Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады



жүктеу 12,97 Mb.
Pdf просмотр
бет4/11
Дата19.11.2018
өлшемі12,97 Mb.
#20693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

5

№9 (116)



29 тамыз

2014 жыл

С Ұ Х Б А Т

осы оқу орнында ректор болдым. Еліміз үшін, 

ұлтымыз үшін маңызды да қиын кезеңдерде 

басшылық жасадым. Соған қарамастан оқу 

ордасында кітапхананы, спорт кешенін, екінші 

оқу ғимаратын, жаңа жатақхананы салуға 

рұқсат алып, 1988 жылға дейін құрылысын 

аяқтатып, пайдалануға бердік. Сол ауыр 

кезеңдердің қиыншылықтарына қарамастан 

біраз жұмыстарды атқарып үлгергеніме 

қуаныштымын. 



– Сіз тәуелсіздік алар тұста, саяси ахуал-

дың шиеленісіп тұрған кезеңінде оқу орнын 

басқардыңыз. Осындай уақытта арулардың ор-

дасын басқарудың қандай қиындықтары болды?

– Қыздар университеті үшін ең қиын жыл­

дар 1986­1987 жылдар болды. Ол кезде жаңа 

басшы болып Г.В.Колбин келді. Ол түсінбеді, 

«Қыздар университеті не үшін керек, кімдерді 

дайындап жатырсыңдар», – деді. Содан бастап 

Мәскеуден тексерушілер көбейді, «мемлекет 

қаржысы көп кетеді, елде жоғарғы оқу орында­

ры көп, бұл оқу орнын жабу керек, басқа уни­

верситетке қосу керек», деп Мәскеумен қатар, 

горком, обком, КОКП Орталық комитет жұмыс 

істеуге мүмкіндік бермей, көп тексерулер бол­

ды. Оқу орны жабылу алдында тұрды.Біз өз та­

рапымыздан бұл оқу орнының керек екендігін 

түсіндіріп бақтық. Тіпті, неге тек қазақ қыздары 

оқиды деп айтылды. Біз тек қазақ қыздары ғана 

емес, қазақ тілін білетін барлық ұлт өкілдері 

оқитынын айттық. Ол кездері шынымен де 

неміс, корей, украин, ұйғыр, орыс қыздары 

оқыды. 


– Жабылу алдында тұрған Қыздар уни-

верситетін аман алып қалу үшін сізді Колбиннің 

қабылдауына дейін барды дейді. Сол жағдайды 

өз аузыңыздан естісек...

– Қанша есіктің табалдырығын тоздыр­

дым, ең алдымен обком, горком секретарла­

рына бардым, хат жаздым, ешқандай жауап 

болмағаннан кейін қиыншылықтармен үш 

рет Колбинге кірдім. Алғаш кіргенімде еш 

нәрсе демеді, екінші рет кіргенде бір сағаттан 

аса уақыт сөйлесіп, Қыздар университетінің 

маңыздылығын, керек екендігін айттым, 

көнгендей болды. Оның арасында зиялы 

қауым өкілдерін, жазушыларды, ақындарды, 

әртістерді де салдым. Нұрсұлтан Әбішұлына 

бірі. Әуел баста бұл оқу орны қазақ қыздары 

білімді болсын деп 1944 жылы ашылған. Ол 

ең алдымен қазақ бойжеткендерінің ауыл­

дан үлкен қалаға барып білім алуына жан­

жақты жол ашты. Қаймағы бұзылмаған қазақ 

ауылынан беймәлім қала тірлігіне келген, 

кешегі ауылдан шыққан қарапайым қазақ 

қызы қос мәдениеттің тізгінін ұстады. Ол 

кездері көпшілігі қыз баласын оқытуға, Алматы 

сияқты алыс қалаға жібере бермейтін. Қазақ 

қоғамы үшін оқу орны өзгеріс әкелді. Бұл 

шаңырақтан көптеген ақындар, ұлт зиялыла­

ры, мемлекет және қоғам қайраткерлері, өнер 

жұлдыздары, білікті педагогтар шықты. Алғаш 

ашылғаннан бері қыздардың басым көпшілігі 

ауылға оралып, білім саласының өсуіне, са­

налы да білімді ұрпақ тәрбиесіне өз үлестерін 

факультеті жанынан биші ұстаз дайындайтын 

мамандық ашылды. Тағы бір айта кетерлік 

жайт, сол 1980 жылдары Қазақстанға келетін 

барлық шетелдік делегация ең алдымен Қыздар 

университетіне келетін. Соның арқасында 

біздің университетті барлық ел білетін еді.  

– Сіздің студенттік кезіңізбен салыстырғанда 

қазіргі қазақ қыздары қандай? Ұлттық болмысты 

сақтап қалу үшін не істеу керек? 

– Біз түскенде қазіргідей көп жағдай бол­

мады. Бай кітапханамыз да жоқ еді. Бірақ, 

біздің ұстаздарымыз өте білімді болды. Қазіргі 

жастарға барлық жағдай жасалған, кітап қоры 

мол, жай кітапханадан бөлек, электронды 

кітапханамен, ғаламтор, теледидар, компью­

терлермен қамтамасыз етілген. Ғылыммен 

ай налысамын деген студенттерге барлық 

МЕН ҮШІН ҚЫЗДАР 

УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 

ОРНЫ БӨЛЕК

Жәмилә ЕЛЕМЕСОВА,

ҚазМемҚызПУ-дың 1984-1988 жылдардағы ректоры:

жағ дай жасалған. Зертханалар заманауи тех­

никамен жабдықталған, қажетті заттар да 

қолжетімді. Тек оқы, білім ал, спортпен ай­

налыс, ұлт тәрбиелеуге, еліңді көркейтуге 

атсалыс. Бұл енді, материалдық жағы ғана. Ал 

мінез­құлық, қазақылық тұрғысынан айтқанда, 

біздің кезімізде ұяңдық, ұялшақтық, қазақылық 

басым болды. Қазіргі қыздарға қарап отырып 

сүйсінем, ақылдары көріктеріне сай, көпшілігі 

алғыр, білімді, бір емес, бірнеше тілді біледі, 

бір сөзбен айтқанда жан­жақты. Әрине ара­

сында бар, ұяң қыздар, бірақ біздің кезімізбен 

салыстырғанда аз.

Ал, ұлттық болмысты сақтап қалу үшін 

не істеу керек?деген сұраққа айтарым: біздің 

ұстаздарымыз ұлттық болмысты сақтап қалу 

үшін біліммен қатар, қыздар тәрбиесіне үлкен 

мән беруі керек дер едім.Бұл орайда мыңдаған 

болашақ ұстаздарға сапалы білім мен өнегелі 

тәрбие беріп, ұлттық зиялыларымыздың 

қатарында қазақ қыздарының көбеюіне үлкен 

үлес қосып келе жатқан Қыздар университетінің 

де рөлі зор. 



– Қыздар университетінің 70 жылдық мерей-

тойына орай ақжолтай тілегіңізді білдірсеңіз...

– Мерейтой қарсаңында барша оқу орын 

ұжымын, білім алушы студенттерді, барлық 

түлектерді Қыздар университетінің 70 жылдық 

мерейтойымен құттықтаймын. Зор денсаулық, 

бекем бірлік, жемісті еңбек, ортақ Отанымыз – 

Қазақстанның тыныштығын тілеймін. Қыздар 

университетінің жарқын күндері көп болсын, 

көркейе беріңіздер. Алдыңғы қатарлы универ­

ситет болсын! Бірнеше 70 жыл тойлана берсін!  



– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан 

Нәзира ЖҰМАҒҰЛОВА

– Жәмилә Тоқтарбекқызы, өзіңіз басқарған 

Қыздар университетіне қош келдіңіз! Әр адам 

үшін өзі көп жылдар басқарған қызмет орны 

ыстық десек, Сіз үшін Қыздар университетінің 

орны бөлек шығар?

– 1944 жылы Ж.Шаяхметов бастаған ел 

азаматтары қыздарға арнап осы оқу ордасын 

ашып, алғаш 25 студент қабылдады, одан кейін 

50­ге дейін саны өсті. Осылай­осылай ауыл 

адамдары Қыздар институты ашылғаннан 

кейін қыздарын қалаға сеніммен жіберіп отыр­

ды. Қазақ қыздарының білімді болуы үшін, 

ауылдың тәрбиесімен қаланың тәрбиесін бай­

ланыстыра отырып, қоғамда еңбек етуі үшін 

ашылған ерекше оқу орны. 

Қыздар университеті – жаныма өте жақын, 

өмірімдегі маңызды да, қадірлі қара шаңырақ. 

Өйткені мен бұл шаңырақта тәлім­тәрбие, білім 

алдым, кандидаттық диссертациямды осында 

қорғадым, 1984­1988 жылдары аралығында 

да хат жазған болатынбыз, ол кезде ол кісі 

Министрлер кабинетінің төрағасы болатын. 

Ал, соңғы рет кіргенде Г.В.Колбин мені көре 

сала, күліп жіберіп, бірден өзі: «Мы решили 

оставить твой Женский педагогический ин­

ститут» деді. Сөйтіп, жабылу алдында тұрған 

Қыздар университетін аман алып қалдық. 

Бұл орайда Қыздар университетінің жұмыс 

істеуіне атсалысқан адамдардың есімдерін 

ерекше атап өткім келеді – ең алдымен Елбасы 

Н.Ә.Назарбаев, екіншіден обком партиясының 

хатшысы, Қыздар университетінің түлегі Зәуре 

Қадырова, Компартияның орталық комитетінің 

ғылым, оқу бөлім меңгерушісінің орынбаса­

ры Р.Романов, сондай­ақ, ОК Компартияда 

қызмет атқарған Зина Керімқұлова, горком 

партияда жұмыс жасаған Ерболат Батталха­

нов, елімізге танымал актер Асанәлі Әшімов. 

Осы аталған адамдардың арқасында білім 

ошағы өз тұғырын сақтап қалды. Бұдан өзге 

көптеген жазушылардың атсалысқандығын, 

оның ішінде Бауыржан Момышұлының да үлес 

қосқандығын айта кеткенім жөн. 

– Сіз үшін Қыздар университетінің қоғамдағы 

рөлі, маңызы қандай?

– Бұл Қыздар университеті ТМД елдері 

ішінде жалғыз, әлемдегі 4 университеттің 

қосты. Бұдан қазақ халқы да, білім жүйесі де 

ұтып келеді. Бүгінде еліміздің жалпы мәдениеті 

сол ХХ ғасыр ортасынан бері едәуір артса, 

онда оның дамуына Қыздар университетінің 

педагог қыз­келіншектердің қосқан үлесі аса 

зор деп білемін. Қазақ мемлекеттік қыздар 

педагогикалық университеті ашыл ғаннан бері 

қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп келеді.  

– Сіздің кезіңізде елімізге әйгілі болған 

«Ұлар» фольклорлы-этнографиялық ансамблі 

құрылыпты, мақтан тұтатын шығарсыз?

– Әрине, мақтан тұтамын. «Ұлар» ансамблі 

қазақ халқының әндері мен күйлерін, ұлттық 

көне аспаптарды насихаттау және көрсету 

мақсатында 1988 жылы мамырда құрылды. 

Оған сазгер әрі дирижер М.Мұхадиев пен 

Б.Раева жетекшілік етті. Ал жалпы, ең алғашқы 

75 адамнан тұратын ансамбль 1966 жылы 

белгілі сазгер Б.Байқадамовтың қолдауымен 

ашылған болатын. Одан кейін «Айгүл» ансамблі 

құрылды. Кейіннен «Ұлар» ансамблін аштық. 

Бұл ансамбльге А.Исағұлова, Қ.М.Меңдіаяқова 

мен Г.Қарамолдаева сынды дарынды мамандар 

үлкен еңбек сіңірді.Олар Германияға, Ресей­

ге, еліміздің түкпір­түкпіріне барып концерт 

қойды, барлық қайырымдылық шараларға 

қатысты. Сондай­ақ, музыка­педагогика 

Алматының айрықша 

оқу ордасы

Сіздерді ерекше маңызды оқиға - 

өздеріңіз қызмет ететін ең мәртебелі 

жоғары оқу орнының 70 жылдық 

мерейлі жасымен шын жүректен 

құттықтаймын! 

Қазақ мемлекеттік қыздар педа-

гогикалық университеті – тәуелсіз 

Қазақстанымыз бен посткеңестік 

мемлекеттер арасындағы бірден-бір 

арулардың жоғары білім ордасы.

Бүгінгі таңда ҚазМемҚызПУ – қала-

мыздағы ірі білім және ғылым ор талығы. 

Университеттің қазіргі заманға сай 

білім базасы бар, мұнда кәсіби біліктілігі 

жоғары педагогтар құрамы еңбек етеді.

Ғылым да, білім де ұлттың баға жет-

пес қазынасы десек, қазақ ғылымы бүгінгі 

таңда өз биігінде, өзгелермен қатар тең 

даму үстінде. Өздеріңізге аян, Алматы – 

еліміз дің білім орталығы болып табы-

лады. Біздің қалада 46 ЖОО-ны бар. 

Олардың ішін де 160 мыңнан аса студент-

тер дәріс алуда. Сондықтан, еліміздің 

негізгі потен циалы дәл Алматы қаласына 

аударылып отыр. 

М е ң і н ш е ,   с і з д е р д і ң   о қ у   о р д а -

ларыңыздың оқытушылары мен студент-

тер қауымы Алматының өркендеуіне 

және ғылымды жаңа жаңалықтармен 

толықтырып, одан әрі дамытуға өз 

үлестерін қосатындарына нық сенімдімін.

Сіздердің университет елімізде 

педагогикалық кадрларды даярлау мен 

отандық ғылымды дамытуға орасан зор 

үлес қосуда.

Сіздерге педагогикалық қыз  мет және 

ғылыми-зерттеу жұмыстарында үлкен 

жетіс тіктер, ал студенттерге сапалы 

білім тілеймін.

Ахметжан ЕСІМОВ, 

Алматы қаласының әкімі



жүктеу 12,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау