- Сабақ кезеңдері:
- Психологиялық дайындық, қызығушылқты ояту кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру («Жұмбақ конверттегі» сұрақтар)
- Жаңа сабақ. Мағынаны тану кезеңі
- Есептер шығару
- Сергіту
- Шығармашылық жұмыс
- Ой-толғаныс кезеңі. «Венн диаграммасы» стратегиясы бойынша жұмыс
- Үйге тапсырма беру
- Бағалау
- «Жұмбақ конверт» сұрақтары:
- Күш қандай шама?
- Күштің қандай түрлері бар?
- Паскаль заңы?
- Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі?
- Төменде айтылған мағлұматтардағы «күш» деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болдаы немесе жұмыс деген сөзді басқаша қалай айтады? Осы ұғымдарға қатысты қандай мақал білеміз?
- «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
- «Ердің жұмсаған күшін сұрама, бітірген ісін сұра»
- Қандайда бір тұрақты F күш түсірілген дене түзу сызық бойымен s қашықтыққа орын ауыстырсын делік. Сонда:
- 1) егерде дене қоғалысының бағыты түсірілген күштің бағытымен сәйкес болса, онда бұл күш жүрілген жол мен күштің көбейтіндісіне тең оң жұмыс жасайды
- 2) егерде дене қозғалысының бағыты күш бағытына қарама-қарсы болса , онда осы күш жүрілген жол мен күштің көбейтіндісіне тең “минус” таңбасымен алынған теріс жұмыс істейді:
- Күш пен әрекет етуші күштің бағымымен жүрілген жол неғұрлым көп болса, осы күшпен істелетін жұмыс солғұрлым көп болатынын көрсетеді.
- Жұмыс істеліну үшін үш шарт орындалуы қажет:
- а) денеге қандай да бір күш түсуі тиіс;
- б) дене қозғалуы тиіс;
- в) қозғалыс бағыты күш әрекетінің бағытына қатысты перпендукляр болмауы тиіс. Егерде осы шарттардың бірі орындалмаса, онда жұмыс нөлге тең болады.
- СИ жүйесінде жұмыстың бірлігі джоуль (1 Дж) болып саналады.
- 1 Дж — бұл 1 Н күштің осы әрекет етуші күштің бағытымен 1 м жолда істеген жұмысы. Бұл бірлік ағылшын ғалымы Дж. Джоульдің (1818—1889) құрметіне аталған.
- 1 Дж = 1· Нм.
- Сондай-ақ килоджоуль мен миллиджоуль да жиі қолданылады:
- 1 кДж = 1000Дж, 1 мДж = 0,001 Дж.
- Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды. Мысалы, Қарағанды шахталарында 1940-1950 жылдары көмір комбайндарын дүние жүзінде бірінші болып қолдана бастады. Бұл еңбек өнімділігін ерен арттыруға игі әсерін тигізді. Өйткені, бір жұмысшының бірнеше сағат бойы қол еңбегімен істеген жұмысын көмір комбайны тез арада орындап шығады. Сондай-ақ нақты бір жұмысты жұмысшыдан гөрі көтергіш кран тезірек орындаса, сол жұмысты трактор атқа қарағанда жылдамырақ атқарады. Бұдан жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындады.
- Техникада жұмыстың тездігі «қуат» деп аталатын ерекше шамамен сипатталады. Қуат уақыт бірлігінде (СИ жүйесінде – 1 сек-та) қандай жұмыс істелінетіндігін көрсетеді. Егерде, мысалы, 2 сек-та 6 Дж жұмыс істелінсе, онда 1 сек-та 2 есе аз жұмыс істелінеді. 6 Дж-ды 2 сек-қа бөліп 3 Дж/сек-ты аламыз. Осы қуат болып саналады.
- Сонымен, қуатты табу үшін жұмысты осы істелген жұмысқа кеткен уақытқа бөлу керек:
-
- Мұндағы N-қуат,
- A-жұмыс,
- t-жұмыс істелген уақыт.
- Қарапайым тілмен айтқанда қуат деп жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасын айтады.
- Тұрмыста да, техникада да орташа қуат деген ұғым жиі қолднылады. Оның себебі: әр түрлі қозғалтқыштарды айтпағанның өзінде, тіпті, әрбір адамның өзі бір жұмысты әр түрлі уақытта орындайды. Егер әрбір секунд сайын шамасы бірдей жұмыс істелетін болса, онда қуат тұрақты болып қалар еді. Ал өмірде ондай жағдай кездесе бермейді. Сондықтан көп жағдайда A/t орташа қуатты білдіреді.
- СИ жүйесінде қуат бірлігі ватт (1 Вт) болып саналады. 1 Вт – бұл 1 сек.-та 1 Дж жұмыс істелінетін қуат:
- 1 Вт =1 Дж/с.
- Бұл бірлік алғашқы бу машинасын құрастырған ағылшын өнертапқышы
- Дж. Ватт (Уатт) (1736—1819) құрметіне осылай аталған.
- Техникада қуаттың тым ірі бірлігі – киловатт пен мегаватт қолданылады:
- 1 кВт =1000 Вт, 1 МВт =1000 000 Вт.
- Сергіту
- Шығармашылық жұмыс: ортаға оқушыны шығарып, оған 8 кг гантельді белгілі уақыт ішінде белгілі биіктікке көтерген кездегі қандай орташа қуат өндірілетінін есептеу тапсырылады. Барлық керекті деректерді оқушылар өздері көре отырып тағайындайды.
- Үйге тапсырма: §51-52. Қуат. 28-жаттығу (1),29-жаттығу (2)
Достарыңызбен бөлісу: |