С О Ң Ғ Ы Б Е Т
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
12
№9(116)
29 тамыз
2014 жыл
Бұл өңірде үшінші рет ұйым
дас тырылған ойын бұл жолы
Шымкенттік ойыншылармен
Қа зақ станның ең таңдаулы құра
малары арасында өрбіді. Атап
айтқанда, сайысқа республикалық
«Жоғарылига» командаларының
іріктелген «Жаснар», «АЭСА»,
«Алянс», «Тұңғыш Астана»,
«Шымкент жастар құрамасы»,
«Тек қана, қыздар!» құрама ко
мандалары қатысып, өзара бақ
сынасты. Ойынға Берік Уәли,
Айгүл Қаппарова, Ержан Үкібаев,
Ғалымжан Қалыбаев қазылық
етті.
Үш турдан тұрған сайыстың
қорытындысы бойынша облыс
әкімі Асқар Мырзахметовтың
кезекті кубогы Ш.Кұдайбердіұлы
атындағы Семей мемлекеттік
у н и в е р с и т е т і н і ң « А л ь я н с »
құра масына бұйырды. Сайыс
жеңімпаздары дипломдармен
қатар, ақшалай сыйлықтармен
марапатталды.
Астана күнін Шымкентте
тойлауды жөн көрген «Жайдар
манның» жас достары атаулы
күнге ерекше дайындықпен келіп,
көпшілікке мерекелік көңіл күй
сыйлады.
Айта кетейік, «Тек қана,
қыздар!» командасы 2010 жылы
АРМАНҒА БАСТАР АҚ ЖОЛ
«ТЕК ҚАНА, ҚЫЗДАР!»
ТАҒЫ ДА АЛДА
Астана күні мерекесіне орай Шымкентте Оңтүстік
Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне арналған
жайдарман сайысы өтті. Аталмыш ойынға қатысқан
Қыздар университетінің «Тек қана, қыздар!» қомандасы
үздік өнер көрсетіп екінші жүлделі орынмен оралды.
Міне, көзді ашып-жұмғанша тағы бір оқу жылы басталады.
Мектеп бітірушілердің көңілдерінде қуаныштан гөрі күмән мен
күдік басымырақ... Студент болу ол әр бір мектеп бітірушінің
арманы. Ол арманға жету үшін көп еңбектену керектігі де түсінікті.
Ал білім сынағы сүріндірсе ше?...
Жаңа оқу жылы басталды.Сабаққа
жаңа леппен, жаңа күшжігермен, ерекше
ықыласпен әр студент өзінше қамданады.
Қыз баласына әдемі көріну, талғаммен
киіну, топ ішінде ерекшелену қасиеттері
табиғытында бар құбылыс.
10 мыңға жуық студенті бар Қыздар
университеті Алматы шаһарының сұлулар
гелереясы атанып кеткені қашан. Түрлі
талғам мен сән ордасы дерсін. Бүкіл
респуб ликамыздың түпкіртүпкірінен
келген ақылына көркі сай қаракөздер,
бұрым дылар, сырғалылылар, әдемілер,
ажарлылар, қылықтылар, дарындылар
оқитын білім ордасында ерекшелену өте
қиын. Сондықтан жаңа оқу жылындағы
өзгелерден ерекшеленуді – сырғадан
бастайық.
Сырға тағу – қазақ салтындағы
ырымдардың бірі. Әдет те қыз балалардың
құлағын ерте тесіп, сырға тағады. Әдемі
әшекей елдің назарын өзіне аударып,
иесін тілкөзден сақтайды. Сырға таңдарда
бет пішіні, тері мен көздің ерекшеліктері
ескерілген жөн. Сопақ, арықша бет
пішініне домалақ, ірі сырғалар, түйме
тәрізді клипсілер келеді. Жалпақтау келген
бетке жіңішке, баулы сырғалар жарасып
кетеді. Домалақ келген бет формасына
төрт бұрышты, ромб тәрізді сопақ сырғалар
әдемі үйлеседі.
Аққұба, қара шашты қыздарға
күміспен көмкерілген, алтынмен апталған
жақұт, сапфир, зүмірет секілді тастары бар
сыр ғалар ажарларын аша түседі. Бидай өң
ді сары қыздарға аметист, феруза, топаз,
қа ра тасты сырғаларды таңдаған дұрыс.
Бұ рым дыларға ұлттық нақыштағы күмістен
жасалған салпын шақ сырғалар ерекше сән
береді.
Сабақ, дәріс уақытында назарға қатты
түспейтін, орташа көздері бар сырғалар
киюләзім. Блузка мен қара белдемшеге
үйлесімді келетінін ұзынша сырға бол
са, костюм шалбарларға майда тастары
бар клипсілер жарасып кетеді. Фитнес,
спорт алаңында ыңғайлы, жеңіл сырғалар
таңдаған дұрыс, өйткені секіріпжүгіргенде,
бассейнге түс кенде ауыр сырғалар біраз
ыңғайсыздық туғызады. Салмақты
сырғаларды 23 сағаттан артық тағуға
болмайды. Құла ғыңыздың бөбешігі мен
сырғалығы созылып кетуі мүмкін.
Керек кеңес
«Қыздарға әсемдік
жарасады»
Бағасы келiсiм бойынша.
Таралымы – 1000 дана.
Тапсырыс №855
Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакция
ның көзқарасын бiлдiрмейдi.
Редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды,
үш компьютерлiк беттен асатын материалдар
қабылданбайды.
«Қыздар университетiне» жарияланған мақала
көшiрiлiп басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ
:
Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық
университеті
«Қыздар
университеті» медиа
орталығы
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Қ.МЫРЗАЛИМОВА – Жауапты хатшы
К.САРТБАЕВ –
Қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы,
А.ҰЙҚАСБАЕВА –
Ақпараттық саясат бөлімінің меңгерушісі
Тілшілер:
Н.ЖҰМАҚҰЛОВА,
Г.БЕКТАСОВА, А.ӨТЕЕВА
А.КЕМЕЛБЕКОВА
Беттеуші:
Н.МӘДЕЛІ
Фототiлшi:
Д.АБДИЛЬДИНОВ
Жетекші-Бас редактор –
Д.СМАЙЫЛ
МЕКЕН-ЖАЙЫ:
050000, Алматы қаласы,
Әйтеке би көшесі, 99-үй
Байланыс телефоны:
8 (727) 279-38-05
Газет «Қыздар университеті» газеті
редакцияның компьютерлік орта
лығында терiлiп, беттелдi.
«Бизнес Информ» баспаханасында
(Төле би көшесі, 108) басылды.
Тел.: 8 (727) 2930909
Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде 16.03.2012 ж. қайта
тiркелiп, №12345Г куәлiк берiлген.
құрылған. Сол жылдардан бері
команда әдемі әзілдерімен
көптің көңілін баурап, биік
белестерді бағындырап келеді.
Оған төмендегі жетістіктері дәлел
бола алады: Қайнар университеті
Р е к т о р ы н ы ң К у б о к и е г е р і
(Алматы қ. 2010 ж.), Шым
кент қаласы Әкімінің кубогы
үшін өткен жарыстың 3 орын
жүлдегерлері (2011 жыл), Астана
қаласы Әкімінің кубогының II
орын иегері (2011 жыл), «Ал
маты ашық лига» ойынының
чемпиондары (Алматы қ. 2011
жыл), «Республикалық Премьер
лига» ойындарының финалистері
( А л м а т ы қ . 2 0 1 1 ж ы л ) , Қ Р
Тәуелсіздігінің 20 жылдық және
«Арыс жастары» кубогының III
орын иегері (Арыс қ. 2011 жыл),
Алматы қаласында өткен супер
лига ойындарының чемпионы
(2012 жыл), Ақтөбе қаласы әкімі
кубогының бас жүлдегері (2013
жыл), Павлодар облысы Баяна
уыл өңірінде өткен «Жасыбай
толқыны2012» атты дәстүрлі
республикалық қазақ КТК жазғы
фестивалінің 3 орын жүлдегері.
Ал, команда капитаны Мере
ке Қалбаеваның өзі Алматы
қаласында өткен ойындарда 2 жыл
қатарынан «Жылдың ең үздік ой
ыншысы» номинациясын жеңіп
алған. Үздік командалардың бірі
деп табылған топ 2013 жылдан
бері «Жайдарман» ойындарының
жоғарғы лигасында ойнап жүр.
Алдағы уақытта да өнер жо
лында аянбай еңбек етіп, универ
ситет мәртебесін жоғары көтеріп
жүрген қыз дар дың әзіл әлеміндегі
жұл дыздары биік бола бергей деп
тілейміз! Жарайсыңдар «Тек қана
қыздар!»
Назира ЖҰМАҒҰЛ
Жүректері лүпілдей күткен
талапкерлердің бірі өз білімін
дәлелдеп, жоғары балл көрсеткішіне
ие болып жатса, енді біреулері
ойдағыдай балл жинай алмай көз
жастарына ерік береді. Ал енді кейбір
талапкерлердің тіпті ақылы бөлімге
де өту баллын жинай алмай қалатыны
жасырын емес.
Ұлттық Біріңғай Тесттілеуден
ойдағыдай балл көрсеткішін жинай
алмаса дбаланы, болмаса, мектеп
мұғалімдерін кінәлаудың қажеті жоқ.
Болашақ өмір бүгінгі күнмен ғана
тоқталып қалмайды. Талапкер үшін
өмір жолы енді ғана басталып келе
жатыр. Тек сол жолдың жеңіл де,
ауыр да болатынын түсіне білу керек.
Қазір елімізде жоғары оқу орнына
түсе алмай қалған талапкерлердің
білімін толықтыру мен жетілдіру
мақсатында жанжақты жағдай
жасалынған.
Соның бірі –Қазақстан Республи
касы Білім және Ғылым министрінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы №554
бұйрығына сәйкес ашылған Қазақ
мемлекеттiк қыздар педагогикалық
университетiнде ашылған Дайындық
бөлімі. Дайындық бөлімі Кешенді
тесттілеуден табысты өту үшiн
профориентациялық және дайындық
мақсатында, жоғары оқу орындары
на түскiсi келетін талапкерлер үшiн
жұмыс жасайды.
Жетпіс жылдық тарихы бар Қазақ
қыздарының қара шаңырағында
Дайындық бөлімі 1944 жылдан ба
стап ашылған. Ең алғаш бір жылдық,
одан соң екі жылдық болып ашылған
Дайындық бөлімі халқымыздың
басына төнген қасіретті сұрапыл
соғыс жылдарында да өз жұмысын
тоқтатпаған. Кейіннен бұл дайындық
бөлімі шет елдерден келген қандас
бауырларымызды және әлеуметтік
жағынан аз қамтылған және ата
ана қарауынсыз қалған қыздарды
өз қамқорлығына алып, оқытып,
олардың осы оқу орнының толық
қанды студенті атануларына жағдай
жасаған.
Бұл күнде осы оқу ордасының әр
факультетінде шәкірт тәрбиелеп келе
жатқан ұстазоқытушыларымыз–
кезіндегі осы дайындық бөлімінің
тыңдаушылары. Атап айтсақ, пе
дагогика психология факультеті
деканының орынбасары, психо
логия ғылымдарының магистрі
Жайна Баймырзаева, әлеуметтік
жұмыс ғылымдарының магистрі
Нұргүл Қайдауылова, гуманитралық
ғылымдар магистрі Жанат Алиева
және т.б.
Бүгінде Дайындық бөлімі 2012
жылдан бастап қайтадан ашылып, за
ман талабына сай ақылы түрде жұмыс
жасап келеді.Тыңдаушылардың
білімін жетілдіріп қана қоймайды,
сонымен бірге олардың оқу қабілетін,
таным ерекшелігін тексеру және
арттыру, кешенді тест кезінде
жіберіп алған мүмкіндіктерін түзету,
білімдерін тереңдету, қайталау,
пысықтау, өз жетістіктерін өздеріне
талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін
ұйымдастырады, жаңашыл ғылым
мен техниканың жетістіктерін
пайдалана отырып, сөздік қорын,
с ө й л е у м ә д е н и е т і н д а м ы т ы п ,
шығармашылық ізденісін арттырады,
тақырып бойынша тестпен жұмыс
жасай отырып жоғарғы оқу орнына
дайындау өз дәрежесінде жүргізіліп
келеді.
Ашылғанына көп уақыт бола
қ о й м а с а д а Д а й ы н д ы қ б ө л і м і
қызметкерлері мен ондағы сабақ
беретін оқытушылардың еңбегі өз
нәтижесін көрсетті. Оның нақты
айғағы 20122013 оқу жылында
білім алған 26тыңдаушымыздың
1 6 ы Р е с п у б л и к а м ы з д ы ң ә р
түкпіріндегі жоғары оқу орында
рында мемлекеттік грантты жеңіп
алса, биылғы көрсеткіш бойынша 25
тыңдаушы да грант иегерлері болды.
Д а й ы н д ы қ б ө л і м і н і ң
т ы ң д а у ш ы л а р ы т е к к е ш е н д і
тесттілеуге дайындалумен ғана
шектелмейді. Оларға кешенді
тесттілеу кезінде уақытты қалай
тиімді пайдалану керек, өзіңді өзің
дұрыс басқара білу, бірінші кезек
те қандай пән сұрақтарын шеш
кен дұрыс деген сияқты арнайы
психологиялық дәрістер жүргізіледі.
Ол үшін екінші жарты жылдықтан ба
стап «Талапкерлерге психологиялық
көмек» атты дәрістер оқылып, әр
түрлі тернингтер өткізіледі. Ба
сты мақсат – мемлекетіміздің кез
келген жоғары оқу орнына түсу үшін
болашақ студенттерге тиімді жағдай
жасау.
Қалимаш ЕЛШІБАЕВА,
Дайындық бөлімінің мұғалімі