ТәжіРибелік оҚу ҚҰРалы



жүктеу 4,07 Mb.
Pdf просмотр
бет22/79
Дата26.12.2019
өлшемі4,07 Mb.
#24985
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79

46
1-тарау
Балалардың құқықтарына қатысты ұлттық заңнама
қызметтің барлық бағыттарын үйлестіруді 
қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 36 
қаулысымен арнайы уәкілетті орган – Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ба-
лалар құқықтарын қорғау комитеті құрылды. 
2008 жылы Қазақстанда Ювеналды әділет 
тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі Іс-
шаралар жоспары қабылданды. Тұжырымдаманың 
және Жоспардың көптеген бөлімдері қазіргі 
уақытта іске асырылды. Мысалы, Уақытша 
оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтары 
Ішкі істер министрлігінің қарауынан Білім 
және ғылым министрлігінің қарауына берілді. 
Қабылданған нормативтік құқықтық актілерге 
сәйкес, прокуратура балаларды осы орталықтарға 
орналастыруға уәкілетті емес. Балаларға арнаулы 
құқықтық қызметтер ұсынатын ұйымдардың са-
нын кеңейту процесі басталды. Облыстарда және 
ірі қалаларда кәмелетке толмағандардың істері 
жөнінде мамандандырылған соттар құрылды. 


47
жүргізу ерекшеліктері: 
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
2.1. балалардың құқықтары 
мен мүдделерін қорғау 
жөніндегі азаматтық-
құқықтық заңнаманың 
негізгі ережелері 
Кәмелетке толмағандарды азаматтық-құқықтық 
қорғау кәмелетке толмағандардың өмір 
тіршілігінің барлық саласын: тәрбиені, физикалық 
дамуды, денсаулық сақтауды, білімді, еңбекті, 
әлеуметтік қамсыздандыруды, бос уақытты және 
басқасын қамтиды. 
Қазақстан Республикасының Азаматтық, 
Азаматтық іс жүргізу кодекстері кәмелетке 
толмағандардың азаматтық құқықтарын қорғаудың 
маңызды құралы болып табылады. 
Кәмелетке толмағандардың 
әрекетке қабілеттілігі 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 
22 және 23-баптарында кәмелетке толмағандардың 
жас шамасы бойынша әрекетке қабілеттілігі 
айқындалған:
«22-бап. Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі 
кәмелетке толмағандардың әрекетке 
қабілеттілігі
1.  Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке 
толмаған бала өзінің заңды өкілдерінің 
келісімімен мәмілелер жасайды. Мұндай 
келісімнің нысаны заңнамада кәмелетке 
толмаған бала жасайтын мәміле үшін 
белгіленген нысанға сәйкес болуға тиіс. 
2. 
Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі 
кәмелетке толмаған бала өз жалақысына, 
шәкіртақысына, өзге де табыстарына және өзі 
жасаған зияткерлік меншік құқық нысанда-
рына өз бетінше иелік етуге, сондай-ақ, ұсақ 
тұрмыстық мәмілелер жасауға құқылы. 
3.  Жеткілікті негіздер болған кезде қамқоршылық 
және қорғаншылық жөніндегі орган 
кәмелетке толмаған баланың өз жалақысына, 
шәкіртақысына, өзге де табыстарына және өзі 
жасаған зияткерлік меншік құқық нысандары-
на өз бетінше иелік ету құқығын шектеуі не-
месе одан айыруы мүмкін.
4. 
Он төрттен он сегіз жасқа дейінгі 
кәмелетке толмаған бала өзі осы баптың 
қағидаларына сәйкес жасаған мәмілелер бойын-
ша жауапкершілік алады және осы Кодекстің 
ережелеріне сәйкес келтірілген іс-әрекеттер 
үшін жауапкершілік алады. 
«23-бап. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке 
толмаған баланың (жас баланың) әрекетке 
қабілеттілігі
1.  Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, 
он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған (жас 
бала) бала үшін олардың атынан заңды өкілдері 
мәмілелер жасайды. 
2.  Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған ба-
лалар (жас бала) жасалу кезінде орындалатын, 
өздерінің жас шамасына сәйкес келетін ұсақ 
тұрмыстық мәмілелерді ғана өздігінен жасауға 
құқылы. 
2007 жылғы 12 қаңтардағы № 225-II Қазақстан 
Республикасының Заңымен ( № 421-IV 2011 
жылғы 25 наурыздағы ҚР Заңымен енгізілген 
кейінгі толықтырулармен және өзгерістермен) 
Азаматтық кодекске кәмелетке толмаған баланы 
толық әрекетке қабілетті (еркін) деп тану жөнінде 
22-1-бап енгізілді. 
Азаматтық кодекске осы бап енгізілгенге 
дейін қазақстандық азаматтық заңнама бой-
ынша кәмелетке толмаған баланың он сегіз 
жасқа толғанға дейін – некеге отырғанда, толық 
әрекетке қабілеттілік алуы көзделген (АК 17-бабы, 
2-тармағы). 
ҚР АК-нің 21-1-бабында екі жаңа негіздеме 
бекітілген: он алты жасқа жеткен кәмелетке толмаған 
баланың еңбек шарты бойынша еңбек қызметімен 
және кәсіпкерлік қызметпен айналысуы. 
«21-1-бап. Кәмелетке толмаған баланы толық 
әрекетке қабілетті (еркін) деп тану
1. Егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істесе 
немесе өзінің заңды өкілдерінің келісімімен 
кәсіпкерлік қызметпен айналысса, он алты 
жасқа жеткен кәмелетке толмаған бала толық 
әрекетке қабілетті деп танылуы мүмкін. 
2-бөлім. 
азаматтық сот ісін жүргізудегі 
балалардың құқықтары мен 
мүдделерін қорғау туралы заңнамалар


48
2.  Өзінің заңды өкілдерінің келісімімен не мұндай 
келісім болмаған кезде соттың шешімі бойынша 
қамқоршы және қорғаншы органның шешімі 
бойынша кәмелетке толмаған бала толық 
әрекетке қабілетті (еркін) деп жарияланады. 
3.  Оларды алу үшін Қазақстан Республикасының 
заңнамалық актілерінде жас шамасы белгіленген 
құқықтар мен міндеттерді қоспағанда, азат 
кәмелетке толмаған бала азаматтық құқықтарға 
ие болады және міндеттеме (соның ішінде 
өзі келтірген зиян салдарынан туындаған 
міндеттемелер бойынша) алады.
Кәмелетке толмаған азат баланың міндеттемелері 
бойынша заңды өкілдер жауапкершілік алмайды». 
ҚР АК-нің 25, 227, 883, 925, 926, 927, 930, 939, 
1124-баптарында кәмелетке толмағандардың 
мүліктік қатынастары, мүліктік жауапкершілігі 
мен қамқоршы және қорғаншы органдармен өзара 
қарым-қатынастары айқындалған. 
Бұған қосымша, кәмелетке толмағандардың 
мүліктік қатынастары басқа да нормативтік 
құқықтық актілерде реттеледі. Мысалы, ҚР 
Жер кодексінің 43-бабының 12-тармағында жер 
учаскесінде құқық беру тәртібі айқындалған. Бұл 
ретте Қазақстан Республикасының азаматтық 
заңнамасына сәйкес жер учаскелерін мұрагерлік 
тәртібімен алған кәмелетке толмағандарға жер 
учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу жағдайларын 
қоспағанда, кәмелетке толған адамдарға жер 
учаскесіне құқық беріледі. Бұл ретте кәмелетке 
толмағандардың заңды өкілдері мұрагерлер 
кәмелетке толғанға дейін жер учаскелерін жалға 
беруге құқылы. 
Соттар өздерінің құзыретіне жататын шағымдық 
және өзге де істерді қарау және шешу бойын-
ша әділсотты жүзеге асыру кезінде туындай-
тын қоғамдық қатынастар реттелетін Қазақстан 
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде 
мұндай істерге кәмелетке толмағандардың қатысуы 
және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау 
шартымен айрықша рәсімдер көзделген. 
ҚР АІК-нің 199-бабында кәмелетке толмаған 
куәгерден жауап алу тәртібі айқындалған. Он 
төрт жасқа дейінгі куәгерден жауап алу және 
соттың қалауы бойынша он төрттен он алты 
жасқа дейінгі куәгерден жауап алу шақырылған 
педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Сондай-
ақ, қажет болған жағдайда, кәмелетке толмаған 
куәгердің заңды өкілдері шақырылады. Аталған 
адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәгерге 
сұрақтар беруі, сондай-ақ, куәгердің жеке басы-
на және өздері берген айғақтардың мазмұнына 
қатысты өз пікірлерін білдіруі мүмкін. Ерекше 
жағдайларда, бұл істің жағдайын анықтау үшін 
қажет болған кезде кәмелетке толмаған куәгерден 
жауап алу уақытында соттың айқындауы бой-
ынша бір немесе өзге де адам сот отырысынан 
шығарылып жіберілуі мүмкін. Бұл адам отырыс за-
лына оралғаннан кейін оған кәмелетке толмаған 
куәгердің жауабының мазмұны түсіндірілуге және 
куәгерге сұрақтар беру мүмкіндігі берілуге тиіс. 
Сот куәгердің сот отырысында қатысуын қажет 
деп санаған жағдайлардан басқа, он алты жасқа 
толмаған куәгер өзінен жауап алынып болғаннан 
кейін сот отырысынан шығарылады. 
Балалар қатысатын еңбек 
қатынастарына қатысты ережелер 
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде 
еңбек қатынастары, соның ішінде кәмелетке 
толмағандар үшін еңбек қатынастарының 
ерекшелігі реттеледі. 
ҚР Еңбек кодексінің 25 және 30-баптарында 
кәмелетке толмағандармен еңбек шартын жасау 
кезінде құқықтар мен мүмкіндіктер теңдігінің 
кепілдігі, сондай-ақ, еңбек шартын жасау кезіндегі 
жас шамасының ерекшеліктері айқындалған. 
Еңбек кодексінің 30-бабында еңбек шартын 
жасауға жол берілетін жас шамасы белгіленген. 
Яғни он алты жасқа толған азаматпен еңбек шартын 
жасасуға жол беріледі. Орта білім ұйымдарында 
олар негізгі орта, жалпы білім алған жағдайларда, 
ата-аналардың біреуінің, қамқоршының, 
қорғаншының немесе бала асырап алушының жаз-
баша келісімімен он бес жасқа толған азаматтармен; 
оқудан бос уақытта денсаулыққа зиян келтірмейтін 
және оқу процесі бұзылмайтын жұмысты атқаруы 
үшін он төрт жасқа толған оқушылармен; кине-
матография ұйымдарында, театрларда, театр және 
концерт ұйымдарында, цирктерде, денсаулыққа 
және имандылық дамуға нұқсан келтірместен, 
шығармалар жасауға және (немесе) орындауға 
қатысу үшін он төрт жасқа толмаған адамдармен 
еңбек шарты жасалуы мүмкін. Еңбек кодексінде 
белгіленген жағдайларда, баланың ата-аналарыңың 
біреуі, қамқоршысы, қорғаншысы немесе асырап 
алушы еңбек шартына қол қоюға тиіс. 
ҚР Еңбек кодексінің 16-тарауында он сегіз 
жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу 
ерекшеліктері көзделген:

178-бап. Еңбек саласында он сегіз жасқа 
толмаған қызметкерлердің құқығы

179-бап. Он сегіз жасқа толмаған 
қызметкерлердің еңбегіне тыйым салынған 
жұмыстар

180-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді 
міндетті медициналық қарау

181-бап. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер 
үшін жұмыс уақытының ұзақтығы 
1-тарау. 
Балалардың құқықтарына қатысты ұлттық заңнама


жүктеу 4,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   79




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау