«СиСиЛоун кз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарызды беру ережесі 1



жүктеу 88,39 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.01.2018
өлшемі88,39 Kb.
#7766


«СиСиЛоун.кз» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЫЗДЫ БЕРУ 

ЕРЕЖЕСІ 

 

1.  Жалпы ережелер 

 

 

1.1. Қарыздарды беру мен қызмет көрсетудің осы ережесі «СиСиЛоун.кз» ЖШС (бұдан әрі –

 Қарыз 


беруші) мен қарыз алушы болып табылатын жеке тұлға (бұдан әрі мәтін бойынша Клиент) арасында 

Клиентпен  Қарыз  берушіден  қарыз  алуымен  байланысты  пайда  болатын  қарым-қатынастарды 

реттейді. 

1.2.  Ереже  Қарыз  шарты  бойынша  құқықтар  мен  міндеттер  тізімінен,  сонымен  қатар  Қарыз

 

шартының талаптарын дұрыс орындау үшін қажетті ақпараттан тұрады. 



1.3. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 36 тарауы мен 395-397 баптарына,

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы басқа заңнамаларына сәйкес әзірленген және Ақшалай 



қарыз  шартын  жасасу  туралы  Клиентпен  өтінім-оферта  беру  талаптарын,  Қарыз  берушімен 

офертаны құптау тәртібін, ақшалай қарыз шарты бойынша Тараптардың міндеттерін және басқа да 

талаптарды бекітеді. 

 

 



2. Терминдер мен анықтамалар. 

 

 



Құптау (акцепт) – Қарыз сомасын аудару, болмаса Қарыз шартының әрекет ету мерзімін ұзартудан 

тұратын Клиент Офертасының талаптарымен Қарыз берушінің келісуі; 



Есептік  жазба  –  Клиентке  қатысы  бар  және  Сайтта  ол  туралы  және  оның  іс-әрекеттері  туралы 

деректерден, сонымен қатар оны авторландыру үшін сәйкестендіру деректерінен тұратын Сайтта 

болатын электронды тіркеу жазбасы. Қарыз шартының және/немесе Өтінім- оферта мәтіні бойынша 

терминдерді  бір  мәнді  түсіндіру  мүмкін  болмаған  жағдайда  бірінші  кезекте  осы  Ережелерде 

анықталған, екіншіден – Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған терминді түсіндіру 

қабылданады; 



Қарыз  шарты  –  Ақшалай  қарыз  шартын  жасасу  туралы  Қарыз  алушының  офертасын  Қарыз 

берушінің құптау жолымен жасалған, төлемділік және қайтарымдылық талаптарында қарызға ақша 

ұсыну туралы осы Ереже талаптарына жауап беретін ақшалай қарыз шарты. 

Берешек  –  Негізгі  қарыз  сомасын,  қарызды  пайдаланғаны  үшін  есептелген,  бірақ  төленбеген 

сыйақыны, комиссияларды, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, тұрақсыздық айыбын және Ережелерде 

және/немесе Қарыз шартында қарастырылған басқа да төлемдерді қоса алғандағы Қарыз берушіге 

Клиентпен төленуі тиіс барлық ақшалай сома; 



Қарыз  –  кәсіпкерлік  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  қатысы  жоқ,  мерзімділік,  төлемділік  және 

қайтарушылық талаптарында Шарт талаптарына сәйкес Клиентке Қарыз берушімен ұсынылатын, 

Қазақстан Республикасының валютасы – теңгедедегі ақшалай қаражат; 

Қарыз беруші – Өтінім берушімен жіберілген Офертаны Құптау жолымен Қарыз шартын жасасқан 

«СиСиЛоун.кз» ЖШС; 



Клиент,  Қарыз  алушы  –  «СиСиЛоун.кз»  ЖШС  сайтында  Өтінім-офертаны  толтыру  жолымен 

«СиСиЛоун.кз» ЖШС-мен Қарыз шартын жасасуға ниет білдірген немесе жасасқан, жасы 18

 асқан 

Қазақстан Республикасының азаматы, әрекетке қабілетті жеке тұлға; 



Оферта – Клиенттің осы Ережелер талаптарында Қарыз берушіге Қарыз Шартын жасасу ұсынысы 

бар  Қарыз  берушіге  Клиентпен  берілетін  Өтінімдегі  Қарыз  шартын  жасасу  туралы  ұсынысы, 

болмаса Қарыз Шартының әрекет ету мерзімін ұзарту туралы ұсынысы; 

Серіктес  ұйым  –  Қарыз  шартын  жасасу  және  орындауды  ұйымдастыру  мақсатында  қарыз 

берушімен серіктестік қарым-қатынастағы заңды тұлға; 




Серіктес  ұйым  –  Қарыз  шартын  жасасу  және  орындауды  ұйымдастыру  мақсатында  қарыз 

берушімен серіктестік қарым-қатынастағы заңды тұлға; 



Негізгі  қарыз  —  Клиентпен  қайтарылмаған  (өтелмеген), жасалған  Қарыз шарты  аясында  Қарыз 

берушіден Клиентпен алынған ақша сомасын көрсететін Клиент берешегінің бір бөлігі; 



Қарыз  беруші  -  «СиСиЛоун.кз»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік,  БСН  151040016751, 

орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, индексі 050012, Алматы қ., Мұратбаев көш., 180, 

404, 405, 406-кабинеттер; 

Жеке  кабинет  –  Сайтта  операциялар  жасау,  сайт  сервистерін  пайдалану  және  өзінің  есептік 

жазбасына қолжетімділік үшін Клиент қана қол жеткізе алатын сайт бөлімі; 



Құпиялылық  саясаты  -  Клиенттердің  дербес  деректерін  сақтау  мен  өңдеуді  және  Ықтимал 

Клиенттерді сипаттайтын құпиялылық саясаты; 



Ереже  –  «СиСиЛоан.кз»  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігімен  қарыздарды  ұсынудың  осы 

Ережесі; 



Сайт –www.ccloan.kz мекенжайы бар Интернет желісіндегі сайт

Банктік  шот  –  Офертаға,  Қарыз  шартына  және  осы  Ережеге  сәйкес  Клиентке  Қарыз  сомасы 

аударылатын банктік шот (Клиентке тиесілі банктік карта шоты, банк реквизиттері бар банктік шот 

нөмірі); 

Қарыз  мерзімін  ұзарту  –  Қарыз  мерзімін  ұзарту  жолы  арқылы  Қарыз  шартының  талаптарын 

өзгерту; 



Қайта құрылымдау - Қарыз шартының талаптарын өзгерту, ішінара: Қарыз беру мерзімін (оны 

ұзартуды),  Қарызды  пайдаланғаны  үшін  сыйақы  көлемін,  Кленттің  бар  Берешегінің  көлемін, 

сонымен қатар Төлем кестесін жасауды; 

Сыйақы – Қарыз берушіге тиесілі Негізгі қарызға пайыздық көрсетілімде анықталатын Қарызды 

пайдаланғаны үшін төлем; 



Ақшалай аударым – Клиентке Қарыз берушімен Клиенттің Банктік шотына ақшалай қаражатты 

аудару; 


СМС-код  –  «Электрондық  құжат  және  электрондық  цифрлық  қолтаңба  туралы»  Қазақстан 

Республикасының 2003 жылдың 7-қаңтарындағы №370-ІІ Заңының нормаларына және Қазақстан 

Республикасының  Азаматтық  Кодексіне  сәйкес  Клиентке  СМС-хабарлама  (SMS)  арқылы 

ұсынылатын  қол  қоюшы  тұлғаның  өзi  қойған  қолымен  тең  болатын  бірегей  құпия  рәміздік  код. 

СМС-код  Қарыз  алушы  мен  қарыз  берушімен  қашықтықтан  өзара  қарым-  қатынас  барысында 

электрондық құжаттарға қол қою үшін пайдаланылды; 



Құпия сөз – Сайтта тіркелу процесінде Клиентпен жасалған немесе Клиентке ұсынылған немесе 

оған Жеке кабинетке қолжетімділікті ұсыну мақсатында Клиентті сәйкестендіру үшін анықталған 

және кейініректе пайдаланылатын рәміздерден тұратын құпия белгі

Скоринг – Клиентпен ұсынылған дербес деректерді Қарыз берушімен сараптамадан өткізу; 

Электрондық пошта жәшігі – Сайтта Тіркелу процесінде болмаса бекітілген процедураға сәйкес 

аталған  өтінімді  кейінгі  өзгерту  барысында  Клиентпен  көрсетілген  Клиенттің  электрондық 

поштасының мекенжайы

Тіркелген  нөмір  –  Сайтта  Тіркелу  процесінде  болмаса  бекітілген  процедураға  сәйкес  аталған 

өтінімді  кейінгі  өзгерту  барысында  Клиентпен  көрсетілген  ұялы  телефон  нөмірі.  Осы  Ережеде 

көрсетілген терминдер Өтінімдерге, Офертаны Құптау кезінде жасалған Қарыз шарттарына және 

егер  құжаттардың  өздерімен  басқалай  түсіндірілмесе,  осы  Ереже  бойынша  Клиент  пен  Қарыз 

беруші  арасындағы  қарым-қатынастардың  пайда  болуымен  байланысты  ресімделетін  басқа  да 

құжаттарға таратылады. 

 

3. Клиенттің оған қарыз беруі үшін жүгіну тәртібі. 

 

3.1. Қарыз алуға Офертаны Қарыз беруші келесі талаптар сақталған жағдайда ғана қарастырады: 

     a) Клиент Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады; 

     b) Клиент 18 (он сегіз) жасқа толған; 




     c) Клиент Қазақстан Республикасының аймағында тұрақты тіркеуде тұрады. 

     d) Шарт Клиенттің Офертасын Құптау жолымен жасалады. 

     e)  Оферта  Сайтта  тауып  алуға  болатын  Офертаны  жасау  үшін  ұсынылған  формада  Клиентпен

 

жасалады. 



3.2.  Қарыз  берушіден  сұралатын  Қарыз  сомасы  мен  мерзімі  Жеке  кабинет  арқылы  өтінімде

 

Клиентпен өз бетінше көрсетіледі. 



3.3  «СиСиЛоун.кз»  ЖШС  –тен  қарызды  пайдаланған  сыйақы  акция  кезінде  бірінші  қарыздан 

ақшалай қаражатты алғанда, «СиСиЛоун. кз» ЖШС  өткізілетін акция 20.04.2017 ж. дейін Қарыз 

берушінің  шотынан  қарыз  алынғаннан  күннен  бастап  борыштың  негізгі  сомасынан  алынбайды. 

Қарыз  берушінің  есеп  айырысу  шотынан  ақшалай  қаражатты  (Қарыздың  сомасы)  есептен 

шығарылған күні Қарыз алынған күн болып саналады. 

3.4.  Клиент  Сайтта  тұрған,  сауалнаманы  толтыру  арқылы  Сайтқа  тіркелуі  тиіс.  Сонымен  бірге, 

Клиент Қарыз берушіге мынадай ақпараттарды беруге келіседі: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы; 

күні  және  туылған  күні;  жеке  күәліктің  анықтамасы;  ЖСН;  тұрғылықты  жері  және  қандай  негіз 

бойынша (жалдау немесе тұлғаға тиесілі үй-жайларды табу),отбасылық жағдайы, балалардың саны, 

білім деңгейі туралы мәліметтер; жұмыспен қамту; айлық табысы; келесі жалақы күні; тұрғылықты 

аймағы;  нақты  тұрғылықты  мекен-жайы;  тіркелген  мекен-жайы;  тіркеу  ағымдағы  мекен-жайы 

бойынша уақыты; телефон нөмірі; үй телефонының нөмірі (бар болса); жұмыс телефонының нөмірі; 

- электрондық пошта, өзге де несиелік басқа кредиторлар алдындағы міндеттемелер. 



3.5. Сауалнаманы Толтырған кезде қажетті жолды (банктік шот нөмірі және банк атауы) толтыра 

отырып, Қарызды алу тәсілін өз еркімен таңдайды. 



3.6. Клиент төмендегілерге өз келісімін береді: 

     a)  Дербес  деректерді  қорғау  туралы  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына 

сәйкес  кез-келген  байланыс  құралдарын  пайдалану  арқылы  ауызша  және  жазбаша,  SMS  – 

хабарламаларда, Сайт арқылы Қарыз берушіге еркін, өз бетінше және өз мүддесінде беретін өзінің 

дербес  деректерін  өңдеуге.  Бұл  жағдайда  дербес  деректерді  өңдеу  дегеніміз  дербес  деректерді 

жинауға, сақтауға, өзгертуге, толықтыруға, пайдалануға, таратуға, иесіздендіруге, оқшаулауға және 

жоюға,  сонымен  қатар  Шарт  бойынша  мерзімі  өткен  берешекті  өндіріп  алуға  бағытталған,  осы 

тұлғалармен іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында жасалған Қарыз шарты аясында қарыз берушімен 

жасалған деректерді трансшекаралық беру деп түсіндіріледі; 

     b) Қарыз шартын жасасу мақсатында болмаса Қарыз беруден бас тартуда, сонымен қатар Қарыз 

шарты  бойынша  Клиентпен  өзінің  міндеттемелері  бұзылған  жағдайда  кейінгі  өтету  үшін  соттық 

болмаса сотқа дейінгі тәртіпте дербес деректерді пайдалануға. 

     c) Қарызды толық өтеген сәтке дейін алынған барлық дербес деректерді пайдалануға. 

     d)  Қарыз  берушінің  қызметтері  мен  акциялары  туралы  ақпараттарды  өзінің  электронды 

поштасына және ұялы телефонына электронды жіберілімдерге. 

     e) Клиенттің төлем қабілеттілігі туралы кез-келген үшінші тұлғалардан ақпаратты сұрауға

     f)  Клиент  туралы  кредиттік  бюроға  мәліметтерді  ұсынуға  және  кредиттік  бюролардың  Қарыз 

берушіге  Клиент  туралы  кредиттік  есепті  ұсынуына.  Кредиттік  бюроны  таңдау  құқығы  Қарыз 

берушімен ұсынылады. 



3.7. Клиент Сайтта Сауаланаманы толтыру (тіркелу) кезінде Клиентпен көрсетілген ұялы телефонға 

Клиентке  Қарыз  берушімен  жіберілген  арнайы  кодты  Сайттағы  Клиенттің  Жеке  кабинетінде 

белсенділендіру  арқылы  толтырылған  байланыс  деректерінің  дұрыстығын  растауға  міндетті. 

Көрсетілген  арнайы  код  бірегей  болып  табылады  және  «Электрондық  құжат  және  электрондық 

цифрлық  қолтаңба  туралы»  Қазақстан  Республикасының  2003  жылдың  7-қаңтарындағы  №370-ІІ 

Заңының нормаларына сәйкес қарапайым электрондық қолтаңбадан тұрады. 



3.8. Егер Клиент осы Саясатта көрсетілген талаптарда Қарыз берушіден сұралатын Қарызды алуға 

келіскен  жағдайда  ол  Қарыз  берушінің  Сайтындағы  Клиенттің  Жеке  Кабинетінің  механизмдерін 

пайдалану арқылы Қарыз берушіге Оферта жіберуі керек. 

3.9.  Клиент  пен  Қарыз  беруші  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Кодексінің  359  бабының 



ережелеріне сәйкес Клиентті сәйкестендіру ақпараты (Қазақстан Республикасы азаматының жеке 

куәлігінің  деректері,  ЖСН,  Клиенттің  тіркелген  орны,  ұялы  телефонының  нөмірі,  электрондық 

поштасының  мекенжайы),  сонымен  қатар  арнайы  коды  көрсетілген  Оферта  өзi  қойған  қолымен 

барабар (сәйкестендіру ақпаратының жиынтығы) болатын Клиентпен тиісті түрде қол қойылған деп 

есептелетініне келісті. 

3.10. Қарыз алушымен алынған Оферта Клиентпен қайтарып алынбайды. 

3.10.1. Егер Клиент Қарыз берушінің Құптағанынан кейін және Офертада Клиентпен көрсетілген 

Банктік шотқа Қарыз сомасы аударылғаннан кейін бас тартқан жағдайда Клиент Қарыз берушімен 

Қарыз берілген сәттен 1 (бір) жұмыс күні аралығында оны Қарыз берушінің шотына қайтаруға және 

Қарыз  сомасынан  10%  (он  пайыз)  көлемінде  айыппұл  төлеуге  міндетті.  1  (бір)  жұмыс  күні 

аралығынд қарыз сомасы қайтарылмаған жағдайда шарт әрекеті әрекет етуін жалғастыра береді. 

3.10.2.  Клиентпен  осы  Ережелердің  3.10.  тарауында  көрсетілген  талаптардың  бұзылуы  Қарыз 

талаптарымен келісу фактісін растайды және қарыз берушіге қарыз сомасын қайтару және айыппұл 

төлеу бойынша Клиенттің міндеттеріне әкеледі. 

3.11.  Қарыз  беруші  қызметтерді  ұсынады  және  Клиент  Офертасын  Құптағанға  дейін  осы 

Ережелермен қарастырылған міндеттемелерді алады. 



3.12. Қарыз беруші Клиенттің келісімінсіз кез-келген үшінші тұлғаға қарыз бойынша өзінің талап 

ету құқықтарын толықтай немесе ішінара беруге құқылы. 



3.13. Клиент кез-келген үшінші тұлғаларға, сонымен қатар оның агенттеріне және басқа уәкілетті 

тұлғаларға осындай ұсынуды жасау үшін Қарыз туралы, Берешек туралы, Клиент туралы ақпаратты 

ашуға,  сонымен  қатар  осындай  тұлғаларға  сәйкес  құжаттарды,  сонымен  бірге  Өтінімді  ұсынуға 

Қарыз берушіге сөзсіз келісімін береді. 



3.14.  Қарыз  беруші  немесе  қарыз  бойынша  талап  ету  құқығы  толықтай  немесе  ішінара  берілген 

үшінші тұлға, сонымен қатар оның агенттері және басқа да уәкілетті тұлғалар талап етудің берілген 

құқықтарына қатысты төлемдерді жүзеге асыру үшін шотты көрсету арқылы жасалған құқықтарын 

беру  туралы  (Қарыз  бойынша  талап  ету  құқықтары  берілген  Қарыз  берушілер  туралы  сәйкес 

құжаттарды қоса тіркеп) хабарламаны Клиентке жіберуге/тапсыруға құқылы. 

3.15.  Қарыз  беруші  бір  жақты  тәртіпте  Клиент  үшін  оларды  жақсарту  жағына  қарыз  талаптарын 

өзгертуге құқылы. 

 

4. Офертаны қарастыру процесі. 

 

4.1. Офертаны жіберер алдында Клиент осы Ережелермен және Құпиялылық саясатымен танысуға 

міндетті. 

4.2.  Қарыз  берушімен  Клиент  Офертасы  алынған  сәттен  1  (бір)  жұмыс  күні  аралығында  қарыз 

беруші  Клиентпен  өтінімде  көрсетілген  көлемде  және  талаптарда  Қарыз  беру  немесе  бас  тарту 

туралы шешім қабылдайды. 

4.3.  4.2.  Tарауда  көрсетілген  шешім  Қарыз  берушімен  Клиенттен  алынған  Оферта  негізінде, 

сонымен  қатар  Қарыз  берушіге  Клиентпен  ұсынылған  кез-келген  қосымша  ақпарат  негізінде 

қабылданады. 

4.4. Қарыз беруші келесі жағдайларда Клиентке қарыз беруден бас тартуға құқылы: 

     a) Қарыз берушінің Қарыз мерзімінде қайтарылмайды деп ойлауға негізі бар, өйткені Клиентпен 

ұсынылған ақпарат Клиенттің мүмкін болатын төлем қабілетсіздігін куәландырады

     b) Осы Ережелермен бекітілген Қарызды беру талаптарына Клиент туралы деректердің сәйкес 

еместігі; 

     c) Бұрын берілген Қарыз үшін Клиенттің Қарыз беруші алдында төленбеген берешегінің болуы 

(сонымен  қатар  Клиенттің  қайта  Қарыз  сұрап  жүгінген  кезінде  қайтару  мерзімі  келмеген  Қарыз 

бойынша берешегі); 

     d) Клиентпен ұсынылған ақпараттың анық болып табылмауы; 



4.5.  Клиенттің  кредиттік  тарихында  үшінші  тұлғалар  алдында  Клиентпен  өзінің  міндеттемелерін 

дұрыс орындамағаны туралы мәліметтер бар. 




4.6. Қарыз беруші кез-келген қолжетімді тәсілмен, сонымен қатар Клиенттің электрондық поштасы 

арқылы, болмаса смс хабарлама арқылы Клиентті Қарызды беру туралы немесе Клиентпен Қарыз 

шартын жасасудан бас тартуы туралы хабарландырады. 

 

5. Офертаны құптау және қарызды беру процесі. 

 

5.1. Офертаны құптау Қарыз берушінің Офертаның барлық талаптарымен келісетіндігін білдіреді 

және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес Шарт жасасумен тең 

болады. 

5.2.  Офертаны  толық  және  сөзсіз  құптау  жағдайында  Қарыз  беруші  қарыз  параметрлері  мен 

талаптарын  есепке  ала  отырып,  Офертада  Клиентпен  көрсетілген  Банктік  Шотқа  Офертамен 

бекітілген көлемде ақша аударады. 

5.3. Офертаны құптау қандай да бір шектеулерсіз Офертаның барлық талаптарын Қарыз берушімен 

толық және сөзсіз қабылдағаны туралы куәландырады. Клиент пен Қарыз беруші Шарт жасасуға 

сәйкес жолға қанат белгісін қою және «Растау» батырмасын басу арқылы, сонымен қатар Қарыз 

алушыға  ұялы  телефонға  SMS-хабарлама  арқылы  жіберілетін  растау  үшін  арнайы  кодты  енгізу 

(белсенділендіру) арқылы Офертаны жіберу (Клиентпен көрсетілген сәйкестендірілген ақпаратпен 

– жеке куәлігінің деректері, тіркелген және тұрғылықты мекенжайы, ЖСН, ұялы телефон нөмірі, 

электрондық  пошта  мекенжайы  және  Банктік  шот  реквизиттері)  Қарыз  шартының  жазбаша 

формасына тең болады деп мойындады. 



5.4.  Қарыз  берушімен  Офертаны  құптау  кезеңі  Клиенттің  банктік  шотына  ақша  аударуы  болып 

табылады, осы сәттен бастап Қарыз шарты жасалған болып есептеледі. Қарыз сомасын аудару күні 

Қарыз  шартын  жасасқан  күн  болып  есептеледі.  Қарыз  берушінің  Банктік  Шотының  банк- 

эмитентіне қарай Қарыз алушының Шотына ақшаның түсу мерзімі 5 (бес) банктік күнге дейін болуы 

мүмкін. Ақшаны берген күн Қарыз берушінің банктік шотынан Қарыз сомасын есептен шығарған 

күн болып мойындалады. 



5.5. Қарызды беру мен өтеу бойынша барлық төлемдер Клиентпен және Қарыз берушімен ақшасыз 

формада жүзеге асырылады. 

 

6. Сыйақы есептеу тәртібі. 

 

6.1. Қарызды пайдаланғаны үшін Қарыз алушы күніне 2% (екі) көлемінде Қарыз берушіге Сыйақы 

төлеуі керек. 

6.2. Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы Қарыз берушінің банктік шотынан Қарыз сомасын есептен 

шығарған  күннен  бастап  Негізгі  қарыз  сомасының  қалдығынан  және  Осы  Ережелердің  6.1. 

тарауында көрсетілген төлем күні (қоса есептегенде) бойынша есептеледі. 

6.3. Сыйақыны есептеу кезінде бір жылдағы күндер саны 365 күнге тең болып қабылданады. 

 

7. Қарызды қайтару және сыйақыны төлеу тәртібі. 

 

7.1.  Қарыз  сомасын  қайтару  Офертада  бекітілген  Қарыз  мерзімінің  аяқталуы  бойынша  бірыңғай 

төлеммен  жүзеге  асырылады,  және  Негізгі  Қарыздан  және  осы  Ережелер  тәртібіне  сәйкес 

есептелген сыйақыдан тұрады. 

7.2.  Клиент  кез-келген  уақытта  қырық  бес  күнтізбелік  күн  үшін  Офертада  белгіленген  көлемде 

Қарыз берушіге сыйақы төлеу талаптарында берілген Қарызды өтеуге Қарыз берушіге Клиентпен 

берілген  өтініш  негізінде  берілген  Қарызды  мерзімінен  бұрын,  толықтай  немесе  ішінара  өтеуге 

құқылы. 


7.3. Қарызды мерзімінен бұрын өтеу Негізгі Қарыз және Қарыз сомасын мерзімінен бұрын төлеу 

күнінен осы Тарауға сәйкес есептелген сыйақыдан тұратын бір реттік төлеммен жүзеге асырылады. 



7.4. Егер Қарыз беруші мерзімінен бұрын төлеу сомасын толық көлемде алмаған жағдайда Қарыз 

шарты бұрын келісілген талаптарда сақталады, бұл жағдайда Клиентпен берешекті өтеуге ақшалай    




қаражатты  салмауы  берешекті  мерзімінен  бұрын  төлеу  туралы  өтінімді  қайтарып  алумен 

теңестіріледі. 



7.5. Клиент үшінші тұлғалар арқылы Қарыз беруші пайдасына ақшалай қаражатты аудару  кезіндегі 

төлемнің кешігу тәуекелін өзіне алады. Төлемнің кешігуін болдырмау мақсатында Қарыз беруші 

берешекті төлеуге ақшалай қаражатты алдын-ала салуды ұсынады. 

7.6. Қарыздың қайтарылған кезеңі Қарыз берушінің есептік шотына Берешек сомасының есептелуі 

болып саналады. 



7.7.  Қарыз  беруші  Клиенттен  келіп  түскен  ақшалай  қаражатты  келесі  кезектілікте  Қарыз  Шарты 

бойынша берешекті өтеуге жібереді: 



7.7.1. Қарыз шарты бойынша Клиенттің міндеттемелерін өтеуге байланысты шығындары

7.7.2. тұрақсыздық айыбының сомасы; 

7.7.3. Қарыз берілген күннен және ол қайтарылуы тиіс болатын күнге дейінгі кезең үшін   есептелген 

сыйақы; 


7.7.4. Негізгі қарыз. 

7.8. Егер Клиент Қарыз шартының әрекет ету мерзімін ұзартуға ниет білдірген жағдайда ол Қарыз 

берушінің  Сайтында  Жеке  кабинет  сервисін  пайдалану  арқылы  Қарыз  шартының  әрекет  ету 

мерзімін  ұзартуға  құқылы.  Қарыз  шартының  мерзімін  ұзарту  шарты  Клиентпен  комиссия  төлеу 

болып  табылады,  аталған  комиссия  клиенттің  қарыз  шартын  жаңа  мерзімге  ұзарту  ұсынысы 

(оферта) болып табылады. Қарыз берушінің есептік шотына ақшалай қаражаттың түскен кезеңінен 

бастап  және  Қарыз  берушімен  Клиентті  электрондық  пошта  (электрондық  хабарлама  жіберу 

арқылы) бойынша болмаса SMS-хабарлама арқылы сәйкес хабарлама жіберу арқылы оның түскені 

туралы  растауы  Клиентпен  Жеке  кабинетте  көрсетілген  мерзімге  Қарыз  Шартының  мерзімі 

ұзартылған  болып  есептеледі.  Клиентпен  Қарыз  шартының  мерзімін  ұзарту  құнын  төлеу  Қарыз 

шартының мерзімін ұзартуға жеке кабинет арқылы мерзімін ұзарту толтырылған күннен бастап бір 

жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бір реттік төлеммен жүзеге асырылуы керек. Бұл жағдайда Қарыз 

сомасын қайтару және Қарызды пайдаланғаны үшін сыйақы 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын 

мерзімге ауыстырылуы мүмкін. 

7.8.1. Қарыздың мерзімін ұзарту шектеусіз көлемде мүмкін болады. 

7.9.  Қарыз  беруші  келесі  талаптарда  Шарт  талаптарына  сәйкес  төлеуге  жататын  Қарыз  сомасын 

және Қарызды пайдаланудың барлық мерзімі үшін сыйақыны және басқа сомаларды толық көлемде 

мерзімінен бұрын төлеуді талап етуге құқылы: 

7.10. Клиенттің кез-келген төлемнің мерзімін өткізген жағдайында; 

7.11. егер Клиент сот процесіне тартылған болса

7.12. Шарт бойынша Клиент өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда; 

7.13.  Қарыз  берушіге  тиесілі  ақшаны  қайтару  бойынша  Қарыз  беруші  өзінің  құқықтары  мен 

мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қолданысағы заңнамасымен қарастырылған 

қажетті  шараларды  қолдануға  құқылы.  Осыған  байланысты  Қарыз  берушімен  жасалған  барлық 

шығындарды Клиент алады. 



7.14.  Егер  Клиент  Қарыз  шарты  бойынша  мерзімінде  ішінара  немесе  толықтай  төлем  жасамаса 

Қарыз беруші Клиенттің берешегі туралы Кредиттік Бюроға ақпаратты ұсынады. 

 

8. Қарыз шартының әрекеті. 

 

8.1.  Қарыз  шарты  Қарыз  берушімен  Клиент  Офертасын  Құптау  сәтінен  күшіне  енеді  және  ол 

бойынша қабылданған міндеттемелерді тараптармен толық орындағанға дейін әрекет етеді. 

 

9. Тараптардың жауапкершіліктері. 

 

9.1.  Қарыз  бойынша  бекітілген  төлем  мерзімінің  Клиентпен  бұзылған  жағдайында  Қарыз  беруші 

Қарыз Шартын жасасқан Клиенттен бір жолғы төленетін 5 000 теңге көлеміндегі айыппұлдан және 

мерзімі  өткен  әр  күн  үшін  негізгі  қарыз  сомасынан  3%  көлеміндегі  өсімақыдан  тұратын 



тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы. 

9.1.1.  Тұрақсыздық  айыбын  төлеу  Клиентті  Қарызды  қайтару  бойынша  міндеттемелерді 

орындаудан және қарызды пайдаланғаны үшін сыйақыдан босатпайды. 



9.2. 15 (он бес) күннен асатын Қарызды өтеу кезіндегі кідірістер жағдайында Қарыз берушінің сотқа 

дейінгі  тәртіпте  берешекті  төлету  үшін  коллекторлық  агенттікке  жүгіну  немесе  өзінің  бұзылған 

құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну құқымен Клиент сөзсіз келіседі. 

9.3.  90  (тоқсан)  күннен  артық  мерзімде  Қарызды  уақытылы  төлеу  бойынша  міндеттемелер 

Клиентпен  бұзылған  жағдайда  Қарыз  беруші  төленбеген  төлем  сомасына  сыйақы  есептеуді 

тоқтатуға құқылы. 

 

10. Дауларды шешу. 

 

10.1.  Қарыз  беруші  және  Клиент  арасында  пайда  болуы  мүмкін  барлық  даулар  және

 

келіспеушіліктер  келіссөздер  жүргізу  арқылы  шешіледі.  Егер  Тараптар  келіссөздер  жүргізу 



барысында  келісімге  келе  алмаса  Қазақстан  Республикасының  азаматтық-процессуалдық  

заңнамасына  сәйкес  Қарыз  берушінің  тұрған  жері  бойынша  ҚР  жалпы  юрисдикция  сотында 



қарастыруға жатады. 

жүктеу 88,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау