№ 2 зертханалық жұмыс – Топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу
Осы зертханалық жұмыстың мақсаты студенттердің топографиялық карталар бойынша инженерлік-техникалық мәселелерді шешу бойынша машықтар алуы болып табылады.
Зертханалық жұмысты орындау кезінде негізгі мәселелерді шешу ұсынылады:
1) топографиялық картаны оқу.
2) карта бойынша нүктелердің географиялық (φ, λ) және тік бұрышты (x, y) координаталарын анықтау;
3) нақты, магниттік азимуттарды және дирекциялық бағыт бұрышын анықтау;
4) картаны бағыттау:
− ақиқат меридианға түсіру арқылы компас бойынша;
− километрлік тор сызығына түсіру арқылы компас бойынша;
5) горизонтальдар бойынша нүктелердің белгілерін анықтау;
6) құлама бағытын және тіктігін анықтау;
7) картада берілген көлбеу бұрышымен сызықтар жүргізу;
8) полюстік планиметрмен контур аудандарын анықтау.
Картамен жұмысты бастап, жақтау сыртындағы рәсімдеумен: номенклатурамен, карта масштабымен, жатыс масштабымен, координаталық торлардың нөмірленуімен (градустық және километрлік), ақиқат, магниттік және осьтік меридиандардың және басқа жазулардың өзара орналасуын түсіндіретін сұлбамен танысу қажет.
Мәселелерді шешу кезінде картадан керекті деректер калькаға көшіріледі, онда барлық кейінгі әрекеттер орындалады.
Топографиялық картаны оқу
Картаны оқу – бұл шартты белгілер мен горизонтальдарда оны кескіндеу бойынша жергілікті жер туралы жылдам дұрыс түсінік алу. Картаны зерттеу кезінде жер туралы, рельеф сипаты, гидрография, елді мекендер, қатынас жолдары, өнеркәсіптер, өсімдік қабаттары және ауыл шаруашылығы тұрғысынан түсінік болуы қажет.
Карта бойынша нүктелер координаларын анықтау
Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орны координаталармен – нүктелердің бастапқы жазықтықтарға, таңдап алынған координаталар жүйесін анықтайтын сызықтар мен нүктелерге қатысты орналасуымен сипатталатын шамалармен анықталады.
Нүктелер белгілерін горизонтальдар бойынша анықтау
Екі жағдай болуы мүмкін:
1. Нүкте горизонтальда жатыр.
Горизонтальда жатқан нүкте белгісі осы горизонтальдағы жазу бойынша бекітіледі. Егер горизонталь цифрланбаған болса, онда оның белгісін көрші горизонтальдардың цифрлануы бойынша рельеф қимасының биіктігін ескере отырып, табады.
2. Нүкте горизонтальдар арасында болады.
М нүктесі (12, а-сурет) 250 және 255 горизонтальдар арасында болсын дейік.
М нүктесінің белгісін анықтау талап етіледі. М нүктесі арқылы горизонтальдарға (d жатысы) перпендикуляр АВ сызығын жүргіземіз.
Түсіндіру үшін АВ сызығы бойымен вертикаль қима саламыз (12, б-сурет). Х шамасы М нүктесінің кіші горизонтальдан биікайырымы болып табылады. Биікайырымын анықтау үшін екі ұқсас ВМ′М және ВА′А үш бұрышты қарастырайық.
Сонда
мұнда ВМ = l – нүкте мен кіші горизонталь арасында масштабтық сызғышпен (мм) өлшенген қашықтық, мм;
h – рельеф қимасының биіктігі, м;
12-сурет - Жоспар горизонтальдары бойынша нүктелер биіктіктерін анықтау
АВ = d – карта немесе жоспар бойынша сызғышпен өлшенген жатысы, мм.
Кіші горизонталь белгісіне Х биікайырымын қосып, М нүктесінің ізделіп отырған белгісін табамыз.
, м.
Карта бағытын және құлдилығын анықтау
Құлама бағыты деп, ең үлкен құлдилық бағытын түсінеміз, ол картада екі көрші горизонтальға нормаль болып табылады.
Қиманың h биіктігін біле отырып, d құламасының жатысын карта масштабын ескере отырып, циркульмен өлшеп, мына формула бойынша сызықтар еңісін есептейді:
(19)
Сызықтың δ көлбеу бұрышын жатыстардың масштабы бойынша анықтау ұсынылады (13-сурет).
13-сурет - Жатыстар масштабы
А және В нүктелері арасындағы бұрышты анықтау талап етілді дейік. Бұл үшін циркульдің айрық ашасымен жоспардан d жатысын аламыз да, циркульдің бір таяғымен жатыс масштабында - горизонталь сызық бойымен, ал екіншісімен В нүктесінде қисық сызықпен қиылысқанға дейін сырғытамыз.
Горизонталь цифрланған сызықтан (циркуль таяғының орны А нүктесінде) δ = 2°30′ өлшемін түсіреміз.
Картада берілген көлбеу бұрышымен сызықтар жүргізу
А және В нүктелері арасында көлбеу бұрышы δ аспайтын сызық жүргізу талап етіледі (14-сурет). Жатыс масштабын пайдалана отырып, δ көлбеу бұрышына сәйкес келетін d жатысын табамыз.
Сондай-ақ жатысты мына формула бойынша есептеуге болады
, (20)
мұнда h – горизонтальдар қимасының биіктігі.
d жатыс шамасын өлшегіш циркульмен аламыз да, А нүктесінен көрші горизонтальмен қиылысқанға дейін саламыз, жобаланатын сызықтың нүктесін 1 аламыз, циркульдің сол айырық ашасымен келесі горизонтальды қиып өтіп, нүкте 2 алады және т.б. Осы кезде егер жоспардың кейбір бөлігінде горизонтальдар арасындағы қашықтық d жатысынан үлкен болатын болса, онда сызықты трассаның соңғы нүктелері арасындағы ең қысқа қашықтық бағыты бойынша салады.
Белгіленген нүктелер бойынша, бұрылыс бұрыштарын дөңгелектей отырып, берілген еңістегі сызықты жүргізеді. А нүктесінен бастап В нүктесіне дейін трассаның бірнеше нұсқаларын құрастырады. Трассаның соңғы нұсқасы ретінде бұрылу бұрыштары аз, минимум ұзындығы және т.б. болатын нұсқасы қабылданады
Достарыңызбен бөлісу: |