Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет27/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85

79
(күнмен жəне сағатпен өлшенеді). Өндірістік цикл (Т екі кезеңге – тікелей өндірістік
үдеріс уақытына жəне өндірістік үдерістегі үзілістер уақытына бөлінеді (7.2-сурет).
Технологиялық  цикл немесе жұмыс  циклі  деп  аталатын  өндірістік  үдерістің  өту
уақыты келесілерден тұрады:
• дайындық-қорытынды операцияларға жұмсалатын уақыт шығыны 
дқ
);
• технологиялық операцияларға жұмсалатын уақыт шығыны 
техн
);
• табиғи технологиялық үдерістердің өтуіне кететін уақыт шығыны (Т
таб үд
);
• өндіріс барысындағы тасымалдауға жұмсалатын уақыт шығыны 
тасым
);
• техникалық бақылауға жұмсалатын уақыт шығыны (Т
техн. б
).
Өндіріс барысындағы үзілістер уақыты, өз кезегінде, келесілерден тұрады:
• операцияаралық қажетсіздік уақыты
опер. қаж
);
• ауысымаралық қажетсіздік уақыты (Т
ауыс.қаж
).
Өндіріс  үдерісінің  өту  уақыты  мен  өндіріс  барысындағы  үзілістер
уақытының құрамдас бөліктерінен өндірістік цикл құралады:
Т
ц
Т
дқ
 + Т
техн.
+ Т
таб үд
+ Т
тасым
+Т
техн.б
+Т
опер қаж

ауыс қаж
Дайындық-қорытынды 
уақыт
қызметкердің (немесе 
бригаданың)
өндірістік  тапсырманы  орындауға  дайындалу, сондай-ақ  оны  аяқтау  бойынша
барлық əрекеттер үшін жұмсалады. Ол нарядты, материалды, арнайы аспаптар
мен  саймандарды  алуға, жұмысты  ретке  келтіруге  жəне  т. б. жұмсалатын
уақыттан тұрады.
Технологиялық  операциялар  уақыты — бұл  қызметкердің  өзімен, немесе
оның  басқаруы  арқылы  машиналармен  жəне  механизмдермен  еңбек  затына
тікелей  əсер  ететін  уақыт, сондай-ақ  адамдар  мен  техниканың  қатысуынсыз
өтетін табиғи технологиялық үдерістер уақыты.
Табиғи  технологиялық  үдерістер  уақыты — бұл  еңбек  заты  адам  мен
техниканың  тікелей  əсерінсіз  өз  сипаттамаларын  өзгертетін (боялған  немесе
қыздырылған  бұйымның  таза  ауада  кебуі  немесе  салқындауы, өсімдіктердің
өсуі  мен  жетілуі, кейбір  өнімнің  божуы  жəне  т. б.). Өндірісті  жылдамдату
көптеген  табиғи  үдерістер  жасанды  түрде  жасалған  жағдайларда  жүзеге
асырылады (мысалы, кептіргіш камералардағы кептіру).
Өндіріс  барысындағы  техникалық  бақылау  жəне  тасымалдау  уақыты
техникалық  қызмет  көрсету  уақытын  құрайдыТехникалық  қызмет  көрсету
уақыты келесілерден тұрады:
• бұйымды өңдеу сапасын бақылау;
• машиналар мен жабдық жұмысын бақылау, олады икемдеу, ұсақ жөндеу;
• дайындамаларды, материалдарды  əкеп  жеткізу, өндімді  қабылдау  жəне
өңдегеннен соң жинау.
Жұмыстағы  үзілістер  уақыты — бұл  еңбек  затына  ешқандай  əсер
берілмейтін  жəне  еңбек  затының  сапалық  сипаттамалары  өзгермейтін, бірақ
өнім  əлі  де  дайын  болып  табылмайтын  жəне  өндіріс  үдерісін  аяқталмаған
уақыт. Регламенттелетін жəне регламенттелмейтін үзілістерді ажыратады.


80
Өз  кезегінде, регламенттелетін  үзілістер  оларға  əкелген  себептерге
байланысты  операцияаралық (ауысым  ішіндегі) жəне  ауысымаралық (жұмыс
тəртібімен байланысты) үзілістерге бөлінеді.
Операцияаралық  үзілістер топтамалылық, күту  жəне  жиынтықтылау
үзілістеріне бөлінеді. Топтамалылық үзілістері бұйымдарды топтамалап өңдеу
кезінде  орын  алады: əр  бөлшек  немесе  торап, топтама  құрамында  жұмыс
орнына келе отырып, екі рет – өңдеу басталғанға дейін жəне аяқталғаннан соң,
бүкіл  топтама  толығымен  берілген  операциядан  өтпегенше, қажетке  аспай
жатады. Күту  үзілістері технологиялық үдерістің көршілес  операцияларының
ұзақтықтарының үлеспеушілігімен (синхронды еместігімен) түсіндіріледі жəне
алдыңғы  операция  жұмыс  орнының  келесі  операцияны  орындау  үшін
босауынан  бұрын  аяқталады. Жиынтықтылау  үзілістері бөлшектер  мен
тораптар  бір  жиынтыққа  кіретін  басқа  бөлшектердің  дайындалуының
аяқталмауына байланысты қажетсіз аспай жатқан кезде туындайды.
Ауысымаралық  үзілістер жұмыс  тəртібімен (ауысымдар  санымен  жəне
ұзақтығымен) анықталады жəне жұмыс ауысымдары арасындағы үзілістерден,
демалыс жəне мейрам күндерінен, түскі үзілістерден тұрады.
Операция — бір  жұмыс  орнында  орындалатын, бір  өндіріс  нысанына
(бөлшегіне, торабына, бұйымына) бір  немесе  бірнеше  жұмысшының  бірқатар
əсер етуінен тұрады. Операциялар тіркестерінің келесі түрлерін ажыратады:
• кезекті;
• қатарлас;
• қатарлас-кезекті (аралас).
5.4 Өндірісті ұйымдастырудың үлгілері, түрлері жəне əдістері
Өндірісті  ұйымдастыру  еңбектің  өндірістің  заттай  элементтерімен,
еңбек  құралдарымен  жəне  заттарымен  тиімді  үйлесуіне  бағытталған
шаралар  мен  ықпалшаралар  жүйесі  болып  табылады. Бұл  шаралар  жүйесі,
бұдан  басқа, жеке  өндірістік  үдерістердің  кеңістікте  жəне  уақытта  өзара
оңтайлы  үйлесуіне  жəне  осының  негізінде – өндіріс  тиімділігін  арттыруға
бағытталған. Қоғамдық 
өндірісті 
ұйымдастыру 
үлгілерін, өндірісті
ұйымдастыру  түрлерін  жəне  өндірістік  үдерістерді  ұйымдастыру  əдістерін
ажыратады.
Өндірісті  ұйымдастыру  үлгілеріне,  жалпы  алғанда, шоғырландыру,
мамандандыру, бірлестіру  жəне  қиыстыру  жатады. Шоғырландыру өнім
дайындауды  шектеулі  кəсіпорындар  санына  жəне  олардың  өндірістік
бөлімшелеріне  топтастыру  үдерісі  болып  табылады. Шоғырлану  деңгейі, ең
алдымен,өнім  шығарылымының  көлеміне, машиналардың, агрегаттардың,
аппараттардың, технологиялық  қондырғылардың  бірлік  қуатының  шамасына,
типтес  жабдық  санына, технологиялық  тұрғыдан  біртекті  өндірістер  санына
байланысты. Шоғырлану  деңгейін  өлшеу  үшін  өнім  көлемінің, жұмыскерлер
санының, ал  бөлек  салаларда – негізгі  қорлар  құнының  көрсеткіштері
қолданылады.


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау