84
6. КƏСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН
ЖОСПАРЛАУ
6.1. Жоспарлаудың функциялары мен нысандары, оны ұйымдастыр
қағидалары
Жоспарлаудың мəні, функциялары мен нысандары. Жоспарлау –
менеджменттің немесе кəсіпорынды басқарудың, оны дамытудың стратегиялық
жəне тактикалық мақсаттарын жүзеге асыратын оған негіз қалауышы функция.
Жоспарлау ұйымның өз экономикалық дамуының қандай сатысында
екендігін, қандай қорлары мен мүмкіндіктерге ие болатындығын жəне
болашақта қойылған мақсатқа жетуге қандай əрекеттер септігін тигізетіндігін
анықтайды.
Кəсіпорынның стратегиялық мақсаттары, стратегиялық жоспарлаудың
негізін құрайды жəне мына стратегияларды бейнелейді: маркетинг,
экономикалық, əлеуметтік жəне ғылыми-техникалық даму; өндіру; қаржы;
менеджмент жəне кəсіпорын қызметінің басқа салалары.
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлаудың негізгі міндеттері
ретінде шаруашылық жүйе (кəсіпорынның) мен оған қатысты ортаның
қайсыбір қалаулы жағдайы жəне оған қол жеткізуге қажет жүйенің барлық
əрекеттерін
бағдарлау тұрғысынан, болашақ өзгерістерін үлгілеу.
Кəсіпорындарда жоспарлау қажеттігі мына жағдайлармен анықталады:
жоспарлау менеджерлер үшін ұйым қызметінің ақырғы міндеттерін
айқындайды;
болашақ қолайлы жағдайларды пайдалануға дайындық мүмкіндіг3;
түрлі мəселелер туыңдаған жағдайда, тезірек бейімделуге мүмкіндік
береді;
менеджерлерді стратегиялық шешімдер қабылдауға жəне оларды
болашақ жұмыста жүзеге
асыруға ынталандырады;
ұйым ішіндегі əрекеттердің бағдарын жақсартады;
менеджерлер біліктігін арттыруға арналған
алғышарттарды тудырады;
қажет ақпаратты қамтамасыз етудең фирма мүмкіндіктерін арттырады;
қорлардың неғұрлым ұтымды
бөлінуіне септігін тигізеді;
ұйым ішінде тиімді бақылауға қажет жағдай тудырады.
Қазақстан экономикасында бүгінде жоспарлаудың шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің екі ірі түрін бөліп көрсетуге болады.
1.
Шамамен жақын арада құрылған жеке фирмалар. Фирманың өсуі
мен оның ішкі құрылымының күрделенуі, жоспарлау жүйесін қалыптастыру
қажеттілігіне алып келеді. Қызмет түрлерін, қаржыландыру көздерін,
технологиялық қорлардың, т.б. түрлерін алдын ала анықтамастан жедел
басқару, менеджерлер үшін тым ауыр, əрі тиімсіз.
2.
Мемлекеттік жəне бұрын мемлекеттік болған, бүгінде
жекешелендірілген кəсіпорындар. Кəсіпорындардың бұл түріне көбіне
геологиялық барлау ұйымдары да жатады. Олар үшін жоспарлау функциясы,
85
дəстүрлі болып саналады. Дегенмен, олардың жоспарлары іс жүзінде салалық
бағдарламаларды дамыту мақсатында құрылған. Демек, құрастырушыдан
жеке ұйымды дамыту мақсаттарын күрделі талдауды талап етпеген. Осыған
байланысты, бірінші
топ
ұйымдары
тəрізді, мемлекеттік
жəне
жекешелендірілген кəсіпорындарға, нарықтық экономикадағы фирманың ішкі
жоспарлау тəсілдерін меңгеріп, жетілдіру қажет.
Өкінішке орай, өтпелі кезең мəселелеріне байланысты, Қазақстан
нарығының жетілмегендігі, отандық жағдайда формальды жоспарлаудың
қолданылуын шектейді. Бұл шектеудің негізгі себептеріне төмендегілерді
жатқызуға болады:
ең алдымен, елдегі саяси жəне экономикалық өзгерістердің болжамсыз
сипатымен байланысты шаруашылық қызмет нəтижелерінің жоғары белгісіздік
дəрежесі;
отандық шаруашылық ұйымдарындағы капитал жинақталуының төмен
деңгейі;
соның салдарынаң ретінде, жоспарлау қызметін тиімді ұйымдастыруға
қажет
қаражаттардың жетіспеушілігі;
кəсіпкерлердің əрекеттерін реттеп отыратын тиімді заң нормаларының
жəне нарықтық қатынас мəдениетінің болмауы.
Белгісіздікпен шартталған тəуекелді азайту жəне сол арқылы
жоспарлаудың дəлдігін арттыру үшін, кəсіпорын түрлі əдістерді қолданады.
Олардың ішіндегі негізгілері:
тігінен интеграциялау, яғни, жабдықтаушы фирмалар мен
тұтынушыфирмаларды біріктіру немесе бір-бірін басып алу;
нарықты монополизациялау, маркетингтік зерттеулерді белсендендіру
жəне сұранысқа ықпал етудің басқа да тəсілдері;
мəмілелік қатынастар жасау немесе өзара сенімге негізделген
кəсіпкерлік одақтар қалыптастыру.
6.2 Жоспарлау қағидалары, сатылары мен əдістері
Тиімді жоспарлау бірқатар қағидаларға негізделуі тиіс. Бұл қағидалар
жоспарлы қызметтің сипаты мен мазмұнын: кешенділігін, жүйелігін,
үздіксіздігін, жоспарлау иілімдігі мен қатысу қағидасын анықтайды.
І. Жоспарлаудың кешенділігі. Бұл жерде оның кəсіпорын қызметінің
барлық болжамды салаларын қамтуы тиіс екендігі меңзеледі.
ІІ. Жоспарлаудың жүйелігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің
барлық элементтері үшін жоспарлы қызмет бағыттарының бірлігін білдіреді.
Оны былайша елестетуге болады: барлық құрылымдық бөлімшелер өз
қызметін, ұйымның жалпы мақсаттары мен стратегияларына негізделе отырып,
жоспарлауы тиіс. Бұл жағдайда, олардың жоспарлары бөлімшелер
иерархиясына сəйкес, бірыңғай жүйеге бірігуі керек. Яғни, бір бөлімше
жоспарындағы қандай да өзгерістер қатар бөлімшелердің жоспарларында да
көрініс табуы қажет.