74
Инвестициялық институтарға келесі заңды тұлғалар жатады:
•
қаржы брокерлері —клиенттің атынан, тапсырмасымен жəне қаражаты
есебінен құнды қағаздарды сату-сатып алу операцияларын орындайтын
заңды
тұлғалар;
•
инвестициялық кеңесшілер — құнды қағаздардың шығалымы жəне
айналысына қатысты консультацияларды жүзеге
асыратын заңды тұлғалар;
•
инвестициялық
компаниялар
— құнды
қағаздар
нарығындағы
операцияларды өз қаражаты есебінен, оның ішінде олардың бағасын
белгілеуді
жүзеге
асыратын, құнды
қағаздардың
шығарылуын
ұйымдастыратын жəне ол бойынша кепілгер болып əрекет ететін заңды
тұлғалар;
•
инвестициялық қорлар — меншікті акцияларын шығару жолымен
инвесторлардың ақшалай қаражатын жұмылдыратын жəне оларды өз
атынан
банк шоттарына салатын, басқа компаниялардың құнды қағаздарын
сатып алу үшін жұмсайтын заңды тұлғалар.
Инвестициялық компаниялардың құнды қағаздар нарығындағы қызмет
саласы айтарлықтай кең. Бұл инвестициялар да (оның ішінде құнды қағаздарға
қаржы жұмсау, еншілес кəсіпорындарды құру, инвестициялық жобаларды
қаржыландыру), басқа заңды тұлғаларға құнды қағаздарды орналастыруды
ұйымдастыруда көмек көрсету де (орналастыру бойынша кепілдіктер беруге
дейін), дилерлік
қызмет те, жəне т. б.
Эмитенттің құнды қағаздар нарығындағы мақсаты – өз бағдарламаларын
қаржыландыру үшін бос ақшалай қаражатты жұмылдыру. Инвестор келесі
мақсаттарды көздейді:
• инвестициялардың қауіпсіздігі;
• инвестициялардың табыстылығы;
• инвестициялардың өтімділігі.
Құнды қағаздар иесінің ауысуы, қағида бойынша, қор нарығындағы
делдалдар арқылы жүзеге асырылады. Құнды қағаздар құрылымындағы ерекше
орынды өзі не эмитенттер (меншікті акцияларды алмағанда), не инвесторлар
болып табылмайтын қор биржалары алады.
Қор биржасы — мақсатына құнды
қағаздарға қатысты сұраныс пен ұсынысты шоғырлау жəне олардың нарықтық
құнын белгілеу кіретін ұйым. Қор биржаларына ірі жəне сенімді эмитенттердің
құнды қағаздары жіберіледі. Ол үшін қор биржаларында листинг жəне
делистинг рəсімдері енгізілген. Олар қор биржасы компанияның құнды
қағаздарын баға белгілеуге жіберу үшін өз ережелерін орнататындығында
жатыр.
Баға белгілеу ұғымына төмендегілер кіреді:
• баға, бағам;
• биржалық бағаны, бағамды
белгілеу;
• құнды
қағаздардың биржада айналуы;
• құнды қағаздардың, валютаның, тауарлардың биржалық бағамдары
жөнінде ресми мəлімет.
Брокерлік жəне дилерлік қызмет ұсынатын делдал ұйымдар қызметі құнды
қағаздар нарығының қызмет етуінде маңызды рөл атқарады.
Брокер — бұл
76
5 БӨЛІМ. КƏСІПОРЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
5.1 Өндірістік үдерісті ұйымдастыру жөнінде түсінік
Өндірісті ұйымдастыру — өндіріс барысында жұмыс ітейін адамдар мен
заттай элементтердің кеңістікте жəне уақытта үйлесуін оңтайландыруға
бағытталған шаралар жүйесі. Өндірістік үдерісті ұйымдастыру деп, тиімді
ақырғы нəтижеге жету мақсатында өндіріс элементтерін іріктеу жəне оларды
кеңістік пен уақытта байланыстыру əдістерін түсінеді. Өндірістік үдерісті
(өнімді дайындауды) ұйымдастыру негізінде үздіксіздік, пропорционалдық,
параллельдік, тікелей дəлдік, ырғақтылық, икемділік, мамандандыру жəне т. б.
қағидалары жатыр.
Үздіксіздік. Үздіксіздік қағидасы еңбек затының өңдеу барысында болу
уақытын арттыруды, оның дайындау үдерісінің жаңадан басталуын күтіп,
қозғалыссыз тұру уақытын азайтуды, жанды еңбек пен еңбек құралдарын
қолданудағы үзілістерді қысқартуды көздейді. Өндірістік үдерістің үздіксіздік
қағидасы – «машиналық өндірісті ұйымдастырудың маңызды қағидасы»
- еңбек
затының өндімді дайындау барысында болуы үздіксіздігімен жəне еңбек
құралдары мен жұмыс күшін қолданудағы үздіксіздікпен айқындалады.
Өндірістік үдерістің үздіксіздігін сипаттайтын көрсеткіш, —
өндірістік циклдің
тығыздық коэффициенті (К
т.
):Кт = Т техн.ц/Т өнд. ц,
мұндағы
Т
техн. ц
— технологиялық циклдің ұзақтығы;
Т
өнд.ц
— өндірістік циклдің
ұзақтығы.
Кт мəні мүмкіндігінше бірге жақын болуы тиіс, бұл
(К
т
→1) өндірістік
үдерістің тиімділігін (оңтайлылығын) айғақтайды. Егер Ттехн.ц = Төнд.ц болса,
онда
К
Т
бірге тең болады.
Пропорционалдық. Пропорционалдық қағидасы кəсіпорынның бір-бірімен
өзара байланысты барлық бөлімшелері, жабдықтар топтары, жұмыс орындары
үшін белгілі бір уақыт мерзімі ішінде орындалатын жұмыс көлемінің немесе
өнім шығарылымының салыстырмалы түрде тең болуын, сондай-ақ жабдық
жұмысының уақыт қорының жəне өндірістік бағдарламаның жұмысшы еңбек
сыйымдылығының сəйкестігін талап етеді. Пропорционалдық көрсеткіштерінің
бірі
түйіндестік коэффициенті (К
т
):К
т
=
М
1
/(М
2
х
ү
у
),
мұндағы
М
1
жəне
М
2
— түйіндестік коэффициенті олар үшін қабылданған
өлшем бірліктерінде анықталатын цехтердің, учаскелердің жəне агрегаттардың
қуаты;
Р
у
— бірінші цех өнімінің екінші цех өнімінің өндірісі үшін үлестік
шығыны.
Параллельдік. Параллельдік өндірістің жеке бөліктерін бір уақытта
орындаудан, технологиялық операцияларды жұмыс орнында шоғырландырудан
жəне негізгі жəне қосымша операцияларды орындау уақыты бойы үйлестіруден
тұрады.
Тікелей дəлдік. Тікелей дəлдік өндіріс барысында еңбек заттарының барынша
қысқа қозғалыс қашықтығын қамтамасыз етеді. Тікелей дəлдік көрсеткіштерінің
бірі
тікелей дəлдік коэффициенті (Ктд) болып табылады: