Тґтенше жаєдайлардыѕ алдын алу жјне жою жґніндегі ведомствоаралыќ мемлекеттік комиссиясыныѕ кезектен тыс отырысыныѕ №1 хаттамасы



жүктеу 43,5 Kb.
Дата12.02.2020
өлшемі43,5 Kb.
#28781


Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының кезектен тыс отырысының

1 хаттамасы


Астана қ. 2012 ж. 23 ақпан
Төрағалық етті: Божко В.К. – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, төраға.

Қатысқандар: Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясының мүшелері.


«Қар жамылғысының күрт еруі салдарынан ағынды су тасқыны зардаптарының алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы»

(Божко В.К., Смаилов Ж.А., Толыбаев М.Е., Бектұров А.Г., Қизатов Е.А., Жақсалиев Б.М., Ақмурзин А.А., Сұлтанов Н.К.)
2008-2012 жылдардағы су тасқыны кезеңдері республика үшін ауыр болды, ол экономикалық шығындар мен залалдарға әкелді, жалпы, ел аумағында бұл кезеңде 11934 аса объектіні су басты және бұзылды, соның ішінде 4757 тұрғын үй, сондай-ақ автожол учаскелері және басқа құрылыстар.

Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында болған су тасқындары анағұрлым көп шығынға әкелді, оларды қалпына келтіру үшін шамамен 50 млрд. теңге жұмсалды.

Көп жылғы бақылау таулы аумақта орналасқан судың жайылу кезеңінде өзендердің ағуы көбінесе ақпан-мамыр кезеңіндегі жауын-шашынға байланысты болатынын көрсетті. Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Сырдария, Орал, Шаған, Деркөл, Үлкен және Кіші өзен (Батыс Қазақстан облысы), Іле, Қаратал, Лепсі (Алматы облысы), Тобыл
(Қостанай облысы) өзендерінің ағуы 2012 жылғы көктемде нормадан жоғары деп алдын ала күтіледі.

Жүргізілген жұмысты, су тасқынына дайындықты өткізу, көктемгі қар еруінен жоғарыдан аққан су ағынының қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету жөніндегі бар проблемалар мен кемшіліктерді қарап және талқылып, халықты, объектілер мен аумақты көктемгі су тасқынының кері зардаптарынан қорғау бойынша нақты инженерлік-техникалық, ұйымдастырушылық шараларды қабылдау мақсатында, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссиясы ҰСЫНАДЫ:



1. Су тасқынына дайындықты өткізу бойынша Мемлекет басшысының қойған міндеттерін орындау үшін шараларды іске асыру туралы ведомствоаралық комиссия мүшелерінің баяндамалары мен сөздері назарға алынсын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1) су басқан елді мекендердің аумақтарын, мұз кептелістері қалыптасуы ықтимал жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізсін, тұрғын үй қорын су тасқыны мен еріген-жауын судың қауіпті әсерінен қорғау бойынша шараларға ерекше назар аударсын;



Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
2) елді мекендерді қорғауды, автомобильдік және темір жолдарының, электр өткізу және байланыс желілерінің, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің сақталуын қамтамасыз ету, қорғау бөгендерін нығайту және салу, уақытша өткелдерді реконструкциялау не демонтаждау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және іске асырсын. Осы жоспардың уақтылы және тиімді іске асырылуына дербес жауапкершілікте болатын адамдарды анықтасын;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
3) Елді мекендерде, объектілер мен аумақта су басуды болдырмау мақсатында бөгендер мен өзге қорғау құрылыстарын нығайту бойынша жұмыс жүргізсін. Олардың жай-күйіне тұрақты бақылау белгілесін.

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 10 сәуірге дейін
4) су тасқыны кезеңінде еріген судың көп мөлшерін шығаруға арықтық-арналық жүйелерді, өзендердің арналарын, су өткізетін және гидротехникалық құрылыстарды дайындауды қамтамасыз етсін. Қалалардан қардың шығарылуын қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін
5) мамандандырылған және инженерлік техниканы, мотопомпаны, инертті материалдар мен қаптар қорын су тасқыны қаупі бар учаскелердің маңына жинасын. Су тасқыны жағдайы қиындаған кезде авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін оларды жедел қолдануды қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
6) елді мекендерде су басу қаупінің туындауы кезінде іс-қимыл, қауіпті аймақтардан эвакуациялау қағидалары бойынша халыққа жадынамалар, тақырыптық буклеттердің шығарылуы мен таратылуын ұйымдастырсын;

Орындау мерзімі: 2012 жылғы 30 наурызға дейін

7) тасқын суға қарсы, жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ тасқын су кезеңінде төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жеткілікті қаржылық және материалдық резервтерді құрсын.



Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 наурызға дейін
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға ауа райының және қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды алдын ала ескертудің сенімді болжамдарының уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етсін.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті:

1) Су қоймаларынан судың жіберілуін тиімді реттеу, судың жиналуын және судың бөлінуін жоспарлау, олардың сақталуын қатаң бақылау жолымен тасқын сулардың қатерін және ауқымын, олардан болған шығынды азайту бойынша толық ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды қабылдасын;



Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
2) ағымдағы жылға жоспарланған республикалық гидротехникалық құрылыстардың уақтылы салынуын және жөнделуін қамтамасыз етсін;

Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 желтоқсанға дейін
5. Ауыл шаруашылығы министрлігі төтенше жағдайлар, қоршаған ортаны қорғау министрліктерімен бірлесіп 2013-2015 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қар запастарының және жауын-шашынның бар-жоғын, көрші елдерде орналасқан су қоймаларының жұмыс режимін есепке ала отырып су шығыстарын бақылауға арналған негізгі ағысын және су қоймасын қоса алғанда ГИЗ базасында Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігіндегі гидравликалық модельді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізсін.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 мамырға дейін
6. Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары жергілікті атқарушы органдармен, Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп:

1) облыс және аудан орталықтары, елді мекендер, құтқару бөлімшелері, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардың қызметтері мен құралымдары арасында тұрақты және үздіксіз байланысты ұйымдастыру кестесін пысықтасын;



Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
2) электр дабылдарын, желілік радиохабар тарату, радио және телевизия арналарын, айналымдағы шақырту тіректерін, мобильді дауыс зорайтқыш қондырғылар мен басқа да техникалық құралдарды пайдалана отырып, облыстық және аудандық хабардар ету жүйелерін дайындап, әзірлікке келтірсін;

Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
3) Тасқын су зардаптарын жою үшін күштер мен құралдар топтамаларының әзірлігін тексерсін.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 15 наурызға дейін
7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ведомстволық бағынысты гидроэлектр станцияларының, тасқын су қауіпті учаскелерде орналасқан электр жіберу желілерінің кепілді және тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша толық шаралар кешенін қабылдасын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
8. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

тасқын су кезеңінде автомобиль және темір жолдарының, байланыс және коммуникация желілерінің, көпірлердің, инженерлік және басқа да жол құрылыстарының сақтығын қамтамасыз ету бойынша толық шаралар қабылдасын.



Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
9. «Қазавтожол» РМК Төтенше жағдайлар министрлігіне қар борасыны және температура айтарлықтай төмендеген кезде жолдарды жабу тәртібі туралы құжат ұсынсын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
10. Орталық атқарушы органдар тасқын су қауіпті учаскелерде орналасқан ведомстволық бағынысты объектілерді қорғау бойынша қажетті алдын алу шараларын қабылдасын.

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
11. Бас прокуратура (келісім бойынша) Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарымен бірлесіп жергілікті атқарушы органдар қабылдайтын тасқын суға қарсы шаралардың тиімділігіне тексеру жүргізу мүмкіндігін қарасын

Орындау мерзімі 2012 жылғы 30 сәуірге дейін
12. Осы хаттама ұсынымдарының орындалуын бақылау Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
Төтенше жағдайлардың алдын алу

және оларды жою жөніндегі

ведомствоаралық мемлекеттік комиссия

төрағасы – Қазақстан

Республикасының Төтенше

жағдайлар министр В. Божко
жүктеу 43,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау