57
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
3.2.2. Қылмыстық
жауапкершілікке
тартылатындардың ең төменгі
және ең жоғарғы жасы
ҚР ҚК-нің 78-бабында кәмелетке толмаған бала
туралы ұғым айқындалған: қылмыс жасалған кезде
14-ке толған адамдар кәмелетке толмағандар бо-
лып танылады.
Қазақстан Республикасындағы ювеналдық әділет
ережелері бойынша қажетке жарамды ең жоғарғы
жас 18 жас болып табылады. Бұл қылмыс жасалған
сәтте жасы 18-де болған адамға қатысты қылмыстық
іс ересектерге арналған қылмыстық заңнама
ережелері бойынша жүргізіледі деген сөзді білдіреді.
Конвенцияда қылмыстық жауапкершілік бойынша
ең төменгі жас айқындалмағандықтан, Конвенцияға
қатысушы әрбір мемлекет қылмыстық жауапкершілік
бойынша ең төменгі жасты айқындауда міндеттеме
алған. Конвенцияның Комитетінде 12 жас барынша
ең төменгі жас ретінде көзделген
62
.
ҚР ҚК-нің 15-бабына сәйкес қылмыс жасалған
сәтте он алты жасқа толған кез келген адам
қылмыстық жауапкершілік аясына жатады.
Мынадай қылмыс түрлері жасалғаны үшін 14 жастан
қылмыстық жауапкершілік басталады: кісі өлтіру
(96-бап), денсаулыққа қасақана зиян келтіру (103-
бап), аса ауыр жағдайларда денсаулыққа қасақана
орташа зиян келтіру (104-бап 2-бөлім), зорлау
(120-бап), сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттері
(121-бап), адам ұрлау (125-бап), қарақшылық
(179-бап), тонау (178-бап, 2,3-бөлімдер), ұрлау
(175-бап, 2,3-бөлімдер), тартып алу (181-бап, 2,3-
бөлімдер), аса ауыр жағдайларда автомобильді
және басқа да көлік әрекетін заңсыз иелену (185-
бап, 2,3,4-бөлімдер), аса ауыр жағдайларда мүлікті
қасақана жою немесе бүлдіру (187-бап, 2,3-бөліктер)
лаңкестік (233-бап), адамды кепілге алу (234-бап),
терроризм актісі туралы әдейі жасалған жалған ха-
бар (242-бап), қаруды, ұрыс жарақтарын, жарылғыш
заттарды және жарғыш қондырғыларды ұрлау және
тартып алу (255-бап), аса ауыр жағдайлардағы
бұзақылық (257-бап, 2,3- бөлімдер), қиратушылық
(258-бап), есірткі құралдарын немесе психотроптық
заттарды ұрлау немесе тартып алу (260-бап), аса
ауыр жағдайларда, марқұмдардың мәйіттерін және
олардың жерленген жерлерін қорлау (275-бап,
2-бөлік), көлік құралдарын немесе қатынас жолда-
рын қасақана жарамсыз күйге келтіру (299-бап).
ҚІК-нің 480-бабының бірінші бөлігіне сәйкес ерек-
ше қағидалар тек он сегіз жасқа толмаған адамдарға
қатысты қолданылады. Сонымен бірге адам
дамуының жеке дара ерекшеліктері 18 жасқа толған
адамның осы жасы бойынша орташа статистикалық
психологиялық және физиологиялық сипаттамаларға
сәйкес болмайтын жағдайлар белгілі. Дамуы кен-
желеп қалған адам қиын жағдайға душар болады.
Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың
дамуындағы сәйкессіздік жағдайы, басқа да ерек-
ше жағдайлар ескерілген және соттың жасалған іс-
әрекет және жеке басының сипаты ескеріле отырып,
18 жасқа дейінгі адамдарға және 18-ден 21 жасқа
дейінгі (ҚК 87-бабы) адамдарға қатысты ережелерді
қолдануға жол беріледі.
3.2.3. кәмелетке толмағандар
жасаған қылмыстар туралы істер
бойынша сот ісін жүргізудің
ерекшеліктері
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар ту-
ралы істер бойынша сот ісін жүргізудің бірқатар
ерекшеліктері бар, олар, негізінен, Қазақстан
Республикасының ҚІК «Кәмелетке толмағандар
жасаған қылмыстар туралы істер жүргізу» атты
52-бапта көрініс тапқан. Сонымен қатар, ҚІК-
де кәмелетке толмаған баланың жас ерекшелігі
ескерілген және процесте оның құқықтарын
қорғауды қамтамасыз ету атап көрсетілген.
Мысалы, 71-бапта, егер күдікті, айыпталушы, сот-
талушы, сотталған немесе ақталған адам кәмелетке
толмаған жағдайда, қылмыстық іс жүргізуде
қорғаушының қатысуы міндетті деп танылған.
79-бапта кәмелетке толмағандар жасаған
қылмыстар бойынша істерде олардың заңды
өкілдерін тарту міндеттелген.
ҚІК-нің 140-бабында кәмелетке толмаған
айыпталушыға жолын кесу шараларын қолдану
кезінде кәмелетке толмаған баланы қадағалауға
беру туралы өзіндік тән жолын кесу шарасы
көзделген. ҚІК-нің 147-бабында осы жолын кесу
шарасының ерекшеліктері айқындалған.
ҚІК-нің 158-бабында күдікті, айыпталушы, сондай-
ақ, куәгер және жәбірленуші дәлелсіз себептермен
шақыру бойынша келмеген жағдайларда, олардың
келтірілуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін екендігі
белгіленген. Сонымен бірге осы бапта он төрт
жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтіруге
жатпайтыны, ал он сегіз жасқа толмаған адам-
дар олардың заңды өкілдеріне хабарламайынша,
келтірілмейтіндігі атап көрсетілген.
215-бапта кәмелетке толмаған куәгерден неме-
се жәбірленушіден жауап алудың ерекшеліктері
айқындалған.
29-бапта сот талқылауы кезіндегі жариялылық
қағидаты көрініс тапқан. Бапта былай деп атап
көрсетілген: «Барлық соттарда және сот саты-
62 Баланың құқықтары жөніндегі комитет, № 10 (2007 Жалпы
ескерту). Кәмелетке толмағандар жөнінде әділ сотты жүзеге асыру
шеңберіндегі балалар құқықтары , 30-35-тармақтар.