Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Ақша, Несие, Банктер»



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет17/40
Дата19.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#20498
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40

39 

 

құру  қажет  деп  таныды:  стратегиялық  инвестициялық  портфель  және  тактикалық 



ӛтімділік портфель. 

Стратегиялық  инвестициялық  портфель  құрамы  Ұлттық  банктің  орта  мерзімді  (3 

айдан 3 жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (3 жылдан 10 жылға дейінгі) міндеттемелерінен 

тұрды. 


Аталған портфельдің негізгі құралдарына: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының 

құралдары,  орта  және  ұзақ  мерзімді  депозиттер  және  капиталдар  нарығының  басқа  да 

құралдары жатқызылды. 

Ұлттық  банктің  1995  жылы  бастаған  банк  жүйесінің  бухгалтерлік  есебін 

реформалау  1996  –  1998  жж.  әрі  қарай  жалғасып,  нәтижесінде  Ұлттық  банктің 

халықаралық стандартқа сәйкес жасалған жаңа шоттар жоспары екінші деңгейдегі банктер 

қызметіне толығымен енгізілді. 

Банк  жүйесіндегі  бухгалтерлік  есепті  реформалау  –  нарықтық  экономика 

талаптарына  жауап  беретін  жалпыға  ортақ  халықаралық  принциптер  мен  стандарттарды 

банктердің тәжірибесіне енгізуге мүмкіндік беретін шаралар кешенін білдіреді.  

Ӛзіндік бақылау сҧрақтары:  

1.  Ақша реформаларының тарихи маңызы.  

2.  КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы және оның кезеңдері. 

3.   КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы және оның экономиканы дамытудағы 

маңызы. 1961 жылы КСРО-да баға масштабының ӛзгеруі. 

4.   Қазақстан Республикасындағы 1993 жылғы ақша реформасы, оның қажеттілігі мен 

жүргізілу ерекшеліктері. 

Ҧсынылған әдебиеттер тізімінен: 3,5,6,9 

  

2 бӛлім. Несие және несие жҥйесі 



2.1. тақырып. Қарыз капиталы, пайыз және несие 

1.   Несиелік капиталдың құрылу кӛздері. Біздің елімізде несие қорларын құрудағы 

ерекшеліктер.  

2.  Несиенің  мәні  және  оның  ӛзіндік  экономикалық  категория  ретіндегі 

сипаттамасы. 

 3. Несиенің атқаратын қызметтері.   

4. Несие формалары.   

Шаруашылық  жүргізудің  нарықтық  жағдайында  несиенің  негізгі  формасына  банк 

несиесі,  яғни,  коммерциялық  банк  беретін  несиенің  әр  түрі  мен  тұрпаты  жатады.  Банк 

несиесі  саласында  несиелік  қатынастың  субъектілеріне  шаруашылық  органдары,  халық, 

мемлекет және банктердің ӛздері  жатады. Белгілі  болғандай, несие мәмілесінде несиелік 

қатынастың субъектілері несие беруші және қарыз алушы ретінде алға шығады. 

Несие  берушіге  ӛзінің  уақытша  бос  қаражатын  белгілі  бір  мерзімге  қарыз 

алушының иелігіне беретін тұлға (жеке және заңды) жатады. 



Қарыз  алышы  –  қаражатты  (ссуданы)  пайдалану  үшін  алатын  және  оны 

белгіленген  мерзімде  қайтаруға  міндетті  несиелік  қатынастағы  тарап.  Банк  несиесіне 

келсек, бұл арада несие мәмілесінің субъектілері ретінде екі тұлға, яғни, несие беруші мен 

қарыз  алушы  алға  шығады.  Бұл  мынаған  байланысты:  банк  негізінен  тартылған 

қаражатпен  жұмыс  істейтіндіктен  банк  шотына  қаражатын  орналастыратын 

субъектілердің (шаруашылық органдары, халық, мемлекет) алдында қарыз алушы ретінде 

болады.  Ӛзінде  шоғырландырылған  ресурстарды  қаражатқа  мұқтаж  субъектілердің 

пайдасына  қайта  бӛлу  арқылы  банк  несие  берушіге  айналады.  Халық  шаруашылығы, 

мемлекет  және  тағы  басқа  секілді  несие  мәмілесінің  ӛзге  тараптары  ӛз  қаражатын  банк 

шотына  орналастыру  арқылы  несие  берушінің  рӛліне  енеді,  ал  ссуданы  сұрағанда  қарыз 

алушыға айналады. 



40 

 

Коммерциялық банк ӛз клиенттеріне әр қилы беогілері бойынша жіктеуге болатын 



несиенің әр түрін ұсынады. 

Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі тобы бойынша жіктеуге болады, мәселен, 

халыққа, мемлекеттік органдарға берілетін несие.  

Тағайындалуы (бағыты) бойынша несиені былайша жіктеуге болады: 

 

- тұтыну несиесі; 



 

- ӛнеркәсіп несиесі; 

 

- сауда несиесі; 



 

- ауыл шаруашылығы несиесі; 

 

- инвестициялық несие; 



 

- бюджеттік несие. 

 

Шаруашылықтың  барлық  саласындағы  кәсіпорындарға  берілетін  банк  несиесін 



жұмыс  істеу  салаларына  қарай  екі  негізгі  түрде  болуы  мүмкін:  негізгі  қордың 

ұлғайтылған  ұдайы  ӛндірісіне  қатысатын  ссуда  және  айналым  қорын  ұйымдастыруға 

қатысатын  несие.  Соңғысы  ӛз  кезегінде  ӛндіріс  саласына  бағытталатын  несиеге  және 

айналым саласына қызмет ететін несиеге бӛлінеді. 



Пайдалану мерзімі бойынша мынадай несиелер бар: 

- талап етілмелі; 

- мерзімді. 

 Соңғысы ӛз кезегінде мыналарға бӛлінеді: 

- қысқа мерзімді (1 жылға дейін); 

- орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін); 

- ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары). 

Әдетте,  айналы  қорын  қалыптастыратын  несие  қысқа  мерзімді  болып  келеді,  ал 

негізгі  қордың  ұлғайтылған  ұдайы  ӛндірісіне  қатысатын  ссуда  орта  және  ұзақ  мерзімді 

несиелерге қатысты. 



Мөлшері бойынша несиелер – ірі, орташа және ұсақ, ал қамтамасыз етілуі бойыша 

–  қамтамасыз  етілмеген  (бланктік)  және  қамтамасыз  етілген  несиелер.  Қамтамасыз  етілу 

сипаты бойынша – кепілзаттық, кепілдікті және сақтандырылған несиелер. 

Берілу  тәсілі  бойынша  банк  ссуданын  ӛтемақы  ссудасы  және  тӛлем  ссудасы  деп 

бӛлуге  болады.  Бірінші  жағдайда  несие  қарыз  алушының  есеп  айырысу  шотына  оның 

тауарлы  –  материалдық  құндылыққа  салынған  немесе  шығынға  жұмсалған  ӛзіндік 

қаражатының  орнын  толтыру  үшін  бағытталады.  Екінші  жағдайда  банк  ссудасы 

несиеленген  шара  бойынша  тӛлемді  тӛлеуі  үшін  қарыз  алушыға  ұсынылатын  ақшалай  – 

есеп айырысу құжатының тӛлеміне тікелей бағытталады.  



Өтелетін  әдісіне  қарай  мерзімі  ұзартылған  (бӛліктеп,  біртіндеп  тӛленетін)  банк 

ссудасы және бір мерзімде ӛтелетін (белгілі бір күнде тӛленетін) ссуда болып бӛлінеді. 

Кәсіпорындардың  және  ӛзге  де  ұйымдық  –  құқықтық   құрылымдардың  ӛндірістік 

және  әлеуметтік  қажеттіліктерін  банк  несиелеудің  принциптерін  қатаң  сақтай  отырып 

несиелейді.  Несие  принциптері  несиелеу  жүйесінің  негізгі  элементі  болып 

табылатындықтан  несиенің  мәні  мен  мағынасын,  сондай  –  ақ,  объективті  экономикалық 

заңдылықтардың, оның ішінде несие қатынасы саласындағы заңдылықтардың талаптарын 

бейнелейді. 



Несие  принциптері  –  несиенің  қайтарылу  мерзімділігі,  саралануы,  қамтамасыз 

етілуі, ақылылығы. 

Осы  заманғы  коммерциялық  банктер  несие  ақысын  белгілегенде  ескеретін  негізгі 

факторлар: 

 

коммерциялық банктердің ҚР ҰБ-ға беретін ссуда бойынша проценттік базалық 



мӛлшерлемесі; 


жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау