ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы


2.2. кәмелетке толмаған құқық



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет61/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79

126
2.2. кәмелетке толмаған құқық 
бұзушылармен жүргізілетін 
әлеуметтік-педагогикалық 
жұмыстардың ерекшеліктері
Құқық бұзушылық жасау дерегі қайта орнына 
келмейді және жасөспірім өміріне әсерін тигізбей 
қоймайды. 
Әдетте, жасөспірімнің ісі маманға тікелей сотта 
қарастырылар алдында немесе заңды сипаттағы 
өзге де салдарлары болатын кезде ғана тиеді. 
Сондықтан жасөспіріммен жүргізілетін жұмыс 
басындағы оның уәждемесі – сыртқы: «өз үлесін 
жеңілдетуге» тырысу (істің жабылуына қол 
жеткізу немесе шартты түрде мерзім алу немесе 
есептен тезірек шығу және т.б.). онымен жұмыс 
істеген кездегі міндет сыртқы уәждемені өзгертуге 
бағытталған ішкі уәждемемен ауыстырылуы. 
Жасөспірімнің өмірінде нені өзгертіп, өзгеріске 
нақты қадамдар жасау үшін және өзінің болашақтағы 
жолын белгілеуге не қажет екендігін түсіну үшін 
уақыты айтарлықтай шектеулі. Бұл өте күрделі 
жұмыс, оны әдетте өз бетінше жасай алмайды. 
Көбіне оның құқық бұзғаны үшін төлейтін 
«бағасы» жасөспірімге тым жоғары болып көрінеді; 
ол өзінің әрекеттерінен зиян шеккенге қарағанда 
өзін көбірек құрбан санауы жиі кездеседі.
Өмірінде пайда болған әлеуметтік педагогтерді 
ол басында қорқатын және жақсылық күтпейтін 
тағы бір инстанция ретінде қабылдауы мүмкін, 
көбіне сақтықпен, сенімсіздікпен, тіпті агрессивті 
қарайтын болады.
Басқа нұсқа, қарама-қарсы – жасөспірім мен оның 
отбасы «көмек» іздеп жүрген жағдай. Бұл жағдайда 
әлеуметтік педагог бұл «көмекті» бере алатын және 
сәйкесінше оны «алады» және мұндай «ғажайып» 
әдіспен жағдай өзімен-өзі шешіліп кете береді 
деп қабылданады. Ал сотталу жағдайы өзінің 
барлық болуы мүмкін шешілу нұсқаларымен өте 
күрделі екендігін және ол көбіне жасөспірім және 
оның отбасы тағдырындағы аумалы кезең екенін 
ескере отырып, маманның мәселені шешудегі 
мүмкіндігінің және жауапкершілігінің ауқымы 
жөнсіз жоғары болып кетеді. 
Құқық бұзушылық жасаған жасөспірімдермен жұмыс 
істейтін мамандар жағдайдың заңды бөлігін жақсы 
бағдарлауы тиіс, себебі болып жатқанның нақты 
түйіні соған негізделген және маманның әлеуметтік-
педагогикалық негізін заңды аспектілерден соңына 
дейін бөліп-жару мүмкін емес. 
Жұмыс барысында әлеуметтік педагог жасөспірімге, 
оның отбасына немесе қамқоршыларына бала 
құқық бұза отырып түскен жағдайға қатысы 
бар заң ұғымдарын түсіндіруі қажет. Бұл ретте 
маманның жасөспірімге қандай зардап келуі мүмкін 
екендігін біліп, оның құқықтары, міндеттері 
және мүмкіндіктері қаншалықты екендігі туралы 
ақпаратқа ие болуы тиіс. Атап айтқанда, маман мы-
надай сәттерге бағдарлануы керек:

 
 
«құқық бұзушылықтың ауырлығы» деген 
не, құқық бұзушылықты жіктеу үшін қандай 
негіздер бар;

  әрбір нақты құқық бұзушының болуы мүмкін 
заңды зардаптары қандай (негіздердің біреуі 
бойынша істің тоқтатылуы, шартты түрдегі 
мерзім және т.б.);

  шартты түрде жазалау шарасы деген не, оның 
болуы мүмкін салдарлары қандай;

   қалпына келтіру сот төрелігінің бағдарламалары 
үшін заңды негіздер қандай, олардың сот 
талқылауындағы орны қандай, мұндай 
бағдарламалар сот процесіне қалай кіргізіледі, 
оларды жүргізудің заңды салдарлары қандай;

маманның сот процесіне қатысуы үшін 
заңды негіздері қандай; мұның өзінде оның 
құқықтары мен міндеттері қандай, оның қандай 
мүмкіндіктері бар және оған қандай талаптар 
қойылуы мүмкін.
Кәмелет жасқа толмаған құқық бұзушылармен 
жұмыс істейтін мамандар кейде аса күрделі 
жағдайға ұшырауы мүмкін. Мысалы, сот процесінде 
жасөспірім өз кінәсін мойындамайды, бірақ ма-
манмен сөйлескен кезде құқық бұзушылыққа 
өзінің қатысқаны туралы ашық айтып береді. 
Әрбір мұндай жағдайға өте мұқият қараған дұрыс 
және олардың әрбіреуі маманның заң жүзіндегі 
ерекшеліктерін түсінуін, жасөспірім ісі бойынша 
шешім қабылдау процесінде болып жатқанды ма-
ман меңзейтін адамгершілік құндылықтарымен 
үнемі салыстырып отыруы тиіс. 
Екінші жағынан, маман жасөспіріммен және оның 
отбасымен сенім және серіктестік негізінде қарым-
қатынас құрады және бұл қағидаларды бұзбаған 
өте маңызды.
2.3. маманның кәмелетке 
толмаған құқық 
бұзушылармен жүргізетін 
жұмыстарының кезеңдері 
Жасөспіріммен жүргізілетін жұмыстағы алғашқы 
әрі маңызды кезең – онымен танысу және байланыс 
орнату. Бұдан кейінгі жұмыстардың сәтті болуы 
осыған байланысты. 
Кәмелетке толмағандармен және олардың отбасы-
ларымен танысар алдында маман өзінің оларға де-
ген көзқарасын айқындап алуы тиіс. 
Ең алдымен, әлеуметтік педагогтің «жаман» баланы 
«жақсартып» жіберетін «дәрігер» емес екендігін айта 
6-тарау.
Қылмыстық іс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық қолдау


127
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
кеткен жөн. Кейде ата-аналар мен педагогтер қалпына 
келтіру немес психологиялық орталықтарға «Мына 
бала өзін нашар ұстайды, біздің талаптарымызға 
пысқырып қарамайды, тентек болып, құқық 
бұзады. Бұған бірдеңе жасаңыздаршы, жақсарып, 
тәртіпті болсын, біздің дегбірімізді кетірмейтіндей 
қылыңыздаршы» деген өтінішпен келеді. Мұндай 
жағдайда ол баланың жақын ортасын құрайтын адам-
дар баланың басындағы болып жатқан жайттар үшін 
жауапкершілікті өздерінен маманға алмастыруға ты-
рысады. Бұл ұстаным баланың өзі үшін де тиімді: оған 
жағдайды өзгертуге тырысудың қажеті де жоқ. Ол не-
месе өз басына түскен жағдаяттың маман көмегімен 
өзгеретіндігіне сеніп, өзіне бағытталған әрекеттерді 
қабылдауы мүмкін немесе өзін құрбандық деп санап, 
бар күш-жігерін өзіне жасалған әрекеттен құтылудың 
жолын іздеуге жұмсайды. 
Жасөспіріммен жұмыс кезінде байланыс орнатудың 
маңызы зор. Жасөспіріммен жұмыс істеу кезінде игі 
нәтиже әкелер негізгі ережелер төмендегідей: 

  өзіңнің қолыңнан келмейтінді ешқашан балаға 
уәде етпе;

 
жасөспірімнің жеке тұлғасына, оның 
дүниетанымына құрметпен қарау;

өз тарапыңнан жасандылыққа жол бермеу; 

ашық та адал болу; 

жасөспіріммен арадағы қарым-қатынасты тек 
жұмыс деп қана түсінбей, өзіндік дамудың, 
өсудің бір мүмкіндігі деп қарау; 

әрдайым түсіністік пен қабылдау сезімін көрсету; 

маңызды өмірлік мәселелер бойынша өзіндік 
мықты қағидаттарға, ұстанымдарға ие болу.
Байланыс алғашқы әңгімелесуден-ақ орныға ба-
стайды. Ол тез арада орнығуы мүмкін немесе ол 
үшін бірнеше рет кездесу қажет болуы да мүмкін. 
Алайда жасөспірім үшін алғашқы кездесудің орны 
ерекше екені айқын. Оның бірнеше мақсаты бар. 
Бұл алғашқы диагностикалау. Оның барысында 
маман жасөспірімнің әлеуметтік ахуалы туралы, 
оның өзінің өзі жасаған құқық бұзушылыққа деген 
көзқарасы туралы және оның мүмкін деген себептері 
туралы ақпарат ала бастайды. Осы сәттен-ақ болашақ 
іс-әрекеттердің жоспары құрыла бастайды. 
Кейде маманмен арадағы игі байланыс жасөспірімнің 
өзінің өмірін өзгертуге деген белсенді ұмтылысын 
туғызушы басты фактор болып табылады. 
Мысалы, жасөспірім Б. он екі жасынан бастап тұрақты 
түрде құқық бұзушылық жасап келген, тиісті поли-
ция мен өзге органдардың бар ұмтылысы нәтижесіз 
қала берді. Әлеуметтік педагогтің онымен оң да 
тиімді байланыс орнатуға қолы жеткен. Б. алғаш рет 
өзін түсініп, қабылдайтын адамның бар екендігіне 
көзі жеткен. Осы байланыстың арқасында ол өз 
мінез-құлқы әкелетін нұқсанды түсініп, жағдайды 
жақсарту бағытындағы қадамдар жасай бастаған. 
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен 
жүргізілетін жұмыстың екінші маңызды кезеңі – 
оған қатысушылардың сұраныстарын анықтау. 
Құқық бұзу жағдаятымен жұмыс істеу қажеттілігі 
туындаған кездегі іс-әрекет бағдарламасын құруға 
керек қатысушылардың сұраныстарын анықтау 
үшін сұхбатты төмендегідей сызба бойынша 
жүргізуге болады:
1)  құқық бұзушылық туралы әңгіме;
2) құқық бұзушылыққа итермелеген себептерді 
анықтау; 
3) 
құқық бұзушылықтың кәмелетке толмаған 
жасөспірімнің өзіне, отбасына, жақындарына, 
жәбірленушіге және осы жағдаятқа қатысты өзге 
де субъектілерге тигізетін салдарын анықтау; 
Әрі қарай бірлескен түрде себептерді жою және 
салдарларды түзету жоспарын құруға болады. 
Мына мәселелерді анықтағаннан кейін жағдайдың 
толық талдауын жасауға болады: 
1) Отбасы құрамы және отбасы мүшелерінің жастары. 
2) Отбасы мүшелерінің қызметі.
3) Отбасының психологиялық күйі:

Жасөспірімде мәселелелер туындаған 
жағдайда ол кімнен көмек сұрайды? 

Ең маңызды мәселелер бойынша шешімдерді 
қабылдайтын отбасы басшысы кім? 

Отбасындағы шекаралар (бір-бірімен 
қарым-қатынаста отбасы мүшелері 
өздерін қаншалықты еркін ұстайды немесе 
қаншалықты қосылып кетеді )
4) Отбасының өмір салты (алкогольді қолдану; 
ұрыс пен жанжалдар; ата-аналардың өзара 
қарым-қатынасы; олардың балаларға қарым-
қатынасы; физикалық жазалау қолданылады ма; 
зорлық деректері орын алды ма және т.б.). 
5)  Тұрмыстық жағдайы (кәмелетке толмағанның 
өзінің кеңістігі бар ма; жоқ болған жағдайда ол 
бір кеңістікте кіммен тұрады, генетикалық нор-
малар сақталады ма және т.б. )
6)  Кәмелетке толмаған бала қайда және қай мек-
тепте және/немесе басқа оқу орындарында 
білім алды немесе алады; егер мектептерді ауы-
стырса, себебі неде? 
7)  Кәмелетке толмаған бала қазір қайда оқиды не-
месе жұмыс істейді?
8)  Кәмелетке толмаған баланың оқу үлгерімі. Оқу 
үдерісі ол үшін ерікті ме? Оқу оны қаншалықты 
қызықтырады? Оның жақсы көретін және 
ұнатпайтын пәндері қандай? 
9)  Егер кәмелетке толмаған бала кәсіби білім 
алып жатса немесе келешекте алғысы келсе, 
оның таңдауына кім немесе не ықпал етті? 
10) Жасөспірім өзінің қызығушылықтарына сәйкес 
үйірмелерге, спорт секцияларына қатысты ма 


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау