Марченко Григорий Александрович
(14.10.1999 ж. – 01.2004 ж.)
1959 жылы 26 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келді.
1979 – 1984 жылдары Москва Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтында «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша оқыды.
1979-81 жылдары әскер қатарында болды.
Институтты бітіргеннен кейін 1984 – 1986 жылдары Қазақ КСР түсті металдар министрлігінде: конструкторлық-технологиялық бюрода инженер-конструктор болып, басшы кадрлар бөлімі бастығының орынбасары – түсті металлургия министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
1986 – 1988 жылдары – Ғылыми-экономикалық және техникалық-экономикалық зерттеулер Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Маркетингтік ақпарат тобының аудармашысы, редакторы, аға редакторы, топ басшысы болып жұмыс істеді.
1988 – 1990 жылдары – Жартылай өткізгіш машина жасау конструкторлық бюросы секторының атқарушы директоры, ғылыми-өндірістік кооперативтік орталығы «Алое» конструкторлық бюросының төрағасы болып жұмыс істеді.
1990 – 1991 жылдары Германияда оқуда болды, Carl Duisberg Ges тағылымдамадан өтті.
1991 жылы «Еуразия» аймақаралық мемлекеттік экологиялық консорциумының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі бас инженері болып жұмыс істеді.
1992 – 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
1994 – 1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
1996 жылғы қараша – 1997 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеді.
1997 жылғы қазан – 1999 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
1998 жылғы мамыр – 1999 жылғы қазан аралығында «Deutshe Bank-Securities(Kazakhstan)» ААҚ президенті болып жұмыс істеді.
1999 жылғы қазан – 2004 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып жұмыс істеді.
2004 жылғы қаңтар – сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Премьер -министрінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2004 жылғы сәуір – қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
2005 жылғы қаңтардан бері – «Қазақстанның Халық жинақ банкі» АҚ басқармасының төрағасы болып жұмыс істейді.
«Парасат» орденімен марапатталды (2001ж.).
Достарыңызбен бөлісу: |