59
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
оның психикалық жай-күйін ықтимал зардаптар-
дан қорғайды. ҚІК-нің 488-бабында нақты қандай
жағдайларда педагог пен психологтың қатысуы
айқындалмаған. Егер ҚІК-нің мазмұны бойынша
ұқсас 215-бабын («Кәмелетке толмаған куәгерден
немесе жәбірленушіден жауап алу ерекшеліктері»)
еске алсақ, мұнда кәмелетке толмаған куәгерден
немесе жәбірленушіден жауап алу кезінде пе-
дагог қатысатыны аталған. Осы бапта психо-
лог жауап алу кезінде қатысатын адам ретінде
аталмаған. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
соттардың іс-тәжірибесі бойынша сот процесінде
психологтың қатысуы қылмыс жасалған кез-
де мән-жайларды анықтауда және тиісті жазаны
тағайындауда септік жасайтыны анықталған.
3.2.5. кәмелетке толмағандарға
қатысты әділ сот жүйесіндегі
ықпал ету шаралары мен жазалар
ҚК-нің 79-бабында Қылмыс жасуда кінәлі
деп танылған кәмелетке толмаған балаға сот
тағайындайтын жаза түрлері айқындалған:
•
айыппұл;
•
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан ай-
ыру;
•
қоғамдық жұмыстарға тарту;
•
түзету жұмыстары;
•
бостандығын шектеу;
•
бас бостандығынан айыру,
сондай-ақ, осы ұғымдардың мазмұны ашылып
көрсетілген.
80-бапта кәмелетке толмаған балаға жаза
тағайындаудың ерекшеліктері көрсетілген
81-бапта кәмелетке толмаған баланы
қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан
босатудың негіздері мен шарттары айқындалған.
82-бапта сот тағайындауы мүмкін тәрбиелік
ықпалдың мәжбүрлеу шаралары айқындалған:
•
ескерту;
•
ата-аналардың немесе олардың орнындағы
адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік
органның қадағалауына беру;
•
келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;
•
кәмелетке толмаған баланың бос уақытын шек-
теу және мінез-құлқына айрықша талаптар
белгілеу;
•
айрықша ұстау режиміндегі білім ұйымдарына
орналастыру;
•
зардап шегушіге кешірім сұрау міндетін жүктеу.
Бұл ретте кәмелетке толмаған балаға сонымен бір
мезгілде тәрбиелік ықпалдың бірнеше мәжбүрлеу
шаралары қолданылуы мүмкін екенін атап өтеміз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының кәмелетке
толмағандарға қатысты әділсотты жүзеге
асыруға байланысты ең қарапайым стандарт-
ты ережелері (Пекин ережесі)
5-ереже. Кәмелетке толмағандарға қатысты
әділстотың мақсаттары
5.1 Кәмелетке толмағандарға қатысты
әділсот жүйесі ең алдымен кәмелетке
толмаған баланың әл-ауқатын қамтамасыз
етуге және кәмелетке толмаған құқық
бұзушыларға кез келген әсер ету шараларының
қашан да құқық бұзушының жеке басының
ерекшеліктерімен де, сондай-ақ құқық
бұзушылық жағдайларымен де мөлшерлестігін
қамтамасыз етуге бағытталған.
Түсіндірмелер
5-ережеде кәмелетке толмағандарға қатысты
әділсотты жүзеге асырудың аса маңызды
екі мақсаты көрсетілген. Бірінші мақсаты
кәмелетке толмаған жастың әл-ауқатына
жәрдемдесу болып табылады. Бұл — кәмелетке
толмаған құқық бұзушылардың істерімен от-
басы істері жөніндегі соттар немесе әкімшілік
билік айналысатын құқықтық жүйелердің ба-
сты мақсаты, бірақ сонымен қатар кәмелетке
толмаған жастың әл-ауқатына қылмыстық
соңына түсу моделін ұстанатын құқықтық
жүйелерде де айрықша көңіл бөлінеді, ол таза
жазалау санкцияларын қолданбауға көмегін
тигізеді (Сондай-ақ 14-ережені қараңыз).
Екінші мақсаты «өлшемдестік қағидатын»
сақтау болып табылады. Бұл қағидат негізінен
құқық бұзушылық деңгейінің ауырлығына
сәйкес қылығына қарай жазалау қағидатын
пайдалану арқылы жазалау санкцияларын
қолдануды шектеу құралы ретінде кеңінен
танымал. Жас құқық бұзушылардың іс-
әрекеттеріне орай жауап қайтару құқық
бұзу деңгейінің ауырлығын ғана емес, сонымен
қатар жеке басының ерекшеліктерін де есеп-
ке алуға негізделеді. Құқық бұзушының жеке
басының ерекшеліктері (мысалы, әлеуметтік
мәртебесі, отбасындағы жағдайы, құқық
бұзушының келтірген зияны және құқық
бұзушының жеке басына байланысты өзге де
факторлар) қарымта іс-әрекеттердің (мы-
салы, құқық бұзушының қылмыстың құрбаны
болған адамға келтірілген зиянды өтегісі
келетін немесе оның толыққанды әрі пай-
далы өмір сүргісі келетін ниетін назарға
алу) өлшемдестігіне ықпал етуге тиіс.
Бұған барабар, жас құқық бұзушының әл-
ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған
қарымта іс-әрекеттер қажетті әрекеттер