Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 13, 27.
Қосымша әдебиеттер: 4, 19.
Дәріс тақырыбы №8 Балалардың сауатын ашу.
Балабақшадағы тәрбиеленушілерді мектепке даярлау сұрағы үлкен маңызға ие болуда. Әсіресе, үлкен қазіргі бастауыш білім берудің мазмұны өзгерген шақта 1 – сыныпқа барушы балалар алдын – ала сауатты, оның ішінде дамыған, дыбыстарды қолданады, ауызша сөйлеу, сөйлемді дұрыс құру, сөздерді буынға бөлу, қарындашты ұстай білу және дәптердің жолын айыра білу – осыларды мектеп қызықтырады. Осындай дайындықты меңгерген балалар оңай және жеңіл оқу мен жазу процесін меңгереді. Психологтар мен педагогтардың бақылауы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген ынтасы ерте пайда бола бастайды. Егер отбасында және балабақшада балаларды жазу мен оқуға үйретпесе де, олардың кейбіреулері оқуды меңгеріп, жеке әріптерді тани бастайды. Өз беттерімен оқуды меңгергенше, балалар ең алдыменәріп бойынша оқиды. Бұл әріп бойынша оқу қанағаттанғысыз. Ол бойынша оқығанда балалар көптеген қателіктер жіберіп, не туралы оқығанын білмей, оқу ырғағын жайлайды.
Педагогика ғылымдарымен балаларды 6 жастан бастап оқытуға үлкен жұмыс жүргізілуде. Балалардың балабақшада сауат ашу пікірі өте ерте қалыптасқан.
Психологтармен, педагогтармен бұл бағытта үлкен эксперименттік жұмыс жүргізілді. Бұл зерттеу жұмысының ғалымдары Я.С.Выготский, Л.И.Божовин, А.П.Усова, мектепке дейінгі тәрбиелеу методистері Е.М.Тихеева, Ю.И.Фаусектер мынадай қорытындыға келді.
Балабақшада сауаттарын ашу мүмкіншілігі мол 1956 – 1959 ж көрнекі совет методисі А.И.Воскресенская үлкен эксперименттік жұмыс жүргізді. Оның мазмұны балаларда сауат ашу жұмысы еді. Балалар ерте балалық шағынан бастап, өз ана тілін қолданады, бірақ ол өз сөйлеу тілінің пайда болуының әдістерін білмейді. Ол бірте – бірте тілінң дамуы сөйлемдерден құралып, оның өзі жеке сөздерден, ал – сөз буыннан, буын – дыбыстан құралатынын біледі. Дыбыстар жазуда әріппен белгіленеді. Жазумен оқытуға үйрету үшін, бала тілдің өзі сөзден туатынын, дыбыстардың әріппен белгіленетінін түсіну қажет. Тіл дамыту дегеніміз – бұл сөзбен, сөйлемдермен, айтылумен жұмыс.
Қазіргі кезде мектептерде сауатын ашуға үйрету дыбыстық аналитика – синтетикалық әдіспен қалыптасады. Оның негізінде тірі тілдің дыбыстарын үйрету жатыр. Әдісте тіл байланысының сөйлемге, сөйлемнің – сөзге, сөздің – буынға, буынның – дыбысқа бөлінуі жатыр. Сауат ашу бұл әдіспен мектепке 3 – 3,5 ай қолданады. Дыбыстық аналитикалық әдісте сөйлемді – сөзге, сөзді – буынға, буынды – дыбысқа бөлу өтіледі. Оның ішінде оқыту аналитикалық жолмен құралады. Дыбыстық синтетикалық әдісте дыбыстан – буынға, буыннан – сөзге, содан кейін сөйлемге бөлу өтіледі. Сауат ашуға үйренуде аналитикалық – синтетикалық әдіс аналитикалық және синтетикалық жұмысқа байланысты қолданылады.
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 13, 27.
Қосымша әдебиеттер: 4, 19.
Дәріс тақырыбы №9 Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу
Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде пайдаланылатын шығарма түрлері: әңгіме, ертегі, мысал, өлең тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтел, санамақ және басқалар.
Балдырғандар көркем шығарма оқиғасын шынайы өз мағынасында түсінеді. Психологтардың пайымдауынша балалар көркем шығармадағы іс-әрекетті, оқиғаны тура мәнінде қабылдайтын екен. Бұл әңгіме, ертегі, естілгеннен кейінгі алған әсерін олардың іс-жүзіне асыруға ұмтылуынан байқалған. Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап іс-әрекеттері балдырғандарға қатты әсер етеді. Балалар естіген оқиғаларын ойнаған ойындарында, салған суреттерінде, саздан жасаған бейнелерінен көрінеді. Кейіпкерлерге еліктеу олар үшін өмір шындығын сезініп, тану мектебі іспетті. Есейген сайын мектеп жасына дейінгі балалардың сөздігі айналад\ағы заттарды түсіну негізінде молайады. Балалар енді айтылған сөзді көбірек түсінеді. Оларды оқытуда ертегі, әңгіме, тақпақ, өлең белгілі орын алады. Баланың айтқан сөзді ұғынуы ой-түйсігінің дамуын ілгерітіледі. Сөйлеу кезінде грамматикалық құрылымды ұғынуды, байланыстырып сөйлеуді дамыту, ойша сөз құрауды қалыптастыру кез-келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады.
Халқымыз сәбидің өсуінің әр кезеңін халық жыр-өлеңімен қоштап, әлпештеп өткізуге қам жасаған. Халық жыры – баланың құлағына ең алғаш естілетін көркем шығарма сөздер.
Мазмұны жағынан халық жыры әр-түрлі. Көбі бөбек туралы, оларға деген ата-ананың махаббаты, игі тілегі, қамқорлығы жайында.
Кішкентай бөбегі бар үйде «Бесік жыры» бүгін де ежелгі әуенмен айтылады. Қоңыржай әуенмен айтылатын бұл жыр нәрестені уатады, ұйықтатады. Көбіне бесік жыры баланы жеке уатуға арналады. Халық жырларының мазмұны көбінесе көңілді, сергек болады. Осыған орай интонациясы да әр түрлі естіледі. Бөбектерге арналған жыр мен төрт түлік мал және оның төлдері туралы тақпақтарды ауызша айтқандығы интонациясы жылы леппен, мейірімді үнмен шықса керек. Ермек тақпақтарын айтқандағы интонация көңілді, күлдіргі болуға тиіс. Тәрбиеші халық жырын топта да, баланы жеке ойнатқанда да пайдалануына болады. Тәрбиеші күлдіргі тақпақтарды айтқанда, баланы ойната отырып, интонациямен де, қимылмен де мәз-мейрам етіп, көңілдендіреді, күлдіреді.
Сәбилер тобында «Саусақтай балақан» тақпағын үйлесімді ырғақпен айтқанда мәз болып алақандарын соғады.
Балаларға арналған халық жырларының көлемі шағын, сондықтан тәрбиеші оны мән-мәнеріне келтіріп, жатқа айтуға тиіс. Оны бөбектер де сол естіген сазымен естерінде сақтап айтып жүретін болады.
Бала неғұрлым жасырақ болған сайын оқуды соғұрлым қимылдармен, көрнекі заттардың көмегімен қоса жүргізгенді ұнатады. Ал ересек топтағы балаларға ауызша сөзбен көмек беру пайдалы. Тек прозалық шығармалар – ертегі, әңгіме, повестер ғана әңгімеленеді. Балаларға арналған көркем шығармаларды жаттап алу. Оны мәнерлеп сол мамандықты жетік меңгергендігінің басты белгісі. Балаларды көркем шығармамен таныстыру сабақтарын олардың жас айырмашылықтарына байланысты жүргізуді тәрбиешілер әртүрлі ұйымдастырады. Өте кішкене балалардың әрқайсысымен жеке – жеке және 2 – 6 адамнан тұратын топтарға бөліп өткізеді. Кішірек жастағылар тобын оқығанда немесе әңгімелегенде тыңдай білу үшін 2 бөліп өткізеді.
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 13, 27.
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,8,9.
Дәріс тақырыбы №10. Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі.
Дыбыстық сөйлеу мәдениеті ұғымы кең таралған және өзіндік ұғымы кең. Ол өзіне дыбыстық сөйлеу ұғымдарын дикция, сөйлеу, интонация, темп т.б. сонымен бірге қарым – қатынас мәдениеті элементтерімен байланысады.
Мектеп жасына дейінгі балаларда кейбір әріптердің дыбысталуы қате кетуі. Әсіресе үнді дыбыстары. Бұл кезде дыбыс немесе буын түсіп қалады. Кейбір балаларда тез нақты емес айту байқалады. Кейбір балалар кейбір дыбыстарды дұрыс шығармай айтады. Бұл сөйлеудің негізі сөйлеу аппаратының яғни тіл дұрыс кем дамымағанымен анықталады. Дыбыстардың сөйлеу мәдениетінің жетіспеушілігі балалардың жеке басында былай байқалады, бала үндемейтін болады, білуге құштарлығы төмендейді. Ақыл – ойының дамуының кешеуілдеуі мүмкін. Кейінірек мектепте үндемейтін болады. Дыбыстық сөйлеу мәдениетін тәрбиелеудегі жұмыстардың мазмұны мен міндеттері:
1. Дұрыс дыбысталудың қалыптасуы.
2. Дикциямен жұмыс істеу. Дикция дегеніміз әр сөзді дұрыс айту. Дикция мектепке дейінгі ұйымдарда 2 – ші сәбилер тобынан басталады. Ересектер тобында дикциямен жұмыс сөйлеуді дамытуға арналған. Арнайы сабақтар ретімен жүргізіледі. Мектепке жасына дейінгі балаларда сөзді дұрыс айтуға және екпінмен жұмыс жеке міндет ретімен жүргізіледі. Кейбір кезде бала барлық дыбысты дұрыс айтып дикциясы жақсы болғанмен жеке сөздерді айтқанда қате жібереді.
Сәби жасында сөзді қысқарту, дыбыс пен буындардың орындарын ауыстыру немесе түсіп қалуы, дыбыстардың қосылуы. Ересек жастар кейбір қиын айтылатын сөздерді дұрыс жеткізуге үйрету керек. Баланы сөзге екпінді қою қиынға түседі де, екпін буын мен буын, кез – келген жерде келуі мүмкін. Тәрбиеші балаларды сыпайы сөйлеу барысында түсінікті, үлкендермен қарым – қатынасын қалыптастыру керек.
Балалардың жағымсыз жақтарын, ашулануын, қатты сөйлеуін бақылау қажет. Сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу тәртібі ертеден қалыптасқан жөн. Сөйлеп отырған адамдардың бетіне қарап отыру керек, тыңдай білу керек.
Тәрбиешімен сыпайы ескертусіз амандасу, қоштасу керек екендігін үйрету және оны әдетке айналдыру керек және тұрақтандыру.
Балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындар қолданады. Суреттер қолданады, ойыншықтар құрастыру.
Мәнерлеп оқу сабағында тақпақтарды жаттау, өлең, сөздерді таза айту. Балалар әдебиетін пайдалану.
Дыбыстық сөйлеу мәдениетін көптеген тәсілдерін шешу үшін жұмыстың негізін түсіну керек. 1 – ші орында өткізілетін сабақтың мәніне көңіл бөлу қажет. Әр аптада 1 – 2 рет сөйлеу сабақтар өткізу керек. 2 – 10 – қа дейін созылу қажет. Айына 1 рет жалпылама сөйлеу мәдениеті тақырыбына сабақ өткізілген жөн. Ол 2 – ші сәбилер тобында өткізілген дұрыс. Бұл топтағы балалар сөздерді дұрыс айта алмайды. Мұндай сабақтардың мазмұны 1 дыбыстық немесе ұқсас дыбыстардың айырмашылығын айыра білуге үйрету. Әріптердің ұқсас естілуі дыбысынан ажырата білуі.
Негізгі әдебиеттер: 3, 5, 9, 13, 27.
Қосымша әдебиеттер: 5,6,11,14,16,19.
Дәріс тақырыбы№11. Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру әдістемесі.
Грамматикалық мағыналар бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдіретін қарым – қатынастар мағынасы. Яғни бұл логикалық қатардың тілдік мағыналары.
Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы: бала лексикалық мағынаны яғни алма ағашын отырғызу сөздерінің тілдегі тысқары болмыспен ара қатынасын білуі мүмкін. Алайда алма ағашы отырғызылды немесе алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді. Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегіайтылғанойды да түсінбейді. Ана тілдің грамматикалық мағыналарды үйретудің қиындығы мынада: бұл мағынаны оқытушының өзі жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп интуициялық жолмен қолданады.
Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі адамды ойлана білетін етеді. Ана тілдің грамматикалық мағынасын түсіну, жас жеткіншекке ақыл кіру және оның даму процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін алайда, егер бұл процесі нашар оқытылуы арқылы бәсеңдетілетін болса баланың ақыл ойының өсуі шектеліп қалады.
Балалар алдын – ала аздаған сөз мөлшерін үйренбейінше дыбыстарды және сөйлем интонацияларының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту. Олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.
Тәрбиеші балалармен сөзбе – сөз қарым – қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анықтап, дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет. Әсіресе зат ретінде сөздер мен іс – қимылды білдіретін етістік сөздерді өзара байланыстыра сөйлеу, үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. Мысалы: бала сурет салып отыр, қыз доппен ойнады деген сөйлемдегі затты білдіреді және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу. Қалай байланысып тұрғанын түсіндіреді. Коллективтік әңгіме құрап айтуға үйретеді. Бірыңғай жай мүшелі сөйлем түрінде сөйлеуге үйретуден бастаған жөн. Заттың қасиетін, оқиғаның себебін, өткен мезгілін білдіретін сұрақтарға жауап беруге үйрету. Оны Қашан? Қайда? Неліктен? Не себепті? Сұрақтарын қойып, оған жауап алу арқылы үйрету керек. Көрсетіліп отырылған 2 – 3 жасар баланың тілі өте тез дамиды. 3 жасар баланың сөздік қоры 1300 – 1500 сөзге жетеді. 4 жасар баланың сөздік қоры 2 есе көбейеді. Естиярлар тобында қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру күнделікті өмірде, үлкендермен сөйлесу кезінде іске асады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыз айтады. Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелді жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.
Сондай–ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әртүрлі жағдайға орналастырып, балалардан сұрау қажет. Бала Қайда? деген сұраққа заттың орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар “жасырылған затты тап”, “орныңды тап” деген ойынды өткізуге болады.
Сойлемден орны бос сөздерді тауып, сөйлем құрап айтуға үйретеді.
Мысалы: “Әжемнен хат келді. Мен қуандым”
“Балапан ұшып кетті”
сұрақтар арқылы толықтыру керек.
Бірыңғай мүшелі, сабақтас, салалас сөйлемдер құрап айтуға үйретуде.
Мысалы: “Поштаны хат әкелді”
“жайлауда”, “Қырманда”
деген тақырыпта шағын шығарма құруға болады.
Балабақша жағдайын ауылдың шаруашылығымен, қолда бар құралдарды ескеру қажет.
Диярлық топтағы балаларды грамматикалық форманы дұрыс қолданып сөйлеуге үйреткенде сөздің морфологияның, синтаксистік жақтарын меңгерту көзделеді.
Мектепке даярланатын балалардың сөзге белсенділігін арттыру мақсатында дидактикалық ойындар кеңінен қолданады. Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, Қимыл-әрекет түрлері жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып естеріне тез түсіруге мән беріледі.
Мысалы: адамдардың еңбек процесін білдіру үшін кім “Не істейді?” “Кімге не керек?” деген ойын ойналады. Мұнандай балалар әр мамандыққа лайықты сүреттерді өздерді танып алып айтып береді. Немесе тәрбиеші мұғалім айтқан сөздерімен сөйлем құрап жауап береді. Баланың сөз қорын бақылап бекіте отырып әртүрлі сөздік жекеше, көпше, септік тәуелдік жалғауға қолдануын түрлі жаттығу жұмыстары арқылы танытып отыру басты міндет. Бұл жұмысты саналы меңгертуге әртүрлі іс-әрекеттерді білдіретін суреттер, жеке сұрақтар даярланады. Тапсырма орындату жаттықтыру кезінде бала асықпай ойланып сөйлеуге, егер қателессе көмекші сұрақ арқылы қатесін түзеп дұрыс жауап беруге жаттықтырылады. Жаттығу жұмысталы кезінде үлгі ретінде берілген сабақ жоспарлары басшылыққа алынуы қажет.
Кейбір сұраққа бала жауап бере алмауы да мүмкін. Мұндайда тәрбиеші сұрақты қайталап барлық балаға қояды. Дұрыс жауап алған соң балаларды мадақтап алған жөн. Сөйлеуге үйретуде жаңа сабақтарды балалардың білім дағдыларын тиянақтау кезінде де баланың қатесін түзетуді жеке дара түрде байыппен жүргізіп отырудың маңызы зор. Бала тілінде бейнелі сөздерді қалыптастыру үшін арнайы лексикалық жаттығулар жүргізіледі. Ол сипатталған затты тап, қайсысы қалай дыбыстайды мына заттар туралы сипаттап айт деген сияқты ойын түрінде болуы мүмкін. Мұндай ойында балаға таныс заттар алынады. Бала ол таныс заттарды сипаттайды.
“Бұлақ қандай?” “Жел не істейді?”
Түбір сөздерге жалғау, жұрнақ қостырып айту
Үй – үйге, үйшік, үйде.
Балалар сөйлеу кезінде сын есімдерді, үстеулерді, қолдана білуге үйрету.
Сол мақсатта “дәл тауып айт”, “әдемі сөз ойлан”, “кім сақ құлақ” деген ойындар ойнатылады.
Айналадағылармен таныстыру тіл дамыту сабақтарында 5-10 минут беріледі. Сабақтан тыс уақытта да сөздік грамматикалық құрылысын дамыту жалғастырылады. Оның өзіндік тәсілдері бар.
Ең алдымен баланы дұрыс сөйлеуге үйрету. Әрбір объектіге , затқа, іс-әрекетті байланысты сөздерді дұрыс түсініп айтуға үйрету. Мысалы: дәрігер, құрылысшы. Мамандықты білдіретін сөздерді үйрету. Неліктен маман? Дейміз. Әртүрлі сөз топтарын сын есім, сан есім, етестіктерді әртүрлі формада қолдана білуге үйрету. Мысалы: сүт құйғыш, қант салғыш.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22,
Қосымша әдебиеттер: 3, 10, 16,18..
Дәріс тақырыбы №12. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.
Мәнерлеп оқудың тәсілдері: негізгі дауыс сарыны (тоны), интонация (айтылу мәнері) және оның компонентері. Интонацияның ең кіші бөлшектері. Интонация – естілетін сөздің мәнерлегіш тәсілдерінің біріне жатады. Олар (дауыстың қатты, жай шығып құбылуы- дайыс күші, кідіріс, дауыс қарқыны, сарын т.б) сөз дыбыстарымен қосақтала ілектесіп айтылады да үстемге мәнгі ие болады, бірақ сөз дыбыстарындай жеке-жеке ажыратылмайды және сөздің материалдық қабығынан тыс өмір сүрмейді.
Екпін түскен буын екпінді буын делінеді. Сөзге екпін түсуіне қарай барлық тілдер екіге бөлінеді:
лебізді динамикалық
музыкалық не тоникалық
Кідіріс – деп сөз түйіндегі арасындағы не сөйлем араларындағы толасты айтады.Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы бар. Оқығанда дауыстың үзіліс, сәл іркілу жасауы жай ғана кідіріс емес.Ол әдеби текстің мән-мағынасын ашып беру тәсілі болып табылады.
Көркем оқу мен әңгімелеп беру тәсілінің біріне дауыс күші де жатады. Дауыс күшіне оның аса қатты шығуы деп ұқпау керек, ол дұрыс емес. Дауыс күші дегеніміз – дауыстың ашықтығы, тазалығы , оны игере білу, яғни ақырын да, орташа да, қатты да сөйлеп, қатты сөйлеуден ақырынға , керісінше ақырынан қатты сөйлеуге көше білу.
Орыс ғалымдары интонация жөнінде тұжырымды пайымдаулар айтқан. Белгілі тіл маманы, ғалым А.М.Пешковский «Интонация және грамматика» деген мақаласында ырғақты және сөз мелодикасын интонация аясында қарастырады. Ғалымның айтуынша интонация, біріншіден сөздің эмоциялық жағын білдіріп, екіншіден сөйлеудің сөздік құрамын байқатады. Үшіншіден интонация сөйлеудің грамматикалық жағын қамтиды. Тұтастай алғанда Пешковский интонацияны екі тұрғыдан қарастырады:
Интонацияның ең кіші бөлшектері буын мен ырғақ болып табылады.
Ең үлкен бөлшектері – жай фраза мен күрделі фраза.
Көрнекті ғалым Б.В.Томашевский интонацияны «айтылу мәнері» деген. Ал қазақ топырағында сонау отызыншы жылдардың өзінде аса ірі тюрколог Қ.Жұбанов «Сөз сазы» деп атаған.
Интонация – естілетін сөздің мәнерлегіш тәсілдерінің біріне жатады. Олар (дауыстың қатты, жай шығып құбылуы- дайыс күші, кідіріс, дауыс қарқыны, сарын т.б) сөз дыбыстарымен қосақтала ілектесіп айтылады да үстемге мәнгі ие болады, бірақ сөз дыбыстарындай жеке-жеке ажыратылмайды және сөздің материалдық қабығынан тыс өмір сүрмейді. Бұлардың реңк үстейтін қосалқы дыбыстар десе де болады.
Интонация арқылы орындаушы тыңдаушыларға әдеби көркемшығарманың мәнін ашып береді. Кейіпкерлерді, олардың көңіл күйін , мінез-құлқын , іс-әрекетін суреттейді, кейіпкерлерге деген өз көзқарасын да білдіре кетеді. Айтылу мәнері арқылы орындаушының поэтикалық образдарды да табиғат көрінісін, оқиға өтіп жатқан жағдайды да өрнектейді.
Тексті оқып не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық мазмұнына байланысты болмақ. Текті оқуға не әңгімелеп беруге даярлағанда психологиялық кідірісті алдын ала белгілеп алу керек.
Психологиялық кідірістікөркем шығарманың мысал жанрын оқығанда қолдану тиімді шықпақ. Мысалдыңөткір сатиралық мазмұнына орай орынды қойылған психологиялық кідіріс мысалды онан сайын үшкірлей түспек. Бұған «Түлкініңесекті жоқтап жылауы» деген мысалдың мынадай бір жолдарын алайық.
«Бір күні жортып келе жатқан түлкі өлген есекті көреді. Қараса өзі танитын есек болып шығады. Қасына кеп, басын құшақтап еңіреп жылайды кеп, жылайды кеп. Мұны көргенкүшігі таң қалып, әкесіне: - Әкебір есек өлді, қалды, оған несіне сонша көз жасыңды бұлайсың?» - дейді. Сонда қарт түлкі: - Е, балам, мұны ойлайтын әкеңнің де бар басы. Менің «Түке»деп атаныпжүргенімсол есектердің арқасы П» - депті. Осындағы «Менің Түке атанып жүргенім сол есектердің арқасы» дегеннен кейінгі психологиялық кідіріс хайуанат образы арқылы аллегориямен берілген астарлы ой түйіні тыңдаушыларды ойландырады.
Психологиялық кідіріс тыңдаушыларғакүшті әсер етеді. Сондықтан оны орынды жерінде, қажет деп тапқан да ғана пайдалану тиімді болмақ. Бұл толастарды таба білу әр-бір орындаушының көркемдік талғамына байланысты.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22, 26.
Қосымша әдебиеттер: 3, 10, 15,16.
Дәріс тақырыбы №13. Сөйлеу техникасы, оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
Көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін тыңдаушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауаны ішке жұту, сыртқа шығару), дауыс, дикция жатады.
Тексті мәнерлеп оқушы, әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы, үздіксіз жаттығып, дағдылануы тиіс. Сонда ғана дикциясын жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады, әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.
Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дұрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
Сөйлеу аппаратына дыбыстау мүшелері жатады. Дыбыстау мүшелері: өкпе, тамақ, көмей, дауыс шымылдығы, тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, тіл, бөбешік, тіс, ерін, иек, т.б.
Өкпе-тыныс мүшелерінің бастысы. Өкпе көрік сияқты, бірде ауаны сыртқа теуіп, бірде ауаны ішке тартып тұрады. Өкепеден шыққан ауа тыныс алатын кеңірдектің өкпеге қосылатын тармадарынан тамаққа, одан көмейге, көмейден жұтқыншақ қуысына келеді де, одан әрі ауа не мұрын қуысы, не ауыз қуысы арқылы өтеді. Сөйтіп тыныс мүшелері қызметітінің бірі-дем шығару, екіншісі демді ішке тарту болады.
Тамақ. Дауыс шымылдығы. Тамақ-кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы. Дауыс шымылдығы көмейде болады. Дауыс шымылдығының керіліп тұруына діріл пайда болып, үн шығарады. Көмейдің үстіңгі жағында жұтқаншақ қуысы бар. Бұл ауыз қуысы және мұрын қуысымен жалғасады.
Дыбыстардың айтылуында ауыз қуысы мен мұрын қуысы жаңғырық қосып, резонаторлық қызмет атқарады.
Дыбыстау мүшелерінің бір бөлігі жылжымалы келеді. Олар-актиив мүшелері. Бұлар түрленіп, қүбылып тұрады. Алуан түрлі дыбыстардың барлығы актив мүшелердің қимылы арқылы жасалады.
Тіл дыбыстарын, олардың жасалу түрлерін толық түсіну үшін, дыбыстау мүшелерінің қызметін жақсы білу шарт. Дыбыстардың анатомиялық-механикалық жақтарын білудің теориялық мәнімен бірге практикалық маңызы да бар.
Тыныс. Сөздің айтылуы тыныс мүшелері арқылы іске асады. Дауыстың таза, әсем шығуы және түрлі реңкте құбылуы дұрыс тыныс ала білуге, яғни ауаны ішке жұту, сыртқа шығарумен байланысты. Сөйлер алдында ауаны ішке жұту керек. демді ішке тартқанда өкпе ауаға толады да, көкірек қуысы кеңейеді, қабырға көтеріледі, ал диафрагма төмен түседі. Ауа өкпеде іркіледі де, сөйлеу кезінде біртіндеп үнеммен сыртқа шығады.
Тысыс алудың үш түрі бар: диафрагма арқылы, көкірек арқылы, қабырға арқылы тыныс алу.
Дауыс. Сөз сөйлеуде дауыс қатысады. Дауыстың естілуі-психо-физиологиялық әрекеттің нәтижесі. Оны әрбір сөйлеушінің даралық қасиеті, эмоциясы, еркі бағыттап отырады. Сөздің естілуі тыныс алумен тығыз байланысты. Адам сөйлеуге ыңғайланғанда, ең алдымен ауа жұтады, рдан кейін барып біртіндеп ауаны сыртқа шығарады. Дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуының нәтижесінде дауыс пайда болады, бірақ ол солғын шығады.
Дауыс дыбыстарының күшейткіштеріне көкірек қуысы, таңдай, мұрын қуысы, тіс, жақ,м кеңсірік жатады. Дауыс күші үн шығаратын дыбыстардың резонаторларға қарай бағытталғанына және резонаторлардың болуымен байланысты шықпақ.
Дауыста оның биіктігі, ұзақтығы, ұшқырлығы, екінші сөзбен айтқанда, дауыстың алысқа шырқалу бейімділігі, басқа дыбыстардың ішінен айрықша ерекшеленуі айқындалады.
Дауыстың жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл жылыса алуын дауыс икемділігі дейді. Көркем сөз орындаушы, нәшіне келтіріп әңгімелеп беруші үнін жетілдіре отырып, өз даусының мүмкіншілігін байқап, диапазонын анықтап, ширақ шығуын жаттықтыруы керек.
Дикция. (үн реңі) тәрбиеші-педагог өз сөзін анық, айқын айтуға тиіс. Оның сөзі-балаларға үлгі, сәбилер тәрбиеші-педагогтарға еліктейді, кейде қате айтқан сөзін де ұғып алады. Сондықтан тәрбиеші-педагог өз сөзіне мұқият болып, өте тез асығып сөйлеу сияқты кемшіліктерді жібермей байқап отыруды дағдыға айналдыру керек.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 18, 19, 22, 26.
Қосымша әдебиеттер: 3, 10.
Дәріс тақырыбы №14. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық.
Меңгеруші балабақшаны басқару жұмыстарында елеулі орын алады. Меңгеруші оқыту тәрбиелеу жұмыстарына басшылық жасайды, тәрбиешілердің тәрбиешісі ретінде және әдіскер ретінде жұмыс істейді. Сондықтан оның теориялық және практикалық дайындығының маңызы зор. Меңгерушінің жалпы әдістемелік жұмысының бөлімі ретінде тіл дамыту жұмыстары болып табылады. Бұл жұмыстың міндеттері төмендегідей:
1 Барлық жастағы балалардың тілінің дамуының бағдарламасын орындауын қадағалау және қамтамасыз ету.
2 Әр жас шамасындағы топтардағы оқыту, тәрбиелеу жұмыстарының дұрыс жүруін қамтамасыз ету.
3 Тәрбиешілерге әдістемелік көмек көрсету, ұжымның жұмысын бақылау және бағдар беру.
4 Бала тілінің дамуына дұрыс жағдайлар жасауға көмектесу, балабақшада әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру.
5 Тіл дамыту бойынша тәжірибені жалпылау және зерттеу.
6 Педагогтың шеберлігіне, квалификациясының жоғарлауына жағдай жасау.
7 Ата – аналардың арасында педагогикалық білімдерін арттыру жұмысын ұйымдастыру.
2 Бала тілінің дұрыс дамуы үшін оның денсаулығы мықты, нерв жүйесінің жұмыс істеуі қалыпты, есту, көру органдарының бұзылмауының маңызы зор.
Баланың есту органдарын сақтауға үлкен орын беріледі. Тәрбиеші әрбір баланың қалай еститінін жақсы білу керек. Сөйлеу аппаратының гигиенасы да өте маңызды. Баланың өкпемен қалай дем алатындығын және дем алу жолдарын қадағалап отыру керек.
Меңгеруші балабақшада сөйлеу мәдениетінің ұйымдастырушысы болу қажет. Жылдың басында меңгеруші үлкендер сөйлеуіне жалпы педагогикалық талаптар туралы мәліметтер береді. Балабақшаның салт дәстүрі ретінде ақырын сөйлеу, балалармен сөйлескенде дұрыс және әсерлі болуын қадағалау шарт.
Тәрбиешінің сөйлеуі баланың тілінің дамуының қалыптасуына зор маңызын тигізетіні сөзсіз. Тәрбиешінің сөзін талдаған кезде меңгеруші 3 жағынан қарастырады:
1 мазмұндылығы,
2 форманың дұрыс болуы,
3 жас ерекшелік және педагогикалық бағыт.
Тәрбиешінің жұмысымен таныса отырып, қандай білім, мәліметтер беретінін қадағалап отыру керек. Сонымен қатар тәрбиешінің күнделікті өмірдегі сөйлеуіне назар аудару керек. Яғни серуен кезінде, еңбек әрекеті кезінде т.б. тәрбиешінің сөйлеуі қарапайым болмауы керек. Тәрбиешінің сөздік қоры бай және нақты болуы шарт. Балалардың баяу меңгеретін сөздерін көп қолдану керек. Тәрбиеші мәдениетті байланыстырып сөйлей біле отырып, сонымен қатар диалог жүргізе біле, әңгімелеп беруі, басқалардың жауаптарын тыңдай алуы қажет.
Сонымен қатар педагогикалық кабинетте балалармен жұмыс істеуге арналған көрнекілік құралдар сақталады. Олар дидактикалық материал деп аталады. Кейде көрнекілік материалдың үлгілерін жасайды және тәрбиешілерге өзінің тобына материалды іріктеп алып, қолдана алады. Педагогикалық кабинеттердегі құралдардан басқа әрбір жас ерекшелік топтары өзінің оқу көрнекі құралдарын пайдаланады. Тәрбиешілердің бір – бірінің топтарына барып жұмыстарымен танысу. Меңгеруші оларды ұйымдастыруға қатысады, тәрбиешінің жұмысын көрсетуге дайындығына көмектеседі. Тіл дамыту жұмыстарына талдау жасау және топтық бақылаулар. Алдын – ала тақырып ойластырып, тыңдаушылар алдын – ала тыңдауға дайындалады және тәрбиешілерге нақты ұсыныс берумен аяқталады.
Топтың бақылау обьектісі болып іс - әрекеттің қандай болмасын түрі бола алады.
Педагогикалық кеңес. Бұл үнемі жұмыс істеп тұратын әдістемелік жұмыс түрі болып табылады. Педагогикалық кеңесте жаңа тақырып немесе баланың тілінің дамуы үшін арналған тақырыптар таңдап алу керек.
3 Балабақшада әдістемелік жұмыстың түрлері әртүрлі. Олардың кейбіреулері бірден бірнеше міндетті шеше білу қабілеттерін жүзеге асырады.
Әдістемелік жұмыстың бір түрі ретінде топқа келіп, тәрбиешінің тіл дамыту жұмыстарымен танысу. Әрбір топқа меңгерушінің келуі өзінің алдына мақсаты болғандығын айқындайды. Меңгеруші топқа келіп тәрбиешінің сөйлеуіне зейін қойып тыңдайды, өзінің жазбаларында тәрбиешінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап отырады. Балалармен әңгімелесу – меңгерушінің топтағы балалар тілінң даму жұмыстарының сапасын анықтау үшін жүргізіледі. Өзінің кабинетіне бірнеше балаларды шақырып, суреттер бойынша әңгіме құрастыру немесе отбасындағы жұмысы туралы сұрайды. Осы кезде балалардың дыбыстарды қалай айтатынын байқайды. Жазба материалмен жұмыстың мазмұны календарлық жоспарды тексеруден тұрады
Тәрбиешілермен жеке және топтық әңгімелесулер. Бұл әдетте жоспарланбаған жұмыс түрі болып табылады. Әңгіме арқылы меңгеруші тәрбиешімен концерт мазмұнын анықтайды. Жеке және топтық нұсқауды алдын – ала жоспарлап тақырыптарын таңдап алу керек. Тәрбиешілер балаларды әңгімелеп беруге үйрету, грамматикалық жағынан дұрыс сөйлеуге нұсқау береді. Мұндай нұсқаулар алдын – ала дайындықты талап етеді. Топтық нұсқаулар өткізгенде келесі этаптар қарастырылады:
1 Көкейкесті мәселелерді көтеру,
2 Топта мақсатты бақылаулар
3 Консултацияға арналған материалды анықтау.
4 Алғы сөзге дайындық, материалды меңгеру негізін ашып көрсету.
5 Материалды ауызша беру. Оқуды жақсы болу үшін арнайы жағдайлар жасайды.
Егерде балабақшада жылына 8 – 10 рет педагогикалық кеңес өтетін болса, оның екеуі баланың тілін дамыту әдістемесіне арналған болу керек. Оқу жылында өткен жұмыстар қорытынды жиналысында балалардың сөйлеуі талқыланады.
Педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру балабақша қызметкерлері үшін өте қажет. Меңгеруші тәрбиешілердің квалификациясын көтеру үшін бақылау жұмыстарын жүргізу керек.
Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 17, 18, 19, 22.
Қосымша әдебиеттер: 1, 18, 19.
2.3. Семинар сабақтарының қысқаша мазмұны
Тақырып №1: Тіл дамыту әдістемесі және курс міндеттері.
Сұрақтар:
Тіл дамыту әдістемесінің басты міндеті
Әдістеменің басты тараулары
Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми зерттеу әдістері
Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары
Е.И.Тихееваның тіл дамыту әдістемесіне сіңірген еңбегі
К.Д.Ушинскийдің көзқарастары
А.С.Симановичтің сабақтарды ойын түрлері арқылы өткізу туралы айтқан пікірлері
Ахмет Байтұрсыновтың көзқарастары
Тіл дамыту әдістемесінің басқа салалармен байланысы.
Тапсырма 1. Е.И.Тихееваның кітабына аннотация жазыңыз. (Аннотация – бұл кітаптың немесе мақаланың библиографиялық (600 таңбалық белгіден тұратын) қысқаша мазмұны. Оның ішіне шығарма ерекшелігі, ғылыми жанры, автор туралы қысқаша мазмұн кіреді.)
Тапсырма 2. Тіл дамыту әдістемесінің басқа салалармен байланысын схема түрінде көрсетіңіз.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12.
Әдістемелік нұсқау:
Семинар сабақтарында, дайындық үрдісінде лекциялық материалдарды және нұсқаулық әдебиеттерді қолдану қажет. Көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерден басқа ғылыми мерзімдік басылымдарға да шолу жасаған дұрыс. Балалар әдебиетін пайдалану.
Тақырып №2. Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны, міндеттері мен әдіс-тәсілдері.
Сұрақтар:
Балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі ана тілінің маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастырудағы алға қойған міндеттеріне сипаттама беріңіз
Тіл дамыту бағдарламасының жоспары мен әдіс-тәсілдері
Дидактикалық маңызы бар сабақ түрлерін атаңыз.
Модельдеу әдісін қай кезде қолданады?
Бақылау әдісінің тиімділігі
Сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қолдануға бағытталған әдіс қандай әдіске жатады?
Балалардың сөздік белсенділігін және сабақтың нәтижелілігін жоғарылататын тәсіл.
Сабаққа қойылатын талаптар.
Тапсырма 1. Сурет бойынша әңгімелеуге 2-ші сәбилер тобының балаларына арналған сұрақтар дайындаңыздар.
Тапсырма 2. Алдын-ала даярланған мәтіннің мазмұнымен танысыңыздар. Жоспарын құрыңыздар. Қай топқа оқуға болатынын, тәрбиелік мәнін анықтаңыздар.
Тапсырма 3. 2-ші сәбилер тобына сабақ конспектісін жазыңыз.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12,16,18,19
Әдістемелік нұсқау: Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі білім беру стандартымен танысу, талдау.
Тақырып №3. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.
Сұрақтар:
Байланыстырып сөйлеудің түрлері. /диалог және монолог/
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері.
Диалогтық іскерліктер тобын көрсетіңіз
Күнделікті қарым-қатынаста диалогтық сөйлеуді қалыптастырудың негізгі әдісі.
Диалогтық сөйлеуді қалыптастыру үшін қандай тәсіл қолданылады?
Диалогтық сөйлеуді дамытудың тиімді әдістері.
Серуен және бақылау кезінде қолданылатын әңгіменің тақырыптары.
Монологты сөйлеу қандай белгілермен сипатталады?
Әңгімелеу бойынша сабақтардың құрылымы.
Тіл дамыту әдістемесін сурет бойынша әңгімелеудің түрлері
Ұжымдық әңгімелеудің тиімділігі
Тапсырма 1. Диалогтық негізі бар 3 дидактикалық және 3 қимылды-қозғалыс ойын даярлау.
Тапсырма 2. Әдеби шығарманың тақырыптарын ойластырып, бір топта өткізу.
Тапсырма 3. Монологты сөйлеуді дамыту бойынша сабақ түрлеріне конспект даярлау.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,11
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына шолу жасау.
Тақырып №4 Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі
Сұрақтар:
Балалардың сөздік қорын молайту жұмысының мазмұны мен міндеттері.
Балалардың актив және пассив сөздері.
Бақылау және топ саяхаттың ролі және оларды ұйымдастыру әдістемесі
Сөздік жұмыс түсінігі және оның мәні.
Мектепке дейінгілердің сөздік қорын дамыту ерекшеліктері.
Мектепке дейінгілермен сөздік жұмысының аспектілерін көрсетіңіз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын дамытудың екі жағы.
Сөздік жұмыс мазмұнының бағыттары (В.И.Логинова)
Балабақшада сөздік жұмысы қалай жүргізіледі?
Сөздік жұмыс принциптері мен әдіс-тәсілдері.
Тапсырма 1. Әр топқа байланысты сабақ конспектілерін жазу.
Тапсырма 2.“Бір қазан сүт” халық ертегісін дайындау.
Тапсырма 3. Әр бағдарлама бойынша берілген сөздік жұмысының міндеттерін талдаңыз. Талдаудың қортындысын кестеге түсіріңіз.
Жас ерекшелігі
|
Сөздік қорды
байыту бойынша
|
Сөздік қорды
белсендіру бойынша
|
1 сәбиер тобы
|
|
|
2 сәбилер тобы
|
|
|
Естиярлар тобы
|
|
|
Ересектер тобы
|
|
|
Мектеп алды даярлық тобы
|
|
|
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,11
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып №5. Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану.
Сұрақтар:
1.Жұмбақ, мақал-мәтелдің балалар өмірінде алатын орны.
2. Шағын көлемді шығарманы балаларға қалай оқу керек?
3. Жаңылтпашты қандай мақсатта пайдаланады?
4. Тәрбиеші сәбилер тобымен „ш“, „қ“ дыбысын дұрыс дыбыстатуға жаттығу жүргізеді. Бұл сабаққа қалай даярлану керек?
5. Тәрбиеші жұмбақты қалай таңдау керек?
6. Жаңылтпашты таңдау барысында қандай ерекшеліктерді ескере білу керек?
Тапсырма 1. Балалардың жас ерекшелігіне сай жұмбақтар жазып келу.
Тапсырма 2. Балалардың жас ерекшелігіне сай жаңылтпаштар жазу.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 5,6,7
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына шолу жасау.
Тақырып №6 Көркем шығарманы кейіпкерлендіру
Сұрақтар:
Әдеби шығарма образдарын кейіпкерлендіру.
Театр түрлері: үстелде көрсетілетін театр, қуыршақ театры, көлеңке театры.
Кейіпкерлендіру дегеніміз не?
Шығарманы кейіпкерлендіру кезінде есте ұстайтын жайттар.
Тәрбиеші педагог қуыршақ театрына қоюға шығарма таңдағанда нені басшылыққа алады?
Көркем шығарманы қуыршақ театрының сахнасына қоймас бұрын не істеу керек?
Спектакльды даярлап, сахнаға қою.
Кейіпкердің үні мен сөзі.
Музыка сүйемелдеуі.
Персонаждың сыртқы кейпі.
Спектакльді балаларға көрсетуге даярлау.
Спектакльді көрсету.
Тапсырма 1. Ересектер мен даярлық топтарына бағдарламаға сүйене отырып белгілі бір ертегіге сценарий құрастырыңыздар.
Тапсырма 2. Топта „Түлкі мен қоян“ спектакльін даярлап, сахнаға қойыңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,11
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып №7 Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.
Сұрақтар:
Балаларды жан – жақты тәрбиелеудегі балалар көркем әдебиетінің маңызы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалары, негізінен 3 салаға бөлінеді. Қандай?
Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда, оқып берерде, қандай жағдайларды өте мұқият ескеру керек?
Оқылған шығарманы әңгімелеп айтуға үйрету сабағының үлгі жоспарын қалай құруға болады?
Әдеби шығарманы оқып тыңдату, әңгімелеп беру, жаттау сияқты сабақ түрлерін қандай сабақтармен байланыстыра жүргізген жөн.
Тілді жетілдіруде қандай міндеттер көзделеді?
Әдеби шығармаларды мәнерлеп оқуға үйрету жұмысында қандай жұмыстар жүзеге асырылады?
Балбақшадағы «Кітап бұрышының» маңызы.
9. Балалардың жас ерекшелігіне байланысты көркем шығармалалрды іріктеу принциптері.
Тапсырма 1. Әр топқа байланысты көркем шығармаларды іріктеу.
Тапсырма 2. Әр кім өзінің қиялы бойынша кітап бұрышын жасау.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,11
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып №8 Шағын фольклор жанры шығармаларын оқу.
Сұрақтар:
Ертегінің бала өмірінде алатын орны.
Ертегінің түрлері.
Ертегінің кейпкерлерінің жағымды, жағымсыз жақтарын көрсету ерекшеліктері.
Өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын талаптар.
Өлеңді жаттату тәсілдері.
Ертегінің өзіндік ерекшеліктері.
Өлең өлшемдері.
Өлеңнің оқылу ерекшеліктері.
Тапсырма 1. «Бағдарламаға» сәйкес әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып, әр топты көркем әдебиетпен таныстыру әдісінің спецификасын талдау.
Тапсырма 2. Өлеңді жаттау тәсілдерінің тізімін құрыңыз.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,20
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,10
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып №9. Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі.
Сұрақтар:
Дыбыстың тазалығын және мәнерлілігін қалыптастыру.
Балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі
Дыбыстық сөйлеу мәдениетін тәрбиелеудегі жұмыстардың мазмұны мен міндеттері
Дыбыстардың сөйлеу мәдениетінің жетіспеушілігі балалардың жеке басында қандай қиыншылықтар тудырады?
Дикция дегеніміз не?
Дикциямен жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда қандай топтардан басталады?
Түзету барысында тәрбиеші қандай жұмыстарды атқарады?
Балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың маңызы.
Дыбыстық сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арналған сабақтардың маңызы неде?
Тапсырма 1. «Мәдениеттілік туралы» мәдени-этикалық әңгімеге әдеби шығармалар таңдау.
Тапсырма 2. Алдын-ала даярланған мәтіннің мазмұнымен танысыңыздар. Жоспарын құрыңыздар. Қай топқа оқуға болатынын, тәрбиелік мәнін анықтаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,11
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. бағдарламаларына сүйену.
Тақырып №10. Сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру әдістемесі.
Сұрақтар:
Қарым-қатынас процесі кезіндегі тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту.
Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.
Ана тілдің грамматикалық мағыналарды үйретудің қиындығы.
Грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
Сабақтан тыс уақытта қандай әдіс-тәсілдерді қолдануға болады?
Грамматикалық дағдыларын қалыптастырудың маңызы.
Күнделікті өмірде грамматикалық дағдыларын қалыптастыру қалай жүзеге асырылады?
Тапсырма 1. Сабақтан тыс уақытта, грамматикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жұмыстың конспектісін даярлау.
Тапсырма 2. Алдын-ала даярланған мәтіннің мазмұнымен танысыңыздар. Жоспарын құрыңыздар. Қай топқа оқуға болатынын, тәрбиелік мәнін анықтаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,11
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып №11. «Мәнерлеп оқу практикумы» тіл дамыту әдістемесі курсының маңызды бөлімі.
Сұрақтар:
Мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсілі.
Әңгімелеп беретін орындаушының дауыс мақамы шығарманың мазмұнына қарай қалай өзгеріп отыру керек?
Негізгі дауыс сарыны дегеніміз не?
Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» деген өлеңі қалай оқылады?
Көркем сөз өнерінің мәні.
Қазақ халқы бала тәрбиесін күнделікті өмір тіршілігімен байланыстыра отырып нені көздеген?
Малдың ерекше қасиеттерін сипаттайтын халық өлең-жырларының тәрбиелік мәні.
Көркем шығармалардың құндылығы.
М.Етекбаевтің «Нан қайдан шығады?» деген өлеңінің мәні.
Табиғат тамашасын жазатын ақын-жазушылар балаларды неге шақырады?
Көркем сөздің күші балаларды неге жігерлендіреді?
Көркем сөз өнерінің бағыттары
Тапсырма 1. Негізгі дауыс сарынына келтіріп оқитын үлгі әңгіме құру.
Тапсырма 2. Балалардың ынта қойып тыңдайтын қазақ ертегілері: «Қотыр торғай», «Мақта қыз бен мысық», «Түлкі мен бөдене», «Ұр тоқпақ», «Кім неден күшті?» ертегілерін даярлап, топта нақышына келтіріп оқып беру.
Тапсырма 3. Бөбектерге арналған халық өлеңдерін жазу. «Бесік жыры», «Тұсау кесу жыры» т.б.
Негізгі әдебиеттер: 5,9,16,18,19,23,25
Қосымша әдебиеттер: 1,2,9,11
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларынан жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыптарды іріктеу.
Тақырып №12. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің әдіс-тәсілдері.
Сұрақтар:
Көркем туындыны оқудағы негізгі дауыс сарыны. Интонация.
Ой екпіні, кідіріс, сөйлеу қарқыны, дауыс биіктігі, күші.
Көркем сөз оқушының өзін ұстауы, тұрысы.
Мәнерлеп оқудың әдіс-тәсілдерін атаңыз.
Негізгі дауыс сарыны түсініктеме беріңіз.
Қоңыржай бір сарынмен оқылатын әңгімелерді атаңыз. Мысалға келтіріңіз.
Балаларға арналған халық ертегілерін айтқанда, дауыс сарыны көбіне қалай оқылады?
Мұңды сарынмен оқылатын шығармаларды атаңыз.
Мадақтама, мазақтама өлеңдер қалай оқылады, нені талап етеді?
Интонация жөнінде айтқан қандай ғалымдарды білесіз?
Орыс тілінің сөйлеу интонациясының теориялық негізін зерттеуші кім және интонация түрлерін қалай ажыратқан?
Интонация компоненттерін атаңыз.
Мәнерлеп оқуда не әңгімелеп беруде кідірістің өзіндік маңызы.
Психологиялық кідіріс дегеніміз не?
Дауыс күші дегеніміз не?
Тапсырма 1. Мына шығармаларды дауыстап оқығанда, дауыс күшін дұрыс анықтаңдар, соған орай оқып беріңдер.
Л.Н.Толстой. «Үш аю»
Ә.Дүйсенбиев. Шырша.
Қ.Шаңғытпаев. «Күзгі жапырақтар».
Тапсырма 2. Төмендегі шығармаларды қандай дауыс күшімен оқу керектігін айқындап алып, соған орайлас дауыстап оқыңыздар.
М.Әлімбаев «Қайда кеткен қарындаш?»
Ф.Дінисламов.Күшік пен мысық»
Қ.Ұябаев.»Бөбектер»
Тапсырма 3 «Топ қасқырмен айқасқан табын» текстісін дауыстап оқуға даярлаңыздар. Қандай кідірістер қойылатынын белгілеңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12.
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып №13. Сөйлеу техникасы, оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
Сұрақтар:
Сөйлеу мүшелері, оның дыбыстаудағы қызметі.
Тыныс алу, оның сөйлеудегі мәні. Дикция, оның маңызы.
Көркем сөз оқу өнеріндегі сөйлеу техникасының алатын орны.
Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі.
Сөйлеу аппаратына нелер жатады?
Дыбыстау мүшелеріне сипаттама беріңіз.
Жылжымалы актив мүшелеріне не жатады?
Тыныс алудың түрлеріне сипатама беріңіз.
Еріксіз және ерікті тыныс алу.
Тәрбиеші педагогтардың есте сақтайтын жайларын атаңыз
Дауыстың ерекшеленуі.
Тәрбиеші педагогтың дикциясы.
Орфоэпия оның мәнерлеп оқудағы маңызы.
Орфоэпияның практикалық маңызы.
Орфоэпияның басты ережелері, дыбыстардың айтылуы.
Тапсырма 1. «Үш дос» әңгімесін оқып мазмұнымен танысып, тыныс алу ережесін қолданып, тексті оқыңыз.
Тапсырма 2. «Жаңа жыл, армысың!» өлеңді алдымен ақырын, одан кейін орташа, ең соңында қатты дауыспен оқыңдар да, қайсысы лайық деп ойлайсыздар, анықтаңыздар.
Тапсырма 3 «Мың жасаған құзғын» мәтіннің мазмұнымен танысыңыздар. Тыныс алу ережесін, дауыс күшін, дауыс биіктігінің деңгейін сақтап, дауыстап оқып беріңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12.
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып №14. Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысына әдістемелік басшылық.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру.
Бала тілін дамыту жұмыстарын жоспарлау.
Бала тілін дамыту жұмысын жоспарлаудың принциптері.
Ана тілі және оны жоспарлау.
Бала тілінің дамуы жұмыстарында меңгерушінің алатын орны. Бала тілінің дамуына жағдайлар жасау. Әдістемелік жұмыстың түрлері.
Топтық нұсқаулар өткізгенде қандай кезеңдер қарастырылады?
Тапсырма:1. Педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында жүргізілетін іс-шара үлгісін дайындаңыздар.
Тапсырма 2. Меңгеруші тәрбиешілердің квалификациясын көтеру мақсатында жүргізетін бақылаудың үлгі формасын дайындаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12.
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
2.4. Лабораториялық сабақтың жоспары оқу жоспарында жоспарланбаған.
2.5. Оқытушылардың жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
СОӨЖ өткізу түрі: сұрақ-жауап, өздік жұмысы, топпен жұмыс.
Әдістемелік нұсқау: СОӨЖ бойынша берілген тапсырмаларды орындау барысында педагогикалық деректерді қолданыңыздар (анықтамалар, сөздіктер, газет-журналдар).
ҚР МЖЖБС 1.001-2009. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер., Ерте жастағы (1 жастан 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы, Мектепке дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа дейін) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы, «Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы, «Бастауыш мектеп», «Дошкольное воспитание», «Отбасы және балабақша» т.б. журналдардың сөйлеу мәдениеті туралы жазылған бірнеше мақаласы бойынша реферат жазу.
Тақырып СОӨЖ №1
Балабақшадағы балалардың тілін дамыту мен мектептегі қазақ тілі әдістемесі арасындағы айырмашылықпен байланыс.
Тапсырма 1. Баймуратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасына аннотация жазыңыздар.
Тапсырма 2. Мектеп жасына дейінгі балалардың даму құзіреттілігінің индикаторлар жүйесі. Әдістемелік құрал. Астана 2010ж. - 219 бет. Талдау жүргізу.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,5, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12, 16,18,19
Әдістемелік нұсқау: Мектепке дейінгі кіші балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. - Астана, 2009. Бағдарламаларына талдау жасау.
Тақырып СОӨЖ №2
Қазақ баласының ана тілінде де сауатын ашып, ары қарай қазақ тілінде оқуын жалғастыруға күш жұмсаған ағартушы қайраткер - А.Байтұрсынов.
Тапсырма 1. А.Байтұрсыновтың “Оқу құралына” аннотация жазыңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,5, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12, 16,18,19
Әдістемелік нұсқау: Балалар әдебиетін пайдалану.
Тақырып СОӨЖ №3
Ойыншықтар және заттар туралы монологты әңгімелеп айтуға оқыту бойынша сабақты талдау және жүргізу.
Тапсырма 1. Әдебиеттерден балалардың әңгімелеп айтуға стимул беруші ойын тәсілдерін көшіріп жазыңыздар.
Тапсырма 2. Т.Ткаченконың эскиз схемасын дайындаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,5, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12, 16,18,19
Әдістемелік нұсқау: Мектеп жасына дейінгі балалардың даму құзіреттілігінің индикаторлар жүйесі. Әдістемелік құралын пайдалану.
Тақырып СОӨЖ №4
Заттардың сапасы мен құрамымен таныстыру процесінде балалрдың сөздік қорларын байыту.
Тапсырма 1. Балаларды заттардың сапасы мен құрамымен таныстыру әдістемесі сабағын көрсететін кестені толтырыңыз.
Сабақ уақыты:
|
Мақсаты
|
Әдістемелік нұсқаулар
|
|
|
|
Тапсырма 2. В.В.Гербова әдістемелік нұсқауындағы сабақ конспектісін талдаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,5, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12, 16,18,19
Әдістемелік нұсқау: Мектеп жасына дейінгі балалардың даму құзіреттілігінің индикаторлар жүйесі. Әдістемелік құралын пайдалану.
Тақырып СОӨЖ №5
Жаңылтпаш айтуға төсілдіру жолдары.
Тапсырма 1.. Алдын-ала даярланған жаңылпаштардың ішінен балалардың тілін дамытуға қалай пайдалануға болатынын ойластырыңыздар, жаңылтпаш тексін түсіну үшін балаларға жетекші сұрақ даярлаңыздар.
Тапсырма 2. Естиярлар тобына жаңылтпаш құрастырыңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12.
Әдістемелік нұсқау: «Ойнайық та, ойлайық». Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың танымдық құзыреттілігін дамыту бағдарламасын пайдалану.
Тақырып СОӨЖ №6
Көркем сөз өнерінің үш бағытта дамуы :халықтың ауыз әдебиеті, жазушылардың өз шығармаларын артистердің орындауы.
Тапсырма 1..“Сауысқан, Қоян мен қасқыр“, „Қуырмаш“ жырларын жаттап алыңыздар, ауызша орындағында пайдаланатын мәнерлеу тәсілін белгілеңіздер.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,5, 8,12,16,22,23,25 31.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12, 16,18,19
Әдістемелік нұсқау: Балалар әдебиетін пайдалану.
Тақырып СОӨЖ №7
Кейіпкерлердің үні мен сөзі.
Тапсырма 1..“Адасу“ әңгімесіндегі паузаның барлық түрлерін белгілеңіздер, сөйлеу қарқынын анықтаңыздар.
Тапсырма 2. Дауыстың жоғарлату, төмендеу әуеніне екі-екіден сөйлем құраңыздар. Одан кейін сөйлемдегі дауыс сарынының жылжуын схемамен көрсетіңіздер. (Мысалы : Қорқасың ба?, Неден?, Неткен тамаша жер!) (Х. Кожахметованың „Мәнерлеп оқу“кітабынан қарау)
Негізгі әдебиеттер: 1, 2,5, 8,12,16.
Қосымша әдебиеттер: 8, 11, 12.
Әдістемелік нұсқау: Балалар әдебиетін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |