АКРОБАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Акробатикалық жаттығулар шұғылданушылардың ағзасына жан-жақты әсер тигізеді. Олар күш тәрбиелеуде, қозғалыстың жылдамдығын және дәлдігін дамытуына мүмкіндік туғызады, вестибюляр аппараты үлкен машықтану әсер тигізіп тепе-теңдік сақтау міндетті жетілдіреді.
Олардың түрлілігіне, жоғары қыз балығына, шұғылданушылардың ағзасына жан-жақты әсер тигізуіне және арнай құралдардың минималдык еректігіне байланысты акробатикалық жаттығулар оқушылардың дене тәрбиесінің маңызды амалдардың бірі болып табылады.
Акробатикалық жаттығулар гимнастикалық маталарда немесе арнай акробатикалық жолдарда орындалады. Оқушылардың дене тәрбиесінің практикасында ең кең пайдаланатыны келесі жаттығулар.
7.1 Топтану
Топтану отыру(49 а сур.), жүрелеп отыру(49 б сур.) және шалқасынан жату(49 в сур.) қалыптарында орындалады. Дәл осы ізділікпен оларды үйрету керек. Топтану жаттығулары домалану мен домалауды үйретукезінде дайындық жетілдіру жаттығуы болып табылады. Топтану
Қалпында аяқты тізеден ұстап денеге қысып, басты кеудеге иіп, арқаны бүкірейіп ұстау керек. Кейбір акробатикалық жаттығуларда (сальто, жанына домалану және т.б.) кең топтану (50 сур.) пайдаланады.
7.2 Домалану
Домалану алдына, артқа және жанына орындалу мүмкін. Домалану орындау негізінде дененің бөлек мүшелерінің еденге (тірекке) бастан аунамай бірізді тию жатады.
Артқа домалау(55 сур.). Таянып отырудан қолды сәл бүгіп артқа домалану (топтану қалпында) керек, желкемен тірекке Тигенде қолдыбастың жанына қойып, оларға тірену арқылы бастан аунап, бастау қалпына келу керек. Артқа домалауды үйреткен кезде, алдын ала қолды қоюды үйрету жөн, бастапқыда шалқасынан жату қалпында, содан кейін топтанып домаланудан кейін
Бүгіліп, артқа домалау(56 сур.). Негізгі қалпынан, алдына еңкейіп, артқа түзу ақ пен отырабастап қолмен тіренеміз. Сосын тоқтамай артқа домаланып (бастанаунап) бүгіліп таянуға келу керек. Алдын ала, артқа түзу аяқпен отыру үйретіледі.
Иықтан артқа домалау (57 сур.). Түзу аяқпен отырудан артқа домаланы кезінде жамбас буында бүгіліп, аяқты көтеру керек. Домаланудың соңында басты солға еңкейтіп жамбас буында жазылып иықта тұруға келу. Осы қалпынан шалқая домалау мен жамбаста таянып жату мен аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |