Есімді оқыту әдістемесі Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы тп-18-2к1



жүктеу 39,25 Kb.
Дата31.01.2022
өлшемі39,25 Kb.
#37295
13 апта срс Бектасова Б ТП-18-2к1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»



«ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ФАКУЛЬТЕТІ

«ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Баяндама

Тақырыбы: Сан есімді оқыту әдістемесі


Орындаған: Бектасова Балнұр Мұратқызы

ТП-18-2к1

Қабылдаған: Нурбекова Аида Муратбековна
Сан есімді оқыту әдістемесі

Қоршаған заттардың, заттық атаулардың сандық ұғымын, сан мөлшерін таныту процесінде балалардың ойлау қабілеті жетілдіріледі. Оқушылар заттар арасындағы сан мөлшерлік қатынастарды айырып, зат пен сан атаулыларының байланыстылығын түсінеді. Балалар сан есімді оқу арқылы өздері күнделікті өмірде көріп, ұстап, пайдаланып жүрген заттардың есебін, сол сандар арасындағы мағыналық қатынастарды табады. Зат саны,заттың саны мәні сұрақ қою арқылы анықталатынын ұғынады. Сан есімдерге, көбінесе Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтардың қойылатынын біліп оларға сұрақ қою тәсілін үйренеді. Сан есімдердің жазылу емлесін де практикалық жолмен меңгерді.

Бағдарлама бойынша сан есім тақырыбы 6-7 сыныптардың бәрінде де оқытылады. Үшінші сыныпта заттың санын білдіретін сөздер деп аталып, ал, алтыншы сыныпта грамматикалық термині бойынша «Сан есім» сөз табы ретінде қарастырылады. Екінші сыныпта заттың санын білдіретін сөздер туралы бастапқы ұғым беріледі. Оларға Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтардың қойылатыны үйретіледі. Алтыншы сыныптан сан есімнің мағынасы, есептік және реттік сан есімдер, реттік сан есімнің жасалу жолдары Қанша? Неше? Нешінші? түрінде қойылатын сұрақтар меңгертіледі. Алтыншы сыныпта сан есім туралы жалпы түсінік, оның анықтамасы, дара және күрделі сан есімдер: күрделі сан есімдер мен қосымша сан есімдердің жазылуы, сан есімдердің сөйлемдегі сөздермен байланысты оқытылып, меңгеріледі.

Сан есім мағынасын таныстырғанда оның затқа байланысы ғана қолданылатынын ұғындыруға, 7-9 сыныптарда да ерекше мән беріледі. Оқушылар белгілі бір заттың саны екендігін тану үшін қолданылатын сөздердің сан есім деп аталатынын түсінуі тиіс. Оның санауға тиісті заттардың дәл санын, сан мөлшерін білу керек болғанда ғана зат есімге тікелей байланысты қалыпта айтылатыны ұғындырылады. Демек, ешқандай саналатын зат болмаса, сан есім де өздігінен жеке дара айтылмайтыны әбден түсіндіріледі.Мысалы, «Мұрат біраз кітап сатып алды» - деген сөйлемде сатып алынған кітаптың біреу емес, біршама көп екені аңғарылады, бірақ кітаптың нақтылы саны белгісіз болып тұр, осыдан алынған кітаптың санын білдірудің керектігі сезіледі. Ол санды анықтау үшін «Қанша кітап сатып алды?» деген түрде сұрақ қойылады. Алайда мұндай сұраққа жоғарыда «біраз» сөзі айқын жауап бола алмайды. Сондықтан «біраз» сөзі сан есімге жатпайтыны белгілі болады. Енді осы сөйлемдегі «біраз» сөзінің орнына «бес» сөзін қойып “Мұрат бес кітап сатып алды» десек, оның қанша сұрағына дәл жауап беретіні кітаптың нақты санын білідіретін мағынасы бар сөз екені айқын танылады. Осындай заттың санын білдіретін, қанша? Деген сұраққа жауап беретін сөзді сан есім деп саналы түрде оқушылар түсінеді. Осылайша жеңіл мысал талдата келіп, қорытынды жасалады, анықтама шығарылады.

2 сыныпта берілген осы бастапқы ұғым келесі сыныптарда да сан есім мағынасы жөнінде толығырақ білім беруге берік негіз жасайды. Сөйлемге керекті сөзді ендіруге де, немесе сөйлемнен іздестірілетін сөзді дұрыс тану үшін де сұрақ қоюдың зор маңызы бар. Сондықтан 2 сыныптан-ақ оқушылар сан есімін өткенде Қанша? Неше? деген сұрақ тарды дұрыс пайдалана білуге үйретіледі.

Оқулықта бір таңбалы, екі таңбалы сандар цифрмен берілген. Оларды сөзбен жазу талаптары қойылады. Сонда бір таңбалы сан бір сөзбен, екі таңбалы сан екі сөзбен және әр сөз бір-біріне қосылмай бөлек жазылатын емлелері үйретіледі.

Екі таңбалы санды үйреткенде, оларды күрделі сан деген ұғыммен таныту талабы алға қойылмайды. Сол математикада алған түсініктерін пайдаланып (пәнаралық байланыс ретінде) бір таңбалы сан, екі таңбалы сан деген ұғым бойынша білім беріледі, сөйтіп сан екі таңбалы болғанда да, кәдімгі бір таңбалы сандар секілді, бір сан ретінде тиісті заттың санын, сан ретін білдіретіндігі тұрғысынан білім беріледі, жазу емлесі бойынша жаттығу жұмыстары орындалады.

Мұғалімдер сан есімді түсіндіргенде көбіне өзі дайындаған көрнекі құралдарды пайдаланады.Осылайша практикалық жолмен алғашқы ұғым берілгеннен кейін, оқулықпен жұмыс жасауға, оқулық анықтамасын оқып үйренуге көшеді. Кейбір тапсырмаларды балалардың өздігінен оқып түсінуіне, өз күшімен орындауға ұсынады. Сөйтіп сабақты ұйымдастырудың қолайлы жолдары ойластырылады. Сабақтың дидактикалық маиериалдарын (сурет, сөйлем құрау, карточкалар қолдану т.б. мұғалім толықтырып отырады.

6 сыныпта оқушылар есептік сан мен реттік санның мағыналық айырмашылығы, реттік санның сұрағы мен оны жасайтын жұрнақтарды, олардың есептік санға жалғану тәртібі мен жазылу емлесін үйренеді. Сондай ақ реттік санның цифрмен жазылғанда дефис қойылатын ережесін меңгереді. Жаттығу жұмыстарында есептік,реттік сандарды анықтап, оларды бір- бірімен айналдырады.

7 сыныптарда жаңа материал есебінде дара, күрделі сан туралы мағлұмат беріледі. Күрделі сан есімдердің әрбір сөзі бөлек жазылатынын білумен қатар қосарлы сан есімдердің жазылу емлесі де меңгертіледі.Қосарлы сан есімді сөзбен немесе цифрмен, керісінше цифрді сөзбен жазып, оқушылар жаттығады.

Сан есімнің жазылу емлесін үйреткенде, төмендегідей жинақ таблица жасап пайдалануға болады.


Есептік

сан


Жұрнақ

Реттік сан

Цифрмен

жазылуы


Он (сынып)

Бес (үй)


Алты (орын)

Жеті


(қатар)

ыншы

інші


ншы

нші


оныншы сынып

бесінші үй

алтыншы орын жетінші қатар


10-сынып

5-үй


6-орын

7-қатар




Дара сан

Күрделі

сан


Қосарлы

сан


Цифрмен жазылуы

Сөз тіркесі

Жеті.

Сегіз


Жетпіс

сегіз


Жеті-сегіз

7-8

сиыр


Он бірінші

ауыл


Елу.

Алпыс


Елу алты

Елу-

алпыс


50-60

сом


Жүз он бес қой

7 сыныпта реттік санның жасалу жолын, оны цифрмен жазғанда дефис қойылатыны түсіндіріледі. Жыл, ай, күн реттерін білдіретін реттік сан есімдер цифрмен жазылғанда, дефис қойылмайтыны көп жаттықтыру арқылы меңгеріледі.


Әдебиеттер:


  1. Аксенова А.К. «Методика обучения русскому языку в коррекционной школе», М., 2004

  2. Барская Н.М. «Методика обучения русскому языку в 5-9 классах вспомогательной школы. М., 19923.

  3. Рахметова С.Р. «Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы» Алматы, 2007.

  4. Арнайы білім беру бағдарламасы : қазақ тілі бөлімі. «ӘБЕО орталығы», 2009.

жүктеу 39,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау