Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады



жүктеу 12,97 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата19.11.2018
өлшемі12,97 Mb.
#20693
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

3

№9 (116)



29 тамыз

2014 жыл

Қ А Б І Л Е Т Т І Л І К

тек Қазақстанның ғана емес, шет елдік, яғни 

халықаралық деңгейдегі дипломды маман 

дайындауды жүзеге асырып, жаңарған оқу ор­

дасына айналды.    

Жаңа 2014­2015 оқу жылында педагогика­

лық кадрларды даярлауды 41 бакалаврлық, 23 

магистрлік және 4 докторантура мамандықтары 

бойынша жүзеге асыруды қолға алып отыр. 

Сонымен қатар, шет тілдерін еркін меңгер­

ген зейінді шәкірттер АҚШ пен Англияның 

алдыңғы қатарлы оқу орындарында білімдерін 

жетілдіруге, академиялық ұтқырлықты да­

мыту мақсатында Қытай, Түркия сынды 

бірқатар елдердің жоғарғы оқу орындарында   

тағлымнамадан өтуге мүмкіндік мол. 

Қазақ қыздарының шамшы рағы – Қыз­

дар университетінің түлектері білім сәулесін 

шашып, шәкірттерін абыроймен тәрбиелеп, 

ұстаздық етіп келеді. Киелі шаңырақ еліміздің 

түкпір­түкпіріне педагог мамандарды даяр­

лайтын бірегей оқу орны екендігін, Ұлттық 

рейтингтерде жоғары көрсеткіштер көрсету 

арқылы дәлелдеді. Былтырғы оқу жылында 

«Сала көшбасшысы» атағы да ұмыт қалмауы 

керек.. 

Білім – экономикаға, ғылым индустрияға 

бағытталған ХХІ ғасырда Қыздар университеті 

Қазақстан Республикасы Президенті тап­

сырмасымен Мәңгілік Ел ұлттық идеологи­

ясын қалыптастыруда білім мен ғылымның 

дамуына үлес қосуды басты негізге алып 

отыр. Елбасы «Еркін, бейбітсүйгіш, білімді, 

өзінің әр алуандығымен біртұтас, табысты, 

бір сөзбен айтқанда, өзгелермен терезесі 

тең – біртұтас Қазақстан халқын мен көз 

алдыма осылай елестете аламын» деп тілегін 

жеткізген. Бұл қоғамды қалыптастыруға негіз 

болатын – ұстаздар. Олар – тәрбиелеуші, 

тәлім беруші, үлгі­өнеге көрсетуші зор тұлға. 

«Кел, балалар, оқылық» деп оқу­ағарту жо­

лында күш­жігерлерін, сарпып, үнемі ізденісте, 

үнемі жаңашылдықтың жолында жүретін 

де – мұғалімдер. Осындай қасиеттердің 

барлығын студенттік шақтың алғашқы 

күнінен­ақ бойларына сіңіру үшін, бейімдеу 

үшін ҚазМемҚызПУ білікті профессор­

оқытушылар құрамы жұмысты бастап кетеді.  

Қыздар университеті бүгінде алыс және 

жақын шетелдердегі жетекші университеттер­

мен студенттермен, оқытушылармен алмасып, 

білімін жетілдіруде. Оқу процесі толығымен 

компьютерлендіріліп, шетелдік білім беру 

жүйесіне сай енгізілген «Универ» жаңаша 

басқару жүйесі ата­аналардың балаларының 

оқу үлгерімін қадағалауға мүмкіндік береді.   

Болон үдерісі және сапамен қамтамасыз ету 

орталығы жұмыстарының сәтті жүргізілуі 

нәтижесінде Ұлттық және халықаралық аккре­

дитацияны, академиялық ұтқырлықты, сапа 

менеджменті жүйесі мен ішкі және сыртқы ау­

дит жұмыстарын іске асырып келеді. Сондай­

ақ ҚазМемҚызПУ Лондон Менеджмент және 

Ғылым Академиясы (LAMS), Миссиссиппи 

Штатының Мемлекеттік университеттерімен 

жүзеге асырылып жатқан қосдипломды 

бірлескен бағдарламалар талапкерлердің 

қызығушылығын арттырып отыр. Студенттер 

бірнеше мамандықтар бойынша қашықтықтан 

оқыту жүйесімен білім ала алады.

Сонымен бірге, университетте Дайын­

дық бөлімі жұмыс істеуде. Кешенді тестілеуге 

дайындаудың жаңашыл әдістерін қолдана 

отырып, тек қана тесттік тапсырмалар 

бойынша емес, сондай­ақ психологиялық 

тренинг тер де өткізіліп келеді. Нәтижесінде 

тың дау   шылардың  88%  жоғары  балдық 

көрсеткішпен университет студенттерінің 

қатарын толықтырып отыр. 

Мерейлі оқу жылы осындай игі жаңалықта­

ры мен басталды. Шалғай аймақтардан пара­

сат мектебінен білім аламын деген ниетпен 

арқаланып келіп жатқан студенттердің ынтасы 

мен ірі мегаполисте адасып қалмаймын ба де­

ген уайымдарының өзі ерекше әсерге бөлейді. 

Себебі Қыздар қалашығы талай қыздың 

арманына, жүрек лүпіліне куәгер болған. 

Сондықтанда қабылдау комиссиясы өз жұмыс 

жоспарына сай талапкерлер мен олардың ата­

анасы үшін кампус турлар ұйымдастырып, 

уни верситет жетістіктері туралы ақпараттар 

беріп келді. 

Қыздар университетінің білім жәрмең ке­

лері, Ы.Алтынсарин атындағы білім олимпиа­

дасы, аймақтық комиссиялардың жұмыс­

тары өз жемісін беріп келеді. Университет 

тарапы нан ұйымдастырылатын студент, ма­

гистрант тар арасында Стартап жобала рының, 

студенттік ғылыми­зерттеу жұмыстары­

ның конкурсының өткізілуі, ЭКСПО­2017 

көрмесіне ғалымдарымыздың айтулы үлес 

қосып, болашақтың энергиясын дамыту ая­

сында университетте ғылыми жобалармен 

жұмыс жасауы да қызығушылық туғызары 

сөзсіз.


Университеттегі материалдық және тех­

никалық базаның дамытылып, студент тердің 

сапалы білім алуы және ғылыммен айналысуы 

үшін қажетті заманауи жаңа қондырғылар мен 

құрылғылар алынып, студент тердің алаңсыз 

білім алуына барынша жағдай жасалғандығы да 

біздің ЖОО беделін арттыра түседі. 

Ұстаздық – жауапкершілігі мол, өз 

қызығы мен қиыншылығы бар соқпақты жол. 

Себебі, қыз балалардың педагогтік саланы 

таңдау арқылы өмір бойғы ізденісті, күресті 

таңдағандарын әуел баста түсінбеулері де, 

қабылдаулары да мүмкін. Алайда, ұстаз­

дық – ең үлкен құрметке лайықты қызмет. 

Әрбір шәкірттің жетістігі, өмір жолында адас­

пай, ұлтына, халқына пайдасы тиерліктей 

тұлға болып қалыптасуы, бәрі­бәрі қоғам 

қалыптастыруда зор пайдасын тигізері ақиқат.  

«Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр 

жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім». 

Бұл терең ойлы сөздерді жазушы Ғ.Мүсірепов 

айтқан. Рас, кез келген оқушының сенімді 

сырласына айнала отырып, көмекшісі, қол­

даушысы, жанашырына айналу үшін қабілетті, 

нағыз педагог болып туылу керек шығар?! 

Өз мамандығын сүю, құрметтеу арқылы ға­

на сондай жоғары деңгейге жетуге болады. Оны 

Қыздар университетінің Қ.Аймағамбетова, 

Р.Сәтімбеков, Ж.Қожантаева, С.Елубай, 

бастаған профессор­оқытушылар құрамы 

үйретері хақ. «Бала тәрбиелеу – болашаққа 

ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осы­

лай қарап, балаларымызға жақсы білім бе­

руге ұмтылуымыз керек» деген Елбасы сөзі 

болашақ қамы үшін бүгіннен бастап алаңдауға, 

жақсы тәрбие беруге ұмтылуға бастайды. 

Жақсы тәрбие – тағылымды ұстаздан. Ал 

өнегесі мол ұстазды Қыздар университеті 

дайындап келеді.   ҚазМемҚызПУ­дың аты 

білікті түлектермен мақтаныш тудырады. 

Сондықтан да 70 жыл бойы өз миссиясы­

нан таймайқ, мақсатынан адаспай білім мен 

тәрбиені ұштастыра қызмет етіп келе жатқан 

Қыздар университеті болашақта да талай 

дарынның бағын ашатын, қоғамға ұшан­теңіз 

үлес қосатын тұлға қалыптастыратын педагог 

кадрларды дайындаудан ауытқымасы сөзсіз.  

Қарлыға ТЕЛЬМАН

(Басы 1-бетте)

Осындай ауқымды зерттеулердің нәти­

жесін де республикалық үздік 20 жоғарғы оқу 

орындарының ішінде ҚазМемҚызПУ 6­орын­

ды иеленді. Еліміздегі ірі ЖОО арасында 

арулардың ордасы ойып орын алғаны ерекше 

мақтаныш. Үздік жиырмалыққа жіті мән беріп 

қараған жан бірден байқайды – педагогикалық 

бағытта білім беретін оқу орындарынан тек 

қана Қыздар университетінің аты тізімде көш 

бастап тұр. Әрине, бұл кіл бұрымдылардың 

ортасында сұлулық қана емес, сапалы білімнің 

маңызы өте зор екендігін білдіреді. Бәсекеге 

қабілетті, сапалы білім беріп жатқандығының 

бір дәлелі де осы болады.   

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Тәңір 

жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы 

қазақ қыздарының шамшырағына айналады. 

Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан 

сөнбесін дейік» деген ақ батасы қабыл болып, 

Қыздар университеті, міне, 70 жыл бойы білім 

беру әдістемелерін жетілдіре отырып отырып, 

заманауи білім беру стандарттарына ұмтылған, 

Оқу ордасы ұлттың сапасына, 

ұрпақтың санасына қызмет ете 

берсін


Қазақ мемлекеттік қыздар педа го­

гикалық университеті бекер ашылмаған, 

сонымен қатар дәстүрі ерекше, ұлттық 

партиоттық сезіммен байланысты орны. 

Себебі, екінші дүниежүзілік соғыстың 

нағыз қайнаған кезінде, ер азаматтардың 

барлығы ел үшін, жер үшін қару асынған 

уақытта бала тәрбиесінің, шаруашылық 

жұмыстардың бар жауапкершілігі 

аналардың мойнына жүктелді. Солардың 

қажыры еңбегінің арқасында еліміз 

аяғынан тұрды.

Ұрпақ тәрбиесінің ауыр салмағын 

сезінген ел ағалары қазақ қыздарының ма­

ман болуы үшін тарихи оқу ордасын ашты. 

Қыздар университетінде оқу жай ғана 

білім алу емес, үлкен азаматтық тәрбиенің 

бастауы, алған білімді ұрпаққа жеткізу 

салмағы айқын сезіледі. Елбасының 

Қазақ Елі идеясын жүзеге асыратын, 

ұрпақтан­ұрпаққа өнеге­тәрбиені 

жеткізетін алдымен – аналар, ұстаздар. 

Сол себепті де Қыздар университетінің 

ұжымына, студенттеріне осындай салмақ 

жүктеледі. Қиын­қыстау кезеңдерде 

еліміздің шалғай аймақтарында еңбек ету­

ге, білім беруге атсалысып, қоғамымызды 

қалыптастырып, қуаттандыруға Қыздар 

университеті түлектерінің қосқан үлесі 

орасан зор.

Бұл игі дәстүр бүгінгі күнге дейін 

жалғасын тауып келеді. Елбасының 

Мәңгілік Ел идеясын іске асыру­

да парасатты аналардың, білімді де 

білікті ұстаздардың қосар үлесі мол 

болмақ. Еліміздің Конституциясында 

көрсетілгендей ізгілікті, бейбіт мемлекет 

боламыз деген ұстаным көрсетілген. 

Тәуелсіз еліміздің шекарасы белгіленген, 

мақсат­мүддесі айқындалған. Тұғырлы 

тәуелсіздігімізді қорғап, егемендікті 

сақтап, бақытты ұрпаққа жеткізу тек 

білімге байланыс ты. Ұрпаққа тәлім­

т ә р б и е с і н д е ,   б і л і м   б е р у д е   б і з д і ң 

Қыздар университетінің ролі айрықша. 

Ашылғаннан бері өз ұстанымынан тай­

май келе жатқан Қыздар университетінің 

70 жылдық мерейтойы құтты болсын. 

Осы оқу ордасы ұлттың сапасына, 

ұрпақтың санасына қызмет ете берсін. 

Тәуелсіздігімізді сақтау, ізгілікті қоғам 

құру жолында еңбек етеді де сеніп, үміт 

артамыз.

Қуаныш СҰЛТАНОВ, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

ДАРА УНИВЕРСИТЕТ 

ерекше білім беру жолында 




жүктеу 12,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау