Атырау облысы
Махамбет ауданы
МКҚК "Алтын - Ай" бөбекжайы
Тәрбиеші
Темирова Зинура Жанбырбаевна
Тұлғалық-бағдарлы оқытуды жүзеге асыруда жобалау әдісті қолдану.
Жобалау әдісі :
-білім беру кеңістігін ұйымдастырудың түрі ;
-шығармашылық танымдық ойлауын дамыту әдісі.
Жобаны дайындау бойынша мұғалімнің жұмысының
үлгі жоспары
1.Оқушылардың мәселелерін зерттеудің нәтижесімен жобаның мақсатын қою.
2.Мақсатқа жетудің жоспарын жасау.
3.Жобаның жоспар-сызбасын құрастыру.
4.Материалдарды жинақтау, көбейту.
5.Жобаның жоспар-сызбасына сабақ, ойындар балалардың басқа да әрекеттерін енгізу.
7.Өз бетінше үй тапсырмасын орындау.
8.Жобаның тұсаукесері, ашық сабақ.
Жобалар әдісінің негізгі кезеңдері
1.Мақсатты анықтау : педагог балаға белгілі бір уақыт ішінде анағұрлым өзекті және қолынан келетін істі таңдап алуына көмектеседі.
2.Жобаны құрастыру – мақсатқа жету бойынша іс-әрекет жоспары.
*көмекті кімнен сұрауға болады (ересектерден, педагогтан) ;
*қандай ақпарат көздерінен табуға болады ;
*қандай пәндер қолдануға болады (заттар, құрал-жабдықтар) ;
*мақсатқа жету үшін қандай пәндермен жұмыс істеуге үйрену керек.
3.Жобаны орындау – тәжірибелік бөлім.
4.Қорытынды жасау – жаңа жобалардың міндеттерін анықтау.
Қазіргі кездегі жобалардың топтастырулары :
а.қатысушылардың құрамы бойынша ;
б.қойылған мақсаты бойынша ;
с.тақырыбы бойынша ;
д.іске асыру уақыты бойынша.
Жобалау әдісі
ХІХ ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог және педагог, философ Дьюидің ілімін жалғастырушы Колумбия университеті жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі» деген екен Килпатрик.
Кеңес үкіметі кезеңіндегі мектептерде жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Австралияда және Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты. Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын тереңге жая бастады.
Уақыт өте келе еркін тәрбиелеу ойынан туындаған жобалау әдістемесі біртіндеп
«тәртіпке бағынып», білім беру әдістемесі құрамына табыспен еніп отыр.
Бірақ оның негізгі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты
проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
Жоба – мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі.
Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. Оны салыстырып көрелік:
Мұғалім
|
Оқушы
|
Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы
|
Оқыту субъектісі
|
Бағыт – бағдар беруші, кеңесші
|
Мақсатқа дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект
|
Оқушының жетістігін құптаушы
|
Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы
|
Ынталандырушы, мақсат қоюшы
|
Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі
|
Мақсаттарға жетелеуші
|
Өз ізденісімен табысқа жетуші шығармашылық тұлға
|
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі алдыға қояр мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыда ойлау қабілетін арттыру арқылы әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу.
Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.
Жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін, оны жоспарлай білу қажет:
Жоба жұмысы кезеңдері
|
Жұмыс мазмұны
|
Мұғалімнің негізгі
іс – әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
1. Дайындық кезеңі
|
Жоба тақырыбын анықтау
|
Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандыра-ды. Топтағы әр оқушы-ның пікірін ескере оты-рып, жұмысты жоспар-лауға үйретеді.
|
Өз ойын ортаға салады, орындайтын тапсырмаларының мақсатын анықтайды.
|
2. Жоспарлау
|
Топқа бөлу, ақпарат жинау және талдаудың жолдарын көрсету. Әр топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтайды
|
Оқушыларды өз бетімен ақпарат жинақтауға ба-ғыттайды.Әрбір топ мү-шесінің пікірін ескере отырып,ұжымдық талдау шешімін тыңдайды. Ұсыныс береді.
|
Топа арасында өз қызметтерін анықтайды. Жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлайды, бірінші нәтижеге қол жеткізу уақытын белгілейді.
|
3. Зерттеу
|
Ақпарат жинау, аралық нәтижені талдау. Зерттеудің негізгі құралдары: сұхбат, анкета, бақылау, ғаламтор, баспа материалдары, энциклопедиялар
|
Оқушы күнделігін бақы-лап,әрбір топ жетекшісі-мен және топ мүшелері-мен жеке сөйлесу, тал-дау,нәтижені салыс-тыру,арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру
|
Өз зерттеулерін жүргізеді.
|
4.Нәтижені талдау
|
Ақпаратты талдау. жұмыс
|
Бақылайды, кеңес береді
өнімдерді қарайды.
|
Өнімдерін дайындайды, көрсетеді
|
5. Тұсау кесер
|
Дайын өнімдерін қор-ғау ауызша немесе жаз-баша (буклет, альбом, презентация,коллаж) түрде жүзеге асады.
|
Тыңдайды, проблемалық сұрақтарын қою арқылы оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды.
|
Алған нәтиже туралы есеп береді, бір – бірін тыңдай отырып, толықтыра алады.
|
6.Бағалау
|
|
Шығармашылық жұмысты бағалайды, ұсыныстар береді, еңбек иелерін алдағы мақсаттарға жетелейді.
|
Жұмыстары арқылы бірін-бірі, өзін-өзі бағалайды.
|
Жоба авторы
|
Тегі, аты, әкесінің аты
|
Математика пәні бойынша курс тыңдаушылары
|
Аймақ
|
Қазақстан
|
Мектептің түрғылықты орны
|
Атырау облысы
|
Мектептің атауы
|
|
Жобаға түсініктеме
|
Жобаның тақырыбы
|
Процент – біздің айналамызда
|
Жобаның қысқаша мазмүны
|
Жоба жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларына арналған. Осы жоба бойынша оқушылар проценттік есептеулер бойынша кең көлемде мәлімет ала алады. Оқушылар зерттеу жүргізу барысында әртүрлi мамандық өкiлдерiнен интервью алу арқылы проценттердің қолданылу аясы туралы мәліметтер алады. Оқушылар әртүрлi мамандық иелерінің жұмысымен танысуды iске асыру барысында өз ауылының адамдарының жаңа кәсiби мүмкiншiлiктерiн көредi. Оқытылатын теориялық білімдердің күнделікті тұрмыста да пайдаланылатынына көз жеткізеді және көпшілікпен жұмыс жасауға,үнемшілдікке үйренеді.
|
Пәні
|
Математика
|
Сыныбы
|
5
|
Жобаның ұзақтығы
|
4 сағат
|
Жобаның негізі
|
Оқу стандарты
|
- берiлген санның процентiн, процентi бойынша санды табу;
- сандардың қатынасын процент арқылы өрнектеу, проценттi бөлшек түрiнде жазу;
- арифметикалық тәсiлдер (бөлшектерге, процентке берiлген негiзгi есептермен бiрге) мен теңдеулер көмегiмен мәтiндi есептер шығару;
”процент” терминiн қолдану және оның күнделiктi өмiрдегi қолданымына мысалдар келтiру бiлiктерiн меңгерулерi тиiс.
|
Дидактикалық мақсаттар/ күтілетін нәтижелер
|
Жоба аяқталған соң оқушылар:
процент туралы есептеулер жүргізе алады
айналамыздағы процентке байланысты есептеулерді жүргізе алады
күнделікті тұрмыста проценттің қолданылуын біледі; процентті есептеу білудің арқасында суды,электр энергиясын,ақшаны үнемдеуді үйренеді
алдағы жұмысты жоспарлауды;топпен және жұппен жұмыс жасауды
алынатын мәлiметтi сын көзiмен бағалап, әртүрлi формалардағы мәлiметтi және әр түрлi әдiстермен талдап, интегралдап, бағалап құруды
жоба барысында жауапкершілікті сезінуді,тапсырылған істі аяғына дейін орындауды
|
Бағыттаушы сұрақтар
|
Негізгі сұрақтар
|
Процент біздің өмірімізге не үшін қажет ?
|
Проблемалық сұрақтар
|
Процент күнделікті тұрмыста қай жерлерде кездеседі?
Дүкенде немесе базарда проценттер керек пе?
Баспасөз бетіндегі жарнамалардағы проценттер
Банк жүйесінде проценттер неге керек?
|
Оқу сұрақтары
|
«процент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
Бізге «проценттер» не үшін қажет?
Берілген санның процентін қалай табамыз?
Процентті не үшін оқимыз?
Процентті қалай есептейміз?
Процентпен қандай есептерді шешуге болады?
Процентке берілген есептерді қандай тәсілдермен шешуге болады?
|
Бағалау жоспары
|
Бағалау графигі
|
Жобамен жұмыс жасағанға дейін
|
Оқушылар жобамен жұмыс жасап тапсырмаларды орындайды
|
Жоба аяқталған соң
|
1.Тақырыпты таңдап алады
2. «Процент біздің айналамызда»тақырыбында эссе жазу
3.Жоба жоспарын құру
4.Вики-сайт жасау
5. Жұмыс үлгісін құрастыру
6. Бағалау өлшемдері
|
1.Материалды оқу және талдау,топпен және жұппен жұмыс жасайды.
2.Слайдтар қарау және талдау.
3.Жобаға байланысты мәліметтер жинақтау.
4.Ата-аналармен, сатушылармен,банк қызметкерлерімен сұхбат жүргізу
5.Баспасөз материалдарымен,бланкалармен жұмыс жасау .
|
Өзара қарым-қатынаста жұмыс жасауды үйренеді.
Әр топ атқарған жұмыстарының презентациясын жасайды.
Ассоциация – сұрақ: Сонымен процент біздің күнделікті өмірімізге қажет пе екен?
|
Бағалаудың әдiстерiнiң сипаттамасы
|
1.Тақырыпты таңдап алады. «Процент» топтастыруы бойынша оқушы ойларын білу
2. «Процент біздің айналамызда»тақырыбында эссе жазу.Оқушылардың процент туралы жалпы түсінігін қалыптастыру.
3.Жоба жоспарын құру.Алынған мәліметтер бойынша топтарға бөлініп жұмыс жасау,әр топ өз жоспарын құрады,мәліметтерді талдайды,талқылайды.
4.Вики-сайт жасау.
5. Жұмыс үлгісін құрастыру
6. Бағалау парағы – жобадағы оқушының әрекетін талқылау парағы, оқушылар парақшаға өз бағалары түсіреді.
|
Жоба туралы мәліметтер
|
Бастапқы қажетті білімдір, біліктер, дағдылар.
|
Пән бойынша: процент және оны есептеу жолдары;санның процентін табу мен проценті бойынша санды табу есептерін шеше алу
Негізгіні таба алу біліктілігі (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)
ДК-қа жұмыстың қолданбалы дағдылары (мәтіндік, графикалық редактор, презентацияда слайдтар жасау және редакциялау), Вики ортасында жұмыс iстей бiлу - (мақаланы редакциялау, блогке комментарий енгізу)
|
Оқу шаралары
|
Оқу кезеңдері
Дайындық кезеңі (жобамен жұмыс бастағанға дейін )
Жобаға әр қатысушыны тарту, оқушылардың жұмыс жасауына түрткі жасау және білімдерін актуалдау үшін оқушылар процент туралы білетіндерін ортаға салады. Одан кейін алынған мәліметтер жұпта, топта талқыланады және жалпы ақпарат тақтаға жазылады.
Негізгі сұрақты талқылау
Жауап табуды қажет ететін сұрақтар тізбегі құрастырылады.Сұрақтар жұпта, топта, ал кейін ұжыммен талқыланып, әрекет ету бағыттары таңдап алынады.
Негізгі кезең ( тапсырмалар орындау және жобамен жұмыс)
Жобаға қатысушылар жұмыс бағыттарын жазып алады (ақпараттарды классификациялау барысында анықталды) :
1. «Отбасы бюджеті мен мектептегі проценттер»- «Мектептегі проценттер» - мектеп кітапханасынан мәліметтер жинау, мектеп әкімшілігінен мәліметтер алу, мектеп және сыныптағы мәліметтер бойынша диаграмммалар салу
2 «Банкирлер» -бланкалармен жұмыс жасау
3.«Жарнамашылар» - «процент – баспасөз бен теледидарда»,газет пен теледидар бетіндегі жарнамаларды жинақтап есептеулер жүргізу
Жұмыс бағыты анықталып және бағыт бойынша топтар қалыптастырылып болғаннан кейін, әр топ өз зерттеу тақырыбы бойынша берілген алгоритммен жұмыс жасады:
• Мақсат, міндеттерді белгілеу
• Проблема бойынша әдебиеттерді талдау
• Зерттеу әдістерін анықтау. Пән мұғалімінің консультациясы.
• Жеке зерттеулер жүргізу.
• Мәліметтерді талдау.
• Алынған мәліметтерді бағалау, ұсыныстар жасау.
Оқушылар практикалық жұмыстар орындайды. Бұл алдағы зерттеу материалы.
Жоба жұмыстарын қорғау алдында оқушылар бағалау өлшемдерін қолданып нәтижелерін топта талқылап, конференцияға қатысуға дайындықтарын тексерді. Жоба жұмысы белгілі бір өлшемдер бойынша бағаланады.
Қорытынды кезең. Жобаны қорғау ( жоба жұмысы аяқталғаннан кейін).
Жоба қорғау жұмыстары мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен ата-аналардың қатысуымен конференцияда өтеді. Жұмыс нәтижелері презентация түрінді беріледі. Жоба барысында оқушылар жоба күнделігін жүргізеді.
|
Саралап оқыту материалдары
|
Оқу материалын меңгеруде проблемалары бар оқушы (Проблемалық оқушы)
|
Нақты тапсырма беру, көмек көрсету, жоба жұмысының нәтижелері: көлемі, мазмұны және қорытынды (ауызша, жазбаша, диаграмма, сурет) осы балалардың даму деңгейіне сай болады.
|
Сабақ беру тiліоқушы үшін ана тілі емес
|
Адаптавті материалдар: ана тіліндегі мәтіндер, екі тілдегі сөздіктер, электронды аудармашылар және оқушының өз ана тіліндегі сайт – ресурстарына сілтемелер ұсыну
|
Дарынды оқушы
|
Саралап оқыту құралдарын жеке таңдау (мысалы, жобаның мақсаттарымен,баланың қабiлетттері мен қызығушылықтарына сәйкес ақпаратқа және құралдарға қол жеткізу. Жоба шеңберiнде зерттеулердiң ашық тақырыптары. Жоғары ойлаудың қызметі - талдау және синтез тәсілдерімен, нәтижелерді бағалау өлшемдерін анықтаумен байланысты әрекетті ұйымдастыру. Қабылдауларын ұйымы, белгiлердiң анықтауымен дағды құрастыруға қатысты бағасы үшiн.
|
Жоба үшін қажетті материалдар мен ресурстар
|
Технологиялар – құралдар (керек тармақтарды белгiлеңiз)
|
Фотоаппарат, диск, видеомагнитофон, компьютер, принтер, видеокамера, цифрлік камера, проекциялық жүйе, DVD-проигрыватель, сканер, интернет желілер,телевизор
|
Технологиялар - программалық қамтамасыз ету(керек тармақтарды белгiлеңiз)
|
СУБД/электронды кестелер, суреттерді өндеу, веб-сайт дайындау бағдарламалары, үстел үсті басылым жүйесі, веб-браузер, мәтіндік редакторлар, электрон почта бағдарламалары, мультимедиялық жүйелер , CD-ROM –дағы басқа анықтамалықтар
|
Баспа негiзiндегі материалдар
|
1.Математика – 5 класс. Оқулық
2. Математикалық анықтамалық
3.Оқушылар энциклопедиясы
|
Басқа құралдар
|
Фотоаппарат,принтер,видеокамера,сандық камера, DVD-проигрыватель, сканер, диктофон, парақшалар, теледидар.
|
Интернет-ресурсы
|
http://letopisi.ru
http://wikipedia.org
http://wiki.iteach.kz
http://google.kz
|
Басқа қорлар
|
Ата-аналарды көмектесуге шақыру.
Қалалық банктермен, мектеп кітапханасымен,мектеп әкімшілігімен байланыс орнату.
|
Достарыңызбен бөлісу: |