Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет1/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85


1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.СƏТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ж.Қ. Давильбекова
КƏСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ
Оқулық
Алматы 2014


2
УДК 658.339
Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық – Алматы:
ҚазҰТУ, 2014. - 251 б.
ISBN
Оқу  құралы  кəсіпоорынр  экономикасының  теориялық  негіздерін  қамтиды.
Өндірістік, еңбек  қорларына, негізгі  жəне  айналымдағы  қаражаттарға, кəсіпорын
еңбек  ақысына  қатысты  мəселелерге  аса  көңіл  бөлінеді. Кəсіпорын  өнімдерінің
өзіндік  құны, өндірістен  түсетін  пайда, өндіріс  тиімділігі  мен  жоспарлау
ерекшеліктері  қарастырылады. Кəсіпкерлік  қатынастарын  мемлекеттік  реттеу
жəне 
оның 
тəуекелжағдайларын 
зерттеуге, жобалардағы 
кезеңділікке,
қаржыландыру  мен  инвестициялауға, баға  қалыптастыруға, салық  салу  жəне
кəсіпорын  өндіріс  пен  жұмыстарының  экономикалық  тиімділігіне  ерекше  көңіл
бөлінеді.
Ил.  22. Кест. 26. Библиогр. – 17 атау
ББК
Рецензенттер:
Рамазанов  А.А. кафедра «ММӨ» меңгерушісі, экон. ғыл. д-ры, Қ.И.
Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ проф.
Сайлаубеков  Н.Т.., кафедра «ӨЭ» профессоры, экон. ғыл. д-ры, Қ.И.
Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ.


3
КІРІСПЕ
Кəсіпорын  экономикасы (гректің oikos-экономия, nomos-заң  сөздерінен)
объективті экономикалық заңдарды жəне олардың экономикада көрініс табатын
заңдылықтарын зерттейді, бұл кəсіпорындарды басқару, ұйымдастыру, олардың
техникалық-экономикалық  жəне  ақпараттық  жағдайы  бойынша  мəселелердің
кең  ауқымын, сондай-ақ  тапшы  қорларды  ұтымды  пайдалану  əдістері  мен
ережелерін қамтиды.
Қазіргі əлемде экономика кемінде үш мағынаны қамтиды:
• экономика – дамудың экономикалық базисі ретінде,
• экономика – халық шаруашылығы ретінде,
• экономика – ғылыми пəн ретінде.
«Экономика» ұғымының  көптеген  анықтамалары  бар, дегенмен,
ғалымдардың  пікірі  бойынша, олардың  ең  сəттісі  П.А.Самуэльсонның
«Экономика – бұл  қоғамның  пайдалы  өнімдерді  өндіру  үшін  нақты, шектеулі
қорларды  пайдаланып, оларды  түрлі  адам  топтары  арасында  бөлуі  туралы
ғылым» деген анықтамасы саналады.
Бұл  анықтамада  экономиканың  негізгі  міндеті, атап  айтқанда, шектеулі
мүмкіндіктер мен шектеусіз қажеттіліктерді келісімдеу міндеті қамтылған. Бұл
міндет кез келген қоғам үшін ортақ, бірақ оның шешімі экономикалық жүйенің
түріне байланысты болады.
Экономика  үшін «шектеулі  қорлар» ұғымының  маңызы  зор. Қорлардың
шектеулілігі – бұл білім деңгейімен, технология деңгейімен, өнімділікпен жəне
т.б. шартталған  таза  экономикалық  шектеу  екендігін  білген  жөн. Бұл
шектеулілік  əрқалай  көрініс  тауып, шешіледі. Жоспарлы  экономикада  ол
жаппай  тапшылық  түрінде  орын  алып, мəселе  тұтынуды  мемлекеттік  реттеу
жолымен  шешіледі. Нарықтық  экономикада – жеке  өндірушілердің  қаржы
құралдарының  жетіспеушілігінде  көрініс  тауып, келісімдеу  міндеті  баға
тетігінің көмегімен шешіледі.
Курстың мəні. Көптеген экономикалық ғылымдар арасында теориялық жəне
қолданбалы экономиканы бөліп көрсетуге болады.
Теориялық  зерттеулер  барысында  экономика  екі  негізгі  салаға – макро-
жəне  микроэкономикаға  бөлінеді. «Кəсіпорын  экономикасы» курсын  зерттеу
микроэкономика саласына жатады.
Теориялық жəне қолданбалы экономиканың негізін төмендегілер құрайды:
     
•  экономикалық дамуды зерттеу;
•  халық  шаруашылығының  жалпы  алғандағы  жəне  бөлек  кəсіпорынның
жеке жұмысын зерттеу;
     
•  экономикалық саясат қағидаттарын əзірлеу. Экономиканың ең маңызды
саласы өндіріс болып табылады.
Оның  дамуынсыз  ешқандай  нарықтың  болуы  мүмкін  емес, себебі  дəл  сол
өндіріс тауар жиынын тудырады.


4
Кəсіпорынның  бүкіл  шаруашылық  қызметін  өндіру, сипаттау  жəне
түсіндіру «Кəсіпорын  экономикасы» курсының  зерттеу  тақырыбы  болып
табылады.
Кез  келген  кəсіпорын  өздігінен  əрекет  етпейді, ол  міндетті  түрде  жалпы
экономикамен  байланыста  болады, бір  жағынан  өндірістік  факторлар  нарығы
арқылы, ал екінші жағынан – өткізу нарығы арқылы.
Курстың міндеті – əлем мен Қазақстандағы өндірістің даму үрдісін зерттеу,
сондай-ақ  басқару, жоспарлау, инвестициялау  жəне  қаржыландырудың
экономикалық негіздерін жəне өндіріс  тиімділігін арттыру мақсатында оларды
жетілдіру əдістерін зерттеу.
Курстың  мақсаты – студенттерге  объективті  экономикалық  заңдарды,
шарттарды  жəне неғұрлым  аз  шығынмен  үздік  нəтижелерге  қол  жеткізу үшін,
өндірісті дамыту факторларын меңгеру бойынша дағдыларды үйрету.
Өнеркəсіп – бір-бірінен  тəуелсіз  əрекет  ететін  əртүрлі  салалардың
жиынтығы. Қазақстан  өнеркəсібі  келесі  негізгі  салалардан  құралады:  тау-кен
өндіру, өңдеу, электр қуатын, газ, бу, су мен жылу өндіру жəне бөлу жəне т.б.
Сала – өнім, технология, негізгі  өндірістік  қорлар  мен  жұмысшылардың
кəсіби  дағдыларының  ортақтығы  тəн  болатын  кəсіпорындар  мен  ұйымдардың
жиынтығы.
Кəсіпорынның  бүкіл  шаруашылық  қызметін  өндіру, сипаттау  жəне
түсіндіру «Кəсіпорын  экономикасы» курсының  зерттеу  тақырыбы  болып
табылады.
Кəсіпорын оның бүкіл  қызметіне əсер  ететін  белгілі  бір  кəсіпкерлік  ортада
жұмыс істейді.
Кəсіпкерлік  орта  қалыптасқан  экономикалық  жəне  саяси, құқықтық  жəне
басқа  да  жағдайлармен, сондай-ақ  институционалдық  жəне  ақпараттық
жүйелердің күйімен сипатталады.
Экономикалық  орта – халықтың  табысы  мен  сатып  алу  қабілетін,
жұмыссыздық  пен  жұмыспен  қамтылу  деңгейін  жəне  басқа  да  экономикалық
факторларды анықтайды.
Саяси  орта – елдегі  саяси  тұрақтылыққа, мемлекеттің  қайсыбір  салаларда
немесе  өңірлерде  кəсіпкерлік белсенділігін ынталандыра  немесе  тежей алатын
қызметіне байланысты болады.
Құқықтық орта кəсіпорын  қызметінің бүкіл экономикалық  аясын  реттейтін
заңдар  мен  басқа  да  нормативтік  актілер  жүйесімен  сипатталады.
Кəсіпкерліктің құқықтық базасының зерттелу дəрежесіне көбіне кəсіпорынның
тұрақтылығы мен орнықтылығы байланысты болады.
Географиялық  орта  кəсіпкерлік  жүзеге  асырылатын  табиғи  жағдайларды,
соның  ішінде  шикізаттардың, энергия  қорларының  қолжетімділігін, бүкіл
инфрақұрылымның  болуын  жəне  т.б. анықтайды. Географиялық  факторлар
кəсіпорынның  орналасқан  орнын  таңдау, шикізатты  жеткізу  схемаларын
əзірлеу, дайын өнімді бөлу барысында ескеріледі.
Экологиялық  жағдай  қоршаған  орта  жағдайын, экологиялық  тəуекелдер
деңгейін, бақылау  жүйелерінің  зерттелуін  жəне  қоршаған  ортаны  ластайтын


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау