Пәннің оқу бағдарламасы – SҮllaвus


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12



жүктеу 1,14 Mb.
бет3/7
Дата14.05.2018
өлшемі1,14 Mb.
#12318
1   2   3   4   5   6   7

Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12,

Қосымша әдебиеттер: 9,10,16,19.
Дәріс тақырыбы №3. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.

Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерді түсінуден естіген дыбыс ағынын ұғудан бұрын жекелеген сөйлемдерді, сөз тіркестерін, сөздерді, үйренеді. Байланыстыра айтылған сөздерді игеру оның компоненттері, сөйлемдерді, сөздерді және т.б. мүшелерін даралап айыру қабілетін дамытпайынша мүмкін болмайды. Балалардың осы қабілетін дамытуға көмектесу және сол арқылы оның байланыстыра сөйлеуді үйренуін жеңілдету үшін дидактикалық тілді материалды әзірлеу кезінде әдетте қиындық тудыратын сөз тудыру мен грамматикалық тұлғалардың кейбір ерекшеліктерін есепке алу қажет.

Байланыстыра сөйлеудің 2 типі бар: 1 Диалогтық.

2 Монологтық.

2. Диалог дегеніміз 2 немесе одан да көп адамның әңгімесі. Балабақшада диалогтық сөйлеуді дамыту бойынша жұмыс қарым-қатынас үшін қажетті іскерлікті қалыптастыруға бағытталған.

Бірнеше диалогтық іскерліктер тобын бөліп көрсетуге болады:

1. Арнайы сөйлеу іскерліктері:

- қарым-қатынасқа түсу (таныс және таныс емес адаммен қалай және қайда әңгіме бастау керектігін білу);

- қарым-қатынасты қолдау және аяқтау (қарым-қатынас ситуациясын және жағдайын ескеру, әңгімелесушіні тыңдау және есту, өз көзқарасын дәлелдеу, өз ойын ашық ілдіру, салыстыру, мысалдар келтіру, сұрау, жауап беру, бағалау, келісу, келіспеу, логикалық байланысты айту);

- қалыпты деңгейде мәнерлі сөйлеу, диалогтың интонациясын қолдану.

2. Сөйлеу этикеті іскерлігі: (сөйлеу этикеті – бұл сөйлеу тәртібінің ережесі). Оған: танысу, амандасу, назарын аудару, шақыру, өтініш, келісу және келіспеу, кешірім, ескерту, құттықтау, алғыс білдіру, кешірім және т.б. енеді.

3. Жұппен, топпен, ұжыммен араласа білу іскерлігі.

4. Бірлескен әрекетті жоспарлау, нәтижеге жету және оны талқылау үшін, арнайы тақырыпты талқылау үшін араласа білу іскерлігі.

5. Вербалды емес іскерлігі – мимика мен жестілерді қолдануы.

Күнделікті қарым-қатынаста диалогтық сөйлеуді қалыптастырудың негізгі әдісі – тәрбиешінің балалармен әңгімесі болып табылады. Тәрбиешінің балалармен әңгімесі, егер топта жағымды атмосфера болған жағдайда дамытушылық сипатта болады. Бұл жағдайда қарым-қатынаста басты жағдай бала тұлғасын түсіну қабылдау болып табылады. Бала егер үлкендер әңгімесінен ақылдылық, қызығушылық сезінсе ғана олармен қарым-қатынасқа шын ние тімен кіріседі.

Тәрбиеші балалармен кез-келген уақытта әңгімелеседі. Тәрбиешінің сөзі әр түрлі болады: сұрақ, түсіндіру, нұсқау түрінде.

Балалармен әңгіме жеке және ұжымдық болады. Ұжымдық әңгіме үшін нағыз уақыт – серуен болып табылады. Жеке әңгіме үшін кешкіі және таңертеңгі сағаттар болып табылады.

Әңгіменің тақырыбы және мазмұны тәрбие міндетімен және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Кіші топта әңгіме балаларды қоршап тұрған заттармен байланысты: олар ойыншықтарды, транспорттарды, даланы, отбасын бақылайды. Естияр және ересек топтарда әңгіменің тақырыбы балалардың қоршаған өмірден, кітаптан, теледидардан алған тәжірибелері мен жаңа білімдері арқылы кеңейеді.

Балалардың сөйлеуіне тәрбиеші қатты әсер ететіндіктен оның сөзі балалардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.

Балабақшаға алғаш келген бала үшін кіші топта жеке әңгіме басымырақ болады. Баланы қызықтырып, өзіне қарату өте маңызды. Көңілін аударатын ойыншықтар, ашық суреттер, табиғат бұрышындағы аңдарды көрсетуді қолдану керек. Тәрбиеші балаларды ұжымға тарта отырып, үлкендерді және бірін-бірін тыңдауға үйретеді..

Ересек топта ұжымдық әңгіме басымырақ болады. Мұнда тәрбиеші балалардың сөйлеу мазмұнына олардың дұрыстығына назар аударады. Олармен көшеде не көргені, кітаптардағы әңгімелерді мазмұндай отырып, салыстырулар, әдемі сөздер қолданады. Әңгімелесу кезіндегі балардың тәртібіне қатаң талап қойылады: олар әңгімені бөлмейді, анық, асықпай, бірізді сөйлеу керек.

Диалогтық сөйлеуді қалыптастыру үшін ауызша нұсқау беру тәсілі қолданылады (кубиктерді жуу үшін тәрбиешінің көмекшісінен тряпка сұрау, көрші топқа кітапқа барып келу). Бұл тәсілдің сөйлеу этикетін игеруде маңызы зор. (Самал өтінемін Алма Мұхтаровнаға барып былай де: Алма Мұхтаровна егер сізге қиын болмаса легендегі суды ауыстырып бере аласыз ба?) үлгіні тәрбиеші ұыснады,оны балар қайталайды.

Ересек топта диалогтық сөйлеуді дамыту үшін біріккен әрекет өте маңызды. Ол балаларға диалогтық іскерлікті игерудің қажеттігін сезінуге, оны дамытуға көмектеседі.

Осымен қатар, диалогтық сөйлеуді дамытудың келесі тиімді әдісі дидактикалық, қозғалыс ойындары болып табылады.

Әңгіме – бұл алдын-ала таңдалған тақырыпқа ұйымдастырылған, дайындалған диалог және мақсатқа бағытталған талқылау.

Әңгіменің мазмұны балаларды қоршаған өмірмен: адамдар тұрмысымен, еңбегімен, қоғамдық өмірдегі жаңалықтармен, балабақшадағы балалар әрекетімен (ойын, еңбек, өзара көмек, достар) таныстыру бойынша бағдарламалық материал болып табылады.

Әңгіменің тақырыбы балалармен жүргізілетін тәрбиенің нақты міндеттерімен олардың жас ерекшеліктерімен, серуен және бақылау процесінде алынған сөздік қорларымен анықталады.

Мысал ретінде әңгіменің тақырыптары:



  1. Қоғамдық өмірдегі құбылыстарды көрсететін тақырыптар;

  2. Еңбек тақырыптары: ата-аналардың, балабақша қызметкерлерінің жұмыстары;

  3. Балалардың өз еңбектері байқалатын әңгіме;

  4. Үй шаруашылығында техниканы қолдану бойынша әңгіме;

  5. Тұрмыстық тақырыптар бойынша әңгіме: ойыншық, ыдыс-аяқ, киімдер, мектепке қажетті құрал-жабдықтар бойынша;

  6. Табиғат жайында әңгіме;

  7. Моральды-этикалық тақырыптар бойынша әңгіме.

Әңгіменің топтары, Е.А.Флерина дидактикалық міндеттерге сүйене отырып, әңгіменіңтоптарын 3-ке бөліп көрсетті. 1. Кіріспе әңгіме, әрекеттің кез-келген түріне балаларды ұйымдастыру; 2. Балалардың бақылауына және әрекетке байланысты әңгіме; 3. Қорытынды әңгіме, балалар тәжірибесын нақтылайтын және кеңейтетін.

Әңгіменің аталған түрлеріне тоқталар болсақ:



Кіріспе әңгіме, мақсаты – болатын әңгімеге қызығушылық құру және жан-жақты тәжірибесін көрсету. Мұндай әңгімебалалар тәжірибесінен шектен тыс кетпесе, қысқа, эмоционалды болса табысты болады.

Жаңа тәжірибені жинақтауға байланысты әңгіме. Ол балалар әрекеті, серуен, бақылау кезінде жүргізіледі және балалардың жалпы қызығушылықтарын біріктіреді. Мақсаты – мол және мақсатты тәжірибеге жинақтауға балалардың көңілін аудару және ынталандыру. Бұл кезде балалар еркін қозғалып, бір орыннан екінші орынға орындарын ауыстыра алады. Тәрбиеші қатаң тәртіп сақтауды, балалардан қосымша жауап алуды талап етпейді.

Қорытынды әңгіме, оны басқаша жалпылау деп атайды. Мақсаты – бақылау, серуен, әрекет процесінде алынға, балалардың тәжірибесін кеңейту, нақтылау, жүйелеу. Бұл әңгіме түрі алдыңғы екеуіне қарағанда қарым-қатынастың сұрақ-жауап формасына байланысты, диалогтық сөйлеуді дамытуға көмектеседі.

Әңгімеде білімді жүйелеу оның дұрыс құрылымына байланысты болады. Е.И.Радина әңгіменің төмендегі құрылымдық компоненттерін бөліп көрсетеді:



  • өмірлік тәжірибесіне жақын құбылыстарды еске түсіру негізінде әңгіме басында тірі образды балалардың сезінуі;

  • осы құбылыстарды әңгіме барысында талдау, қорытындылауға қажетті шынайы бөліктерді бөліп көрсету;

  • қарапайым қорытындылау.

Әңгіменің басталуы –балаларда олар көрген құбылыстар мен заттардың образдарын қайта жаңғырта алатындай образды, эмоционалды болу керек. Әңгімені әр түрлі бастауға болады: педагогтың әңгімесін еске түсіру арқылы, ойыншықты, заттарды қарап. Эмоционалды құрал негізінде сурет, жұмбақ, тақпақтар қолдануға болады. Мысалы: «Күз» - жайында әңгімені бастау үшін «Неге күзді алтын деп атайды?», «Мәдениетті тәртібі жайында» - қандай адамды мәдениетті, сыпайы деп айтуға болады.

Әңгіменің негізгі бөлімінде – құбылысты талдау барысында оның мазмұны ашылады. Педагог түсіндіреді, балалрдың жауабын қолдап, қорытындылап, қосымшалар, түзетулер енгізеді. Бұл бөлімде бірнеше логикалық аяқталған бөлімдер болады. Мысалы: «Ана жайында» әңгімеде 3 мазмұнды бөлімдерді бөлуге болады: өндірістегі ананың еңбегі, ананың үйдегі еңбегі, баласының анасына көмегі. «Мектеп жайында» әңгімеде: мектеп ғимараты және сынып, оқушылар мен мұғалімдер, мектеп құралдары, 1 қыркүйек мектепке барамыз.

Әңгіменің аяқталуы – барлық әңгіме жайында жалпы қорытынды шығарумен байланысты. Әңгіменің аяқталуы оның сипатына және мазмұнына байланысты әр түрлі болады. Егер әңгіме танымдық сипатта болса, балалар немесе тәрбиеші аяқтайды, жалпылайды. Этикалық әңгіме ережелерді орындауға байланысты аяқталады. Мысалы: «Сыпайы адамдар бірінші кіргенде барлығымен амандасып, күледі. Сыпайы балалар ешқашан бірінші болып амандасуды ұмытпайды. Осыны үнемі есте сақтаңдар». Әңгіме тақырыпқа байланысты жұмбақпен, тақпақ оқумен, мақал-мәтелмен, магнитофон тыңдаумен аяқталады.

Әдістемеде қандай топта әңгіме-сабақ өткізуге болатыны анықталады. Кіші топта тәжірибе жинақтау процесінде қолданылады. Ол ойыншықтар, суреттер көрсетумен іске асады. Естияр топта серуен және бақылау кезінде жаңа білімдер алуда қолданылады. Ересек топта әңгіменің барлық түрі қолданылады.


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12, 14.

Қосымша әдебиеттер: 8, 12,
Дәріс тақырыбы №4. Балалардың сөздік қорын молайту әдістемесі

1. Қазіргі әдістемелерде сөздік жұмыс сөздік құрамды тиімді игеруді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекет ретінде қарастырылады. Сөздік қорды дамыту сапалы сөздердің жинақталуы, оларды қоғамдық жағдайларда қолдана білуін қалыптастыру ретінде түсіндіріледі. Сөздің басты ерекшелігі оның лексикалық және грамматикалық мәндерінің бірлігі болып табылады.

Бала сөздің мәнін, ол сөз тіркестерінде, сөйлемдерде, байланысқан әңгімелеуде қолданылғанда ғана игереді. Сондықтан сөздік қорды қалыптастыру балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытумен тығыз өзара байланысан түрде жүру керек.

Балалардың лексиканы игеру ерекшеліктерін және сөйлеу табиғатын талдай келе, мектепке дейінгілермен сөздік жұмыстың екі аспектісін бөледі: 1. Ол балалардың танымдық әрекетін дамытумен байланысты және заттық байланыс пен қарым-қатынас логикасында жүзеге асады. Тіл дамыту әдістемесінде бұл аспект алдымен Е.И.Тихеева, М.М.Конина, Л.А.Пеньевская және т.б. еңбектерінде көрсетілген. 2. Сөзді лексика жүйесінің бірлігі ретінде игеру, оның басқа лексикалық бірліктермен байланыстарын білдіреді. Мұнда басты көңіл бөлінеді: балаларды көп мағыналы сөздермен таныстыру, нақты мағынасы бойынша антоним, синоним сөздерді қолдану және т.б. Бұл бағыт бойынша С.А.Сохина, О.С.Ушакова және т.б. еңбектерінде тоқталған.

Сөздік қорды дамыту – мектепке даярлаудың негізгі факторларының бірі. Жеткілікті лексикалық қорларды игермеген бала мектепте өз ойын білдіру үшін қажетті сөздерді таба алмай қиналады.

Мектепке дейінгі мекемеде сөздік жұмыстың ерекшелігі, ол балалармен жүргізілетін барлық тәрбиелік-білімділік жұмыстармен тығыз байланысты. Сөздік қорды байыту қоршаған ортамен таныстыруда, балалар әрекетінің барлық түрлерінде, күнделікті өмірде, қарым-қатынаста жүреді.

Сонымен тілдің және сөйлеудің қажетті бірлігі ретінде сөздің ролі, баланың психикалық дамуында оның мәні балабақшада балалардың тілін дамыту бойынша жалпы жұмыстар жүйесінде сөздік жұмыстың орнын анықтайды.



2. Балалардың сөздік қорын дамыту ерекшелігі жеткілікті, толық физиологияда, психологияда, психолингвистикада оқытылған.

Мектепке дейінгі жастағы бадалардың сөздік қорын дамытудың екі жағы бар: сөздік қордың сандық өсуі және оның сапалы дамуы. Қысқаша тоқталар болсақ:



Сөздің сандық өсуі: Мектепке дейінгі шақ - сөздік қорды байытудың кезеңі. Алғашқы сөзді бала 1жастың аяғында айтады. Қазіргі отандық әдістемелерде бір жасқа 10-12 сөз норма деп санайды. Бір жарым жастан кейін белсенді сөздік қордың дамуы тез жүреді, екі жастың соңында ол 300-400 сөзді құрайды, ал үш жасында 1500 сөзге жетеді. Төрт жасында сөздің саны 1900ға жетеді, Бес жасында 2000-2500, алты-жеті жасында 3500-4000 сөзге жетеді.

Сөздің сапалы дамуы: А.А.Потебняның пікірінше балалардың алғашқы сөзінің мағынасында зат, әрекет емес сезімдік образ бар деген. Бала 10-11 айында сөздің дыбыстық жағына ғана емес, оның мағынасына да сезінеді. Алғашында бала үшін сөз нақты заттық бірлік негізінде болады (Үнемі ақ доппен ойнайтын балаға, өзіне таныс ақ және таныс емес үлкен түрлі түсті допты береді. «Доп қайда» деген сұраққа бала тек ақ допты көрсетеді). Біртіндеп жалпылау қабілетінің дамуымен ол берілген категорияның барлық заттарын белгілеп, айыра бастайды.

Сөздің мәнін игеру негізінде заттың қызметтік белгісі жатыр. Балалар сөздің ауыспалы мағынасын жылдам игермейді. Алғашында негізгі мағынасын игеру жүреді. Қалай болса солай сөздің ауыспалы мағынасын қолдану балаларда таңқалушылық, келіспеушілік тудырады («Ол әтешпен ұйықтауға жатты» деген сөйлемді естігенде бала «Жоқ, ол шұқиды» деп жауап береді).

Сөздің мағыналық мазмұнын белгілеу 6-7 жаста әлем, өмір жайында жаңа білімдерді игерумен байланысты. Алғашында бала сезінбей өз тіліндегі метафоралады қолданады. Мектепке дейінгілердің сөздік қоры өздері ойлап тапқан сөздермен байиды.

3. Әдістемеде төрт негізгі міндетті бөліп көрсеткен:

1. Балалардың бұрыннан таныс емес сөздерді, олардың лексикондарына бар сөздердің жаңа мағынасын- игеруі, жаңа сөздермен сөздік қорды молайту. Сөздік қорды молайту алдымен жалпы қолданатын лексмка негізінде жүреді (заттардың, белгелердің, әрекеттің, процестің және т.б.атауы).

2. Сөздік қорды бекіту және анықтау. Балалар көп жағдайда заттың нақты атауын білмейді. Сондықтан белгілі сөзді тереңірек түсіну қажет, оларды шынайы өмір объектілерімен сәйкестілік негізінде толықтыру, жалпы қолданыстағы сөздерді қолдану іскерлігін дамыту.

3. Сөздік қоды белсендіру. Балалардың игерген сөздері екі категорияға бөлінеді: пассивті сөздік қор (бала түсінеді, байланыстырады бірвқ қолданбайтын сөздер) және белсенді (активті) сөздер (бала түсініп қана қоймай, оны белсенді, саналы түрде қоладанады). Балалармен жұмыста жаңа сөз балалардың белсенді сөздік қорына енгенін қадағалау керек. Ол оның тілінде бекітіліп, қайта жаңғыртылған кезде ғана жүреді.

4. Балалардың тілінде әдеби емес сөздерді алшақтату. (жаргондар және т.б.). Бөтен ортада болғанда жаман.

Жоғарыда аталған міндеттер өзара байланысқан және сәйкес терминологияны қолданбай-ақ практикалық деңгейде шешіледі.

Мектепке дейінгі жаста сөздік жұмыстың мазмұны сөздік қордың құрылуымен анықталады.

Алғашында балалар тұрмыстық сөздерді игереді: дене, бет бөліктерінің атаулары; ойыншық, ыдыс, жиһаз, киім, тамақ, ғимараттар атауы;



Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер: өлі табиғат құбылыстарының, өсімдік, жануарлар атауы;

Жалпы сөздер: қоғамдық өмірдегі құбылыстарды білдіретін сөздер (адамдардың еңбегі, туған жер, ұлттық мерекелер, әскер және т.б.).

Эмоционалды-бағалаулексикасы: эмоцияны, сезімді (батыр, адал, қуанышты), заттардың сапалы бағасын білдіретін сөздер(жақсы, жаман, ғажап).

Уақытты, кеңістікті, санды білдіретін сөздер.

Мектепке дейінгі әр түрлі топта сөздік жұмыс мазмұны бірнеше бағыт бойынша қиындатылады. В.И.Логинова 3 түрлі бвғытты бөліп көрсетті:



  • біртіндеп жоғарлайтын заттар мен құбылыстарды таныстыру негізінде сөздік қорды кеңейту;

  • қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайында білімдерін кеңейту негізінде сөздерді меңгеру;

  • нақты белгісі бойынша заттарды айыру және жалпылау негізінде қарапайым түсініктерді білдіретін сөздерді енгізу.

Балабақшада сөздік жұмыс алдымен аномасиологиялық аспект (объектінің атауына назар аударылады – Бұл қалай аталады?) негізінде жүргізіледі. Осымен қатар семасиологиялық аспект (назар сөздің өзіне аударылады – Мына сөз нені білдіреді?) бойынша жүргізіледі.

4. Сөздік жұмыс принциптері:

- ойлау, қабылдау, қиялдың дамуымен сөздік қорды дамытудың бірлігі;

- қоршаған ортаны белсенді тануға сүйену;

- біртіндеп дамыған балалардың ойлау әрекеттерімен, қоршаған ортаны тану мүмкіндіктерімен сөздік жұмыс мазмұнының байланыстылығы;

- байланыстырып сөйлеуінің дамуымен, сөйлеудің фонетикалық және грамматикалық қалыптасуымен өзара байланысындағы сөздік жұмыстың барлық міндеттерін шешу.



Сөздік жұмыстың әдістері мен тәсілдері:

Әдістің екі тобы бар: балалар сөзінің мазмұнын толықтыру әдісі (қоршаған әлеммен таныстыру және сөздік қорды байыту әдісі); сөздік қорды белсендіруге және бекітуге бағытталған әдістер.

Әдістердің бірінші тобына: заттарды қарау және зерттеу, бақылау, балабақша ғимаратын қарау, мақсатты саяхат, толық таныс емес суретті қарау, көркем шығарманы оқу, кино, бейнефильмдер көру енеді.

Негізінен, сөздік қорды белсендіруде басты орынды ойын алады. Сюжетті-рольдік ойындарда тұрмыстық тақырыптарда, тұрмыстық сөздер, ал өндірістік тақырыптағы ойындарда – кәсіби лексика, құрылыс ойындарында – заттардың кеңістікте орналасуын және сапасын, қасиытеін білідіретін сөздер белсендіріледі.

Сөздік жұмыс бағдарламаның басқа бөлімдері бойынша барлық сабақтарда жүргізіледі. Мысалы: бейнелеу өнері сабағында балалар заттардың, жабдықтардың, материалдардың, олардың қасиеттерінің атауын игереді.

Сонымен, сөздік қорды дамыту әрекеттің әр түрлі түрлерінде жүзеге асады.


Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12.

Қосымша әдебиеттер: 9, 10, 16, 18..
Дәріс тақырыбы №5. Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану.

Сәбилердің бірінші, екінші тобына, естиярлар, ересектер тобындағы жүргізілетін тәрбие жұмысында ұнатылып қолданылатын шығарма түрлері. Осындай тіл ширату материалды кейде зат туралы ең алғаш түсінік береді, ал кейде баланың есіне сақтауын жаттықтырады, қиялын, ойын, сөз сөйлеуін дамытады. Тексті оқуға даярлағанда, оның интонациялық мәнін талдауға және жұмыстың техникалық жағын ұйымдастыруға көңіл бөліп қана қоймай, сонымен бірге і алынып отырған жанрдың ерекшілігін тәрбие білім беру жұмысында лайықты пайдасын да ескеріп, сөйлеу ситуациясын жасау керек болады. Айталық, жұмбақ баланың сөз мағынасын ұққанын тексеруге көмегін тигізсе, мақал алғаш көріп білгенін қорытынды жасауға үйретеді. Дәл осындай жағдайда жаңылтпашты, баланы дұрыс дыбыстау мақсатында пайдалану қажет, ал санамақ ұжымдық ойынның басталуына белгі ретінде не ойын үстінде пайдаланылады.

Жұмбақты шешу үшін баланың айналадағы қоршаған өмір жайлы белгілі түсінігі, бақылауы бір затты екінші бір затпен салыстыратындай, ұқсастығы мен айырымын байқайтындай түсінігі, тәжірбиесі болуы тиіс. Сондықтан тәрбиеші жұмбақты таңдағанда, оның бала түсінігіне сай келетінін ғана алады. Жұмбақты балалардың көз алдында өтіп жататын нақты құбылыстарды байқауға жаттықтыру үшін де пайдалануға болады. Тәрбиеші жүргізілетін сабағына байланысты жұмбақты баланың жас ерекшелігіне қарай олардың түсінігіне сай таңдап алып, өзі жатқа айтып, жетекші сұрақтарын жазып қойып, содан кейін балаға жұмбақтың шешуін тапқызып, оны түсіндіруін белгілеп алулары міндет.

Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12.

Қосымша әдебиеттер: 9, 10, 16, 19.
Дәріс тақырыбы №6 Көркем шығарманы кейіпкерлендіру

Егер сөз айқын бейне беретін образдармен, музыкамен, суретпен желілісіп, сахнадағы өмір елесі баланың санасы мен сезіміне тигізер әсері мол да маңызды болмақ.

Бала сахнадағы көргенін кәдімгі адамдардың іс-әрекеті, өмірде болып жатқан шындық деп қабылдайды. Бала тез әсерленеді, еліктейді, сондықтан олар сенгіш келеді. Ал мұндай ерекшелік балаға педагогтық ықпал жасауға қолайлы, жеңіл тиеді. Балдырғандар өз сезімін ашық, тура бірден білдіреді.

Балаларға арналаған пьесалар орыс тілінде баршылық, оларды қуыршақ театрында , жасөспірімдер театр сахнасында қойып жатады.

Кейіпкерлендірілген шағын пьесаны тәрбиешілер өздері де жасауына болады.

Кейіпкерлендіру дегеніміз - әдеби шығарманы драма түріне айналдыру, өмір елесін тікелей іс-әрекет арқылы көрсету, адамдардың бір-біріне қайшы келетін мінез-құлықтарын, әрекетін диалог арқылы беру.

Шығарманы кейіпкерлендіру үшін алдын-ала ойластырып таңдау керек. Ертегі, әңгіме, өлең сюжеті іс-әрекетке толы, диалогқа бай болуы тиіс. Мысалы: Ы.Алтынсариннің „Мақта қыз бен мысық“, Қ.Бекхожинаның „Түлкі мен қоян“, „Жалқау мен шымшық“, „Бақа, бақа, балпақ“ т.б.

Кейіпкерлендіруге ең ыңғайлысы халық ертегілері. Оның көп қырлы сюжеті, айқын композициясы, диалогқа құрылуы – бәрі персонаждардың мінез-қөұлқын толық ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан ертегіге құрылған спектакльдердің образдарының бояуы қанық, өмір суреттеріне, шындыққа жанастырып беруге оңайырақ келеді.

Тәрбиеші педагог қуыршақ театрына қоюға шығарма таңдағанда ең алдымен „Балбөбек“ бағдарламасына сүйенеді. Жаңа, ең соңғы шыққан шығармалар бағдарламадағы материал толығымен өтіліп болған соң ғана пайдаланылады.

Негізгі әдебиеттер: 4, 5, 6, 7, 10, 11, 12.

Қосымша әдебиеттер: 9, 12,13,18,19
Дәріс тақырыбы №7 Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.

1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын, ой - өрісін, сөйлеу тілінің лексикалық қорын жетілдіру, эстетикалық әдебиеттің алатын орны ерекше.

Әрине мектеп жасына дейінгі балалардың әдеби шығарманы оқи алмайтыны мәлім. Оны тәрбиеші мәнерлеп оқып береді.

Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал – мәтел . жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден – ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі.

Мысалы: “Торғай”, “Бақа - бақа”, “Қарғалар”, “Санамақ”, т.б. сияқты халық өлеңдері ойнақы тілмен, қайталама сөзімен, музыкалық үнімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.

Сол сияқты “Балабақшада оқыту және тәрбиелеу программасында” 2 жастан 6 жасқа дейінгі әдеби шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен –ақ құмартып қызығады. Әдеби кейіпкерлердің ісіне сүйсінеді.

Ал, тілінің дамуы – баланың бойында қабылдау, ести білу сияқты психологиялық процестерінің бірте – бірте қалыптасуына негіз болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға оқып беретін шығармалары, негізінен 3 салаға бөлінеді.

1. Ауыз әдебиет нұсқалары.

2. Классика жазушылардың шығармалары.

3. Қазіргі жазушылардың шығармалары.

Әдеби шығармаларды оқу мен сабақты жоспарлауда оқып берерде мына жағдайларды өте мұқият ескеру керек.

1. Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие жұмысын,мақсатын мұқият ескеруі керек. Сондықтан алғашқы 3 – 4 айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби шығарманы оқып, тыңдату, көбіне ойын түрінде беріледі.

2. Ана тіліне арналған жоспар 14 – 15 күнге лайықталады. Жоспарда шығарма оқылуы керек, оған байланысты бақылау, суреттер, ойындар нақты көрсетіледі. Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді.

3. Оқылатын шығарма тәрбие жұмысының әр саласын қамтитын болсын. Мысалы: жануарлар, жыл мезгілдері, еңбек мерекелер туралы және тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулитын шығармалар.

4. Сәбилер тобында 3 – 4 жасар. Тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі қажет. Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Сәбилерге тақпақты арнайы жаттау қиын. Сондықтан тәрбиеші өзі жатқа айта отырып шығарманың қажетті шумағын ойын ретінде қайталау кезінде біртіндеп өзіне ілесіп айтуға үйретеді.

5. Көркем шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді.

Әдеби шығарма оқу, айналадағы дүниемен таныстыру, түрлі заттар мен құбылыстар жөніндегі ұғымдарын кеңейту – сөздік жүргізудің екінші бір міндеті.

Сәбилер тобында айына 3 рет көркем шығармалар оқу және әңгімелеп беру, әңгімелету жұмысы, ал айына 1 рет жаттату жұмысы жоспарланады.

Тіл дамыту сабақтарын жоспарлағанда тәрбиеші бұл шығармаларды өтілетін сабақ мазмұнына, жыл мезгіліне қарай орынды пайдалануға тиісті.

Жаққа бөліп оқыту, драмалау, сөз байлығы аз балалармен жиірек сөйлесу, тақпақ жаттауға қолданылатын ұтымды әдістер болып табылады. Экскурсия, бақылау, серуен кезінде де жаңа тақпақты оқытуға болады.


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау