45
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен
несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер
арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.
Жоғарыда анықтағанымыздай, несиелік қатынастар несие экономикалық
категориясының әрекет етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік
қатынастардың сыртқы кӛрінісін несие формасы сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың
мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастардың формасы мен мазмұны
диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастардың формасы олардың мазмұнына
сәйкес келіп және олардың дамуын ынталандыруы тиіс. Ӛндірістік қатынастардың
ӛзгерісі несиелік қатынастар мазмұнының және несие формасының ӛзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауарлық несие
коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің ссуданы бір – біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына ӛзгереді.
Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің
дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа құжаттарды жазып береді, несие
беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік
қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк
саналады. Оның мазмұнындағы ӛзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық
формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең
алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.
Қазіргі кездегі несие жүйесі соңғы жылдары едәуір ӛзгерістерге ұшырады. Әлемдік
экономикадағы құрылымдық қайта құрулар нәтижесіндегі ӛзгерістерге байланысты банк
жүйесінің барлық компоненттері жаңғыртылуда. Банктердің жекелеген типтері, банктер
және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықтардың жедел жойылуы немесе
кедергілердің жойылуы – соңғы жылдардағы несие жүйесінің құрылымдық қайта
құрылуының маңызды тенденцияларының бірі.
Ірі әмбебап банк ӛз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма – қолсыз
есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиелерді беру, құнды қағаздардың сатып
алу, сенімхат бойынша мүлікті басқару және басқа кӛптеген банктік және «банк
маңындағы» қызметтерді кӛрсету бойынша операциялардың кӛптеген түрлерін жүзеге
асырады. Несиелік мекемелер қызметінің кӛп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық
капиталға толық жауап береді.
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі –
дәстүрлі емес банктік операциялардың факторингке, ақпараттық – кеңестік бизнеске және
т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет кӛрсету, атап айтқанда жылжымайтын
мүлікпен мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет кӛрсету, лизингтік іс
салаларына қатыса отырып, несиелік мекемелердің басқа топтарымен тікелей
конфронтацияға шығады.
Екіншісі – банктік емес мекемелердің (сақтандыру, брокерлік, жинақ, сенімгерлік
компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) банктік нарықтарға енуі арқылы. Банктік емес
мекемелер қазіргі таңда банктермен инвестициялық салада, ақпараттық – кеңестік
қызметтерді кӛрсетуде, сонымен бірге банктік салада – депозиттік – ссудалық
операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.
Соңғы жылдары банктік және басқа арнайыланған қаржы – несие мекемелері
арасында халықтың жинақ ақшалары және фирмалар мен компаниялардың жинақтары
үшін күрес ӛткір сипат алды.
Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша қойылымдарды кӛтеру сияқты
халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын еркін қолдана алмады. Олар
пайыздық қойылымдардың максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру
салымдарын салушыларға тӛлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған несиелік
46
мекемлерде шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие
болды. Банктер ақша нарығы сертификаттарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша
пайыздар конъюктураның жағдайына байланысты белгіленді.
Ірі банктік мекемелерге арналған әмбебаптануға қатысты жалпы тенденция
олардың мамандануының сақталуымен сәйкес келеді.
Мынаны атап ӛту керек, экономиканың ӛзгермелі жағдайларына сәйкес банктік
қызметтің ӛзінді, дәстүрлі банктік операцияларда қайта құру жүзеге асты. Оған банктік
қызметті реттеуші әкімшілік ережелерді алып тастауға, яғни қайта реттеуге ықпал етті.
Қайта реттеудің мақсаты – бәсекенің ӛте құралдарын қолдануға, банктік қызметтердің
нарығын жандандыруға банктерді термелеу.
Банк қызметті қайта реттеу активі операцияларды да, пассивті операцияларды да
қамтыды. Коммерциялық банктердің активті операциялары едәуір ӛзгерістерге ұшырады.
Қазіргі таңда олар фирмаларды және корпорацияларды жанама несиелеуден тікелей
несиелеуге толығымен кӛшті.
Банк жетекшілері ӛз активтерінің сапасын, жаңа несиелерді ұсынуды, несиелеу
технологиясын, қарыз алушының несие шарттарын сақтауын қадағалайды.
Ұзақ мерзімді несиелеу кең ӛріс жоюда. Коммерциялық банктердің қаржыларды
тарту жӛніндегі пассивті операциялары ӛзгерістерге ұшырады. Оларды үкімет белсенді
түрде қолдайды.
Банктердің пассивті операцияларының инновациясы қосымша ақша кӛздерін
тартудың жаңа құралдарын құрудан кӛрініс тапты. Салымдардың жаңа типтері ашылды,
олар бойынша пайыз кӛлемі нарықтық кӛлемге жетті. Мұндай шоттарға ақша
нарығындағы депозиттік шоттар жатады. Кӛптеген коммерциялық банктер депозиттік
сертификатты шығара бастады, ол ақша нарығында еркін айналды.
Банктік операциялардың дамуында ақпарат пен коммуникацияның қазіргі кездегі
техникалық құралдары айрықша рольді атқарады. Банк ісі ақпаратты дер кезінде беру,
оны жедел ӛңдеу және мәліметтердің ақиқаттылығы, экономикалық жағдайды талдау
және ақша нарығының даму болашағын дұрыс бағалау сияқты жағдайларға тәуелді болды.
Банк жүйесінің дамуындағы елеулі құбылыс ретінде мынаны атап ӛтуге болады,
яғни несиелік мекемелердің «кӛтерме» операциялардан «бӛлшек» операцияларға ӛтуі
оның клиенттері шеңберінің кеңеюіне әкеледі. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін
банкирлер сақтампаздық пен байыптылық кӛрсетті, таңдаулы, «айрықша сенімді»
клиентураға ғана қызмет етті, қазір кӛптеген банктер ӛз стратегияларын ӛзгертті.
Кәсіпкерліктің барлық салаларына белсенді түрде жүре отырып және шағын бизнесті
қамти отырып, олар жаппай клиентураға, яғни халықтың әл – ауқаты нашар тобына
бағдарланады. Ол қазіргі кездегі ірі банктің келбетін, оның саясатын ӛзгертеді.
Соғыстан кейінгі жылдар дамыған нарықтық қатынастарды бар елдер
экономикасындағы ӛндірістің шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, ол банк
капиталының шоғырлануы мен орталықтануына, осы процестердің жаңа формаларының
туындануына әкеледі, сонымен бірге ел ішінде де, әлемдік қаржы нарықтарында да күшті
позицияларды алатын алып банктер тобының жедел ӛсуін туындатты. Мұндай алып
банктер ең алдымен Жапония, Германия, Канада, АҚШ және араб әлемі елдерінде пайда
болды, олардың активтері 100 млрд. доллардан астам болды.
Біз дамыған нарықтық экономикасы бар елдердің қазіргі кездегі несие жүйесін
сипаттаушы кейбір маңызды мәселелерге ғана тоқталды. Ӛз экономикасын нарықтық
жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк жүйесінің қазіргі кездегі даму
тенденциялары үлкен қызығушылық туғызады, ӛйткені нарықтық экономикаға ӛту ӛзіндік
нарықтық несие жүйесін құрудың талап етеді. Республикамыз үшін шет ел тәжірибесін
толығымен меңгерген тиімді болады, ӛйткені экономика нарыққа ӛтудің ең басында тұр,
ал Батыс болса мұнда бұрыннан қызмет етуде, бірақ осы тәжірибеден барлық жағымды