Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Ақша, Несие, Банктер»



жүктеу 1,24 Mb.
Pdf просмотр
бет18/40
Дата19.11.2018
өлшемі1,24 Mb.
#20498
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40

41 

 



 

банкаралық  несие  бойынша  орташа  процент  мӛлшерлемесі,  яғни,  ӛзінің 

активтік  операциялары  үшін  басқа  коммерциялық  банктен  сатып  алынатын 

ресурстардың орташа процент мӛлшерлемесі; 

 

банктің әр түрлі депозит шоты бойынша ӛз клиентіне тӛлейтін орташа процент 



мӛлшерлемесі; 

 



елдегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны неғұрлым жоғары 

болса,  несие  ақысы  соғұрлым  қымбат  болуы  керек,  яғни  ақшаның 

құнсыздануынан банктердің ӛз ресурстарын жоғалтып алу қатері артады). 

Несие  принциптеріне  сәйкес  несиені  берудің  тәсілін  және  ӛтеудің  тәсілін 

несиелеудің әдістері ретінде ұғуымыз қажет. 

Банк  іс  –  тәжірибесінде  несиелеудіңекі  әдісі  пайдаланады.  Бірінші  әдістің  мәні: 

ссуданы  беру  жӛніндегі  мәселе  жеке  тәртіпте  әрдайым  шешілетін  болады.  Ссуда  белгілі 

бір  мақсатты  қажеттілікке  беріледі.  Бұл  әдіс  ссуданы  нақты  мерзімге  беруде,  яғни 

мерзімді ссудада қолданылады. 

Несие берудің мұндай формасы ашық несие желісі деп аталады. Ашық несие желісі 

клиент  пен  банк  арасында  бекітілетін  несие  келісімінде  қарастырылған  кез  келген 

ақшалай – есеп айырысу құжатын несие есебінен тӛлеуге мүмкіндік береді. Несие желісі 

негізінде  бір  жылға  ашылады,  алайда,  одан  да  қысқа  кезеңге  ашылуы  мүмкін.  Несие 

желісінің  мерзімі  ішінде  клиент  ссуданы  кез  келген  сәтте  банкпен  қосымша  келіссӛздер 

жүргізбей – ақ және рәсімдеудің қандай да бір рәсімдерін орындамай – ақ ала алады. 

Несиелеу  әдісі  ссуданы  беруде  және  ӛтеуде  пайдаланылатын  ссудалық  шот 

формасының  пайда  болу  қажеттілігін  тудырады.  Қарыз  алушыларды  несиелеу  бойынша 

операцияларды  жүзеге  асыру  үшін  коммерциялық  банк  мекемесі  оларға  ссуда  шотын 

ашады: әдеттегі (жай) және арнайы. 

Арнайы ссуда шоты, әдетте, тӛлем айналымының кӛп бӛлігі несие арқылы жүзеге 

асатын, банк несиенің ұдайы қажетсінетін қарыз алушыларға ашылады. 

Бүгінгі  таңда  тауар  қорының  айналымы  бойынша  арнайы  ссуда  шоты  арқылы 

мемлекеттік  бӛлшек  және  кӛтерме  сауда  ұйымдары,  сондай  –  ақ  ӛткізу  –  жабдықтау 

қызметі  несиеленеді.  Несие  беру  үшін  арнайы  ссуда  шотын  пайдалану  банк  ссудасын 

уақытылы  ӛтеуге  арналған  әрі  қарыз  алушылардың  ӛзіндік  қаражатын  ұдайы  ӛндіріс 

процесіне  толық  қатыстырылуын  ұйғартып  осы  шоттың  несиесіне  тауарларды  ӛткізуден 

түскен барлық түсімдерді бағыттап отыруды қажет етеді. 

Кәсіпорынға  бір  ғана  арнайы  ссуда  шоты  ашылуы  мүмкін,  алайда,  бұл,  егер  банк 

қандай да бір тауарды, шығынды немесе оларға қатысты шараны жеке несиелігісі келсе, 

жай ссуда шотын ашудың да мүмкіндігін жоққа шығармайды. 

Жай  ссуда  шоты  банк  іс  –  тәжірибесінде  кӛбінесе  бір  жолғы  ссуданы  беруде 

пайдаланылады. Ол бойынша берешектер мерзімді міндеттеме – тапсырма негізінде қарыз 

алушымен келісілген мерзімде ӛтеледі.  

Егер бір мезгілде бірнеше объектіні несиелегісі келсе, кәсіпорынға бірден бірнеше 

жай  ссуда  шоты  ашылуы  мүмкін  және  осыған  орай  ссуда  әр  түрлі  мерзімге,  әр  түрлі 

шартпен  әрі  әркелкі  процентпен  беріледі.  Ссуда  есебін  бұлайша  оқшауландыру  оларды 

қарыз алушының уақытылы ӛтеуіне банктердің бақылау жүргізуі үшін маңызды болады. 

Алайда,  тӛлем  сипатындағы  несиені  берудің  жай  ссуда  шоты  бұрын  да 

пайдаланылып  келген,  қазір  де  пайдаланылып  жүр.  Мәселен,  жаңа  коммерциялық 

құрылымдарда  несие  ашық  несие  желісімен  жай  ссуда  шотынан  беріледі.  Ол  бойынша 

мемлекеттік  ӛнеркәсіп,  құрылыс,  кӛлік,  ауыл  шаруашылығы  және  дайындау 

ұйымдарындағы ірілендірілген объекті айналымы бойынша несиелеу жүзеге асырылады. 



1Несилік мекемелердің түрлері 

Несие ісі – ақшалар саудасына бағытталған кәсіпкерлік қызметтің айрықша саласы 

болып  табылады,  соның  негізінде  несиелік  операциялар  жүргізіледі.  Оларды  әр  алуан 



42 

 

несие  институттары  жүзеге  асырады.  Операциялар  ауқымы  және  шаруашылық 



айналымына қызмет кӛрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады. 

Несиелік мекемелердің, соның ішінде банктік мекемелердің түрлерін қарастырмас 

бұрын,  біз  «банк»  және  «банк  қызметі»  түсініктерінің  ӛзін  анықтап  алуымыз  керек. 

Әлемдік  тәжірибеде  банк  қызметі  дегеніміз  банктің  басты  кәсіби  қызметтерін  ретінде 

депозиттерді қабылдау және ссудаларды беру. 

ҚР  Президентінің  «ҚР  банктер  және  банктік  қызмет  туралы»  заң  күші  бар 

Жарлығының 1-бабында былай делінеді, яғни банктің ресми мәртебесі оны ашуға Ұлттық 

банктің  рұқсатымен,  Әділет  министрлігінде  банк  ретіндегі  заңды  тұлғаны  мемлекеттік 

реттеумен  және  банктік  операцияларды  жүргізуге  ҚР  Ұлттық  банкі  тарапынан  берілген 

лицензияның болуымен анықталады. 

Банк  –  коммерциялық  ұйым  болып  табылатын  заңды  тұлға,  ол  осы  заңға  сәйкес 

банктік қызметті жүргізеді. 

Әмбебаптық  құрылым  кезінде  заңда  операциялардың  жекелеген  түрлеріне  және 

қаржылық  қызмет  кӛрсету  саласына  қатысты  шектеулер  болмайды.  Барлық  несиелік 

мекемелер операциялар мен қызметтердің барлық түрлерін атқара алады. Біздің еліміздегі 

негізгі  коммерциялық  банктер  әмбебап  болып  табылады,  кӛптеген  банктік 

операциялармен айналысады. 

Банктер  ӛздері  орындайтын  қызметтердің  ерекшелігіне  байланысты  екі  түрге 

бӛлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес. 

Эмиссиялық  –  бұл  айналымға  ақша  белгілерін  эмиссиялау  (шығару)  құқығы  бар 

орталық банктер. Әр түрлі елдерде оллар ұлттық, халықтық, резервтік деп аталады. КСРО-

да  мұндай  банк  Мемлекеттік  деп,  ал  қазіргі  Қазақстанда  –  Қазақстан  Республикасы 

Ұлттық  банкі  деп  аталады.  Орталық  банктің  басты  міндеті  –  айналымға  ақша  шығару, 

банктер арасындағы ақша тауарының сауда, банктік жүйенің эмиссиялық,  несиелік және 

есеп  айырысу  қызметін  басқару.  Ол  екі  деңгейлі  жүйе  кезінде  елдің  банк  жүйесінің 

жоғарғы деңгейі болып табылады.. 

Мемлекет  эмиссиялық  құқықты  бір  банкке  (Орталық)  ғана  береді,  ӛйткені  ақша 

шығару  құқығын  бірнеше  банкке  беру  жағдайында  бүкіл  ел  бойынша  ақша  айналымын 

реттеу  мүмкін  болмай  қалар  еді.  Эмиссиялық  банк  басқа  банктердің  бірінде  жоқ  ірі 

қаржыларды иеленеді. Оның пассивтері айналымдағы қолма – қол ақшалардан, бюджеттік 

құралдардан тұрады. Бұл жағдайда оған барлық банктерге кӛмек кӛрсетуге және олардың 

қызметіне  жетекшілік  етуге  мүмкіндік  береді.  Қазақстанда  эмиссиылық  банк  болып 

Ұлттық  банк  саналады,  қалған  банктер,  соның  ішінде  коммерциялық  банктер  – 



эмиссиялық  емес  банктер.  Олардың  айналымға  ақша  шығару  құқығы  жоқ,  бірақ  та  ӛз 

клиенттерінің  шаруашылық  қызметін  қамтамасыз  етумен  байланысқан  несиелік,  есеп 

айырысу  және  қаржылық  операциялардың  барлық  түрлерімен  айналысады.  Олардың  ең 

маңыздылары: уақытша бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту, 

несиелеу; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және тағы басқа. 

Соңғы  жылдары  коммерциялық  банктер  қаржылық  кәсіпкерліктің  дәстүрлі  емес 

салаларына ене отырып, қызмет аясын үнемі кеңейте келе және клиенттерге кӛрсетілетін 

қызметтер сапасын жоғарылата отырып, ӛздеріне тән емес операцияларды белсенді түрде 

жүргізіп  келеді.  Бұл  әмбебап  несиелік  мекемелер.  Бірақ  та,  жоғарыда  аталғандай,  ӛз 

клиенттерінің басым бӛлігі үшін негізінен қызметтің бір – екі түрін кӛрсетуге бағытталған 

мамандырылған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі болып клиенттердің 

тек  белгіленген  категориясына  қызмет  кӛрсету,  яғни  салалық  мамандану  саналады. 

Банктердің функционалдық мамандануы айқын кӛрініс тапты, ӛйткені ол банк қызметінің 

сипатына  ықпал  етеді,  активтер  мен  пассивтердің  қалыптасу  ерекшелігін,  клиенттермен 

жұмысты  ұйымдастыру  ерекшеліктерін  анықтайды.  Мұндай  типтерге  инвестициялық, 

инновациялық, ипотекалық, жинақ банктері жатады.  



жүктеу 1,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау