77
Ктд = Т
т
/Т
өнд. ц
мұндағы Тт – тасымалдау
операцияларының ұзақтығы; Т
өнд.ц
— өндірістік
циклдің ұзақтығы. Тікелей дəлдік коэффициентінің мəні барынша нөлге жақын
болуы тиіс
(К
тд
→0). Бұған тасымалдау операциялары өндірістік үдерістің
құрамдас
бөлігі болып табылатын (Т
т
→0) жағдайда қол жеткізуге болады.
Ырғақтылық. Ырғақтылық өндіріс үдерісінің бірдей уақыт аралықтары сайын
жүйелік қайталануын көздейді, яғни бұл уақыттың бірдей аралықтарында бірдей
немесе еселі өнім шығарылымын қамтамасыз ету. Өндіріс ырғақтылықтылығын
сипаттайтын көрсеткішті таңдау қиынға соғады. Біршама қателікпен мұндай
көрсеткіш
ретінде ырғақтылық коэффициентін (К
ырғ
) алуға болады
.
Икемділік. Өндірістік үдерісті ұйымдастырудағы икемділік — бұл жаңа өнімді
шығаруға жылдам қайта құрылу мүмкіндігі. Өндіріс икемділігін талап ету,
өндірістің үздіксіздігі мен мамандырылуымен қатар, өндірісті тиімді
ұйымдастырудың негізгі талаптарының бірі болып табылады. Нарықтағы
бəсекелестік күрес жағдайларында өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар
жоғарылауда. Бұл өнімдің бұдан да жылдам жаңғырмалылығымен, өнімділігі
жоғары техниканың қолданылуымен түсіндіріледі. Осындай жағдайларда
өндірістің ұйымдастырылуы өндірістік үдерістердің тұрақтылығын өндірістік
үдерістің, өнім номенклатурасының жаңғырмалылығымен жəне өзгеруімен
байланысты, бұдан да жылдам өзгеруімен үйлестіруге бағытталуы тиіс.
Мамандыру. Мамандыру өнім (жұмыс) номенклатурасын шектеумен жəне
бір өнім (жұмыс) түрінің жаппай өндірісінің өсуімен сипатталады.
Мамандандыру деңгейін сипаттайтын көптеген көрсеткіштер бар. Жұмыс
орындарының мамандандырылуымен айқындалатын өндірістік үдерістердің
мамандандырылуына қатысты келесі көрсеткіштер барынша лайық болып
табылады:
•
сериялық коэффициенті — бір жұмыс орнында орындалатын əр түрлі
операциялардың
санымен сипатталады;
•
жұмыс орындарының мамандандырылуының орташа деңгейі (оны
сериялықтың орташа коэффициенті деп атауға болады), келесі формула
бойынша анықталады:
У
с
=
п/т,
мұндағы
п — өндірістік учаскеде (цехте) бір айда (тəулікте)
орындалатын бөлшектердің-операциялардың жалпы саны;
т — жұмыстың
келтірінді бір ауысымды тəртібінде өндірістік бағдарламаны бір ай (тəулік)
ішінде орындап шығу үшін қажетті жұмыс орындарының саны.
Өндірістік үдерісті ұйымдастырудың басқа да қағидалары (талаптары) бар.
Өндірістік үдерістерді ұйымдастыруды жоғарыда келтірілген қағидаларын
(талаптарын) нақты өндірісте жүзеге асыру мүмкін емес екендігін айта кетейік,
өйткені, өндірістік үдерісті ұйымдастыру əдістері, өндіріс түрлері, шығарылатын
өнім номенклатурасы жəне т. б. өзгешеленеді, жоғарыда келтірілген қағидаларды
жүзеге асыруға кедергі жасайтын себептер де бар.