Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет37/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85

106
Бизнес-жоспардың  құрамы, құрылымы  мен  көлемі, жоспарланатын
нысананың  сипаты, жоспардың  құрылу  мақсаты, салалық  қатыстылығының
құрылымы  жəне  кəсіпорын  қызметінің  түрімен, кəсіпорын  көлемдері, т.б.
анықталады.
Геологиялық  барлау  саласындағы  бизнес-жоспарлар  ПҚКО  меңгерудің
инвестициялық  жобаларын  бағалау  үшін, сондай-ақ  ағымдағы  жəне  орта
мерзімді жоспарлаудың негізгі əдісі ретінде құрылады.
Аталған  міндеттерді  шешуде, бизнес-жоспарларды  құрудың  өзіндік
ерекшелігі  бар. Бірінші  жағдайда, бизнес-жоспар – бұл  жобаның  өмірлік
айналымының  үш  фазасын: жоба  алды, инвестициялық  жəне  өндірістік
фазаларын  қамтитын  инвестициялық  жобалаудың  негізгі  құралы. Инвестиция
алды  фазасында  бизнес-жоспар  құру  барысында, ПҚКО  немесе  геологиялық
денелерді  меңгерудің  болашақ  жобасының  мүмкіндіктері  зерттеліп  жəне
инвестициялау  туралы  шешім  қабылданады. Өндірістік  фаза  жобаны
эксплуатациялау  фазасы  ретінде  қарастырылады. Сөйтіп, ПҚКО  меңгерудің
бизнес-жоспары – бұл  сəйкес  жобаны  əзірлеудің  инвестициялық  фазасы
барысында  жүргізілетін  жұмыстар  нəтижесінің  формальды  сипаттамасы.
Мұндай  жағдайда, бизнес-жоспарддың  мақсаты – ПҚКО  меңгеру  жобасын
инвестициялаудың тиімділігі мен көлемі туралы шешім қабылдау үшін ақпарат
дайындау. ЮНИДО  əдістемесінің  талаптары  мен  банк  саласында  қалыптасқан
халықаралық тəжірибеге сəйкес келетін ПҚКО меңгерудің бизнес-жоспарының
стандартты құрылымдары төмендегідей:
Құпиялылық меморандумы (1-12 бөлімдер):
11-сурет. Бизнес-жоспарлау кезеңдері
1 – кəсіпорынның  өндірістік-шаруашылық  қызметін  талдау  жəне
кəсіпорынның  жоспарлы  кезеңде  даму  мақсаттары  мен  стратегияларын
белгілеу; 2 – кəсіпорынның  өндірістік, консалтинтік , т.б. мүмкіндіктерін
талдау, нарықты сегментациялау жəне маркетингтік стратегияны анықтау;
3 – жоспарды  жүзеге  асырудың  мақсаты  болып  табылатын  өнім, жұмыс,
қызмет  түрлерінің  басым  түрлері  мен  көлемдерін  бағалау; 4 – маркетинг
жоспарын  құру  жəне  өнімді  сату; 5 – сату  көлемдеріне  болжам  жасау; 6 -
кəсіпорынның  өнім, жұмыс, қызмет  түрлерінің  болжамды  көлемдерін  сату
бойынша өндірістік мүмкіндіктерін бағалау; 7-11 – жоспарларды əзірлеу (7, 8 -
өнім, жұмыс, қызмет түрлерін өндіру жəне сатудың; 9 – ұйымды дамытуды;,
10 – кəсіпорын  қызметінің  жоспарлы  кезеңдегі  экономикалық-құқықтық
сұлбасының; 11 – инвестициялық қызметтің); 12 – жоспардың орындалу есебі


107
мен  бақылауын  ұйымдастыру  мəселелерін  шешу, сондай-ақ  оны  табысты
жүзеге асыру жөнінде іс-шараларды дайындау; 13 – кəсіпорынның қаржылық
жоспарын  əзірлеу; 14 – бизнес-жоспардың  негізгі  түрлерін  қалыптастыру
жəне оның орындалуының экономикалық тиімділігін бағалау
ЮНИДО  талаптарына  сай  келетін, ПҚКО  меңгеру  бизнес-жоспарының
стандартты құрылымы:
1. Резюме.
2. Жобаның қысқаша сипаттамасы.
3. Жоба өнімінің сипаттамасы.
4. Нарық талдауы.
5. Маркетинг жоспары.
6. Жобаны жүзеге асырудың өндірістік жоспары.
7. Жобаны жүзеге асыруды ұйымдастыру жоспары.
8. Жобаның  жүзеге  асырылуы  мен  жұмыс  жасауына  əсер  ететін  заңдар
мен мемлекеттік іс-шаралар.
9. Жобаның құқықтық қамсыздандырылуы.
10. Жобаны жүзеге асырудың қаржылық жоспары.
11. Экономикалық тиімділік пен тəуекел факторларын бағалау.
12. Қосымша.
Бизнес-жоспардың  экономикалық  тиімділігі  мен  тəуекел  факторларын
бағалау    инвестициялық  жобалардың  экономикалық  тиімділігін, тау-кен-
геологиялық  кəсіпорындарының  ерекшеліктерін  ескере  отырып  бағалау
жөнінде əдістемелік нұсқауларға сəйкес жүргізіледі.
Тау-кен-геологиялық кəсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметін
ағымдық  жəне  орта  мерзімді  жоспарлау  үшін, бизнес-жоспардың  мына
құрылымын ұсынуға болады:
1. Титулды парақ.
2. Жалпы бөлім.
3. Маркетингтік, сату жəне өндірістік-шаруашылық қызметтің талдауы.
4. Тау-кен-геологиялық кəсіпорынның өндірістік жоспары.
5. Басқаруды ұйымдастыру, еңбек, мамандар.
6. Кəсіпорынның ғылыми-техникалық даму жоспары.
7. Қызметтің негізгі түрлерін қаржыландырудың көздері мен бағыттары.
8. Қаржы жоспары.
9. Жоспарға қосымша.
Бизнес-жоспарды  құрудың  мақсаттары  мен  көлемдеріне  байланысты,
жоспардың негізгі бөлімдерінің қарастырылу дəрежесі əр түрлі болуы мүмкін.
Мақсаттар  мен  стратегиялар.  Бұл  бөлімде  тау-кен-геологиялық
кəсіпорын  дамуының  жалпы  тұжырымдамасы  мен  талдауының  нəтижелері
негізінде, кəсіпорынның  жоспарланатын  кезеңде  орындауға  тырысатын
мақсаттары мен оларға жетудің жалпы стратегиясы белгіленеді. Мақсаттар мен
стратегияларды  қалыптастыру, кəсіпорын  қызметінің  басымдылықтарын
бағалауға  негізделген  формальды  емес  іс-шара  болып  табылады. Бұл  жерде


108
кəсіпорын  дамуының  мақсаттары  мен  стратегиялары  жоспарды  жүзеге  асыру
барысында  да, оны  қалыптастыру  барысында  да  түзетілуі  мүмкін  екендігін
ескерген жөн. Жете əзірлеудің нəтижелері төменде ұсынылып отыр (5-кесте).
5-кесте
Кəсіпорынның түрлі қызмет аяларындағы мақсаттары мен
стратегиялары
Кəсіпорынның қызмет аясы
Мақсаты
Мақсатқа жету
стратегиясы
1. Нарық (өнімге тапсырыс берушілер жəне оны
    тұтынушылар)
2. Өндіріс
3. Кəсіпорынның қаражат айналымы мен қаржылық
   жағдайы
4. Ғылыми-техникалық саясат жəне өндірісті
    ұйымдастыру
5. Еңбек жəне кадрлар
6. Баға қалыптастыру жəне сату саясаты
7. Материалдық-техникалық қамсыздандыру
8. Өнім, жұмыс, қызмет түрлерін бөлу
9. Қоршаған ортаны қорғау
Нарықты  талдау  жəне  сегментациялау, өнім, жұмыс, қызмет  түрлерінің
сатылу көлемдері, баға, келісімшарттары жəне өнімнің əлеуетті тұтынушылары
туралы кəсіпорын қолында  жинақталған, сондай-ақ жалпы қолданыста жүрген
маркетингтік ақпарат негізінде жүргізіледі.
Нарықтың  неғұрлым  келешегі  зор  сегменттері  мен  кəсіпорынның
маркетингтік  жұмысының  одан  əрі  келешегі  бар  бағыттарын  бағалау, бизнес-
жоспардың  осы  бөлімі  бойынша  жүргізілетін  жұмыстың  нəтижесі  болып
табылады.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау