Құнды қағаздар, бағалы қағаздар мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне 15. 1



жүктеу 14,13 Kb.
Дата09.01.2022
өлшемі14,13 Kb.
#31914
түріКодекс
қаржы 1


Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән. Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады. Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын,құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген. Бағалы қағаздар - 1. Мүліктік кұқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы. 2. Бағалы кағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы кағаздардың Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады. 3. Бағалы кағаздар шығарылым нысаны бойынша: 1) құжатты және құжатсыз; 2) эмиссиялық, және эмиссиялық емес; 3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар құқығы Толық мақаласы: Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар құқығы Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодекісінен, 2-шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісімшарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісімшарт ережелері қолданылады.
жүктеу 14,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау