81
Мамандандыру деп, кəсіпорын пен оның өндірістік бөлімшелерінде
біртекті, типтес өнім шығарылымына немесе технологиялық үдерістің бөлек
кезеңдерін орындауға топталуды түсінеді. Технологиялық, заттық жəне бөлшек
бойынша мамандандыруды ажыратады. Технологиялық мамандандыру –
өндірістік үдерістің белгілі бір операцияларын немесе кезеңдерін орындау
мақсатында кəсіпорындардың, цехтердің жəне учаскелердің жекешеленуі
(мысалы, тоқыма өнеркəсібіндегі жіп иіру, тоқыма жəне өңдеу фабрикалары).
Заттық мамандандыру өндірістің толық дайын өнім түрлерінің (мысалы,
мотоциклдер, велосипед, ыдыс, нан өнімдері жəне т.б.) мекемесінде (цехте)
топтастырылуын
айтады.
Бөлшек
бойынша
мамандандыру,
заттық
мамандырудың бір түрі бола отырып, дайын өнімнің бөлек бөлшектері мен
бөліктерінің (моторлар, мойынтіректер жəне т. б.) өндірісінде негізделген.
Мамандандыру
деңгейін
арттырудың
алғышарттары
үдерістерді
стандарттау, біріздендіру жəне типтендіру болып табылады. Стандарттау
бөлшектердің, тораптардың, дайын өнімнің сапасының, үлгісінің жəне
өлшемдерінің қатаң анықталған нормаларын белгілейді. Ол шығарылатын өнім
номенклатурасын шектеу жəне оның өндірісінің ауқымын ұлғайту үшін
алғышарттар жасайды. Біріздендіру бөлшектер, дайындамалар, тораптар,
қолданылатын материалдар құрылымдарының, үлгілерінің, өлшемдерінің
түрлеріндегі бар сан алуандықты қысқартуды жəне олардың ішінен
технологиялық жəне экономикалық тұрғыдан барынша тиімділерін таңдауды
көздейді. Үдерістерді типтендіру қолданылатын өндірістік операциялардың əр
түрлілігін шектеуден, технологиялық тұрғыдан біртекті бөлшектердің топтары
үшін үлгілік үдерістерді əзірлеуден тұрады. Алайда, мамандандырудың
қарастырылған алғышарттарын жүзеге асыру дайын өнімнің тұтынушылық
қасиеттерін нашарлатпауы, оған деген сұранысты төмендетпеуі тиіс екендігін
назарда ұстаған жөн.
Бəсекелестік жағдайларында шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту
есебінен қызмет ету салаларының əр түрлілігін көздейтін өндірісті
əртараптандыру кəсіпорын үшін бірқатар жағдайларда басымдырақ болады.
Өнімнің анық белгіленген нарық талаптарына бағдарланған шектеулі
сұрыпталымын шығаруда мамандану өлшемі бойынша салыстырмалы үлкен
емес кəсіпорындарға тəн.
Бірлестіру өнім өндірісіне бірге қатысатын кəсіпорындардың, цехтердің,
учаскелердің өндірістік қарым-қатынастарын көздейді. Оның негізінде
мамандандырудың бөлшек бойынша жəне технологиялық үлгілері жатыр.
Зауыт ішіндегі бірлестіру дүмбіл өнімді бір цехтерден басқаларына жіберуде,
негізгі
бөлімшелерге
қосымша
бөлімшелердің
қызмет
көрсетуінде
айқындалады. Ол өндірістік қуаттардың бұдан да толық жүктеліміне жəне «тар
орындардың» жойылуына жағдай жасайды, жалпы кəсіпорын қызметінің
нəтижелерін жақсартуды қамтамасыз етеді. Бірлестіру деңгейін сипаттайтын
негізгі көрсеткіштерге келесілер жатады: бірлестірілген жеткізілімдер бойынша
алынған бөлшектер мен дүмбіл өнімнің шығарылатын өнімнің жалпы
көлеміндегі үлестік салмағы; берілген кəсіпорынмен бірлесетін кəсіпорындар
82
саны; бір тарапқа жеткізілетін бөлшектер мен дүмбіл өнімнің үлестік салмағы
жəне т. б.
Құрамдастыру бір кəсіпорында, кейді əр түрлі салалық, бірақ бір бірімен
тығыз байланысты өндірістердің бірігуі болып табылады. Құрамдастыру
төмендегі жағдайларда орын алуы мүмкін:
• өнімді дайындаудың ретті кезеңдерін үйлестіру негізінде (тоқыма,
металлургиялық жəне басқа комбинаттар);
• шикізатты кешенді қолдану негізінде (мұнай өңдеу, химиялық өнеркəсіп
кəсіпорындары);
• кəсіпорында қалдықтарды өңдеу бойынша бөлімшелерді бөліп шығарған
кезде (орман, былғары жəне өзге өнеркəсіп салаларының кəсіпорындары).
Құрамдастыру деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер комбинатта қайта
өңделетін бастапқы шикізаттан алынатын өнімнің мөлшері мен құны; келесі
өнімге қайта өңделетін (мысалы, шойынның болатқа, болаттың илеуге) шикізат
пен дүмбіл өнімнің олар алынатын жердегі үлестік салмағы; комбинат өнімінің
жалпы көлеміндегі жанама өнімнің үлестік салмағы жəне т. б. болып
табылады.
Кəсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру – еңбекті дара бөлу үлгісі.
Өндірісті ұйымдастырудың үш түрін бөліп шығарады:
• элемент бойынша — өндірістік үдерістің барлық элементтері бір біріне
сəйкес болуы тиіс, бұл өндірісті ұйымдастырудың басты тұсы болып
табылады;
• кеңістік — цехтер мен учаскелерді ұйымдастырудың белгілі бір деңгейімен
жəне кəсіпорынның өндірістік құрылымының сəйкес деңгейімен байланысты;
• өндірісті ұйымдастырудың уақыттық кескіні —бір бірімен байланысты
бөлек өндірістік үдерістердің басталуы мен аяқталуының уақытта оңтайлы
үйлесуі.
Өнім өндірісінің маманданыру деңгейі мен ауқымы өндірісті ұйымдастыру
түрін, ал өндірістік үдерісті тиімді ұйымдастырудың негізгі қағидаларын
орындау деңгейі өндірісті ұйымдастыру əдісін сипаттайды. Төмендегідей
өндірістік үдерісті ұйымдастыру əдістерін ажыратады:
• толассыз;
• топтамалы;
• жекелей.
Өндірістік үдерісті ұйымдастыру əдістерінен басқа, өндірісті ұйымдастыру
типтерін ажырату керек, оларға келесілер жатады:
• жаппай;
• сериялық;
• дара өндіріс.
Толассыз өндіріс — технологиялық үдерістің өту барысы бойынша орналасқан
мамандырылған жұмыс орындарындағы негізгі жəне қосымша операцияларды
орындау уақытының ырғақты қайталануына негізделген өндірісті ұйымдастыру
үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |