ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет25/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79

53
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
Азаматтық сот ісін жүргізуге қатысатын адамдарда 
мұндай білімдердің болуы сотты тиісті жағдайларда 
сараптама тағайындау қажеттігінен босатпайды. 
ҚР АІК 91-бабының 3-тармағына сәйкес сот 
тараптың қолдаухаты бойынша немесе өз бастама-
сымен сараптама тағайындайды. Сондай-ақ, осы 
баптың 5-тармағына сәйкес іс барысына қатысушы 
адамдар соттан сараптама жүргізуді қажетті ар-
найы ғылыми білімі бар нақты адамға тапсыру ту-
ралы сұрауы мүмкін. 
Осыған байланысты ғылыми-техникалық 
құралдарды қолдануда консультациялар 
(түсіндірулер) және көмек беру жолымен 
дәлелдемелерді жинауда, зерттеуде және бағалауда 
жәрдем көрсету мақсатында сот отырысына және іс 
жүргізу қимылдарына қатысу үшін маман сарапшы 
ретінде мүдделі емес адам –психолог шақырылады. 
Ата-анасының біреуінің ілесуімен бала шетел-
ге шыққан кезде екінші ата-анасының келісімін 
алу қажеттігі туындайды. Заңнамада бұл нақты 
көзделмеген. Бала шетелге тек ата-аналарын-
сыз шыққан кезде бұл қажет етілуі мүмкін. Ата-
аналардың біреуі баланың шетелге шығуына келісім 
бермеуі мүмкін. Мұндай жағдайдағы құқықтық 
негізділік сот тәртібімен шешілетін болады. 
Медиация – неке-отбасы 
қатынастарынан туындайтын 
дауларды шешудің жолы 
Медиация – азаматтық даулар сияқты, қылмыстық 
әділсотта істі шешудің мейлінше тиімді ны-
саны. Мұның мәні сол, екі дауласушы тарап 
ұзақ сот талқылауларынсыз, кәсіби делдал-
медиатордың көмегімен келісімге қол жеткізе 
алады. Медиацияның негізгі міндеті – дау бойын-
ша кінәліні анықтау емес, тараптарды бірауыздан 
келісімге келтіру болып табылады. 
«Медиация туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 
медиация – бір немесе бірнеше медиатордың 
қатысуымен тараптардың ерікті келісімі бой-
ынша іске асырылатын, өзара қолайлы шешімге 
қол жеткізу мақсатында тараптар келіссөздер 
жүргізетін, дауды шешу рәсімі61. Егер Қазақстан 
Республикасының Заңдарына өзгеше көзделмесе, 
медиация – жеке және заңды тұлғалардың 
қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасы және өзге 
құқықтық қатынастардан туындайтын дауларда 
(жанжалдарда) қолданылады. 
Азаматтық сот ісін жүргізуде бір тараптың өтініші 
бойынша немесе сот тарапынан медиацияға 
жүгінуге ұсыныс берілуі мүмкін. Медиация 
тетігі сотқа жүгінгенге дейін де, сот талқысы 
басталғаннан кейін де қолданылуы мүмкін. 
Медиация саласы азаматтық құқық санасының 
жетілуіне ықпал етеді, сондықтан, ол азаматтық 
қоғам институты ретінде қабылдануы мүмкін. 
ҚР «Медиация туралы» Заңының қабылдануымен 
қазақстандық сот жүйесінде медиация құқықтық 
институт технологиясы ретінде орнығуда. 
ҚР АІК 247-бабының 4-1-тармағына сәйкес меди-
ация тәртібімен тараптардың дауды (жанжалды) 
реттеу туралы келісім жасауы іс жүргізуді тоқтату 
үшін негіз болып табылады. 
2012 жылы Астана қаласы Кәмелетке 
толмағандардың істері жөніндегі 
мамандандырылған ауданаралық сот ЮНИСЕФ-
тің қолдауымен «Медиаторлар одағы» АҚ-мен 
бірлесіп, заңға сәйкес балалар мен отбасыларға 
әлеуметтік құқықтық қолдау көрсете отырып, 
балалар қатысқан істер бойынша медиацияны 
қолдануды байқаудан өткізді. Арнайы даярлықтан 
өткен медиаторлар сот талқылауы, сондай-
ақ соттан тыс талқылау шеңберінде кәмелетке 
толмағандардың қатысуымен қылмыстық және 
азаматтық істер бойынша медиация рәсімін 
өткізді. Азаматтық істер жөніндегі медиация 
баланың тұрғылықты жерін айқындау, сондай-ақ, 
баланың заңды өкілінің онымен араласу тәртібін 
айқындау туралы дауларды шешу үшін өткізілді. 
Медиаторлар баланың және отбасының әлеуметтік 
бейнесін жасау, сондай-ақ, отбасылық консульта-
циялар жүргізу үшін жұмыс барысында әлеуметтік 
қызметкерлерді және психологтарды шақырды. 
Тәжірибе кәмелетке толмағандар қатысқан 
азаматтық істер бойынша медиацияның табысқа 
жеткендігін және қабылданған «Медиация тура-
лы» ҚР Заңының прогрессивтік сипатын көрсетті. 
 
61 «Медиация туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан 
Республикасының Заңы, Казахстанская правда, 2011 жылғы 27 
қаңтар № 24


54
3.1. Қылмыстық қол 
сұғушылықтан баланың 
құқықтарын қорғау туралы 
заңнама 
Халықаралық стандарттарға және мемлекеттік 
құқықтық саясатқа сәйкес Қазақстан 
Республикасының қылмыстық және қылмыстық-іс 
жүргізу заңнамасында кәмелетке толмағандардың 
құқықтары мен мүдделерін барынша қорғау негізге 
алынған. 
ҚР Қылмыстық кодексінде баланың қорғалатын 
құқықтарының бұзылуына жауапкершілік 
көзделген бірқатар баптар енгізілді. Мұндай 
қылмыс түрлеріне жататындар: ананың жаңа 
туған баланы өлтіруі (ҚК 97-бабы); он алты 
жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас және 
сексуалдық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (ҚК 
122-бабы); жас балаларды бұзу (ҚК 124-бабы); 
кәмелетке толмаған баланы қылмыстық әрекетке 
тарту (ҚК 131-бабы); кәмелетке толмаған баланы 
қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (ҚК 132-
бабы); кәмелетке толмаған балалармен сауда (ҚК 
133-бабы); баланы алмастыру (ҚК 134-бабы); 
балалардың және еңбекке қабілетсіз ата-аналардың 
күтім-бағымына қаражат төлеуден қасақана жал-
тару (ҚК 136-бабы); балалардың өмірі және 
денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі 
міндеттердің тиісті түрде орындалмауы (ҚК 138-
бабы); қорғаншының немесе қамқоршының 
құқықтарын теріс пайдалануы (ҚК 139-бабы); 
кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі жөніндегі 
міндеттерді орындамау (ҚК 137-бабы) және басқа. 
Заның бірқатар нормаларында кәмелетке 
толмағандарға қатысты қылмыстық әрекеттер жа-
салуы ауыр жағдай ретінде қаралған: кісі өлтіру 
(96-бап); денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 
(103-бап); қинау (107-бап); зорлау (120-бап); 
сексуалдық зорлау әрекеттері (ҚК 121-бабы); 
бостандығынан заңсыз айыру (126-бап); азаптау 
(141-1-бап); Қазақстан Республикасының Еңбек 
заңнамасын бұзу (148-бап); жалдау (162-бап); 
есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды 
тұтынуға итермелеу (261-бап) және басқа.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу 
кодексінде, сондай-ақ қылмыс құрбандары және 
куәгерлері болған балаларға қатысты іс жүргізу 
қимылдарының ерекшеліктері көзделген.  
Мысалы, ҚР ҚІК-нің 352-бабы зардап шеккен 
және куәгер кәмелетке толмаған баладан жауап 
алу ерекшеліктерін айқындап көрсетеді:  
1. Зардап шеккен және куәгер он төрт жасқа 
дейінгі кәмелетке толмаған баладан жауап алу, 
соттың қалауы бойынша он төрттен он сегіз 
жасқа дейінгі адамдардан жауап алу педагогтің 
қатысуымен жүргізіледі. Сондай-ақ, қажет 
болған кезде кәмелетке толмаған баланың 
ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері 
шақырылады. Аталған адамдар төрағалық 
етушінің рұқсатымен зардап шегуші мен 
куәгерге сұрақтар беруі мүмкін. 
2. Он алты жасқа толмаған зардап шегушіден, 
куәгерден жауап алу алдында төрағалық етуші 
оған шын және толық жауаптардың мәнін 
түсіндіреді. Аталған адамдарға жауап беру-
ден бас тартқаны және әдейі жалған жау-
аптар бергені үшін жауапкершілік туралы 
ескертілмейді және олардан қолхат алынбайды.
3. Тараптардың қолдаухаты бойынша немесе 
соттың бастамасымен зардап шеккен және 
куәгер кәмелетке толмаған баладан жау-
ап алу сотталушы болмаған кезде жүргізілуі 
мүмкін, ол туралы сот қаулы шығарады. Сот-
талушы сот отырысы залына оралғаннан кейін 
оған зардап шеккен және куәгер кәмелетке 
толмаған баланың жауаптары жария етіледі, 
зардап шегушіге және куәгерге сұрақтар беру 
және оларға байланысты өз жауаптарын беру 
мүмкіндігі ұсынылады. 
4. Сот олардың одан әрі қатысуын қажет деп 
таныған жағдайлардан басқа, он сегіз жасқа 
толмаған зардап шегуші және куәгер өздерінен 
жауап алу аяқталысымен сот отырысы залынан 
шығарылады. 
Қылмыстың құрбаны болған және куәгер 
балалардың қатысуымен байланысты мәселелердегі 
сот төрелігіне қатысты басшылыққа алынатын 
қағидаттар, (ЭКОСОС қарары, 2005/202005 
3-бөлім. 
Қылмыстық-құқықтық 
қатынастар аясына тап болған 
кәмелетке толмағандарға қатысты 
заңнамалар 
1-тарау. 
Балалардың құқықтарына қатысты ұлттық заңнама


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау