Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет30/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85

86
ІІІ. Жоспарлаудың  үздіксіздігі    кəсіпорындардағы  жоспарлау  үдерісі
сыртқы  ортада, сондай-ақ  кəсіпорынның  құндылықтарында, мақсаттары  мен
мүмкіндіктерінде болған өзгерістерді ескере отырып, тұрақты жүзеге асырылып
отыруы тиіс.
ІV. Жоспарлаудың  иілімдігі    жоспарлардың  жағдайға  қарай  жедел
өзгеру  мүмкіндігін  білдіреді. Бұл  қағиданы  қамтамасыз  ету  үшін, кəсіпорын
жұмысында, өнімді  сату  нарығында, ұйымдастыру  құрылымында  орын  алуы
мүмкін  өзгерістер  туралы, форс-мажорды  қоса  санағанда, ықтимал  сыртқы
жəне ішкі факторларды ескере отырып, толық түсінік қалыптастыру қажет. Осы
ақпарат негізінде жоспарлардың балама нұсқалары қалыптастырылады.
V. Қатысу  қағидасы  бойынша  жоспарды  құруға  оны  нақты  жүзеге
асыратын адамдар, яғни, менеджерлер қатысуы тиіс деп есептеледі. Жоспарлау
үдірісіне  жоспарлаушылардан  басқа, өндірістік  жəне  сату  бөлімдері
басқарушыларының  қатысуы, жоспардың  нақты  шаруашылық  ету  жағдайына
неғұрлым  толық  сəйкес  болуын  қамтамасыз  етеді. Сонымен  қатар, кіші  буын
менеджерлері, фирманың мақсаттары мен міндеттерін анағұрлым жақсы ұғына
бастайды. Бұл  жалпы  алғанда, олардың  жұмысқа  қызығушылығың  арттырып,
кəсіпорын ішіндегі ақпаратпен алмасу үдірісін жеңілдетеді.
Түрлі  менеджерлердің  жоспарлы  шешімдерді  қабылдауға  деген
көзқарастары, бір-бірінен  жиі  ерекшеленіп  жатады. Бұл    шағын
кəсіпорындарға  ыңғайлы  болатын  жоспарлау  тəсілдерінің  көбіне  ірі
компанияларда  қолдануға  қолайсыз  болуымен  байланысты. Дегенмен,
жоспарлы  шешімдерді  таңдау  барысында  күрделі  қателерді  болдырмауға
мүмкіндік  беретін  əдістердің  нақты  жиынтығы  болады. Іс  жүзінде  мынадай
негізгі əдістер қолданылады:
1. Баланстық  əдіс – кəсіпорынның  қолда  бар  қорлары  мен  оларға  деген
қажеттілікті, баланс  көмегімен  байланыстыруды  қарастырады. Баланстық
қатынастар заттай жəне баға түрінде құрылып, материалдық, қаржылық, еңбек,
т.б. баланс  түрлерін  қамтуы  мүмкін. Бұл  əдісті  пайдаланудың  тиімділігі
айтарлықтай  дəрежеде  кəсіпорында  қолданылатын  нормативтікк  базаның
сапасына байланысты.
2. Жоспарлы есептеулердің аналитикалық əдісі – база ретінде алынатын
көрсеткіштің  қол  жеткізілген  көлемін, жəне  оның  жоспарлы  кезеңдегі  өзгеру
индекстерін  талдау  негізінде, сол  көрсеткіштің  жоспарлы  көлеміның
есептелуінде  қамтылады. Жоспарлаудың  бұл  тəсілі  техника-экономикалық
нормативтер  болмаған  жағдайда  қолданылады. Ал  көрсеткіштер  арасындағы
өзара байланыс жанама түрде – олардың даму қарқыны мен байланыстарының
негізінде анықталуы мүмкін.
3. Нұсқалық əдіс (жоспарлы шешімдерді қолайландыру əдісі) – жоспарлы
есептеулердің  бірнеше  балама  нұсқаларын  сипаттауды  жəне  олардың
арасындағы  ең  үздігін  белгілі  ереже  бойынша (немесе  олардың  жиынтығы
бойынша) таңдауды  болжайды. Мұндай  белгілерге  мыналарды  жатқызуға
болады: жасалған  шығындардың  аз  болуы; келген  табыстың  көп  болуы;
тəуекелдің  аздығы; қосымша  капитал  салымдарының  аз  болуы; салынған


87
капиталға  алынатын  табыстың  көп  болуы, т.б. Нұсқалық  əдістер    əсіресе
капитал салымдарын жоспарлауға тəн.
4. Нормативтікк  əдіс – шаруашылық  жүргізуші  субъектіге  қажет
қорларды, алдын  ала  белгіленген  түрлі  нормалар  мен  техника-экономикалық
нормативтер негізінде есептеуді қарастырады.  Мұндай нормативтер ретінде 
салық  мөлшерлемелері, амортизациялық  шығындардың  нормалары, түрлі
технологияляқ нормативтер, қызмет көрсету нормалары, материал қорларының
нормалары,  т.б. саналады.
Кəсіпорында  негізделген  нормалар  мен  нормативтерді  əзірлеу – үздіксіз
жəне  көп  еңбекті  қажет  ететін  үдеріс. Сонымен  қатар, оларға  негізделген
нормативтік жоспарлау əдісі неғұрлым қарапайым, əрі жедел болып табылады.
5. Экономикалық-математикалық  əдістер – қаржы  көрсеткіштері  мен
оларды  анықтаушы  факторлар  арасындағы  байланыстардың  санды  өрнегін
сипаттайтын  экономикалық-математикалық  үлгілерді  пайдалануға  арналған.
Соңғы  кезде  бұл  əдістер  экономикалық  нысандардың  дамуын  болжау  жəне
жоспарлау  барысында  жəне  басқарушылық  шешім  қабылдау  барысында  да
кеңінен  таралып  келеді. Экономикалық-математикалық  əдістерді  қолданудың
жағымды сəттеріне төмендегілерді жатқызуға болады:
  ақпаратты  үлгілеу  барысында  оны  дайындап  пайдаланған  кезде,
ақпаратқа  қойылатын  талаптар  қалыптастыру  арқылы, экономикалық
ақпаратты жетілдіру мен реттестірудің жолдарын анықтау;
  есептеу  техникасымен  бірлесе  отырып, ықтимал  есептеулер  көлемі
айтарлықтай  ұлғаяды. Сөйтып, үлгілеу  үдірісінің  дəлдігі  артып, көп  еңбек
қажет  етуі  азаяды. Бастапқы  параметрлерді  өзгерте  отырып, үлгі  нұсқаларын
тез  қарастыруға, графикалық  жəне  санды  түрде  үлгілеу  нəтижелерін
салыстыруға мүмкіндік туады;
  ең  жақсы  шешім  нұсқасын  автоматты  түрде  бағалау  жəне  таңдау
мүмкіндігі, өзара  əрекеттесетін  көптеген  факторларды  талдау  жəне  басқа
тəсілдер  көмегімен  табу, тым  ауыр  соғатын  қолайлы  шешімдерді  алу
барысындағы олардың өзгерістерін бағалау негізінде, экономикалық жүйелерді
неғұрлым терең ұғыну.
Қолданыста  жүрген  экономикалық-математикалық  үлгілердің  көптеген
əдістерінің  ішінде  тəжірибе  жүзінде  ең  көп  таралғаны    қолайландырудың
желілік  үлгілері (желілік  бағдарламалау) мен  экономикалық  үдерістерді
болжаудың  экстрапаляциялық  үлгілері. Зерттеліп  отырған  көрсеткішке  басқа
факторлар əсерінің дəрежесін жəне олардың болашақта өзгерулерінің ықтимал
салдарын  санды  талдау  үшін, көбіне  корреляциялық-регрессивті  талдау
аппараты қолданылады.
Əдетте, тəжірибе жүзінде аталған əдістердің жиынтығы пайдаланылады.
Жоспарлау    кəсіпорындардың  болжамды  экономикалық  жағдайындағы
əрекеттерінің  сипаттамасы  болып  табылатындықтан, оның  тиімділігі  көбінесе
сол  жағдай  болжамының  растылығымен  анықталады. Осыған  орай, болжамды
кейде  менеджменттің  жеке  функциясы  ретінде  бөліп  көрсетеді. Болжам – бұл
кəсіпорынның сыртқы жəне ішкі орталарының экономикалық, техникалық жəне


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау