51
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
бір тарихи жағдайларда отбасы атқаруға мәжбүр
болған немесе тиіс болып табылатын өзіне тән
емес ерекшеліктер бөліп көрсетіледі.
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес
балаларға қамқорлық және олардың тәрбиесі ата-
аналардың табиғи құқығы мен міндеті болып та-
былады.
59
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР
Кодексінде неке-отбасы заңнамасымен реттелетін
қатынастар тобы атап көрсетілген. Кодексте отбасы
мүшелелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен бала-
лар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының
неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда
және шекте басқа да туыстар және өзге де адам-
дар арасындағы құқықтар мен міндеттер, мүліктік
және жеке мүліктік емес қатынастар белгіленген,
Некеге отыру (ерлі-зайыптылық) шарттары мен
тәртібі, некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату және
оны жарамсыз деп тану белгіленген, жетім бала-
ларды, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған ба-
лаларды отбасыға орналастырудың нысаны мен
тәртібі айқындалған, азаматтық хал-ахуал актілерін
мемлекеттік тіркеу тәртібі реттелген, азаматтық
хал-ахуал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың қызметтері
айқындалған.
1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республика-
сы Конституциясының 27-бабына сәйкес отбасы
қарым-қатынастарын құқықтық реттеуде негіз бо-
лып табылатын неке мен отбасы, ана болу, әке болу
және балалық шақ мемлекет қорғауында болады
Неке және отбасылық өзара қарым-
қатынастар
Қазақстан Республикасының неке-отбасы
заңнамасы мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) әйел мен ер адамның неке (ерлі-зайыптылық)
одағының еріктілігі;
2)
отбасында ерлі-зайыптылар құқықтарының
теңдігі;
3) ешкімнің отбасы істеріне өздігінен араласуына
жол бермеушілік;
4) отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім бой-
ынша шешу;
5) балаларды отбасында тәрбиелеудің, олардың
дамуына және әл-ауқатына қамқорлықтың
басымдығы;
6) отбасында кәмелетке толмағандардың, қарт
және еңбекке қабілетсіз мүшелердің құқықтары
мен мүдделерін айрықша қорғау;
7) отбасы мүшелерінің өз құқықтарын қорғауды,
құқықтарының сотта қорғалу мүмкіндігін еш
кедергісіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
8) отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір
салтын ұстануы.
Неке (ерлі-зайыптылық) – ерлі-зайыптылар
арасында мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтар мен міндеттер туындайтын отбасы құру
мақсатында Қазақстан Республикасының Заңында
белгіленген тәртіпте тараптардың еркін және
толық келісімімен жасалған, ер адам мен әйел
арасындағы тең құқылы одақ.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»
Қазақстан Республикасы Кодексінің 1-бабына
сәйкес, отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан),
туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан
немесе баланы тәрбиеге қабылдаудың басқа да ны-
санынан туындайтын және отбасы қатынастарын
нығайтуға және дамытуға ықпал ететін мүліктік
және жеке мүліктік емес құқықтармен және
міндеттермен байланысты адамдар тобы.
Отбасы қатынастарын құқықтық реттеудің
мақсаттары мен қағидаттары азаматтардың негізгі
құқықтары мен бостандықтары айқындалған ҚР
Конституциясының ережелерінен туындайды.
Неке (ерлі-зайыптылық) заңнамасында отбасын
нығайту қажеттігі атап көрсетілген.
Адам құқығының сақталуы баланың құқықтарын
сақтауға байланысты. Мемлекет тарапынан балалар
проблемасына тиісті назар аударылмауын Адам
құқығы жалпы декларациясының және Баланың
құқықтары туралы конвенцияның ережелерін
сақтамау ретінде бағалауға болады.
Кәмелетке толмағандардың құқықтары кез келген
жағдайда қорғалуға тиіс екендігі сөзсіз. Осылайша,
неке-отбасы заңнамасының нормаларында отбасы-
құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары
мен мүдделерін қорғаудың жоғары тиімді тетігі
белгіленуі тиіс.
Кодекстің 5-бабына сәйкес кодекстің 3-бабын-
да аталған, Қазақстан Республикасының не-
ке-отбасы заңнамасында реттелмеген, отбасы
мүшелері арасындағы мүліктік және жеке мүліктік
емес қатынастарға Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасы қолданылады, өйткені
бұл неке-отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасылық)
қатынастарының мәніне қайшы емес. Кодекстің
3-бабында көзделген қатынастар Қазақстан
Республикасының заңнамасында немесе
тараптардың келісімімен тікелей реттелме-
ген және оларға қолданылатын әдет-ғұрыптар
болмаған жағдайларда, мұндай қатынастарға, бұл
олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, ұқсас
қатынастар қатынастар (заң ұқсастығы) реттелетін
Қазақстан Республикасының неке-отбасы және
(немесе) азаматтық заңнамасы қолданылады.
59 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Консти-
туциясы