ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет62/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79

128
және қатысып жүр ме? Қандай? Егер қатыспай 
қалса, себебі неде?
11) Кәмелетке толмаған бала немен айналысты 
және немен айналысып жүр? Неге қызығады? 
Себебі? Таңдауға кім ықпал етті? 
12) Жасөспірімнің болашаққа жоспары қандай? 
Ол немен айналысқысы келеді? Осы сабақтарға 
қатысты уәжі қандай? Жоспарды жүзеге 
асыруға дайындығының деңгейі қандай? Бұл 
жоспардағы қай бөлімдерді ол өзі жасай ала-
ды, қай бөлімдерге көмек керек? Жоспарларын 
жүзеге асыруға не көмектеседі? 
13) Кәмелетке толмаған баланың достары қанша? 
Олардың ішінде нешеуін өзіне жақын деп 
есептейді? Оның достарының қаншасын ата-
аналары біледі? Достарының нешеуі оның 
үйіне келеді? 
Жеке психологиялық ерекшеліктерді анықтау 
мақсатында кәмелетке толмағанның және оның 
отбасының келісімімен тиісті мамандар көмегімен 
психологиялық диагностика жүргізілуі мүмкін. 
Ақпарат жинау тек кәмелетке толмаған бала мен 
оның жақын ортасының сөздерінен ғана емес басқа 
ақпарат көздерінен де жиналуы мүмкін. Маман 
кәмелетке толмаған бала оқып жүрген оқу орны-
нан, онымен қызмет атқаратын немесе атқарған 
басқа мекемелерден (медициналық, әлеуметтік, 
психологиялық) ақпарат алу арқылы жадайдың 
кеңейтілген диагностикасын жүргізуі мүмкін. 
Жасөспірім мен оның отбасы әлеуметтік педагог 
тергеуші, сот, қорғаушы өкілеттілігіне ие еместігін, 
оның міндеттері мен қызметтері басқа екендігін 
түсінгені маңызды. Маманды құқық бұзушылықтың 
шын бейнесі мен кәмелетке толмаған құқық 
бұзушының ақтау мүмкіндігі қызықтырады. 
Жағдайды талдау кәмелетке толмаған бала мен 
оның отбасына жағдайды дұрыс көруге және 
қорғау мен болуы мүмкін жазалау шарасын 
жұмыс арту ұстанымынан емес, жасөспірімнің 
нақты әрекеттеріне жауапкершілік алу және осы 
әрекеттің салдарынан болған зиянды түзеуге тыры-
су мүмкіндігі ұстанымынан бағалауға көмектеседі. 
Жасалған талдау акцентті қорғаныс ұстанымынан 
жасөспірімнің жағдайды шешуге бағытталған жеке 
белсенді әрекет ету мүмкіндігіне ауыстырады. 
Тәжірибеден мысал келтіруге болады.
Төбелеске бірнеше адам қатысты. Жасөспірім 
жәбірленушіге дене зақымдарын тигізгеніне (ол ра-
сымен жәбірленушіні ұрды) жауап беруге дайын, 
бірақ жәбірленушінің жоғалған ұялы телефоны-
на жауап беруге дайын емес, себебі бұл дерекке еш 
қатысы жоқ. 
Жасөспіріммен атқарылатын алдағы жұмыс 
әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Әлеуметтік 
оңалтудың мақсаты – баланың құқық бұзушылық 
әрекетінің себептерін жою және баланың әлеуметтік 
жағдайына зиянды факторлардың ықпалын азайту. 
Оңалту бағдарламасы кәмелетке толмағанның 
тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, жобамен 
ол және оның ата-анасы танысқаннан кейін жаса-
лады. Жеке әлеуметтік даму бағдарламасы мынадай 
міндеттерді атқарады: 

  Психологиялық-педагогикалық қолдау;

  Жаңа шарттарға жасөспірімнің бейімделуі;

 
Кәмелетке толмағандардың олардың 
қызығушылықтарына сәйкес үйірмелерге, 
спорт секцияларына, жасөспірімдік клубтарға 
қатыстыру; жұмысқа орналастыру;

 
әлеуметтік бейімделе алмауды, тәртіп 
бұзушылықтарды және т.б. ескерту; 

  Тиімді шарттар жасау арқылы жеке әлеуетті да-
мыту үшін тәртіпті, оқуды түзеу. 
Әлеуметтік қызметкер-педаготердің кәмелетке 
толмаған құқық бұзушылармен атқарған 
жұмысын «Кәмелетке толмағандарға қатысты 
балама әділ сот. «Медиация» пилоттық жоба 
шеңберінде Астана қаласының жасөспірімдер 
ісіне мамандандырылған соты мен Қазақстандағы 
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Медиатор-
лар одағы» Қоғамдық бірлестігінің бірігіп жұмыс 
істеген тәжірибесінен көруге болады. 
Жасөспіріммен кезең бойынша жұмыс істеу Астана 
қаласының жасөспірімдер ісіне мамандандырылған 
сотының «Медиаторлар одағы» ҚБ әлеуметтік 
қызмет мамандарын (қызметкерлерін) тартудан ба-
сталды. Қоғамдық бірлестіктің мамандары іспен, 
жасөспірім және оның ата-анасымен танысты. Бұл 
кезде жасөспірім мен оның ата-анасына әлеуметтік 
қызметкердің міндеттері мен қызметтері түсіндірілді. 
Әлеуметтік қызметкердің нақты жұмысы – жағдайды 
әңгімелесу, сауалнама жүргізу, психодиагности-
ка және басқа әдістер арқылы зерттеу, кәмелетке 
толмаған баланың әлеуметтік портретін жасау, 
даму мен оңалтудың жеке жоспарын жасау, Астана 
қаласының жасөспірімдер ісіне мамандандырылған 
сотына қорытындылар мен ұсыныстар беру. 
Жоспарланған іс-шараларды өткізген кезде 
кәмелетке толмаған балалар мен олардың ата-
аналарының құқықтық білімдерін жоғарылатқан заң 
нормаларының топпен және жеке түсіндіру арқылы 
жүргізілгендігін атап өткен жөн. 
Өзін-өзі талдауды дамытуға және өзін-өзі зерттеуді 
тереңдетуге; коммуникативтік қасиеттерді 
дамытуға; комуникацияға қатысушылардың 
қажеттіліктерін, пейілдерін, мақсаттарын 
талдауға негізделген құрдастармен араласудың 
тиімді әдістерін қалыптастыруға; жаңа тапсыр-
ма орындаған кезде топпен қарым-қатынас жасау 
тәжірибесін алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік-
психологиялық тренингтер өткізіліп отырды. 
6-тарау.
Қылмыстық іс жүргізудегі әлеуметтік-педагогикалық қолдау


129
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Әлеуметтік-педагогикалық мамандар мен Астана 
қаласының жасөспірімдер ісіне мамандандырылған 
сотының өзара қарым-қатынас жасау тәжірибесінде 
оңалту-алдын алу жұмыстарының тиімділігін 
көрсететін мысалдар бар (№4 Қосымшаны 
қараңыз).  
2.4. Қылмыстық әрекеттен 
зардап шеккен кәмелетке 
толмаған баламен әлеуметтік-
педагогикалық маманның 
жұмыс істеу ерекшеліктері
Қылмыспен кездесу адамда ешқашан толығымен 
кетпейді. Бала үшін бұл кездесудің кетпейтін 
жағымсыз салдары болуы мүмкін. Қылмыстық 
әрекеттерден зардап шеккен балалармен жұмыс 
кезінде әлеуметтік-педагогикалық маманның 
міндеті: болған жағдайдан кейін оның санасының 
өзгерісін тіркеу, келешекте пайда болған жағымсыз 
өзгерістерді түзеу және оңалту әлеуметтік-
педагогикалық іс-шараларын өткізу. 
Ең алдымен зардап шеккен баламен байланыс ор-
нату, оны тыңдау, ақпарат пен сезімдері шығу үшін 
оған өз ойын айтуға көмектесу қажет. 
Құқық бұзушылықтың кесірінен зардап шеккен 
балалармен жұмыс келесі ұстанымдарға негізделуі 
қажет: 
1.  Қылымыстан зардап шеккен балаларды (куәгер-
балаларды да) қарау қамқорлыққа және соттың 
істі қарастыру кезінде олардың мүдделерін еске-
руге негізделуі тиіс. 
2.  Әр баланы өзінің қажеттіліктері, тілектері және 
сезімдері бар тұлға ретінде қарастыру қажет 
3.  Қылмыстық тергеу жүргізетін мамандар баламен 
іс жүргізуге қажетті уақытты ғана өткізу қажет. 
4. Қылмыстан зардап шеккен немесе куәгер ба-
ладан жауап алатын мамандар баламен жұмыс 
істеуге дайындалған болуы тиіс және қажетті 
сұрақтарды баланың жас ерекшеліктері мен 
қажеттілігін ескере отырып дұрыс, сыпайы 
түрде қоюы тиіс. 
5.  Қылмыстан зардап шеккен немесе қылымыстық 
іске куәгер болған баламен байланысатын барлық 
адамдар баламен ол өзін қолайлы және қауіпсіз 
сезінетін орында сөйлесу қажет. Олардың бала 
түсінетін және білетін тілде сөйлеуі қажет. 
Қылмыстан зардап шеккен балалар сот істі 
қарастыру кезінде мамандармен араласқанда 
олардың қажеттіліктері мен мүдделеріне қатысты 
қамқорлықты сезінуі тиіс. Оларға жаман хал-
жайы, шаршағандығы, қорқатындығы және т.б. 
туралы еркін айта алатындай және айтқанының 
ескерілетіне сенімді болатындай жағдай жасалуы 
тиіс. 
Қылмыстан зардап шеккен балалар (куәгер-
балалар секілді) не болып жатқаны туралы 
білуге, оларға түсініксіз болса, сұрақтар қоюға 
құқықтары бар. Балаларға олардың құқықтары 
мен міндеттерін, олардан жауап алған кезде нені 
күтетіндіктерін, олардың жауаптарының неге 
маңызды екендігін, болған жағдайды анықтауға 
қалай көмектесетіндігін түсіндіру қажет. 
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің ма-
мандары сот процесі кезінде қылмыстан зардап 
шеккен балалармен (куәгер-балалармен) бірге 
болып, оларға көмек пен қолдау көрсетулері 
тиіс. Соттың жәрдемдесуі арқылы балаға сотта 
қойылатын сұрақтар түсінікті болуын және ба-
ланы қорқытпауы керектігін қамтамасыз етулері 
қажет. Қажет болған жағдайда құқық бұзушымен 
барынша аз байланыста (байланыс болмау) болуын 
қамтамасыз етуге жәрдемдесуі қажет. 
Қалыпқа келтіретін сот төрелігі рәсімін өткізу 
жағдайында, мысалы, зардап шеккен адам мен 
құқық бұзушы арасында ымыраласу немесе меди-
ация, әлеуметтік қызмет маманына құқық бұзушы 
келген шығынды өтей отырып, өз әрекеттеріне 
шынымен өкінетіндігіне сену маңызды, бұл кезде 
зардап шегуші кешірім беру шешіміне келе алады. 
Мысалы, кәмелетке толмаған А. зорлық-
зомбылықтың құрбаны болды: оның ұялы телефо-
нын тартып алған, сондықтан ол қорқып қалған. 
Бұл оқиғадан бұрын онда сөйлеу кемшілігі тұтығу 
болды. Сот талқылауы кезінде сот кәмелетке 
толмаған балаға қатысты эмоционалдық және 
психологиялық ауыртпалықты бақылау мақсатында 
әлеуметтік-педагогикалық қызметкерді шақырды. 
Сот процесі кезінде кәмелетке толмаған бала 
түсініктеме беріп жатқанда және оған проце-
ске қатысушылар қосымша сұрақтар қойған кез-
де кәмелетке толмаған балаға эмоционалдық 
ауыртпалық түскені анықталды, сол себепті ол 
мүдіре және тұтыға бастады. Кәмелетке толмаған 
баланың денсаулығына зардап келтіруі мүмкін 
зардаптардың алдын алу үшін, оның қалыпқа 
келуіне уақыт беру үшін маман кәмелетке толмаған 
баладан жауап алуды тоқтатуды ұсынды. 
Кейін сот процесі кезінде айыпкер келтірілген 
материалдық шығынның орнын толтырды және 
жәбірленушіден А. және оның ата-анасынан 
кешірім сұрады. Сол себепті А. және оның ата-
анасында айыпталушыға қатысты шағым болмады. 
Сот процесі аяқталғаннан кейін А. денсаулығы 
қалыпқа келді, тұтығуы азайды. 
Жасөспірімдер істері жөніндегі арнайы 
мамандандырылған сараптамалық сот жұмысының 
тәжірибесі сот ісіне әлеуметтік-педагогикалық 
мамандарды тарту оң нәтижелер беретіндігін 
көрсетті.  


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау