«Мектептегі» психология» журналының 10-жылдық мерей тойының құрметіне арнаймын!



жүктеу 280,4 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі280,4 Kb.
#4172
    Навигация по данной странице:
  • 1. www.ICP

«Мектептегі» психология» журналының

10-жылдық мерей тойының құрметіне арнаймын!
ӘЛЕМДІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КОНГРЕСС КҮНДЕЛІГІНЕН
Бердібаева С.Қ.-психология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры
Әлем психологиясы Жапонияда, Йокогамада 2016 жылы 24-29 шілде аралығында психологиялық ғылымдардың халықаралық одағының қолдауымен 31-әлемдік психологиялық конгресске жиналды (ICP 2016). Йокогама қаласына төрткүл дүниенің барлық елдерінің ғалымдары, саясаткерлері, мемлекеттік қызметкерлер катыскан бұл конгресстің мағыздылығы өте жоғары. Конгресстің тақырыбы: «Гармониядағы әртүрлілік: психологиядан көзқарас». Гармония сөзі грек тілінен шыққан «бірлескен, келісім, келісу» мағыналарын береді.

Жапония өте жоғары дамып кеткен, 100 миллионнан аса халқы бар, әлемдік оптика мен электрониканың дамуында жетекші орын алатын әлемдегі ең бай мемлекеттердің бірі. Конгресс өткен Йокогама қаласы көлемі жағынан Жапониядағы екінші қала, Канагава префектурасының астанасы, табиғаты өте керемет, теңіз жағасындағы портты қала, тарихы тереңде жатқан, жапон мәдениеті мен дәстүрін сақтаған жаңа замануи бағыттағы қалалардың бірі.

Конгресс жағалауда аты әлемге әйгілі Pacifico Yokohama конференц-орталықта,   Минато Мирайда өтті. Конгресстің статистикалық бөлімін қарасак әлемнің барлық жерлерінен көптеген ғалымдары катысты, Жапония елінен 39%, Қытайдан 11%, Европа елдерінен 17%, Солтүстік Америкадан 9%, Латин Америкасынан 2%, Африкадан 2.4%, Орта Шығыстан 2%, Тынық мұхиты елдерінен 2.5% ғалымдары қатысты. Барлығы 7897 ғылыми зерттеулерді құрады.

Конгресс бойынша ғылыми еңбектер «International Journal of Psychology» әлемдік журналдың 51 бөлімінде 70 - психология саласы бойынша барлық ғылыми мақалалар жарық көрді. Бұл әлемдік журналың мәнділігі жоғары, импакт-факторы да өте жоғары.

Конгресс жұмысына Африкадан 193 ғылыми зерттеулер, Азиядан 2052, Жапониядан 3076, Европадан 1345, Латин Америкасынан 165, Ортанғы шығыстан 160, Солтүстік Америкадан 706, Тынық Мұқиты елдері 200 ғылыми зерттеулер болды, жалпы алғанда барлығы-7897. Осы көрсеткішті әр мемлекет бойынша карастырсак әсіресе өзімізге таныс мәселен ТМД елдері бойынша Армениядан-1, Әзербайжан-1, Белоруссиядан-1, Казақстаннан-89, Латвия-2, Ресей-149, Украина-8, Өзбекстан-4 міне осы көрсеткіштер көп жағдайды айтып тұр. Ресейден кейін тұрған қазақстандық зерттеулердің осы әлемдік конгрессте 89 мақала оның 8-ауызша баяндамалар, 76-постер баяндамалар, онлайн баяндамалар-5 болды, біздің мемлекетіміздегі ғылыми зерттеулердің жоғарғы деңгейі мен күшін көрсетті.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт – 2020» идеясын ұсына отырып «...Бәсекенің бастысы - білімнің бәсекесі. Бұл үшін біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол ашу» - деп көрсеткен құнды идеяларының жалғасы ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірнеше ғалымдары, философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессорлары Бердібаева С.Қ., Дүйсенбеков Д.Д., Тоқсанбаева Н.Қ., доценттер Қалымбетова Э.К., Жұбаназарова Н.С. және педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессорлары Мадалиева З.Б., Мынбаева А.К., доценттер Анарбек Н., Садуақасова З.М. осы конгреске тікелей қатысып, қазақстандық зерттеулерді әлемдік деңгейде баяндап үлкен табыстармен елге оралды.

Білім беру саласындағы стартегиялық бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Елбасы бекіткен Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «білім беруді түбегейлі жаңарту қажеттілігіне басымдылық берілгенін ескере отырып біздің ғалымдар шет елдік конгрестер, симпозиумдар, конференцияларға жиі шығып қазақстандық психология ғылымының тың зерттеулерін әлемге таныстыруда.

Әлемдік психологиялық конгресстер 4 жылда бір рет өтіп отырады. 2008 жылы Берлин қаласында өткен 29-әлемдік психологиялық конгреске (ICP 2008) алғаш рет біздің бірнеше ғалымдар барып қайтты, профессорлар Жақыпов С.М., Аймағанбетова А.Х., Құстубаева А.

2012 жылы Оңтүстік Африкада, Кейптаун қаласында өткен 30-әлемдік психологиялық конгреске (ICP 2012) біздің университеттің профессорлары мен доценттері қатысып, Қазақстанды әлемге паш етті, олар профессорлар Бердібаева С.Қ., Дүйсенбеков Д.Д., доценттер Қалымбетова Э.К. және Сатыбалдина Н.К.

Міне енді 3 рет Жапониядағы әлемдік конгреске тағы да қатысып өз мемлекетіміздің ғылыми жетістіктерін жеткіздік. Интеллектуалды өнімдерді сату арқылы Білімдер экономикасын жасау көптеген мемлекеттердің арманы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары осы конгресс негізінде көптеген ғылыми ынтамақтастық жасап, көптеген елдердің профессорларымен болашақта бірлесіп зерттеу жүргізу туралы келісімдерге қол жеткізді.


Конгресс аясында ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға қатысып, Жапонияның дәстүрлері мен мәдениетіне қанықтық. Осы конгресс негізінде біз өз зерттеулерімізді халықаралық аренада баяндап, құндылығы жоғары зерттеулермен тәжірибе алмасып, әлемдегі жетекші атақты психологтармен кездестік, атап айтқанда Джон Берри, Дэвид Мацумото, Синобу Китаяма.

Конгрестің ашылу салтанатындағы құрметті қонақтардың бірі принцесса Масако Овадо болды, Император Акихитоның бірінші ұлы кронпринц Нарухитоның жұбайы. Конгреске өзінің құттықтау хатын Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэ жіберді, сондай-ақ конгрестің ашылу салтанатында адам сияқты андроидтардың алғашқы авторы, робот техника профессоры Hisoshi Ishiguro (Osaka University) Geminoid HI-2 роботын презентациялады, андроид кез келген адаммен сөйлесе алады әрі барлық сұрақтарға жауап беруге қабілетті.

Конгресс күнделігіне оралсақ адамзаттың келелі мәселелерін көреміз. Біздің әлемдегі әртүрлілікті әрі пайдалы, әрі мәселелі деп қарастыруға болады. Әсіресе бұл әртүрлі жағдайларды этнос және мәдениет, денсаулық сияқты сұрақтардың ішіндегі әртүрлілікпен арақатыстыруға болады. Сонымен қатар психологияның әр салаларының арасында да әртүрлілікті көреуге болады. «Бірге өмір сүрейік» ұғымы осы әлемдік конгресстің (ICP 2016) негізін қалады.

Психология ғылымы да үнемі дамушы облыстардың бірі, қай ғылымды алсақта, математика, физики химия болсын ең бірінші орында адам ақыл-ойын зерттеуші психология тұрады. Бұл әлемдік конгресс әртүрлі саладағы психологтарды біріктіріп, методологиялық деңгейде психологияның соңғы зерттеу жетістіктерімен бірге бөлісу ғана емес, әрі әлемде болып жатқан оқиғалар мен жағдайларды да құнды бағалап сол бағытта зерттеулер жүргізуге стимул береді.

Психология қазіргі қоғам алдында тұрған гармониялық мәселелерді шешуге себепші болып ары қарай дами береді деген сенімде конгресс өз жұмысын атқарды. Конгресс өткен Япония елі әрі гармонияны, әрі әртүрлілікті көрсете отырып шығыс және батыс мәдениетін жеңу ғана емес, өзінің қайталанбас тарихымен, дәстүрлер мен жаңа заманды интегрециялайды.


Мұндай әлемдік конгресс Азия елдерінде 3 рет өтіп отыр, біріншісі Токиода 1972 жылы, екіншісі 2008 жылы Қытайда-Пекинде, енді міне үшінші рет тағы да Жапонияда өтіп отыр, Жапония үкіметі бұл мүмкіндікті жоғары бағалады, яғни елінің психологиясын әлемге танытудың мүмкіндігін қамтиды. Әлемдік конгресс қай мемлекетте өтсе сол елдің ғылымына халықаралық психологиялық білімдер одағынан көп қаржы бөлінеді, жас ғалымдары мен белсенді зерттеулерге гранттар бөлінеді, сондықтанда әрбір мемлекет осындай конгрестерді өздерінде өткізуге қатты мүдделі болып, арнайы конкурсқа қатысып конгресс өткізу рұқсатын алады.

Жапонияның психология ғылымдарының ассоцациясы бұл конгресті өте жоғарғы деңгейде ұйымдастырып өткізді (JPA). Сонымен қатар өзінің қатарына 49 ассоцацияларды біріктірген Жапон психологтарының ассоциациясы да көп қолдау берді (JUPA). Барлық әлемнің психологтары жиналып адамзаттың келелі мәселелерін шешуде кездесіп ой бөлісті.

Конгреске әдейі құрметпен шақырылған психологиялық ғылымдардың халықаралық одағының (IUPsyS) презиндеті профессор Saths Cooperмен та5ыда кездесудің сәті түсті, Кейптауннан кейін швеция және Праиждегі Европалық конгрестерде кездескенбіз. Бірінші рет Африка континентінде болған «Психология адамзатқа қызмет етеді» атты әлемнің 103 мемлекеті қатысқан 30-әлемдік психологиялық конгресс Оңтүстік Африка мемлекетінде, Кейптаун қаласында 2012 жылы 22-27.07. аралығында өтіп келесі эстафетаны осы Жапон мемлкетіне тапсырған салтанатының куәсі болғанбыз, 4 жыл өте шығып Жапонияға келдік.

Saths Cooper өзінің «Психология және адам құқығы үйлесімді бола ала ма? атты жолдауын конгресске арнады. Психологияның әлемдік конгрессі өзінің керемет тарихына ие, бірінші конгресс Парижде 1889 жылы өтті. Бұл күндері әр 4 жылда бір өтіп отырады. Халықаралық психологтар одағы барлық әлемдегі психолог ғалымдарды, студенттерді, баскада мамандарды біріктіреді, бұл одақта әлемнің 80 мемлекеті және дүние жүзі бойынша 20 филиалы бар одақ.

Конгресс барысында симпозиумдар, семинарлар, арнайы құрметпен шақырылған негізгі лекторлардың баяндамалары, тақырыптық сессиялар, көпшілікке арналған баяндама-зерттеулер және секция жұмыстар бір апта бойы үзіліссіз бір бірімен параллель жүріп, әлемдік ғылыми жаңалықтармен танысудың мол мүмкіндігін берді.

Конгресс психологияның 63 бағыты бойынша жұмыс жасады, кейбіреулерін атасам, олар: агрессия және просоциальды мінез-құлық, қартаю, өнер, клиникалық психология, мінез-құлық психологиясы, когнитивті роботтехника, экологиялық контекстер, білім және мектеп психологиясы, отбасы және қоғам, адами қатынастар, өнеркәсіп және ұйымдастыру психологиясы, кедейшілік, психобиология, дін және руханилық, әлеуметтік ми.

Солардың ішінде ашық дәрістерге шолу жасасам, барлығы Жапония елінің ғалымдары және дәрістер жапон тілінде өткізілді:

1.Masayoshi Tsuge - «Сыныптағы оқытудың әртүрлілігі және жапониядағы психология үшін рөлі: тарихы, қазіргі жаңа жағдайы және болашағы»

2.Koji Yamamura – «Анимацияда қозғалысты қалай жасауға болады?»

3.Nobuko Ushida - «Жауыздықпен қаралған балаларға психологиялық көмек беру».

4.Ryuta Kawashima - «Күнделікті өмірлік жағдайлардағы коммуникативті іс-әрекет бойынша сапалы өлшемдер».

5.Osamu Kitayama - «Қарама»- тиым салу жайлы: мәдениетті масқаралаудағы терең психология

Симпозиумда Австралия, Ангола, Англия, Алжир, Африка, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Гонконг, Жаңа Зеландия, Жапония, Египет, Израиль, Индия, Канада, Кипр, Колумбия, Корея, Қытай, Малазия, Мексика, Панама, Перу, Румыния, Таиланд, Турция, Франция, Швейцария, Швеция, Шри Ланка, Чехия, Чили және басқада мемлекеттердің ғалымдары өз зерттеулерін таныстырды, солардың ішінде келесі зерттеулерді атап өтейін, құқық және психология, когнитивті неврологияның жаңа көкжиектері, психология және медиатехнологиялар, әлеуметтік таным және миндальды дене мен аутизм, ойындар теориясы және стратегиялық ойлау, когнитивті үздіксіздік: толық арнайы ақыл-ой қабілеттерінің патшалығы, әртүрлі мәдениеттегі әлеуметтік нормалар күші, әлеуметтіліктің эмоциялық негіздері, тәуелсіздік пен қолдаудың арасындағы баланска жету, телеоператор роботтарға адаптация, адам мен приматтардың мәдени табиғаты жайлы: біздің мәдени таным мен имитациялардың сәйкестігін, эволюциясын түсіну.

Конгреске арнайы шақырылған баяндамашылар арасында барлық әлемдік бренд ғалымдардың қатарында, құрметпен щақырылған белгілі Ресей ғалымы Дмитрий Леонтьев болды (ТМД елдері бойынша шақырылған жалғыз ғалым), халықаралық практикалық-қолданбалы психология ассоцацияның (IAAР) президенті Janel Gauthier ( Ph.D)- «Глобализация және терроризм: зорлық-зомбылықтың алдын алу және әлемге барлық әлем атсалыссын» атты баяндамасын, Ресей ғалымы, профессор Дмитрий Леонтьевтің (Мәскеу, Экономиканың жоғарғы мектебінің ұлттық ғылыми-зерттеу университеті) «Жұмысты таңдау: теория, бағалау, компонеттері, құрылымдары, алғышарттары және салдары» баяндамасын арнайы барып тыңдадым.



Әлемдік конгресске қатыса отырып көптеген әлемдік психологиялық зерттеулермен танысып, тәжірибелер алмасып және өз елімізді таныстырып көптеген жаңа зерттеу идеяларын алып, жаңа ғылыми ынтымақтастықты жасап, көптеген психологиялық ұйымдармен кездесіп оларды қазақстанға шақырдық. Атап айтсақ, Қазақтанда психологияны дамыту үшін әлемдік тәжірибелерді алу мақсатымен Жапония психологтарының ассоциациясы ( JPA) презендиті-Toshikazu Hasegawa мырзамен, ассоциацияның жұмысымен танысып және сол ассоцицияға мүше болуға келісім шартқа отырдық.

Жапония елінің психологиялық жүйесімен танысу негізгі міндеттердің бірі болды. Бұл ассоциация 1927 жылдан бері жұмыс жасауда. Зерттеушілер мен практик психологтарды біріктіріп жылда конференциялар өткізіп және жапон тілінде 2 журнал шығарады, олар: «Психологияның жапон журналы» -1926 жылдан бері шығады және «Психология әлемі» -1998 жылдан бері шығады және ағылшын тілінде «Жапондық психологиялық зерттеулер» журналы, 1954 жылдан бері шығады.

Ассоциация қоғамдағы kokoro (ақыл және жүрек) мәселелерін шешу бағытында көптеген ғылыми психологиялық зерттеулерді жүзеге асырады, атап айтқанда психологиялық денсаулық, саясат, суицид, бала-ата-ана қатынастары, отбасылық қатынастар, психологиялық қауіпсіздік және үміт, мәдениаралық түсінісу және басқада құнды мәселелер жайлы зерттейді. «Адам болу нені береді» деген идеяға бағыттайды, бала-бақщалармен, мектеппен, жастармен тығыз байланыс құрған осы ассоциация қабырғасында көптеген студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарын аяқтайды оларға қаржылық көмек көрсетіледі.

Жастарға арналған көптеген бағдарламалары бар, тіпті жоғарғы мектеп оқушыларына арнап психологиялық семинарлар өткізеді, біз қатысқан конгресте осы ассоциация үлкен қолдау берді: «Жаңа әлемдегі психология» атты бағытта конгресте жұмыс жасады, біздерді қабылдап, ортақ ынтымақтасу шарасын өткіздік. Бұл ұйым психология мамандығын аяқтап университет бітірген жас мамандарды аттестациялап сертификаттар береді. Университетті аяқтаған кез келген студент бірден психолог болуға құқысы жок осы ассоциациядан практикадан өтіп, сертификатталады.

Практикалық психологтарды да біздегі біліктілікті көтеру жүйесіне ұқсас оларды да дайындықтан өткізіп, біліктіліктерін көтеріп сертификациялайды. Негізгі ұстанымдары психология мен қоғамның үзіліссіз байланысын қамтамасыз ету. Негізгі миссиялары жапониядағы академиялық іс-әрекетке үлес қосу, психология ғылымын дамыту, теориялық және практикалық психологиялық зерттеулерді презентациялау, интеллектуалды тәжірибелер алмасу.

Ғылыми форумдарға демеуші болады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, халықаралық ғылыми психологиялық ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасап, психологтарды сертификациялаумен айналысады. «Психологияның жапон журналы» екі айда бір рет шығады әрбір нөмірі 600 бетті құрайды-, ал ағылшын тіліндегі «Жапон психологиялық зерттеулері» квартал сайын шығады әр томы 400 бетті құрайды. Ассоциацияға мүше болудың артықшылығы: JPA 3 журналына ақысыз жазылу, ақысыз мақалалар шығару, конференцияларға қатысу, студенттерге стипендиялар тағайындау, гранттар беру.

Біз қатысқан конгресте жас ғалымдарға, студенттерге арнайы бағдарламалар ұйымдастырып қолдау берілді. Семинарларға ақысыз қатыса алады, жақсы жұмыстар ақшалай марапатталды, жобаларын жақсы қорғаса стипендиялар тағайындалады, психологиядан ерте карьера жасау жолдары соларға арнап мастер кластар, әлеуметтік оқиғалар ұйымдастырылды, конгресстен кейін университеттерді аралап жапон студенттерімен танысады, зерттеу саласында лидерлік сапаны қалыптастыруға негіз болады.

Конгресс аясында докторанттар, жас ғалым-зерттеушілер үшін психологтарды қалыптастыру бағдарламасы (ЕРР) жасалған, жас зерттеушілерді шабыттандыру үшін және психологиядан жетекші ғалым болуға даярлықты қамтиды.

Келесі семинарлар ұйымдастырылған: «Жұмыс іздеудегі сәттілікке қалай жетуге болады?», «Зерттеу гранттарына ие болу», «Психологияда қолданылатын басқа салалармен танысу», «Орныққан психологтардан үйрену», әлемнің атақты писхолог ғалымдарымен таныстырылады, Америка, Франция сияқты мемлекеттердің психологиялық ассоциация өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды.


Конгресте тыңдалған кейбір зерттеулерге токталғым келеді. «Әл-ауқаттың кросс-мәдени түрлері»-профессор Ed Diener, АҚШ, баяндамада субъективті әл-ауқат бойынша жүргізілген 1200 зерттеу қорытындылары баяндалды, мәдениетпен байланысты 5 тақырып қамтылған: 1.барлық әлем бойынша субъективті әл-ауқаттың адами қажеттіліктермен байланысты жалпы предиктері болады; 2. осы субъективті әл-ауқатты болжап беретіндер болады, мысалы өз мәдениетінде құрметтелетін мінез-құлық пен мінездемені көрсетіп, мәдени конгруэнция- субъективті әл-ауқатты күшейтеді (subjective well-being –SWB); 3. Саяси пікір таластарды ақпараттандыру үшін SWB әлеуметтік өлшемдерін қолдану, мысалы түскен пайданың қауіпсіздігі және жасыл табиғатпен толығу осы SWB жоғарылатады; 4. Ғылымның қазіргі бағыты, SWB әртүрлі мәдениетте өлшеу, мысалы әртүрлі мәдениеттегі қанағаттану мен бағалау сезімін түсіну реакцияларын өлшеуге болады; 5. SWB кейінгі кеш нәтижелерді зерттеу, денсаулық, өмірдің ұзақтығы, әлеуметтік қатынастар, азаматтық. Мысалы, батыс индивидуалистік мемлекеттерде SWB жоғары бағалайды, ал басқа мәдениетте қалай болады және сол нәтижелерді кез келген мәдениетте қолдануға бола ма деген мәселелер талқыланды.

Профессор Ying-Yi-Hong - Гонконг университеті, «Мультимәдени идентификациялану дәстүрлерді шақыра ма әлде болашақты жасау ма?» атты баяндамада индивидтердің ұтқырлығы күнделікті өмірде әртүрлі мәдениет өкілдерімен байланысқа түскенде қандай сезімдерді бастан кешіреді? деген мәселені зерттеген. Баяндамадан көргеніміздей олар жағымды әсер етеді екен, мысалы кадр және творчество бір біріне ауыса алады, алайда олар адамдардың өзінің мәдениетіне зиян келтіретінін ұмытпауы қажет. Осы екі айырмашылықты шектеу үшін полимәдени ақыл мен мультимәдени өзіндік (самость), мультимәденилік ұғымдарын ажырата білу керек дейді. Мультимәдени ақыл жаңа мәдениет жайлы білімдерді алып келеді, бұл процестер творчество мен инновацияларға пайда әкелуі мүмкін. Сонымен қатар адамдар өз мәдениетімді бұзып аламын деп сезінсе жаңа мәдениетке деген негатив болуы мүмкін.

Бұл зерттеуде профессор көптеген мәдени әсерлер негізінде мультимәдени ақыл мен мультмәдени өзіндік адамда жағымды не теріс салдарлар туғызады, соған байланысты жүргізген эмпирикалық зерттеулерін баяндады. Қорыта келгенде бұл жұмыс әлеуметтік когнитивті процестерді зерттеуге мүмкіндік берген және адамзат баласының болашағы әртүрлі мәдени дәстүрлерді және өз дәстүрін өзара құрметеулерімен байланысты болады деп тұжырымдама жасалған.

Профессор Laurence J. Kirmayer-Канада, «Мәдени психиатрия» атты зерттеуін баяндады. Психопатологиядағы тәжірибе мен оны емдеуге байланысты психиатрия мәдениетін, мәдениеттің салдары жайлы зерттеу нәтижелерін талдады. Когнитивті ғылымда мәдени психиатрияны дене және интерсубъективті тәжірибені практикада өзгерту арқылы мәселені нақты көруге жақындаймыз дейді профессор. Адам биологиясы, мәдени биология, ми схемасынан бастап өмірдің мәдени формаларына дейін регуляцияға жете алатынын зерттеуде дәлелдеген. Бұл жаңа бағыт, психикалық денсаулық теориясы, зерттеу практикасын психикалық аурулардың кросс-мәдени зерттеулерімен негізделетінін көрсетеді.


Конгресс барысында әлеуметтік бағдарламаларда өз деңгейінде жұмыс жасады. Сонымен қатар конгресстің аяқталу салтанатында келесі 32-конгресс Чехия мемлекетіне эстафетаны тапсырды.

Мәдени бағдарламалар-кимоно киімін кию шарасы, жапон арфасын тыңдау, шәй дайындау салтанаты, Кабуки театры, медитация практикасы, дамушы ғылымдар ұлттық музейі және Nissan Motor Corporation және Nissan музейіне бару және қосымша экскурсиялар бағдарламасы ұсынылды.


Жапон елінде болып оларды түсінуге тырысу қажет, бір ерекшеліктері құдайға сиынуға баладан бастап бәрі қатысады, поездарда адамдар көп болса кез келген жапондык үнемі шығатын жолды міндетті түрде босатып отырады, метроға әйелдер мен ер адамдар бөлек кіргілері келсе арнайы сызыктар бар, тарихы мен дәстүрлері, инновациялар дамыған жапон елі әрі құпиялы әрі қызық болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық рейтингте кезекті жоғарғы сатыға көтеріліп, Орталық Азия мен қазақстан жоғарғы оқу орындары арасында алғашқы болып әлемнің 250 үздік университтеі қатарына енді. World University Rankings QS (Ұлыбритания) беедлді рейтингтік агенттігінің зерттеу қоыртындылары бойынша әлемнің 250 үздік университеті қатарына енді.


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жоғарғы білім берудің флагманы ретінде әлемдік білім беру тұтастығына барлық білім кеңістіктерін интеграциялау процесінің лидері болып табылады. Ғылымды жасау мен жетілдіру Қазақстан Республикасының Үкіметінің жүргізіп отырған реформалау мен жаңғырту процесімен үндесіп кетті. әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жаңа үлгідегі әлемдік стандарттарға сай ғылым мен білімді дамыту бағытындағы жүргізіліп жатқан нәтижелі ғылыми іс шараларды жүзеге асыруда жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ғалымдары да өз үлестерін қосуда.

Университет пен факультет беріп отырған барлық мүмкіндіктерді ұтымды қолданып, Қазақстанның психологиялық мектебі үшін лидер мен көш бастаушысы болып отырған жалпы және қолданбалы психология кафедрасы білім мен ғылым сапасын көтеруде шет елдегі конгресстер мен конференцияларға жиі қатысады, Жапониядағы әлемдік конгреске ұсынылған 89 ғылыми зерттеудің 90 пайызы біздің университеттің үлесі болғанын мақтанышпен айта аламыз.


Қазақстанда өтіп жатқан өте терең әлеуметтік өзгерістер білім саласына да әсер етуде, ең негізгі өзгеріс адамға деген қатынастың өзгеруі. Еліміздің дамуының мемлекеттік бағдарламасындағы маңызды сұрақтардың бірі Президент көрсеткендей ол білім, ЖОО инновациялық моделін қалыптастыру, нарық сұраныстарына бағдарлану. Елбасы қойған міндеттерді шешу механизмдерінің бірі Қазақстандық білімдердің әлемдік білімдер кеңістігіне интеграциялануы біз өзіміздің күш жігерімізді нақтылы серпінді инновацияларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары шоғырландыратын боламыз.

1.www.ICP 2016

2.ICP 2016 Program Final



жүктеу 280,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау