Талантты және дарынды балаларды дамытудағы байқаулардың, шығармашылық көрмелердің рөлі. Тукпиева Ансаған Ибраевна



жүктеу 36,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі36,5 Kb.
#23391



Талантты және дарынды балаларды дамытудағы байқаулардың, шығармашылық көрмелердің рөлі.

Тукпиева Ансаған Ибраевна

Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылы
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, елін көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды жан-жақты ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуде.

Дарынды ,талантты балаларды оқыту мен тәрбиелеу бүгінгі күні өте қажет. Әрбір бала талантты,еңбекке бейім,шығармашылықпен еңбек етеді. «Дарынды ұстаздан дарынды шәкірт шығады.» демекші,дарынды оқушылардың көп болуы дарынды,шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстазға байланысты.Дарынды шәкіртті талантты ұстаз тәрбиелейді.Егер оқушы дарынды болса,мұғалімге екі есе қабілеттілік қажет.Дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесіндегі негізгі тұлға мұғалім.Мұғалім баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы,дамытушы.Бала білімін тереңдетуге көмектеседі.Сондықтан әр баланың бойындағы табиғат берген ерекше қабілетін,дарындылығын тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу әр ұстаздың парызы. Дарынды оқушыны анықтау мектеп жұмысында бастауыш сыныптан бастау алады. Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуі психологтар мен мұғалімдердің және ата-аналардың біріккен жұмысы негізінде іске асады. Олардың ата-аналарымен әңгімелесуі, бақылауы, әрқайсысының сөйлеуінің, есте сақтауының, логикалық ойлауының психологиялық ерекшелігін анықтауда маңызды жұмыстар атқарылады. Баланың болашағына зор септігін тигізетін, келешегіне жолдау беріп, түрткі болатын бірден-бір жол ол ата-ана мен ұстаз. Ата-ана баласын дүниені тануға, білім алуға тәрбиелесе, ал, мұғалім сол баланың бойындағы рухани байлықты, ерекшеліктерін байқап, анықтап бағыт-бағдар береді. Дарынды оқушылардың өзіндік ерекшеліктері жетерлік. Кейбіреуі дарындылықтан қашады, еңбектеніп, оны жетілдіруге күш салмайды, ешнәрсеге қызығушылық танытпайды. Өздерін дарынсыз деп есептейтіндерде жетерлік. Алған бетінен қайтпай еңбектеніп, шығармашылыққа ерінбей ізденіп, нәтиже шығаруға талпынып тұратын дарынды балалармен жұмыс жасау үлкен еңбек.Дарынды баламен жұмыс жасауда ата-ана мен ұстаздың бірігіп жасаған жұмысының мәні зор.Олар балаларды рухани азықтандырып, өз-өзіне деген сенімін оятып, оны нақты бір шығармашылық салаға дер кезінде бағыттау керек. Айтылған зерттеулер негізінде баланың өзіндік ерекшілігі анықталып, мұғалімдер олардың бойындағы қабілетті шыңдау жұмыстарымен айналысады.

«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп,бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат - заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.

Жалпы дарын, дарынды оқушы деген сөздерге тоқталар болсақ .Дарын-адам бойындағы асқан талант, ерекше қабілет,яғни дарынды бала, асқан талант.Дарындылық адам психикасының өмір бойы жүйелі түрде дамып, басқалармен салыстырғанда адамның бір немесе бірнеше іс-әрекет төңірегінде әдеттен тыс, сирек кездесетін жоғары нәтежелерге жету мүмкіндігі.Ал дарынды бала дегеніміз кім? Өз қатарларынан әлдеқайда дамыған,ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша қабілеттілік танытып,жоғары жетістіктермен дараланатын бала. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі, бір-біріне ұқсамайды. Дарынды баланы байқамау мүмкін емес, көпшіліктің ортасында ол  өзінің іс-әрекетімен, бейімділігімен, қабілеттілігімен бірден көзге түседі

Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары да бар.

Шығармашылық- өзінің жаңашылдығымен, өзгешілігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын,жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктің болуы. Балалар кішкентай кезінен белгілібір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады. Осы қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырған жағдайда ғана ол қасиет баланың бойына дарып, болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар береді.Қабілеттілік - адамның жеке басына тән белгілі бір іс-әрекетті орындауда жетекші роль атқаратын ерекшелік, белгілі бір тәсілді шешудегі шапшаңдықтың, терендіктің және тұрақтылықтың көрініс беруі.

Талант- қабілеттіліктің жоғары деңгейі.

Данышпандық – қоғам өмірінде тарихи маңызы бар,шығармашылықпен сипатталатын дарындылықтын жоғары деңгейі.

"Адам өмірге өзіндік қасиеттері мен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның "өзгелер" сияқты болуы мүмкін. Сондықтан мектебіміздің оқушыларына дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру әр ұстаздың басты міндеті деп санаймыз.Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Ерте көзден бастап бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық аспаптарда ойнайды, т.б.). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Сондықтан ата-аналардың мұғалімдердің алдында жаңа міндет - балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру түр.«Жоғары қабілетті, шығармашылық мүмкіндіктері бар оқушы – дарынды, яғни шығармашылыққа қабілетті оқушы - дарынды" деп есептеледі.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылықтын ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады.Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты- олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыру дайындығын қалыптастыру.Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдеп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асыру.

«Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы беріледі , одан қалды жүре пайда болады . Туа бітті болатыны – тұқымқуалаушылық. Бұл қасиет өсіпте кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін». Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда мұғалімнен талап етеді. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді.

Табиғи таланттарды ашу жас талапкердің жарқырап көрінуі үшін ұстазға жүктелер міндет не? Ол міндет - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін жан аянбай еңбек ету.Осы жағдайға жеткен оқушы әрқашан да ұстаз сенімін ақтайды.Психологтардың зерттеуі бойынша әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік қабілет, бейімділік болады дегенді айтады.Сондықтан баланы сәби кезінен бастап мектеп бітіргенге дейін үзбей, жүйелі түрде шығармашылыққа баулу, ақыл-ойын, икемділігін дамыту қажет. Баланың бойында күш қуаты жеткілікті, шын дарынды екеніне сендіру – ұстаз бойындағы құдіретті күш, өйткені сенім үлкен жеңіске жетелейді. Дарынды баланың одан әрі жетіле түсуіне ұстаз тарапынан мейірім мен кішіпейілділік, бала жанын жазбай танушылық қасиет қажет

.Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгін ауадай қажет, себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық.Жас тұлғаны дамыту үшін өзіндік сана сезімін ояту керек.Дарынды оқушымен жұмыс жүйесінде мұғалім маңызыды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығы,яғни кәсіби тағдыры тек қана мұғалімге байланысты. Дарынды баланы анықтау,дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолға алып жатқан өзекті мәселе.

Дарындылықтың қайнар көзі –мектеп.Дарындылық-адамның өз бейімділігі арқылы,шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет.Баланың дарындылығын анықтаудың негізі мектептен басталады. «Бұлақ көрсең көзін аш»-дегендей,осындай балалардың бойындағы дарындылықты дамытуда халықаралық,республикалық,облыстық,аудандық байқауларда абырой биігінен көрініп жүрген талантты шәкірттерімнің нәтижесі жоғары.

Дарынды баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндеті тұр, өйткені білім мен ғылымды көтеріп, еліміздің абройын асқақтатып, дүниеге танытатын жеке тұлғалар. Сол жеке тұлғалар бүгінгі біз тәрбиелеп жатқан дарынды балалардан шығады. Дарынды оқушының белгілі бір нәтиежеге жету қаржылық еңбектін, шығармашылық ізденістің нәтежесінде болатыны даусыз.

Дарынды баламен жұмыс сабақ берумен шектелмеуі керек. Ол жұмыс- мұғалімнің қажырлы еңбегін көп уақытын, педагогикалық шеберлігін қажет етеді. Оқушы бойындағы табиғат берген қабілетті дамыту, дарындылықтың көзін ашу қасиетті парызымыз.



«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашу – мұғалім міндеті. Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


Айтбаева А. "Дарынды бала" мәселелері


Аманжолова Ж. Дарынды балалармен жұмыс

Әбдірашитқызы А Дарынды оқушыларды даярлау жолдары



Жексенбаева Ү. Жеке тұлға дарындылығы
Қазақстан мектебі №12, 2006жыл «Дарынды бала ұғымы»

Қазақстан мектебі №2, 2005жыл «Дарынды оқушымен жұмыс»
жүктеу 36,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау