- Ата аналар жиналысы
- “Жас ұрпақ болашағына бірге үңілейік!”
- Орал қаласы,
- 2014 – 2015 оқу жылы
- Ұйымдастырған: Есенова л.С.
- Топ студенттерінің сабаққа қатысуы
- Топтық жұмысы
- Ағымдағы мәселе
- ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ
- ҚАЛЫПТАСТЫРУ МОДЕЛІ
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 111 бабына сәйкес, себепсіз кәмелетке толмаған балаларының оқуы мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін ата-аналарына бестен он айлыққа дейінгі есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 111 бабына сәйкес, себепсіз кәмелетке толмаған балаларының оқуы мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін ата-аналарына бестен он айлыққа дейінгі есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
- Ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларының оқуы мен тәрбиесіне жауапкершілікпен қарамағаны үшін және кәмелетке толмағандар үнемі ішімдік ішіп, есірткі мен психикасына зиян келтіретін психотроптық заттарды қолданса немесе қаңғыбастық және қайыршылық, қылмыс немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасауға әкелсе, ата-аналарға жиырма айлық есеп көлемінде айыппұл салынады.
- ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 311-1 бабының 2 бөліміне сәйкес, білім беру аумағындағы заңнамада қаралған ата-аналарға қойылған міндеттер толық орындалмаса ата-аналарға үштен он айға дейінгі айлық көрсеткіш есебінде айыппұл салынады.
- 1топ: Баланың жақсы жетістіктерге жетуіндегі ана - ананың рөлі:
- 2топ: Колледжден балаңызға қандай қолдау күтесіз?
- 3топ: Балаңыздың тарапынан құқық бұзушылық болған жағдайда сіздің жасар әрекетіңіз:
- 1. Отбасындағы психологиялық ахуал, татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, бейіл береке - оның барлық мүшелерінің ырысы ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.
- 2. Бала - ата - анасының физиологиялық, психо - әлеуметтік көшірмесі. Ол бойындағы барлық нышандарды ата - анасынан тұқым қуалау арқылы алады. Ал дүниеге келіп, отбасындағы өмірлік ортаға түскенде ең алдымен, бала тұлғасының дамуына оның ата - анамен қарым - қатынасы әсер етеді.
- 3. Жанұяда балаға орынсыз ұзақ әңгіме айтып, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
- 4. Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей, ескерту жасаса, жеткілікті.
- 5. Балаға аса байыппен қарау керек, мейлі ол әлжуаз немесе дәрменсіз болсын, болашағынан үміт үзбеген жөн.
Ата-анаға айтылар ұсыныс - «Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,15-ке дейін құлындай жұмса,15-тен кейін досыңдай сыйла»
- 1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
- 2. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
- 3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
- 4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.
- 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
- 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
- 7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.
8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз. - 8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
- 9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
- 10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
- 11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
- 12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз.
- 13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
- 14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жерде құпиялы әңгімен айтпаңыз.
- 15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
- 16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
- 17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.
- Ата-аналарға жадынама. Құрметті әкелер мен аналар!
- Егер де Сіз тек қана бүгінгі күнмен емес, ертеңге де сеніммен қарайтын адам болсаңыз, бұл естелік балаңызбен жылы қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі.
- Бұл естелікті өзіңіздің жұмыс үстеліңіздің үстіне іліп қойыңыз және кейде бұл естелікте жазылған ережелер мен талаптарға қалай сәйкес болып отырғаныңызды талдап отырыңыз.
- Сіздің балаңыз бен отбасыңыз - өміріңіздегі ең басты құндылық екенін ұмытпаңыз!
- Отбасы сізден ешқайда қашпайды деп ойламаңыз, оны «содан кейін» қарастыруға болатын маңызды істер қатарына жатқызбаңыз
- Өз балаңызға неліктен жұмыста таң атқаннан кешке дейін жүру қажет екендігін түсіндіріңіз
- Балаңызды өз жұмысыңызбен таныстырыңыз. Ол Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар үшін Сіздің орныңыз бөлек екенін сезінсін.
- Өз жұмысыңызды балаңызға жаман жағынан көрсетпеңіз. Сізді жұмыстан күтіп отырғанда балаңыз жаман көңіл-күймен келетініңіз туралы ойламау керек.
- Балаңызға өзіңіздің жеңістеріңіз бен жетістіктеріңіз туралы айтып отырыңыз
- Үйге келгеннен кейін балаңызбен қарым-қатынас мейлінше жиі болуын қамтамасыз етіңіз
- Жұмыстағы келеңсіз жағдайларды балаңызбен қарым-қатынасқа аудармаңыз
- Балаңызбен әңгімелесуді көңілді түрде жүргізуге тырысыңыз
- Күнделікте бағасын ғана емес, бүгінгі күннен алған әсері мен жолдастарымен байланысындағы көңіл-күйі жайлы да сұрастырыңыз
11. Егер де қолыңыз босаса, оның достарымен танысып, араласуға жұмсаңыз - 11. Егер де қолыңыз босаса, оның достарымен танысып, араласуға жұмсаңыз
- 12. Кешіңізді теледидар көру, мағынасыз телефонмен сөйлесулер, кір жуу мен үй жинауға кетіре бермей, балаңызбен ең маңызды, ең қымбат мәселелер жайында құшақтасып отырып әңгімелесіңіз
- 13. Балаңызды жан-жақты бақылаңыз, оның ішкі жан дүниесімен танысыңыз, кешігіп қалмаңыз!
- 14. Үйге кешігіп келгеніңіз немесе орындамаған уәдеңіз үшін баланы сыйлық әперумен алдамаңыз: уақыт өте келе ол Сізді емес, сыйлықты ғана күтетін болады
- 15. Балаңызды үйде жақын адамдарды тоса білу дәстүріне үйретіңіз. Мүмкін, бұл - әдемі, жүрекке жылы салт ретінде көрінер: үстелдегі әдемі салфеткалар, хош иісті тамақ, жақсы музыка және үйге кіріп келе жатқан Әке мен Шеше. Уақыт өте келе осындай дәстүрді қалыптастырған ата-аналар өздерінің есейген балаларын әңгімелесу үшін осылай күтіп отыратын болады.
- 16. Балаңызды жарты сөзден тоқтатпаңыз, асықпаңыз, оны мұқият тыңдауға тырысыңыз
- 17. Ол Сізді құшақтауға ишарат білдіргенде одан безбеңіз, қол сілтемеңіз. Бұл оған күні бойына жаңа кездесулер, өзіне сенімділік, эмоционалдық қуат береді. Баланы бұл мүмкіндіктен айырмаңыз!
- 18. Есіңізде сақтаңыз! Бүгінгі күні балаңыздың Сізбен қарым-қатынасынан айырсаңыз, қартайғанда өзіңізбен қарым-қатынасын үзесіз деген сөз!
- Есте сақтаңыз: бумеранг қайта айналып келеді!
- Сіздің ата-аналық бақытыңыз өзіңізбен әрқашан бірге болсын!
Достарыңызбен бөлісу: |