19. 04. 2016 ж
|
8- сынып. Қазақ әдебиеті
Қысқа мерзімді жоспар
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Д. Исабеков «Әпке» драмасы (2-сабақ)
|
Сілтеме:
|
Қазақ әдебиеті оқулығы «Арман-ПВ» баспасы
Қ. Әбдезұлы, Г.Д. Рыскелдиева, С. Ч. Тұрсынғалиева
|
Жалпы мақсаты:
|
Жазушының шығармашылық жолы туралы мәлімет беру. Драмалық шығарма туралы түсінік қалыптастыру. Шығарма мазмұнын, кейіпкерлері мен композициясына талдау жасау іскерліктерін дамыту. Шығарма тақырыбы мен идеясын анықтау. Өзіндік пікір мен көзқарастарын қалыптастыру. Оқушылардың талдау жасау, сын тұрғысынан және креативті ойлау қабілеттерін ашу.
|
Оқу нәтижесі:
|
Жазушының шығармашылық жолы және драмалық шығарма жөнінде мәлімет алады. Шығарма мазмұнын меңгереді. Шығарма идеясы арқылы дүниеде ана болмысын ешкім айырбастай алмайтын құбылыс екенін ұғынады. Өзіндік пікір айтуға, ойын жеткізуге дағдыланады.
|
Түйінді идеялар:
|
Ата-ана, отбасы, парыз, бауыр
|
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
|
Диалогты оқыту: сұрақ қою, жеке, топтық жұмыс, СТО стратегиялары.
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс
Жас ерекшелігіне сай оқыту
«Бәйтерек» әдісі, «Бетпе-бет» әдісі, «Кезбе тілші» әдісі.
|
Ресурстар
|
Жазушының шығармалар жинағы, портреті. Тірек сөздер жазылған қағаздар, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, стикер, бағалау парақтары т.б.
|
Сабақ жоспары:
|
І.Ұйымдастыру . Топқа бөлу. Мақсат қою. Сабақ критерийін анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Сабақтың барысы: Блум таксономиясы бойынша
ІҮ. Рефлексия
Ү. Үйге тапсырма
|
Сабақ барысы
|
Білу
|
Шығармашылық жұмыс. «Ата-ана алдындағы борышым»
«Бәйтерек» әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындылау
|
Түсіну
|
Ашық сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеру
1.Жазушының өмірімен танысу.
«Бетпе-бет» әдісі. Сынып 3 топқа бөлінеді. 1 оқушы жүргізуші сайланады. 3 топтан 3 оқушыны «Бетпе-бет» студиясына шақырамыз. 3 топтың оқушылары өзге топтан келген қонаққа алма-кезек сұрақ қояды. Ал жауаптарын жүргізуші бағалап отырады. Ойын соңында жинаған ұпайы бойынша ойын жеңімпазы және жеңімпаз топ анықталады. Ең жақсы сұрақ қойған оқушылар да анықталып бағаланады.
Сұрақта оқушылар Д. Исабековтың өмірі мен шығармашылығы бойынша қояды.
2.Драмалық шығарма туралы түсінік беріледі.
Драма
Трагедия трагикомедия комедия
|
Қолдану
|
«Әпке» драмасын рөлдерге бөліп оқу.
Бірінші акт.
Қатысушылар: Қамажай, Омар – інісі, Тимур – інісі, Ермек – інісі, Нәзила – сіңлісі, Гауһар – Нәзиланың құрбысы, Кәмила – Тимурдың сүйген қызы, кейіннен әйелі, Сұлтан – Тимурдың досы, Светлана, Сұлухан – Сұлтанның қасындағы қыз, Қабен, Көрші әйел.
|
Талдау
|
Топтық жұмыс
1.Бірінші актта қандай оқиға өрбиді?
2.Кейіпкерлеріне талдау жасау, бейнесін ашу
Сөзмаржан. Сөздікпен жұмыс.
Маркизет – жұқа бағалы кездеме
Прогрес – өрлеу, іргерілеу
Деликатес – таңдаулы тағам
Эффект – нәтиже, салдар
Объективті – шындық көзқарас
Субъективті – қоғамдық өмірдегі заңдылықты жоққа шығаратын көзқарас
|
Жинақтау
|
«Кезбе тілші» әдісі
Бұл шығарма драмалық шығарманың қай түріне жатады? Неліктен олай ойлайсыңдар? Пікірлеріңді дәлелдеңдер.
|
Бағалау
|
Қорытынды жасау.
|
Үйге тапсырма:
|
«Әпке» драмасы
|