Сұраққа жауап таңдаңыз



жүктеу 26,13 Kb.
Дата12.04.2022
өлшемі26,13 Kb.
#38119
жағдаят тест


1.Екі ата-ана балалары жайында әңгімелесіп отыр. Біреуі мақтана қызына әкесі екеуі компьютер сыйлағанын айтты. Ал екіншісі оның дұрыс емес екенін айтты: "Бекер алып бердіңдер, енді компьютер алдында сағаттап отыратын болады, көруі нашарлайды, өмірге бейімделмеген, жан жақты болмайды", - деп кесіп айтты.

Сұраққа жауап таңдаңыз:



  1. Қазір компьютерсіз жүру мүмкін емес.

  2. Компьютер ол ақпарат көзі.

  3. Компьютер баланың денсаулығына зиян.

  4. Компьютер бала психологиясына әсер етуі мүмкін.

  5. Компьютер дұрыс пайдаланса өте пайдалы құрал.

  6. Сіздің шешіміңіз

2.Сіз – сынып жетекшісіз. Ата-аналар сыныпқа соңғы үлгідегі компьютер сыйлап, оқу жылының аяқталғанын атап өтуді ұсынды.

Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз:



  1. Сыйлықты қабылдап, шақыруға келісем.

  2. Сыйлықтан бас тартып, бірақ шақыруды қабыл алам.

  3. Бәрінен бас тартып, ата – аналармен әңгіме өткізем.

  4. Шақырудан бас тартам, бірақ сыйлықты қабыл алам.

  5. Сіздің шешіміңіз

3.Сіздің сыныбыңызда математика мұғалімі сабақ барысында үнемі дауыс көтереді, балағаттайды, ал кейде артта қалған оқушыларды ұрып та жіберуі мүмкін.

Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:



  1. Басқа сыныптастарыңыз сияқты үндемей көз жұма қарайсың.

  2. Бұл жайлы сынып жетекшісіне, директорға немесе ата – аналарға айтасыз.

  3. Мұғалімнің бұл әрекеттерін ұялы телефонға түсіріп, интернет желісіне саласың.

  4. Мұғалімнің әрекетіне қарсы шығып, ескерту айтасың.

  5. Өз жауабыңыз

4.Сіз отырған автобусқа 8-10 жасар бала кіріп дауыстап ән айта бастайды, бітірген соң әр отырған жолаушыларға оған әні үшін ақша беруді сұрайды. Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:

  1. Оған ақша беремін, себебі ол тіленші емес, оны еңбегімен тапты.

  2. Ештеңе бермеймін, мен оған мен үшін концерт ұйымдастыр деген жоқпын.

  3. Баламен сөйлесіп, оның неге мұндай іспен айналысып жүргенін анықтаймын, егер керек болса қолымнан келгенше көмектесемін.

  4. Дереу полицияға хабарласып, мұндай жағдайда не істеу керек екенін сұраймын

  5. Өз жауабыңыз.

5.Спонсорлар мектеп мерейтойының құрметіне, ең үздік оқушыларға сыйақы ретінде 3 туристік жолдама бөлді.

Қалай және қандай принциптер бойынша сіз үміткерлерді таңдайсыз.



  1. Білім алушылар арасында конкурс өткізіп, нәтижесінде жолдама бөліп берем

  2. Мектеп жиналысына сынып старосталарын шақырып, өз сыныбындығы оқушылардың оқу үлгеріміне қарай бөліп берем.

  3. Сынып жетекшілеріне үміткерлердің тізімін беруін сұраймын.

  4. Өз ойыңыз.

6.Сіздің сыныптағы оқушыңыз сенбілікке қатысудан бас тартуда.

Сіздің іс әрекетіңіз:



  1. Ол оның құқығы

  2. Қаламаған ісін оған ешкім мәжбүрлеп жасата алмайды

  3. "Оның маған керек екенін" айтам

  4. Оны райынан қайтаруға тырысам

  5. Сіздің ойыңыз

7.Сыныптасыңыз, досыңыз, сіздің көзіңізше сыныптас қызды дөрекі сөздермен балағаттады, себебі екеуі есікте соқтығысып қалған.

Осы жағдайда не істер едің:



  1. Оның маған қатысы жоқ.

  2. Ол қыз өзі кінәлі

  3. Досыма олай істегені дұрыс емес екенін түсіндірем

  4. Досыммен кейінірек сөйлесем

  5. Сіздің ойыңыз

8.Жаңа сабақ түсіндіру барысында мұғалім, артқы жақтан бір дыбыс шыққанын байқады. Кім екенін білген ол.....

Оз жауабыңызды таңдаңыз



  1. Кедергі жасаған балаға келіп, ескерту жасаймын.

  2. Тез арада ата - анасын шақыртам

  3. Күнделігіне ескерту жазам

  4. Шыдамдылық танытам

9.Сіз сынып жетекшісіз. Сыныбыңыз химия сабағының өту барысы ұнамайтынын ашық түрде басқа сабақтарда айтып отыр.

Осы жағдайда сіздің іс әрекетіңіз:



  1. Мектеп әкімшілігінен мұғалімді ауыстыруын сұраймын

  2. Осы жағдайдан шығудың шешімін іздеймін

  3. Оқушылардан сабақтың не себепті ұнамайтынын сұраймын

  4. Сіздің ойыңыз

10.Мектепке жаңа география мұғалімі келді. Сабақ сұрау барысында ол бір оқушыға жауабына төмен баға қояды. Келесі күні сол қыздың сынып жетекшісі келіп: кешегі төмен баға оқу озатына қойылған екен, ата-анасы шағымдану үстінде деп түсіндіреді.

  1. Оқушының ата - анасымен сөйлесіп кешірім сұраймын

  2. Оқушы алдында кешірім сұраймын

  3. Мектеп әкімшілігіне шешімін табуды усынам

  4. Сіздің ойыңыз

11.Лық толы автобусқа кіріп, мынадай жағдайға тап боласыз:

Сіздің сыныптасыңыз өтірік ұйықтап отыр екен, ал қасында үлкен кісі тұр екен.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:


  1. Дереу оған ескерту жасаймын

  2. Мән бермеймін

  3. Елдің көзінше оны оятам

  4. Сіздің ойыңыз

12.Кешке үйге қайтар жолда, сіз өз сыныптасыңыздың қақпаға дөрекі сөздерді жазып жатқанын байқадың.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:



  1. Ескерту жасаймын

  2. Бірігіп жазам

  3. Байқамағандай болам

  4. Сіздің ойыңыз

13.Сіз 1-сынып жетекшісісіз. Сынып оқушылары төбелесіп қалды.

Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

1.Ата – аналар жиналысын жасап осы мәселені талқылаймын

2. Сынып жиналысын ашып, бейбіт жолмен шешемін

3. Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақыртамын.

4. Сіздің ойыңыз

14.Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сіз оқушыларды үшінші сабақ біткеннен кейін асханаға апару керексіз. Барлық оқушылар екі – екіден қатарға тұрып, асханаға баруға дайын. Бірақ бір оқушы барудан бас тартуда.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:



  1. Оқушыны басқа сыныпта мұғалімнің қарауында қалдыру.

  2. Күш қолдану арқылы оқушыны сыныптан басқа оқушылармен бірге шығару.

  3. Оқушыны жалғыз сыныпта қамап кету.

  4. Өзініздің жеке пікіріңіз...

15.Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз және сіздің сыныбыңызда қиын оқушы бар. Ол басқа оқушылардың заттарын жиі сұраусыз алады. Бір күні осы оқушы өзгенің ұялы телефонын сұраусыз алып, үйіне алып кетеді.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:



  1. Қиын оқушының ата-анасына хабарласасыз.

  2. Оқушыны мектеп психологына апарасыз.

  3. Барлық сыныптың көзінше оқушыны ұрлық жасады деп жала жабасыз.

  4. Өзініздің жеке пікіріңіз...

жүктеу 26,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау