ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Р У Х А Н И Я Т
№9 (116)
29 тамыз
2014 жыл
10
Биылғы жылдың жазында
Қазақстанды өздерінің ата-
жұрты деп санайтын Мажарстан
елінің Хортобадь мемлекеттік
саябағында V Ат фестивалі болып
өтті. Ауыздығымен алысқан кіл
арғымақтардың сұлулығымен
сынға түскен сайыстың «Қыз қуу»
жарысында Қазақ мемлекеттік
қыздар педогогикалық
университетінің кәсіптік бағдар және
карьера бөлімінің әдіскері Асима
Шөмшекова ат жалында ойнап,
ұлттық ат спортының өнегелі үлгісін
көрсете білді.
мемлекетінің барлық өңір лерінен ат
ойындарының шеберлері қатысты.
Мажарстанның тұрғылықты халқы
өздерін «Мадиярлармыз» деп атайды.
Осы венгрлік мадиярлардың қазіргі ме
кендеп жатқан Еуропа аумағына ұлы
даладан келгендігі және олар қайсібір
заманда сонда көшіпқонған халықтың
бір бөлігі болғандығы жайында тарихи,
мұрағаттық деректер мен аңыздар көп. Ма
жар аңыздарындағы ғұндарға байланысты
оқиғалар мажарлардың шығыспен бай
ланысы сонау ерте заманда басталғанын,
Мажарлардың Азиядан Еуропаға 896 жылы
қоныс аударғанын баяндалады.
Еңбектеген баладан еңкейген адамға
дейін аттың құлағында ойнайтын мадияр
халқы, өте сыпайы, өте еңбекқор екен.
Шеруге 500ден аса салт аттылар, 20дан
аса арбалы аттылар қатысты. Сонымен
қатар, жылқының 30дан астам тұқымы
болды. Үш күнге созылған фестивалді
ұйымдастырушылар өте жақсы дайын
далыпты. Хортобадь саябаяғында киіз
үйлер тігіліп, көптеген ат ойындарынан
(ат үстінде садақ ату, бишікпен қамыс
кесу, найза қадау және т.б.) көрсетілімдер
болды. Барлық қатысушыларға тегін тамақ
беріліп, кешке ұлттық нақыштағы ән
би ұйымдастырылды. Ат әбзелдеріне
Сан ғасырлар бойы сабақтастық та
уып келе жатқан, ат десе ішкен асын
жерге қоятын, жылқы мінез қазақтың
қыздарына бұл спорт түрі жақсы таныс.
Тақымына тұлпар тисе, өзін кең байтақ
даланың төресі көретін Қазақ елінің көк
байрағын осы аталған университеттің
экономикалық және өндірістік мәселелер
ж ө н і н д е г і п р о р е к т о р ы А с ы л б е к
Еркімбайұлы Бөкебаев арғымақпен алып
жүрді. Бұл фестивальға Қазақстаннан
басқа, Хорватия, Словакия, Словения,
Румыния, Австрия, Чехия және Венгрия
арналған қол өнер бұйымдарының көрмесі
көрсетілді.
Қазақстанның делегация құрамында
болған Асылбек Бөкебаев, Кендебай
Әбішев, Құрманғазы Сапарғалиев, Азамат
Қонысбай, Асима Шөмшекова сынды
қонақтарды ондағылар жақсы қабылдап,
құрметпен қарсы алды. Қазақ халқының
ат ойындарынан «Қыз қуудан» басқа,
«Теңге ілу», «Аударыспақ», «Көкпар»
ойындары көрсетілді. Көкпарды «Пустая
рока» командасының жігіттерімен бірігіп
тартқан қазақ жігіттері жиналған қауымды
тәнті қылды. Ұлттық нақышта тігілген
киімдерге де өте жоғары баға берілді.
Қазақстандықтарды Қарсақ қаласының
мэрі мен жергілікті журналистер күтіп
алып, осы қалдағы тарихи ескерткіштерді
аралатып көрсетті. Венгр халқының
қазақ халқына деген ықыласы өте жоғары
екеніндігі анық байқалды.
Қазақстан елінің Мажарстанда болуы
бұл бірінші рет емес. Көп жылдар бойы екі
ел арасында тату қарымқатынас орнаған.
Будапешт қаласының орталығына ұлы
ойшыл Абай атамызға ескерткіш орнаты
лып, көшесіне Астана қаласының атын
берілген.
Кенже САРТБАЕВ
«Таңбалыға» деген
таңданыстарын
жасырмады
АҚШ-тың Миссисипи мемлекеттік
университетінен Қыздар
университетіне арнайы келген
оқытушы-профессорлар мен
студенттері Алматы қаласынан 170
км солтүстік-батыста, Алматы об-
лысы, Жамбыл ауданы, Қарабастау
кентінен солтүстік-батысқа қарай
4 км жерде орналасқан «Таңбалы»
мемлекеттік тарихи-мәдени және
табиғи қорығына саяхат жасады.
Ш е т е л д і к қ о н а қ т а р ғ а т а р и х и
жәдігерлерді көрсетуге арналған саяхат
ты Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі
проректор З.Сабырова жетекшілікке
алды. Ал, Таңбалы» мемлекеттік
тарихимәдени және табиғи қорық
мұражайының ғылым жөніндегі дирек
тордың орынбасары Б.Железняков
ғалымдар мен білім алушыларға барлық
мәліметті ағылшын тілінде түсіндіріп,
таныстырды.
ҚазМемҚызПУ мен АҚШтың
Миссисипи мемлекеттік университеті
арасында келісімшарт жасалынған.
Осы ынтымақтастық қарымқатынасты
нығайту мақсатында екі жақтан да
оқытушылар мен студенттер білім
ғылым саласында өзара тәжірибе алма
суды бастап кетті.
Халықаралық жазғы мектеп бағ
дарламасы бойынша дәріс тыңдауға
арнайы келген 5 оқытушыпрофессор
мен 8 білім алушы әуелі «Таңбалы»
қорықмұражайын тамашалады. Онда
археологиялық қазба жұмыстары
нәтижесінде табылған артефактілер,
шаруашылық заттары, түрлі ыдыстар
мен тастағы ескерткіш суреттердің
бөліктері сынды түрлі музей экспо
зициялары мен бағалы саналатын
петроглифтердің фотосуреттері мен
ескерткіштер туралы жалпы ақпараттар
ілінген.
Одан әрі экскурсияға қатысушылар
Таңбалы шатқалының аумағындағы
үш мың жыл бойы біздің еліміздің
көптеген ертедегі және қазіргі кездегі
халықтарының тарихын нақтылы
көрсететін археологиялық кешенді
аралады. Экскурсия соңында шетелдік
оқытушыпрофессорлар мен білім алу
шылар дән риза болып, таңданыстарын
жеткізіп, университет басшылығына
алғыстарын жаудырды.
Арай ЖҰМАШҚЫЗЫ
Ықылым заманнан келе жатқан түрлі университеттер мен
институттар бары бізге мәлім. Әлемде кей университеттердің
мыңжылдық тарихы бар. О баста қыздарға арналған оқу
орындарының миссиясы қандай еді?
Расында да тек қана қыз бала
лар оқитын білім ордалары қажет
болды. Сонау көне заманнан
бастап XVIII ғасырға дейін білім
алу мүмкіндігі тек басқарушы
элитада болатын. Ежелде ең
білімді әйелдер гетералар бола
тын. Ал Спартаның гимнасия
ларында әйелдер ерлермен тең
дәрежеде білім алған. Шығыста
ерлермен тең дәрежеде сөйлесу,
олардың мұңмұқтаждықтарын
орындау үшін жапондықтар
гейшаларға арнайы білім берген.
Көп жағдайда әйел затына тек хат
тану және үй шаруасына керек
болатын істерді ғана үйреткен.
Ортағасырларда Еуропа
да білім берудің монополиясы
шіркеу қолында болатын. Оған
инквизиция мен индульген
цияларды, крест жорықтарын
мысалға келтіруге болатын.
Христиандықтарда дінді уағыздау
м а қ с а т ы н д а қ ы з б а л а л а р ғ а
арналаған миссионерлік моно
кеттер осындай оқу орындарын
ашуды жоспарлауда. Өйткені,
мемлекетті қалыптастыруда
қыздарға арналған оқу орын
дарының атқаратын функция
сы орасан зор. Мәселен, 2011
жылы Сауд Арабиясының Эр
Рияд қаласы манында 50 мың
студентке арналған ауласы 800
гектар жерді алып отырған
қыздар университеті ашыл
ды. Аталмыш білім ордасының
құрылыс жұмыстарына 5 млрд.
АҚШ долларынан астам қаржы
стырлар көптеп ашыла бастады.
Монострлардың сұранысқа ие
болуы соншалық, текті отбасы
дан шыққан бойжеткен міндетті
түрде сол шіркеуде діни білімді
оқып шығуы керек болатын.
Әйел білім алуының жақсы
д а м у с а т ы с ы н қ а й т а ө р л е у
дәуірінде болды. Қыздардың
білімі хат тану, музыка, көр
к е м ө н е р , қ о л ө н е р м е н ғ а н а
шектелді. ХІХ ғасыр аяғында
христиан моностырлары Джо
в а н н и Б о к к а ч ч о н ы ң ә й г і л і
«Декомеронындағыдай» өзінің
мәнін, қадірін жоғалта баста
ды. Әйел заты теңдікке қарай
ұмтылды. ХХ ғасырдан бастан
қыз балалар жоғары оқу орын
дарына ерлермен тең дәрежеде
білім алуға қол жеткізді.
Қазіргі таңда тек қана қыздар
оқитын университеттер мен
институттар мәнін жоғалтқан
жоқ па? Қоғамда қажеті қанша?
Бүгінде дүние жүзінде беске же
тер жетпес қыздарға арналған
оқу орындары бар. Ең ірі, әлемге
аты мәшһүр Оңтүстік Кореядағы
Ихва қыздар университеті. Атал
мыш оқу орнын 1886 жылы
Мэри Ф. Скрэнтон атындағы
американдық миссионерлік
методикалық шіркеуі ашқан бо
латын. Бүгінде Ихва университеті
құрылымын өзгертті. Қазір уни
верситет әлемдік стандартқа сай
білім береді. Оқу орынның сим
волы – алмұрт гүлі.
Қырғыз елінде 1949 жылы
Қырғыз қыздар мұғалімдік ин
ституты құрылған болатын.
Бірақ 1994 жылы профессорлық
құрамы ұлғайып институт уни
верситет атағына ие болады. Сол
жылдан бастан қыздар институты
И.Арабаев атындағы Қырғыз
мемлекеттік университеті бо
лып өзгереді. Тек қана қыздар
оқитын білім ордасы Дагестан
да да құрылған болатын, бірақ,
уақыт қиындығына төзе алмай
жабылып қалды.
Жылдан жылға тек қана
қыздарға білім беретін оқу орын
дарын құру тенденциясы өсіп
келеді. Көптеген дамыған мемле
жұмсалған. Бұл оқу кешенін
құрылыс жұмыстарына 3 жыл
кеткен. Болашақта басқа да
ислам мемлекеттерінде осын
дай оқу кешендері салынбақ.
Демек, мұсылман әлемі қыз
балаларының сауатты болуы
на күш салуда. Уақыт өте келе
әлемдік қыздар университеттері
арасында алғашқылар қатарында
ҚазМемҚызПУдың аты алтын
әріппен жазылатыны сөзсіз.
Әлия КЕМЕЛБЕК
Әлемде қыздарға арналған қандай оқу орындары бар?
Ат жалында ойнаған
ӘСИМА