Оқулық Алматы 014 Давильбекова Ж.Қ. Кəсіпорын экономикасы: Оқулық Алматы



жүктеу 4,91 Mb.
Pdf просмотр
бет2/85
Дата28.12.2019
өлшемі4,91 Mb.
#25351
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85

5
кəсіпорындарға  ықпал  ету  шараларын, басқа  технологияларды, қолданылатын
шикізат немесе өндірілетін өнім түрін көрсетеді.
Институционалдық  орта  түрлі  коммерциялық  операцияларды  жүзеге
асыруға, іскерлік  қарым-қатынастарды  орнатуға  көмектесетін  алуан  түрлі
институттардың (ұйымдардың) болуымен  сипатталады (банктер, сақтандыру
компаниялары, биржалар, заңгерлік, бухгалтерлік, аудиторлық  жəне  т.б.
ұйымдар).


6
1 БӨЛІМ. КƏСІПОРЫН (ҰЙЫМ)
1.1 Кəсіпорыннын классификациясы
Қоғамдық  өндіріс  жүйесіндегі  бастапқы  буын  кəсіпорын (фирма) болып
табылады. Кəсіпорын — мүлікті  пайдалану, тауар  сату, жұмыстарды
орындау немесе қызмет көрсетуден жүйелі түрде пайда көруге бағытталған
жеке  қызметпен  тəуекел  етіп  айналысатын, осы  сапада  заңмен  белгіленген
тəртіпте  тіркелген  кəсіпкерлік  қызметінің  субъекті. Жалпы  кəсіпорынның
жəне  атап  айтқанда  өнеркəсіптік  кəсіпорынның  маңызды  өзіндік
сипаттамалары келесідей: 1) кəсіпорын — бұл кəсіпкерлік қызмет субъекті; 2)
кəсіпорын  əрқашан  заңды  тұлға  мəртебесіне  ие; 3) кəсіпорын, коммерциялық
ұйым, нақты жағдайға байланысты ұйымдық-құқықтық нысандардың біріне ие
болады (АҚ, ЖШС  жəне  т.б.); 4) айналысатын  қызмет  саласына  байланысты
əрбір  кəсіпорын  салалық  бағытқа  ие  болады (өнеркəсіп, ауыл  шаруашылығы,
көлік, байланыс жəне т.б.), осыған сəйкес өз қызметін ауыл шаруашылығының
өнеркəсіп  сияқты  саласында  жүзеге  асыратын  кəсіпорын «өнеркəсіптік
кəсіпорын» деген  атаққа  ие; 5) өнеркəсіптік  кəсіпорын  əрқашан  өндірістік-
техникалық  мақсаттағы  өнімдердің  жəне  жеке  сұраныс  пен  халық  тұтынатын
тауарлармен қанағаттандыруға арналған ақырғы тұтыну тауарларының да алуан
түрлерін өндірумен жəне өткізумен айналысады.
Өнеркəсіптік  кəсіпорын  дербес  шаруашылық  жүргізуші  субъект  бола  тұра,
нарық  қатынастарының  маңызды  қатысушысы (акторы) болып  табылады,
себебі  оның  негізгі  мақсаты, оның  миссиясы  шығарылатын  өнім  түрлерін
өндіру, нарыққа  жеткізу  жəне  оларға  қатысты  жеке  жəне  қоғамдық
қажеттіліктерді  қанағаттандыруда  қамтылады. Кəсіпорын  жұмысының  басты
қосарланған мақсаты нарықтық сұранымды өндірілген өніммен қанағаттандыру
жəне  осының  негізінде  пайда  түсіру  болып  табылады. Бұл  орайда  нарықтық
сұранымды  қанағаттандыру  кəсіпорынның  сыртқы  мақсаты, ал  пайда  түсіру –
оның ішкі мақсаты болып саналады. Кəсіпорын жұмысының қалыптастырылған
басты  қосарланған  мақсаты  мен  жоғарыда  келтірілген  қаржы-экономикалық
негіздерге  сүйене  отырып, маңызды  міндеттер  кешені  қалыптасады, олардың
кəсіпорын  жұмысы  барысында  шешілуі  нақты  аралық  нəтижелердің  алынуын
қамтамасыз  етеді. Кəсіпорынның  өз  қызметі  барысында  шешілетін  негізгі
міндеттері төмендегідей:
• кəсіпорында маркетингілік зерттеулерді дамыту;
• нарықтық  сұранымға  ие  өнімдердің  сапасын  арттыру, номенклатурасын
кеңейту жəне өндіріс көлемдерін ұлғайту;
• кəсіпорынды материалдық-техникалық жабдықтау үдерісін ұйымдастыру;
• кəсіпорын қызметінің экономикалық жəне экологиялық тиімділігінің деңгейін
өсіру;
• ғылыми-техникалық прогресс нəтижелерін өндіріске ендіру;
• өндіріс  қауіпсіздігін  жəне  кəсіпорын  қызметкерлері  қызметінің  қорғалуын
қамтамасыз ету;
• кəсіби мамандарды дайындау жəне біліктілігін арттыру;


7
• төлем  жасау  жəне  кəсіпорын  қызметкерлерінің  еңбегін  ынталандыру
жүйелерін дамыту;
• кəсіпорын  қызметкерлерінің  тұрғын, əлеуметтік, мəдени-сауықтыру
қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
• кəсіпорын қызметінің жоспарлары мен стратегияларын əзірлеу.
Өндірістік кəсіпорын өндірістік-техникалық, ұйымдық, экономикалық жəне
əлеуметтік  бірлікпен  сипатталады. Өндірістік-техникалық  бірлік кəсіпорында
пайдаланылатын  шикізат  пен  материалдар  нəтижесінде  дайын  өнімге
айналатын өндірістік үдерістердің жеке кезеңдерінің технологиялық бірлігі мен
өзара байланысына ие өндіріс құралдарының кешенімен анықталады. Сонымен
қатар, олар  пайда  түсіру  мақсатында  сыртта  қызмет  көрсетіп, нақты  жұмыс
түрлерін  орындауға  мүмкіндік  береді. Ұйымдық  бірлік біртұтас  ұжым  мен
біртұтас  басшылықтың болуымен  анықталады, бұл  кəсіпорынның  жалпы жəне
ұйымдық  құрылымында  көрініс  табады. Экономикалық  бірлік  жұмыстың
экономикалық  нəтижелерінің  ортақтылығымен (өткізілген  өнім  көлемімен,
табыстылық  деңгейімен, табыс  салмағымен, кəсіпорын  қорларымен  жəне  т.б.)
анықталады, жəне  бастысы – пайда  көру  қызметтің  негізгі  мақсаты  ретінде
орын алады.
Кəсіпорын – ең  алдымен  өндірістік  те, экономикалық  та  емес, əлеуметтік
бірлік  болып  табылатындығын  айта  кеткен  жөн. Кəсіпорын – бұл  белгілі
əлеуметтік-экономикалық  мақсат-мүдделермен  байланысты, əртүрлі  біліктілігі
бар  адамдар  ұжымы, ал  пайда  түсіру  бүкіл  ұжымның  қажеттіліктерін
(материалдық  та, рухани  да) қанағаттандыру  үшін  негіз  болып  табылады.
Сондықтан  қызметкерлерге  жұмыс  күшінің  ұдайы  өндірісін, еңбек  пен
демалысқа  қалыпты  жағдай, кəсіби  даму  мүмкіндіктерін  жəне  т.б.
қалыптастыруды  қамтамасыз  ететіндей  əлеуметтік  əділ  еңбекақы  төлеу
кəсіпорынның маңызды міндеттері болып табылады.
Кəсіпорын — экономиканың  шаруашылық  жүргізуші  субъекті  ғана  емес,
сондай-ақ заңды тұлға да (сүр. 1).
Заңды тұлға болып төмендегідей ұйым саналады:
• жеке  меншікте, шаруашылық  жүргізуде  немесе  жедел  басқаруда
оқшауландырылған мүлігі бар;
• өз міндеттемелері бойынша мүлігімен жауап береді;
• өз атынан мүліктік жəне жеке беймүліктік құқықтар сатып алатын;
• міндеттер атқара алатын;
• сотта талапкер жəне жауапкер бола алатын;
• дербес теңгерімі немесе сметасы бар (заңды тұлға белгілері).
Заңды  тұлға  мемлекеттік  тіркеуден  өтуі  тиіс  жəне  жарғы  негізінде  немесе
құрылтай шарты мен жарғы, немесе тек құрылтай шарты негізінде əрекет етеді.
Жарғыда  кəсіпорынның (фирманың) ұйымдық  жəне  құқықтық  нысаны, оның
атауы, пошталық  мекен-жайы, қызметінің  мəні  мен  мақсаты, жарғылық
капиталы, пайданы  бөлу  тəртібі, бақылау  органдары, фирма  құрамына  кіретін
құрылымдық бірліктердің тізімі мен мекен-жайы, оның қайта құрылу жəне


жүктеу 4,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау