___________________________ №_______________________
Астана қаласы город Астана
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу жөнінде жұмыс топтар туралы қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодекстің 243 бабының 4 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу жөнінде жұмыс топтар туралы қағидалары бекітсін
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және жариялау үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорында оның көшірмесі қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5)осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау инвестициялар және дамуды жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымда күшіне енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
ҚазақстанРеспубликасы
Инвестицияларжәне даму Ж. Қасымбек
министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
________________________Ө. Шөкеев
2018 жылғы «_____»_______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
________________________Е. Сағадиев
2018 жылғы «_____»________________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
__________________М. Әбілқасымова
2018 жылғы «_____»_______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
_____________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы «_____»______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________________Б. Сұлтанов
2018 жылғы «_____»________________
|
|
ҚазақстанРеспубликасы
Инвестицияларжәне даму министрінің
2018 жылғы _______________
№_______ бұйрығымен бекітілді
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу жөнінде жұмыс топтар туралы қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу жөнінде жұмыс топтар туралы қағидалары (бұдан әрі –Қағида) Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодекстің 243 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді және пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу жөнінде жұмыс топтардың қызметін реттейді (бұдан әрі- Жұмыс топ).
2. Жұмыс топ өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексімен (бұдан әрі - Кодекс), өзге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілермен, сондай ақ осы Қағидалармен басшылық етеді.
3. Жұмыс топтың қызметінің негізгі мақсаты пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімді жасасу жөнінде және келіссөздер қорытындысы бойынша шешім қабылдауда келіссөздер жүргізу болып табылады.
4. Жұмыс топтың құрамы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің немесе оның орнын басатын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.
5. Келіссөздердің қорытындысы бойынша жұмыс топтың шешімі жұмыс топтың барлық қатысушы мүшелерімен қол қойылатын хаттамамен рәсімделеді..
2 тарау. Жұмыс топтың негізгі мақсаттары, функциялары және құқықтары
6. Жұмыс топтың мақсаттары:
1) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу жөнінде өтініштерді қарау және бағалау;
2) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісімнің негізгі шарттарын айқындау болып табылады.
7. Жұмыс топтың функциялары:
1) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасуға арналған өтініштерді уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасуға арналған өтініштерді әділ және жан жақты бағалау;
3) пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жобасы бойынша ұсыныстарды пысықтау және пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісілген жобалау келісімін жұмыс топтың жұмыс органына енгізу болып табылады.
3 тарау. Жұмыс топтың қызметтің тәртібін ұйымдастыру
8. Жұмыс топ жұмыс топтың басшысы, басшысының орынбасары мен мүшелері құрамынан жасалады.
Жұмыс топты оның қызметін басшылық ететін, отырыстарда төрағалық, оның жұмысын жоспарлайтын, күн тәртібін бекітетін, оның шешімін іске асыратын жалпы бақылауды жүзеге асыратын басшы басқарады. Басшының болмауй кезінде оның қызметін орынбасары орындайды.
Жұмыс топтың хатшысы:
1) Жұмыс топтың отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2)жұмыс топтың отырысына тиісті құжаттар, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді;
3) жұмыс топ отырысының хаттамасын жазады.
9. Жұмыс топтың жұмыс органы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті болып табылады (бұдан әрі – Жұмыс орган).
10. Жұмыс орган жұмыс топтың ұйымдастырушылық техникалық жұмыспен қамтамасыз етеді, оның ішінде:
1) Кодекстің 243 бабының 2 тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасуға арналған өтінішті қарайды.
2)белгіленген заңнама тәртіпте оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан ақпаратты сұрайды және алады;
3) Жұмыс топ отырысын өткізгенге дейін үш жұмыс күн ішінде Жұмыс тобы мүшелерімен қажетті құжаттар, материалдарды жібереді, жұмыс топ отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар дайындалады.
4) Жұмыс топ мүшелерін отырысқа, сондай ақ пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасуға өтініштерді берген тұлғаны шақырады және тыңдайды (бұдан әрі – Өтініш иесі);
5) орталық атқарушы дәне басқа мемлекеттік органдармен өз ара әрекеттеседі, сондай қа жұмыс топ міндеттерін шешу үшін жұмысқа мамандарда және сарапшыларды тартады.
11. Жұмыс орган пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасуға өтініштердің келіп түскен бір айдан кешіктірмей пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді өткізуді бастау күні туралы өтініш иесіне хабар береді.
12. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу бойынша келіссөздер пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісім жасасу бойынша келіссөздерді өткізуді бастау күні туралы өтініш иесіне хабарлама жіберген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
13. Жұмыс топтың отырысы егер оларға жұмыс топ мүшелерінің жалпы санынан үштен екіден кем емес қатысса, қажеттілігі бойынша жүргізіледі және заңды деп саналады.
14. Жұмыс топтың шешімі қатысушы мүшелердің жалпы санынан дауыстардың көпшілігі қабылданады. Жұмыс топтың мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысы болады. Хатшы жұмыс топтың мүшесі болып табылмайды. Дауыстың тең болған жағдайда, жұмыс топтың басшысының дауысы шешімді қабылданды деп саналады.
Жұмыс топтың мүшелері қабылданған шешіммен келіспеулері мүмкін, өз пікірлерін жазбаша түрде жаза алады, жұмыс топтың хаттамасына қоса беріледі.
15. Жұмыс топ отырысының нәтижелері бойынша жұмыс топтың хатшысы үш жұмыс күн ішінде барлық жұмыс топ мүшелерімен қол қойылған хаттаманы жазады және жұмыс органға ұсынады.
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өндеу туралы келісілген жобаны келісу туралы қорытынды шешімді қабылдау жағдайда жұмыс топ отырысының хаттамасында міндетті түрде келісілген жобаны келісу қоса тіркеледі, сондай ақ өтініш иесімен немесе оның уәкілетті органымен қол қойылады.
16. Жұмыс топ қызметін ұйымдастыру және жұмыс органмен жинау, материалдарды сақтауды қамтамасыз етіледі.
4 тарау. Жұмыс тобы қызметін тоқтату
17. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы негізінде өз қызметін тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: |