ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет23/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79

49
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін

182-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер 
үшін еңбекақы және жұмыс нормалары 

183-бапя. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер 
үшін еңбек тәртібі мен демалыс ерекшеліктері 

184-бап. Он сегіз жасқа толмаған 
қызметкерлердің материалдық жауапкершілігін 
шектеу. 
Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің 
денсаулығын және құқықтарын қорғау мақсатында 
ҚР Еңбек кодексінің 26-бабында кәмелетке 
толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасау 
және оларды ауыр жұмыстарға, зиянды (айрықша 
зиянды) және/немесе еңбек жағдайы қауіпті 
жұмыстарға жіберуде, сондай-ақ, мүліктің және 
басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз 
етілмегені үшін толық материалдық жауапкершілік 
көзделетін қызметтер мен жұмыстарға жіберуде 
шектеулер белгіленген. 
Заң шығарушы еңбек қатынастарын реттеу са-
ласында еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік 
органның құзыретін айқындайды, ол денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік ор-
ганмен келісу бойынша он сегіз жасқа толмаған 
қызметкерлердің еңбегін пайдалануға тыйым 
салынған жұмыстардың тізімін, он сегіз жасқа 
толмаған қызметкерлер үшін ауыр заттарды 
ауыстырудың және жылжытудың шекті нормала-
рын айқындайды. 
ҚР Еңбек кодексінің бірқатар баптарында жұмыс 
уақытының ұзақтығы және еңбек нормалары бой-
ынша арнайы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету 
көзделген: 

78-бап. Жекелеген қызметкерлер санаты үшін 
жұмыс уақытының ұзақтығын қысқарту 

88-бап. Үстеме жұмысқа тартуды шектеу 

116-бап. Еңбек нормалары 

200-бап. Қоса атқарылатын жұмыс бойынша 
еңбек шартын жасауды шектеу

211-бап. Вахталық әдіс бойынша жұмысты шек-
теу.
Баланың мүдделері үшін заңда көзделген 
жағдайларды қоспағанда (АІК 54-бабы: жұмыс 
берушінің таратылуы; қызметкердің жеткіліксіз 
біліктілігінен қызметке немесе атқарылатын 
жұмысқа сай болмауы; қызметкердің сот актісіне 
сәйкес одан әрі жұмыс істеуі мүмкін емес сыбайлас 
жемқорлық құқық бұзушылық жасауы), «жұмыс 
берушінің бастамасымен жүкті әйелдермен, үш 
жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт 
жасқа дейінгі баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек 
баланы) тәрбиелеуші жалғызбасты аналармен, ана-
сы жоқ, аталған санаттағы балаларды тәрбиелейтін 
өзге де адамдармен еңбек шартын бұзуға» тыйым 
салынған АІК-нің 185-бабы енгізілген. 
Баланың денсаулыққа құқығы 
«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау 
жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 
Кодексінде денсаулық сақтау саласында кәмелетке 
толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі 
ерекшеліктер бөліп көрсетілген (93, 95, 104, 115, 
118, 120, 139, 169, 180-баптар). 
Заңда баланың өмірін құтқару мақсатында кәмелетке 
толмаған адамның не әрекетке қабілетсіз адамның 
заңды өкілдері медициналық көмектен бас тартқан 
жағдайда, медицина ұйымы олардың мүдделерін 
қорғау үшін қамқоршылық және қорғаншылық 
жөніндегі органға және/немесе сотқа жүгінуге 
құқылы екені айқындалған. Дәрігерлік құпияны сақтау 
қажеттігі, психикалық ауытқулары бар (аурулары) 
кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз 
ету көзделген. Кәмелетке толмағандар жүктілікті жа-
санды түрде үзген жағдайда құқықтық қатынастар 
реттелген; хирургиялық араласудың, қанның, оның 
құрамдастарын құю және диагностиканың жедел 
әдістерін қолданудың айрықша тәртібі белгіленген; 
тіндерді және/немесе ағзаларды (ағзалардың бір 
бөлігін) ауыстырып салу тәртібі және оларды 
алудың шарттары; медициналық-биологиялық са-
раптамалар, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) 
және клиникалық зерттеулер жүргізу, кәмелетке 
толмағандардың диагностикасының, емдеудің және 
медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолданудың 
тәртібі айқындалған. 
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік 
және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы 
қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңы әлеуметтік-алдын алушылық бағытында 
қабылданған, мұнда мүмкіндіктері шектеулі 
балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау түрлері мен 
әдістері кешенді айқындалған. Аталған заң дамуы 
кемтар балаларға тиімді көмек жүйесін құруға, 
олардың тәрбиесіне, оқуына, еңбекке және кәсіптік 
даярлауға байланысты проблемаларды шешуге, ба-
лалар мүгедектігінің алдын алуға бағытталған.
Отбасын және балалық шақты 
қолдау 
«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік 
жәрдемақылар туралы» ҚР Заңында ел азаматта-
рына өмірлік маңызды мемлекеттік қолдау көрсету 
айқындалған. 
«Балалары бар отбасыларға мемлекеттік 
жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы 
Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабын-
да өмірге келген, асырап алынған, сондай-ақ, 
қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) алынған бала-
лары бар отбасыларға жәрдемақылар алу құқығы 
бекітілген:


50
1)  Бала туғандағы жәрдемақылар;
2) егер:

балаға күтімді жүзеге асырушы адам 
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 
қатысушысы болып табылмайтын;

2008 жылғы 1 қаңтарға дейін туған 
балаға күтімді жүзеге асырушы адам 
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің 
қатысушысы болып табылатын жағдайларда 
берілетін жәрдемақы;
3) отбасының орташа жан басылық табысы азық-
түлік себеті құнынан төмен болған балаларға 
жәрдемақылар;
4) 
мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін 
жәрдемақылар.
«Отбасы түріндегі балалар ауылы және 
жасөспірімдер үйлері туралы» 2000 жылғы 13 
желтоқсандағы Қазақстан Республикасының 
Заңында жетім балалардың және ата-аналардың 
қамқорлығынсыз қалған балалардың отба-
сында өмір сүріп, тәрбиелену құқықтарын 
қанағаттандыру, сондай-ақ, олардың имандылық-
рухани даму, еңбекпен тәрбиелену және білім алу 
мақсаттарында құрылатын отбасы түріндегі бала-
лар ауылы және жасөспірімдер үйлерінің құқықтық 
жағдайы айқындалған. 
Басқа құқықтар
«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңы мемлекеттің дене 
тәрбиесі мен спортты барынша дамытуға бағыт 
алғанын көрсетеді, кәмелетке толмағандарды 
спорттық-сауықтыруға баса назар аударылған. 
Аталған Заңның 4-бабында «Мемлекет балалар-
жасөспірімдер мектептерінің барлық түрлерінің, 
азаматтардың тұрған жерлері бойынша спорт 
және балалар клубтарының, балалар және жа-
стар сауықтыру лагерлерінің, мүгедектер үшін 
мамандандырылған топтар мен мектептер, 
дәрігерлік-дене тәрбиесі диспансерлерінің санын 
өсіру, олардың материалдық-техникалық база-
сын нығайту үшін жағдайлар жасайды» деп атап 
көрсетілген. 
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында кәмелетке 
толмағандарға заңдық қызмет көрсетуді арнайы 
құқықтық реттеу көзделген. Аталған Заңның 
6-бабына сәйкес адвокаттың кәмелетке толмаған 
балаға көрсеткен заңдық көмегінің ақысы тиісті 
сот шешімі негізінде бюджет қаражаты есебінен 
жүзеге асырылады. 
2013 жылы ҚР-да «Мемлекет кепілдік берген 
заңдық көмек туралы» Заң қабылданды. Осы 
арқылы мемлекет Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген жағдайларда және 
тәртіпте соттарда, қылмыстық қудалау органда-
рында, өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес 
ұйымдарда жеке тұлғаларға құқықтық хабардар 
ету, құқықтық кеңестер беру, мүдделерін қорғау 
және өкілдік ету түрінде заңдық көмекке кепілдік 
береді (6-бап). 
Мемлекет кепілдік берген заңдық көмек берілетін 
субъектілер мыналар болып табылады:
1.  өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік органдар;
2. адвокаттар – осы Заңда, «Адвокаттық қызмет 
туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңында және Қазақстан Республикасының 
өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген 
жағдайларда және тәртіпте;
3. нотариустар – «Нотариат туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында белгіленген 
жағдайларда және тәртіпте;
4. 
«Атқарушылық сот ісін жүргізу және 
сот орындаушыларының мәртебесі тура-
лы» Қазақстан Республикасының Заңында 
белгіленген жағдайларда және тәртіпте» (7-
бап).
Осы Заңның 8-бабының 1-тармағына сәйкес 
барлық жеке және заңды тұлғалар мемлекет 
кепілдік берген, құқықтық хабардар ету түрінде 
ақысыз заң көмегін алуға құқығы бар. 
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан 
Республикасының қылмыстық іс жүргізу, азаматтық 
іс жүргізу заңнамасында және «Адвокаттық 
қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіпте 
соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге 
де мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда 
құқықтық кеңестер беру, мүдделерін қорғау және 
өкілдік ету мемлекет кепілдік берген ақысыз заңдық 
көмек алуға құқығы бар тұлғаларға көрсетіледі (8-
бап, 2-тармақ).
Мемлекет кепілдік берген заңдық көмекке мұқтаж 
адамның мүдделері үшін оның өкілі қолдаухатпен 
жүгінуі мүмкін (8-бап, 4-тармақ).  
2.2. неке-отбасы заңнамасы 
және бала құқығы  
Жалпы ақпарат 
Отбасы көптеген қызметтерді атқарады. Олардың 
ішінде, өзіндік ерекшелігі бар, яғни отбасының 
өзінің мән-мағынасынан туындайтын, оны 
әлеуметтік құбылыс ретінде көрсететін және оған 
тарихи дамудың барлық кезеңінде тән және белгілі 
1-тарау. 
Балалардың құқықтарына қатысты ұлттық заңнама


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау