91
жоғары топтағы басшылар қатысады. Фирманың миссиясы ретінде, оның
негізгі бағдарламалық міндеттерінің қысқа сипаттамасы, фирманың халық
шаруашылығы дамуының қандай да бір түбегейлі мəселелерін шешудегі
мақсаты мен рөлі қарастырылады. Осының нəтижесінде фирманың нарықпен
өзара əрекеттесу қағидалары да, əлеуетті тұтынушылары да, фирманың
болашақта жұмыс жасайтын нарық сегменттері де анықталады. Кейін бөлек
функционалдық
стратегияларды
қалыптастыру
мақсатында, сəйкес
бөлімшелердің мамандарын да тартуға болады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті –
кəсіпорын қызметінің ұзақ мерзімді мүдделі нəтижелерін анықтау жəне оны
дамытудың уақытқа тəуелсіз стратегиялық жолдарын таңдау. Болашақта
жоспарлар жүйесі, осы аталғандарға бағынышты болады. Кейде бұл кезең,
талдау кезеңінің алдына түсуі мүмкін.
3. Нақты жоспарлау – бұл уақыт өлшемінде алғандағы мақсаттарға қол
жеткізу тəсілдерін бірізді сипаттау жəне əр кезеңдегі болжамды нəтижелерді
анықтау. Жоспарлаудың нəтижесі кəсіпорын жоспарларының жүйесі болып
табылады.
5-сурет. Жоспарлау кезеңдері.
4. Жоспарларды жүзеге асыру. Бұл кезеңде жоспарлы шешімдер
кəсіпорын қызметкерлерінің нақты əрекеттерімен жүзеге асырылып, жəне
фирма қызметінің нақты көрсеткіштері анықталады. Жоспарлардың жүзеге
асырылуының тиімділігі, тек жоспарлаудың сапасы мен объективті
жағдайлармен ғана емес, сондай-ақ менеджерлер жұмысының тиімділігімен де
анықталатыны түсінікті.
5. Нəтижелерді тексеру – қызметтің жоспарлы жəне нақты көрсеткіштері
арасындағы алшақтықтың көлемі анықталып, сəйкессіздік себептері талданады.
Жалпы жоспарлау үдерісі тікелей (тратегияны əзірлеуден →жедел
жоспарларды белгілеуге қарай → жүзеге асыру жəне тексеруге дейін) жəне кері
(орындалу нəтижесін есепке алудан → жоспарды қайта қалыптастыруға дейін)
байланысы бар тұйық айналым болып табылады.
Кəсіпорынның сыртқы жəне
ішкі орта факторларын
талдау
Кəсіпорынның мақсаттары
мен оларға жету əдістерін
белгілеу
Нақты жоспарлау
Жоспарларды жүзеге асыру
Нəтижелерді тексеру
92
6.3 Стратегиялық жоспарлау
Ірі кəсіпорындағы жоспарлар жүйесінің түп негізі стратегиялық жоспар
болып табылады. Ол кəсіпорынның дамуы, мақсаттарға жетуге қажет қолдағы
қорларды пайдалану мен бөлуі тəуелді болатын басты мақсаттар мен
стратегиялық жолдарды анықтайды.
Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері.
1. Стратегияны қалыптастыру үдерісі қандай да бір шұғыл əрекетпен
аяқталмайды. Əдетте, ол фирма жағдайының өсуі мен нығаюын қамтамасыз
ететін жалпы бағыттардың белгіленуімен аяқталады.
2. Қалыптастырылған стратегия жоспарлық шешімдерді іздестіру аясын
тарылту үшін, яғни, белгілі бір учаскелер мен мүмкіндіктерге назар аударту
мақсатында, ал екіншіден, қалғанының бəрін стратегиямен сəйкес келмейтіндер
деп алып тастау үшін қолданылады.
3. Нақты оқиғалар желісі ұйымды мүдделі нəтижелерге əкелген сəттен
бастап, мұндай стратегияның қажеттілігі жойылады.
4. Балама мүмкіндіктер туралы қосымша ақпарат пайда болған жағдайда,
бастапқы стратегия қайта қаралуы мүмкін (кері байланыс механизмі).
Геологиялық кəсіпорынның стратегиясы оның, аймақтық шекараларына
қарамастан, жалпы елдің геологиялық саласы мен экономикасындағы
атқаратын міндеті (өндірістік-геологиялық миссиясының) негізінде жасалады.
Өндірістік-геологиялық миссияны анықтау мына мүмкіндіктерге жол ашады:
кəсіпорынға геологиялық жұмыстарды жүргізуге қажет шаруашылықтың
стратегиялық аймақтарын бөліп көрсету; екіншіден, баса назар аударылып,
қорлар жұмылдырылуы тиіс геологиялық жұмыстар мен қызметтер аясындағы
басым бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік пайда болады. Басымдылықтар
аясы, ең жоғары сұраныс болжамданатын жұмыс түрлерін көрсететіндей, əрі
шектелген болуы тиіс.
Стратегияларды
жоспарлау
міндетіне
кəсіпорынның
болашақ
қызметінің басты бағыттарын анықтау жəне кəсіпорын жұмысының
тұрақтылығын қамтамасыз ету, бəсекеге қабілеттікті арыттыру бойынша
шараларды əзірлеу жатады. Геологиялық кəсіпорын жұмысының тұрақтылығы
деп оның қаржы-экономикалық ахуалы, жүзеге асырылатын геологиялық
жұмыстары көлемдерінің қолайлы даму қарқыны мен ықпал ету аймағын
(геологиялық қызмет көрсетілетін) сақтап қалу (кеңейту) саналады. Бəсекеге
қабілеттілік, кəсіпорынның геологиялық-өндірістік əлеуетімен: геологиялық
барлау техникасының болуы жəне оның сапасымен, қызметкерлер саны жəне
олардың біліктілігімен, қолда жинақталған геологиялық ақпараттың
мазмұнымен, кəсіпорынның инновациялық мүмкіндіктерімен анықталады.
Кəсіпорында стратегиялық жоспар құру үдірісін кезеңдердің мына
кезектілігі түрінде көрсетуге болады:
1. Қоршаған ортаны талдау: сыртқы орта, ішкі мүмкіндіктер.
93
2. Кəсіпорынның саясатын белгілеу (мақсатты болжамдау).
3. Стратегиялық баламаларды қалыптастыру.
4. Функционалдық стратегияларды дайындау:
Қаржылық, ғылыми-техникалық, өндірістік, т.б.
Жоспарлаудың, əсіресе стратегиялық жоспарлаудың итерациялық үдеріс
екендігін есте сақтаған жөн. Яғни, ол кейінгі кезеңде қанағаттанарлықсыз
нəтиже орын алған кезде немесе бастапқы ақпарат өзгертілген жағдайда,
алдыңғы кезең шешімдерін қайта қарау мен нақтылауды қарастырады.
Кəсіпорын жоспарын құрудың жоғарыда келтірілген сұлбасы бойынша
жүзеге асырылатын қызметтің нəтижесі ретінде, «Кəсіпорынның стратегиялық
жоспары» деп аталатын құжат болады. Əдетте, ол мына негізгі бөлімдерден
тұрады:
І. Кəсіпорын (ұйым) қызметінің мақсаттары.
ІІ. Ағымдағы жəне ұзақ мерзімді міндеттер.
ІІІ. Кəсіпорын стратегиясы (негізгі стратегия жəне негізгі стратегиялық
баламалар).
ІV. Функционалдық стратегиялар.
V. Неғұрлым маңызды жобалар.
VІ. Күтпеген жағдайларды жоспарлау (резервтік стратегияларды
қалыптастыру).
Стратегиялық жоспар мен стратегиялық жоспарлау көкжиегінің
мазмұнын анықтайтын негізгі факторлар: 1) кəсіпорын меншігінің нысаны; 2)
кəсіпорынның түрі; 3) кəсіпорынның салалық қатыстылығы; 4) кəсіпорын
көлемі.
Барлық кəсіпорынға жалпы бірдей стратегиялық жоспарлау көкжиегі
болмайды. Оның көлемі көптеген факторларға байланысты. Олардың
негізгілеріне тоқталып өтелік:
А. Жаңа идеяның пайда болуынан, оның ендірілуіне дейінгі орташа
уақыт. Бұл уақыттың, мысалы тамақ өнімдерін өндіретін кəсіпорындарға
қарағанда, минералды-шикізат кешеніне қарайтын кəсіпорындар үшін бірнеше
есе артық болатыны түсінікті.
Б. Қабылданатын шешімдердің ұйымға ықпал етуінің ұзақтығы. Ірі
кəсіпорындарға ұсақтарына қарағанда, басқарушылық шешімдердің
инерттілігі анағұрлым тəн. Геологиялық ұйымдар бұл жағынан жеткілікті
дəрежеде ұтқыр саналады.
В. Болжамдану дəрежесі. Геологиялық өндіріс – қоғамдық өндірістің
маңызды салаларының бірі, оны дамыту, көбіне ұзақ мерзімді мемлекеттік
бағдарламалармен белгіленеді.
Геологиялық кəсіпорындардағы стратегиялық жоспарлаудың орташа
көкжиегі əдетте 5 жəне одан да көп жылды құрайды. Кəсіпорын өз
стратегиясын бірнеше ықтимал нұсқалардан таңдайды. Шынайы өмірде
кездесетін стратегиялардың алуан түрлілігі, бірнеше негізгі стратегия
модификацияларының жиынтығы болып табылады. Олардың əрқайсысы
сыртқы жəне ішкі ортаның белгілі бір жағдайларында тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |