43
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшлай қаражаттар
тартуға, соның ішінде облигациялық займдарды, акцияларды және бағалы қағаздарды
шығару арқылы және ұзақ мерзімдік ссудаларды беруге маманданады. Инвестициялық
банктер ұзақ мерзімдік салымдар үшін қаржылары жетіспейтін кәсіпкерлер және ұзақ
мерзімге қаржы салушы салымшылар арасындағы делдалдық мекеме болып табылады.
Инновациялық банктер инвестициялық банктер сияқты, бірақ та технологиялық
жаңашылдықтарды әзірлеу мен игеруді ғана несиелейді.
Қазақстан Даму банкі 2002 жылы құрылды. 100 пайыздық мемлекеттік жарғылық
капиталы бар акционерлік қоғам ретінде оның ҚР-ның «Қазақстан Даму банкі жӛніндегі»
заңымен айқындалатын құқықтық мәртебесі бар.
Ол маңызды қаржы буыны және ҚР-ның 2003 – 2015 жылдардағы индустриалды –
инновациялық Даму стратегиясын жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады. Банк
инвестициялық – инновациялық мәртебеге ие. Қазақстан Даму банкінің негізгі мақсаттары
мен міндеттеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру,
ӛндірістік инфрақұрылым мен ӛңдеуші ӛнеркәсіпті дамыту, экономикаға ішкі және
сыртқы инвестициялардың тартылуына ықпал ету.
Ипотекалық банктер жер мен жылжымайтын мүлікті ұзақ мерзімдік негізде
кепілге қою арқылы қаржыларды тарту мен орналастыру бойынша несиелік
операцияларды жүзеге асырады.
Салалық және аймақтық банктердің мамандану дәрежесі, олардың активтері мен
пассивтерін қалыптасу ерекшеліктері едәуір дәрежеде олардың қызмет ету саласына,
сонымен бірге клиенттердің шаруашылық қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен
байланысқан айырмашылықтарға тәуелді болады.
Жинақ банктері әлемдік несие жүйесінде айрықша орын алады. Жинақ
банктерінің басты мақсаты – коммерциялық банктер сияқты пайда алу емес, мемлекет пен
халыққа қызмет кӛрсету болып табылады. Барлық елдердегі жинақ банктері халықтың
барлық салымдарының едәуір бӛлігін тартады.
Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда 2003 жылы
жарғылық қоры 10 млрд. теңгеге құрайтын Қазақстан тұрғын үй құрылысы – жинақ банкі
құрылды.
1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Банк қызметі мәселелері бойынша ҚР-ның
кейбір заң актілеріне ӛзгерістер мен толықтыруларды енгізу жӛніндегі» ҚР заңы
банктердің депозиттік және инвестициялық банктерге бӛлінуін тоқтатты.
Мамандандырылған банктік емес несие – қаржы екемелері – кез келген
жүйесінің маңызды буыны. Олар ссудалық капиталдың салыстырмалы шағын аясында
әрекет етеді, ол жерде арнайы білім мен айрықша техникалық тәсілдер талап етіледі. Ол
әр түрлі маманданудағы қаржы институттарының жиынтығы: ссуда – жинақ мекемелері,
инвестициялық қорлар мен компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыруфирмалары мен
компаниялары, ӛзара кӛмек кассалары, ломбарттар және т.б. Бұл мекемелер ӛзінің
дамуының бастапқы кезеңінде коммерциялық банктердің орындамайтын қызметтері мен
операцияларын орындауды ӛз мойнына алады. Бірақ та қазіргі таңда дамыған елдердегі
бұл институттар халыққа, фирмалар мен компанияларға қызмет кӛрсету бойынша
коммерциялық банктермен бәсекелесе бастады, яғни коммерциялық банктер және банктік
емес
мекемелер
арасындағы
айырмашылық
жойылып
жатыр.Дәстүрлі
емес
операцияларды кеңейту арқылы банктік емес мекемелер банктік нарықтарға кіре бастады.
Мамандырылған несие – қаржы институттары ипотекалық, тұтынушылық және
ауыл шаруашылығы несие саласында кең тарады. Олар халықтың аздаған жинағын
тартумен, капиталды инвестициялаумен, бағалы қағаздарды орналастырумен айналысады.
Ӛзіндік бақылау сҧрақтары:
44
1. Банктік мекемелердің түрлері.
2. Эмиссиялық банктер және оларды ұйымдастырудың құқықтық формалары.
3. Эмиссиялық емес банктер: әмбебап банктер және операциялардың кейбір
түрлеріне маманданған банктер.
4. Банк жүйесі экономиканың дербес саласы ретінде, оның құрамдас элементтері,
экономикадағы рӛлі және оның атқаратын қызметері.
5. Банк жүйесінің түрлері.Екі деңгейлі банк жүйесінің құрылымы мен қызмет ету
механизмі.
Ҧсынылған әдебиеттер тізімінен: 1,3,10,15
2.2. тақырып. Несие жҥйесі. Несиелік мекемелердің тҥрлері
1. Несие жүйесі туралы ұғым, оның қызмет ету шарттары, негізгі құрылымдық
элементтері.
2. Несиелік мекемелердің түрлері: банктік және банктік емес қаржылық-несиелік
институттар.
3.Банктік
мекемелердің
түрлері.
Эмиссиялық
банктер
және
оларды
ұйымдастырудың құқықтық формалары
Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен тӛлемдерінің
едәуір кӛлемі жүргізіледі, сондай – ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың
жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, кӛптеген
әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және
басқа да операцияларды орындайды.
Ӛндіріске қатысты екінші кезекте бола тұра, несие жүйесі оған үнемі және едәуір
дәрежеде ықпал етті. Ол ақша жинақтарының масштабын бірнеше есеге кеңейтеді, ақша
құралдарының бір саладан екінші салаға құйылуын қамтамасыз етіп, сол арқылы ӛндіріс
тиімділігінің ӛсуіне ықпал етеді.
Несие жүйесінің ролі мен меңызы бірқатар кӛрсеткіштермен сипатталды: несиелік
салымдардың жалпы кӛлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым
капиталының қалыптасуындағы банктік ссудалардың үлесі, жалпы тӛлем айналым және
т.б.
Несие жүйесі ӛз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік
мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және тӛлем шарттары
негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бӛлістіру жӛніндегі
экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және
оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша пайдалануына берумен ғана
шектелмейді. Несиелеу процесінде ӛндірістік құнға, яғни ұдайы ӛндірістің ақша
айналымына арналған тӛлем құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Тӛлем
айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы ӛтеді, ол несиелік қатынастардың
мазмұнын толықтыра отырып, тӛлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік
мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр
түрлі қызметтерді кӛрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар
туындайды.
Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін
де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде
ақшаны сақтау – несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың
қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.