ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
11
№9 (116)
29 тамыз
2014 жыл
Р У Х
Бүгінде Қазақстан Республикасы айбыны
асқақтаған, көк байрағы бейбіт аспанда
желбіреген, демократиялык, зайырлы ел.
Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы
орынды иеленіп жатқан, дамыған 30
мемлекеттік қатарынан көрінуге ұмталғын
мемлект. Экономикасы қарқынды
дамып, бірлігі мен берекесі талайларды
тамсандырған, қонақжайлылығы
қызықтырған, айрандай ұйып отырған көп
ұлтты ел өз біртұтастығын жылдан-жылға
әлсіретпей,. жарқын болашаққа қарынды
ұмтылуда. Осындай дамудың, халқының
берекесі мен бірлігінің қалыптасуының,
құқықтары мен бостандықтарының
сақталуының негізі – Конституция. Өйткені,
Ата Заң бабаларымыз аңсап кеткен
егемендігімізді айшықтап, осындай ел
барын бүкіл дүниежүзіне танытып отыр.
2010 жыл, ақпан – Азия чемпиона
тында университеттің педагогика және
психологияфакультеті, 2 курс студенті Тур
кова Татьяна күміс жүлдені иеленді.
2010 жыл, 11 ақпан – ҚР Сенатының де
путаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс
және қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Қуаныш Сұлтановпен кездесу өтті.
2010 жыл, 26 ақпан – ҚР Білім және
ғылым вицеминистрі М.Н.Сарыбековпен
кездесу кеші өтті.
2010 жыл, мамыр – Қытайдын Үрімжі
қаласында Қазақ мемлекеттік қыздар
п е д а г о г и к а у н и в е р с и т е т і н і ң р е к т о р ы
Ш . К . Б е р к і м б а е в а ж ә н е С ы н ь ц з я н
педагогикалық университетінің ректо
ры Сұлтан Азат студенттерді, кәсіби ма
мандарды тіл жетілдіру, ғылыми, достық
ынтымақтастық, қарымқатынас жасауға
туралы өзара келісім шартқа қол қойды.
2010 жыл, қыркүйек – филология
факультеті, қазақ әдебиеті кафедрасының
ұйымдастыруымен «Қазақ фольклоры»
дәрісханасы ашылды.
2010 жыл, қыркүйек – Түркияның Ан
талья қаласында өткен әлемдік додада
зілтемірден университеттіңпедагогика
психология факультетінің 1 курс студенті
Майя Манеза чемпион атанды.
2010 жыл, 17 қыркүйек – Италияның
Барсельона қаласында Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогика университетінің ректо
ры Ш.К.Беркімбаева MagnaUniversitatum
Хартияcына қол қойды.
2010 жыл, қыркүйек – Грузияның Тби
лиси қаласында өткен әлемдік біріншілікте,
самбодан университеттің педагогикапсихо
логия факультетінің 1 курс студенті Ақмарал
Чингисханова чемпион атанды.
2010 жыл, 16 қараша – ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаев университеттің «Студенттер
үйі» кешенінде болды.
2011 жыл, 25 наурыз – Қазақстанның
тәуелсіздігіне 20 жыл толуына орай «Тәуел
сіздік және қазақтың қайраткер қыздары»
республикалық ғылымитәжірибелік конфе
ренциясы өтті.
2011 жыл, 25 наурыз – Шет тілдері
факультетінде Түрік тілін үйрету орталығының
жетекшілігімен Түрік тілі дәрісханасы ашыл
ды. Жиынға Орталық директоры Муамер
Чидеч пен Түрік іскерлік бірлестігі және даму
басқармасының басшысы Омер Кожаман
тағы басқалар қатысты.
2011 жыл, наурыз – Қазақстанның жас
өспірімдер мен қыздар арасында самбо
дан өткен республикалық чемпионатта,
университеттің Дене шынықтыру және спорт
мамандығының 1ші курс студенті Сағыныш
Оңалбаева 65 келі салмақ дәрежесінде сайысқа
түсіп, 1 орынды иеленді.
2011 жыл, 6 мамыр – ҚР тәуелсіздігінің
20 жылдығынаТараз қаласында өткен 79
жоғары оқу орындары арасындағы VI жазғы
универсиаданың 3кезеңінде спорттық ой
ындар бойынша 17 сайыс түрінен қатысқан
университет студенттері 8 алтын, 6 күміс, 22
қола медаль иеленді.
2011 жыл, (сәуір-маусым) – ҚР тәуелсізді
гі нің 20 жылдығына ЖОО арасында өткен
Уни версиадада жекелеген спорт сайысы
бойын ша үстел теннисінен Е.Шагарова
2 мәрте, С.Тұрабаева, ауыр атлетикадан
М.Манеза, Г.Хаийбаева, белбеу күресі нен
Қ.Өтебек, жеңіл атлетикадан Т.Туркова,
Е.Гольцман алтын медальді иеленді.
2 0 1 1 ж ы л , ( с ә у і р - м а у с ы м ) – Қ Р
тәуелсіздігінің 20 жылдығына ЖОО арасында
өткен Универсиада қорытындысы бойынша
университет 8 орынды иеленді.
2011 жыл, маусым – ҚХРның Шыңжаң
ұйғыр педагогикалық университетінің өзара
келісімшарты бойынша университетте
Қытай тілін оқыту және оқытушылардың
біліктілігін жетілдіру орталығы ашылды.
Орталықтың ашылу салтанатына Шыңжаң
ұйғыр автономиялық районы төрағасының
орынбасары Жин Но ханым қатысты.
(Жалғасы бар)
Болған ИЛЕБАЕВА,
«Ақтұмар» тарихи-этнографиялық
музейінің аға ғылыми қызметкері
БІЗДІҢ ТАРИХ
Ес дәптер
Тау тұлғалы тарландарға қарап бой
түзеңіз, аталы сөзге тоқтап, ой түзеңіз.
Бой түзетер көп болса – мың тәубе, ой
түзетер нақ болса – шын тәубе.
***
Ұлтына ұятымен, халқына
қылығымен, ұрпағына өнегесімен
ұнаған әйел – елдің анасы.
***
Бүгін бетер шаруаңды ертеңге
қалдырса: не тасиды, не ашиды, не
сасиды.
Жамандық арқандаулы ат сияқты:
алысқа ұзай алмайды, шыр айналып
қазығына шырмалады.
***
Қазақтың қызы намыстың
шоғындай, садақтың оғындай,
найзаның жүзіндей, жүзіктің көзіндей
болу керек.
***
Қол өрнегі – ой өрнегінің көшірмесі.
***
Аталы сөздің салмағы – атан түйе
шөккендей,
Жетесіз сөздің екпіні – кеудеңнен
біреу тепкендей.
Еміренген мейірім – маңдайдан самал
өпкендей,
Өнегеден өрген сөз – сіркіреп жаңбыр
төккендей.
***
Кемел ақылды сергек сезіммен, сал
сезімді айқын ақылмен астастыра біл.
***
Жақсылық жасау –
жақсы адамның
өмір ережесі.
***
Ана тілінде сөйлеуден
қорланғандар – қор болғандар.
***
Тәтті сөз де, қатты сөз де сәтімен
айтылса – құтты сөз.
***
Арсыздың басы – жолсыздық,
жолсыздықтың басы – жөнсіздік,
жөнсіздіктің басы – жалғыз ауыз
жаман сөз.
***
Асыл ниетпен жасалған адамгершілік
алғыс күтіп алағызбайды.
***
Адал адам сенгіш келеді, оны сақтап
қалатын да – сол таза сенімі.
***
Ақиқат айтылмаса, арұят өледі,
шындықтың шырағы сөнеді, сенім
сергелдеңге түсіп, үміттің үміті семеді.
Ғалия Қайдауылқызының
«1001 түйін» кітабынан
Заңмен белгіленген тәртіпке бағыну кез кел
ген мемлекеттің ең маңызды қағидаттарының
бірі. ҚР Конституциясында айтылғандай
мемлектіміздің ең қымбат қазынасы – адам бо
лып табылады. Демек, ең басты заңнама халық
мүддесі үшін жұмыс істейді. Ата Заңымыздың
құрастырушысының бірі ретінде Елбасы бар
шамызды оны құрметтеуге шақырады: «Кон
ституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің
табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық
келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл
демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мек
тептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Басты міндет
– Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау.
Елімізді, өз тарихымыз бен жетістіктерімізді
қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз
керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның
талаптарын мүлтіксіз орындай алмасақ, онда
қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке
және тыныштыққа жету мүмкін болмайды,
яғни мұндай жағдайда Отанның ырысберекелі
болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ».
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей
ҚР Ата Заңы ең жас Конституциялардың
бірі болып саналады. 1995 жылы 30 тамыз
күні жалпыхалықтық референдум бойынша
қабылданды. Бұл Конституция – атабалалар
аңсаған егемендіктің, біртұтастықтың, береке
мен бірліктің негізі, халықтың қорғаушысы
бола білді.
Ертеденақ ел ішіндегі тәртіп жазылмаған
заңдармен жүзеге асырылатын. Ұлы дала
н ы ң ұ л ы қ т ұ л ғ а л а р ы , б и ш е ш е н д е р і
халық арасындағы дау дамайды өздерінің
көрегендігімен шешіп отырған. Оған дәлел –
тарих беттеріндегі сан ғасырлар боы сақталып
келе жатқан елдік бен бірлік. Сонау Күлтегін
жазбаларындағы елдің ішкі бірлігін жыр еткен,
түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы
ұйымдасқан күреске, ежелгі атабаба жолы
мен салтдәстүрін берік ұстауға үндеген, беріде
«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі
жолы» заңдары, «Жеті жарғы» ұлтымыздың,
ұлылығымыздың, бірлігіміздің нышаны еді.
Бүгінде тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған
Ата Заңымыз халқымыздың тереңнен келе
жатқан ұлттық үкiмтәртібі мен заңдарының
заманауи үлгісі. Ертеденақ адамгершілікті
алға қойған бабаларымыз әдетғұрыптың
ережелерін ұрпақтанұрпаққа жеткізіп келген.
Сондықтан Конституциямызды Атадан балаға
мирас болып келе жатқан елдігіміздің нышаны
екенін естен шығармауымыз керек.
Осындай ұрпақтар сабақтастығы, үндестігі
мен көреген басшылықтың арқасында бүгін
өзінің жеке бас құқықтық құжаты бар дер
бес, қалыптасқан мемлекетпіз. Тәуелсіздік
көптеген ұлттардың келмеске кеткен асқақ ар
маны. Салтдәстүрлерімізді, әдетғұрыптарды
сақтап, келешекке, өскелең ұрпаққа жеткізуіміз
ұлт алдындағы, тіпті Қазақстан алдындағы
борышы мыз екенін естен шағармауымыз
керек. Осы ретте Ата Заңының рөлі орасан
зор. Ол – адастырмайтын, жарқын болашаққа
же те лейтін, ішкісыртқы саясатты реттейтін,
мемлекеттігінің негізгі тірегі, саясиқұқықтық
төлқұжаты.
Халық атынан қабылданған және тек халық
игілігі үшін қызмет ететін Ата Заңымызды
құрметтеу – борыш. Демократиялық, зайыр лы,
құқықтық және әлеуметтiк еліміздің бола шағы
зиятты жастардың қолында. ҚазМемҚызПУ
педагогикалық бағыттағы ірі оқу орындарының
бірі ретінде болашақ ұлт тәрбилеушілерді дай
ындап шығарады. Өнегелі педагог оқушыға
ұлттық құндылықтарымызды үйретуі керек.
Жастардың нағыз отансүйгіш, Қазакстандык
патриотизмді сіңіріп өсіп, Ата Заңын құрметтеуі
ұстазының еншісінде. Ендеше бала тәрбиелеуде
ҚазМемҚызПУ әр студентінің мойнында үлкен
жауапкершілік бар екені сөзсіз.
Әлия КЕМЕЛБЕКОВА
Айбыным, арым – Ата Заң