43
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
жөніндегі Еуропа сотында жоғарыда аталған
құқық үшін, мысалы, қылмыскермен жүздеспес
үшін сексуалдық зорлықтың құрбандары үшін
ескерту
56
немесе сот отырысында өзінің отбасы
мүшелеріне қарсы айғақ беруден босату туралы
ескерту көзделген
57
.
Егер баланы сот процесінде куәгер ретінде тыңдау
қажет болса, судья мұндай мүмкіндік беруі, қажет
болған жағдайда, сот отырысына дейін, оған
жағдайды таныстыру үшін балаға (ата-аналарымен
және оның заңды немесе басқа да көмекшілерімен
бірге) сот залында айғақтар беруіне мүмкіндік
беруі мүмкін. Сот қызметкері (судья емес,
өйткені мұны айыпталушы әділдік деп есептемеуі
мүмкін) ілесуші адам ретінде болып, сот процесіне
қатысатындар (прокурор, сот, адвокат, сарапшы-
лар және басқа да куәгерлер), олардың рөлі, сот
залында отыратын жерлері туралы ақпаратпен
баланы таныстыруға және баланың (немесе ата-
аналарының) сұрақтарына жауап беруге тиіс.
Судья балаға және айыпталушыға сот процесі
кезіндегі іс-шаралардың кестесін/тәртібін ұсынуға
тиіс. Ол сондай-ақ, әсіресе, баланың жасын еске-
ре отырып, одан жауап алудың жоспарын жасауға
тиіс. Құлағы естімейтін немесе тілі кеміс балаға
судьямен сөйлесу үшін қажетті құралдар ұсыну
қажет; сонымен бірге, балаға аудармашы қажет бо-
луы мүмкін.
Бала мен айыпталушының қылмыстың жасалуына
қатысты бір-біріне қарсы тұруы бала үшін зиян-
ды болуы мүмкін, сондықтан мұны болдырмауға
тырысу қажет. Мұның бірден-бір жолы – бала-
ны біржақты экран алдында, ол айыпталушыны
көрмейтіндей етіп отырғызу.Бала сот залына ай-
ыпталушыдан бұрын кіруге және одан кейін кету-
ге тиіс. Тікелей қарсыласуды болдырмаудың тағы
бір мүмкіндігі сот залынан бөлек, бірақ бір-бірімен
дыбыс беру арқылы байланысуға болатын, арнаулы
бөлме болып табылады. Бала осы бөлмеде өзінің
ата-аналарымен және көмекшісімен бірге болып,
залдағы сөздерді тыңдап, судьяның, прокурордың
және айыпталушының, оның адвокатының
сұрақтарына жауап беретін болады. Бірақ балаға
бөлмеде бүкіл сот отырысы бойында отырудың
қажеті жоқ. Суья баладан куәгер ретінде жауап алу
үшін белгілі бір уақыт белгілеуі және баланың осы
уақыт кезеңінде арнаулы бөлмеде отыруы мүмкін.
Айыпталушының сот тыңдауында өзінің ісінің
әділ, ашық тыңдалуына құқығы бар (АСҚХП
14-бабының 1-тармағы, АҚЕК 6-бабының
1-тармағы). Бірақ Жетекші қағидаттарда баланың
жеке басын анықтауға себеп болатын ақпаратты
шектеу арқылы баланың жеке өмірін қорғау, сондай-
ақ, жауап алған кезде сот залынан жұртшылық пен
бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін шығарып
жіберу сияқты орынсыз әрекеттерден қорғау
56 Еуропа соты Швецияға қарсы СН ісі бойынша, Еуропа
кеңесінің деректер қоры, 2002-V; 39 EHRR 304
57 Еуропа соты Австрияға қарсы Унтерпрингер ісі бойынша, A
110 (986); 13 EHHR 175.
58 Ашық сот отырыстарында қылмыстық істерді тыңдау қағидаты
үшін ескертулер сондай-ақ, АҚЕК 6-бабы бойынша, сот процесі
барысында куәгерлердің жеке өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету немесе қорғау немесе еркін ақпарат пен пікірлер алысуды
көтермелеу үшін де ескертулер қолданылуы мүмкін; Еуропа Соты
Біріккен Корольдікке қарсы Б. және П істері бойынша 2001-III;
34EHRR 529, 37-параграф.
маңыздылығы атап көрсетілген (26-28-тармақтар;
сондай-ақ, БСФХ 8-бабы). Яғни бала сот за-
лында ғана емес, арнаулы бөлмеде айғақтар бер-
ген кезде де судья жұртшылық пен бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерін сот залынан шығарып
жіберуге тиіс дегенді білдіреді.
58
Судья ақырғы үкімді ашық отырыста жариялауға,
бірақ оны Х-куәгер деп атай отырып, баланы және
куәгерді қорғауға тиіс.
Сонымен, бала азаматтық процесте куәгер ретінде
сөйлеуі мүмкін. Мысалы, сотқа ата-анасы неме-
се ата-анасының бірі балаға физикалық және/не-
месе сексуалдық зорлық жасағаны үшін ата-ана
құқығынан айыру туралы шағым берілуі мүмкін.
Егер ата-ана/ата-аналар мұны теріске шығарса, бала
куәгер ретінде сөйлеуі мүмкін. Бұл жағдайда тек
қылмыстық сот процестеріне тән ерекшеліктерден
басқа, жоғарыда аталған барлық қағидаттар мен
ережелерді қолдануға болады.
Қорыта айтқанда: қылмыстың құрбаны және
куәгерлері болған балаларды тыңдау және жауап
алу айыпталушының әділ сот процесінде әділдік
құқығын іске асыра отырып, балаға қажетті қорғау
ұсынуда судьяның біліктілігі мен дағдыларын тек-
серу үшін елеулі сынақ болып табылады.
Судья және процеске қатысушы басқа да
тұлғалар қылмыстың құрбаны болған балалар-
мен және куәгерлермен тиімді тіл табысу үшін
даярлықтан өтулері керек (Жетекші қағидаттар,
40–46-тармақтар).