар деп ойлаймын. 



– Қыздардың қара шаңырағының Сіздің 

өміріңізде алатын орны қандай?

– Мен ректор ретінде осы білім орда­

сында профессор­оқытушылармен және 

студенттермен жұмыс істеудің өзгеше 

бір мектебінен өткендей болдым. Ойға 

алған идеяларыңның жүзеге асқанын 

көргеніңде көңілің өседі екен. Ол үшін 

қолдаушыларың көп болғаны жақсы. 

Мен жақсы адамдармен қызметтес бол­

дым. Пікірлес, идеялас адамдар таптым 

және оларды айналама топтасыра білдім. 

Қыздардың қара шаңырағының өсіп­

өркендеп дамуына, оның әлемдік білім 

стандарттарымен қаруланып, әлемдік 

білім кеңістігіне ұмтылуына өздерінің 

күш­жігерін аямаған, сөйтіп өлшеусіз 

ү л е с   қ о с қ а н   ж а н д а р д ы ң   б о л ғ а н ы н 

мақтанышпен айта аламын. Олармен 

бірге мен де өстім, тәжірибе жинадым. 

Қыздардың қасиетті қара шаңырағы мені 

тәрбиеледі деп айтсам артық болмас. Міне, 

білім ордасының менің өмірімдегі алар 

орны осындай дер едім. 

Серік ПІРӘЛИЕВ, Абай атындағы 

ҚазҰПУ ректоры,  ҚазМемҚызПУ-дың 

1999-2003 жылдардағы ректоры:

ОНЫНШЫ ҰЛТТЫҚ 

УНИВЕРСИТЕТ БОЛСЫН!

негізінде төрт факультет құрылды. Олар 

мыналар: тарих­филология, жаратылы­

стану, мектепке дейінгі және музыкалық 

білім беру, экономика және білімдегі 

сервис, дайындық факультеттері, сондай­

ақ жетім балалар үшін арнайы дайындық 

бөлімі ашылды. Жетім өскен қыздардың 

мамандық алуына мүмкіндік жасап, соған 

сәйкес білім мен тәрбие беруді қайта 

қолға алдық. Сөйтіп республиканың әр 

түкпірінен 200 жетім қыз министрлік 

пен Президент жанындағы отбасы және 

әйелдер мәселесі жөніндегі Ұлттық комис­

сия тарапынан құрылған арнаулы комис­

сия арқылы іріктеліп, дайындық бөлімінде 

білім мен тәрбие тағылымын алды. 

Институттың материалдық­техникалық 

базасын нығайтуға күш салдық. 

– Сіздің ректор кезіңізде есіңізде қалған 

маңызды оқиғаларды айтып берсеңіз?

– Кез келген білім ордасында күн сай­

ын дерлік оқиғалар болып жатады ғой. 

2010 жылы Қыздар университетіне Елба­

сы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайыкелуі 

тарихи оқиға болса, еліміздің бірінші 

х а н ы м ы  С ара  А л п ысқ ызы н ы ң  қ ара 

шаңыраққа келіп, өзін­өзі тану дәрісін 

өткізуді осы оқу орнынан бастауы да 

болашақ педагогтар үшін маңызды болды 

деп ойлаймын. 

Сол уақытта Қыздар институты мен 

Алматыдағы Әскери академия арасында бір 

әдемі байланыс орнаған болатын. Әскери оқу 

орнының бастығы генерал Абай Тасболатов 

бұл шаруаға шын ниетімен кірісті. Біздің 

студенттеріміз әскери курсанттармен бірін­

Ғылым дамуына 

үлес қосқан 

университет

Сіздерді Қазақ мемлекеттік 

қыз дар педагогикалық универси-

тетінің 70 жылдық мерейтойымен 

шын жүректен құттықтаймын!

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. 

Назарбаевтың мемлекеттік са-

ясатын жүзеге асыру үшін  білім 

мен ғылымның дамуына қа жетті 

барлық игі бастамаларды әрдайым 

қолдап, оның дамуына үлкен үлес 

қосып келесіздер.

Университет түлектері елі-

міздің түкпір-түкпірінде ұстаз-

дық қызметтерін абыроймен 

атқаруда. Халықаралық деңгейдегі 

білім беру бағдар ламалары мен 

қарым-қатынасы күн санап даму 

үстінде.

Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті 

70 жыл ішінде жоғары көрсет-

кіштерге қол жеткізді. ЖОО 

ара сындағы түрлі рейтингтерде 

үздіктер қатарынан табы лып, 

«Сала Көшбасшысы» Ұлттық сер-

тификаты мен «Еңбек жолын дағы 

тиімділігі үшін» медаль дарының 

иегері атанды. Бұл жетістіктер – 

ел игілігі үшін еткен еңбектеріңізге 

берілген зор баға деп білемін.

М е р е й л і   м е р е к е л е р і ң і з д і ң 

қарсаңында барлық игі істеріңізге 

табыс тілеймін. Білікті педагог-

тарды  қалыптастырудағы ұлы 

миссияларыңыз сәтті болсын!

Асылан СӘРІНЖІПОВ,

ҚР Білім және ғылым министрі

 – Серік Жайлауұлы, биыл Қазақ мемле-

кеттік қыздар педагогикалық универси тетіне 

70 жыл толды.  Осы оқу орнының қоғамдағы 

рөлі мен маңызы қандай?

– Сонау 1944 жылы халық басына 

түскен ауыр жылдардың өзінде ел басшы­

лары қазақ қыздарының ертеңгі қамын 

ойлап, осы оқу ордасын ашқан. Сол жылдан 

бері мыңдаған қазақ қыздары осы оқу орда­

сынан педагогикалық жоғары білім алып, 

кең байтақ еліміздің түкпір­түкпірінде 

жемісті еңбек етіп жатыр. Университеттің 

түлектерінің арасынан шығып, бүгінде 

көрнекті қоғам, әдебиет, өнер мен мәдениет 

қайраткері ретінде танылған, елінің­

халқының сүйікті, ардагер қыздары атанған 

замандастарымыз қаншама. Қысқасы, 

ұлттық зиялы қауымның қалыптасуына, 

оларды даярлау ісіне бұл білім ордасының 

қосқан үлесі ұшан­теңіз десек, мұныма 

ешкім де асыра айттың дей қоймас. 

Бұрынғы Кеңестік кеңістікте мұндай 

оқу орны Қазақстаннан бөлек үш­төрт 

қана елде болғанын білетіндер толғана ай­

тады. Соғыстың алапаты асқынып, жеңіс 

сағаты тақаған кезеңде алыс ауылдағы 

қа зақ отбасыларын демеу мақсатында 

қыздарға, білім беріп, маман етіп шығару 

үшін мемлекеттің толық қамқорлығына 

алынғанын есептеудің өзі оңай ға түспейді. 

Ал оқу орнының түлектері біртұтас қоғам 

қалыптастыруда ерен еңбек етіп келеді. 

Білім шаңырағының қоғамдағы рөлі де, 

маңызы осынысымен арта түседі. 

– Сіз ректор болып тағайындалған кезде 

білім ордасы қандай еді?

– Иә, менің ректорлық еңбек жолым 

аса бір маңызды кезең – 1999 жылдың 

сәуір айынан басталған еді. Білім және 

ғылым министрлігінің аппаратында де­

партамент директоры қызметінде едім. 

Ол уақытта бұл жоғары оқу орнының 

қаржылық дағдарыстың қыспағынан 

әлі де арыла алмай келе жатқан кезеңі 

еді. Елімізде нарық қатынасын орнық­

тыруға орай жүргізілген реформаның 

білім беру саласында түбегейлі бетбұрыс 

әкелгені мәлім. Заман талабына сай 

кейбір білім беру орындары қысқаруға 

ұшыраса, жаңадан шаңырақ көтергендері 

де аз емес еді. Бірақ олар жекеменшік оқу 

орындары болатын. Осындай өзгеріске 

қанық жұртшылықты еліміздегі әйгілі оқу 

орындарының бірі – Қазақ мемлекеттік 

қыздар педагогика институтының тағдыры 

да алаңдатып отырған екен. Тіпті бұл оқу 

орнын қысқарады екен немесе өзге салаға 

мамандандырылады деген де әңгімелер 

болыпты... 

Осы арада баса айтатын бір жайт– 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біздің 

институтқа айрықша ықылас танытып, 

тікелей қамқорлық көрсетті. Ректор болған 

жаңа оқу жылынан бастап институт­

та құрылымдық өзгерістер жүргізілді. 

Бұрынғы факультеттер мен бөлімшелер 

лады. Отбасында негізі дұрыс қаланған тәр­

бие жемісті болады «Қыздар сұлу көрінер 

бі лі мімен»  дегендей,  қыздарымызды  бала­

бақшада, мектепте және жоғары оқу орнын­

да дұрыс тәрбиемен қамтуымыз керек. 

Олар ды мамандыққа әзірлеумен қатар, 

от басылық өмірге, тұрмыс құруға, бала тәр­

биелеуге дайындауымыз қажет. Жоғары бі­

лім алған қыз осы айтқандарға дайын болып 

шыққаны жөн.  

– Қыздар университетінің 70 жылдық 

тойы на ақжолтай тілегіңізді білдірсеңіз

– Тарихы да, тұрпаты да бөлек Қазақ 

мем лекеттік қыздар педагогикалық уни­

вер ситеті – қыздардың қара шаңырағы. Ен­

де ше, бүгінгі жеткен биігі тұғырлы болып, 

халқымыздың, ұлтымыздың қасиетті де 

қастерлі білім ордасы болып қала беруіне 

тілектеспін. «Ұлттық университет» де­

ген мәртебеге ие болсын дегім келеді. 

Уни верситеттің  профессор­оқытушылар 

құрамының әлеуеті арта берсін. Оқу 

орнының 70 жылдық мерейтойы құтты 

болсын! 

– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен 

Нәзира ЕЛЕУХАН



жүктеу 12,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау