41
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
8.1. жалпы ескертулер
БҚК және оның Факультативтік хаттамаларына
сәйкес, күш қолданылған немесе психологиялық
зорлықтың және сексуалдық немесе басқа да
пайдаланудың кез келген түрлерінің құрбандары
болып табылатын балалар толық қалпына келу
және әлеуметтік бейімделу үшін қажетті көмек пен
қолдау алуға тиіс.
Халықаралық және ең алдымен, ұлттық деңгейде
осы құқықты іске асыру бойынша көптеген шара-
лар іске асырылды және іске асырылуда. Үкіметтер
ЮНИСЕФ, ҮЕҰ және басқа да азаматтық
ұйымдардың қолдауымен мұндай балалар үшін
уақытша баспана
мен мекемелерді қоса алғанда,
ұзақ мерзім болу және қалпына келу үшін
арнайы
қызметтер құруда.
Қысқаша: Қалпына келу және әлеуметтік
бейімделу жолымен зорлық-зомбылықтың және/
немесе пайдаланудың құрбандары болып табыла-
тын балаларды қорғау – бұл, сот/судья тарапынан
міндеттелетін айрықша қорғау шараларын барын-
ша жиі талап ететін үкімет саясатының мәселелері
(бұл туралы 5 –бөлімді қараңыз).
Осы бөлімде қылмыстың құрбандары неме-
се куәгерлер болып табылатын балаларға және
қылмыстық процестерге тартылған балаларға на-
зар аударылатын болады. Балаларды сот процестері
барысында қорғаудың халықаралық стандартта-
ры болғандықтан,
судьядарға куәгерлермен жиі
жүздесуге тура келеді.
53
8.2. Қылымыстық сот төрелігі
жүйесінде құрбандар және
куәгерлер болып табылатын
балалар
Жоғарыда атап өткеніміздей, БҚК және оның
факультативтік хаттамаларында ұрып-соғу,
сексуалдық зорлық және пайдаланудың құрбаны
болған балаларға аса назар аударылған. Тек бір бап-
та құрбан болған балалардың сот процестерінде
куәгерлер ретінде болуы туралы аталған. Бірақ
БСФХ-нің 8-бабы тек балалар саудасының және
сексуалдық пайдаланудың құрбандарымен шек-
телген. 2005 жылы БҰҰ Экономикалық және
Әлеуметтік кеңесі (ЭКОСОС) қылмыстың
құрбаны болған балалардың және куәгерлердің
қатысуымен байланысты мәселелер бойынша әділ
сот
жөнінде
Жетекші қағидаттарды қабылдаған, мұнда балалар
саудасы, балалар жезөкшелігі және балалар пор-
нографиясы туралы БҚК және Факультативтік
хаттамаларға сілтемелер келтірілген.
54
Аталған жетекші қағидаттар БҰҰ-ға қатысушы
мемлекеттер үшін қылмыстың құрбаны және
куәгері болған балаларды қылмыстық сот
жүйесінде қорғауды жетілдіруде негіз ретінде
ұсынылады. Жетекші қағидаттарда көптеген
тиісті байқаулар, қағидаттар, анықтамалар мен
ұсынымдар берілген. Мысалы,
қылмыстың құрбаны
және куәгері болған балалар қиындықтарға жиі
кездеседі, өйткені олар, кейде, қате пікірлер
бойынша құқықбұзушылар ретінде қаралады
(жезөкшеліктің немесе сауданың құрбаны болған
балалар). Сондай-ақ, кемсітпеушілік құқығы,
қатысу құқығы, өз мүдделерінің бірінші кезекті
маңыздылығы құқығы, өзіне лайықты көзқарас,
сондай-ақ, ақпарат алу құқығы сияқты қағидаттар
енгізілген.
Осы бөлімде қылмыстың құрбандары және
куәгерлері ретінде қаралатын балалар тартылған
қылмыстық істермен айналысатын судьялар үшін
аса маңызды ережелер баяндалған.
8-бөлім.
Қылмыстардың құрбандары
және куәгерлер болып табылатын
балаларды қорғау
53 Факультативтік хаттамаларға
сәйкес қылмыстың құрбандары
немесе куәгерлер болып табылатын балаларды қорғаудың басқа
аспектілері бойынша неғұрлым толық анпаратты мысалы, осы
Нұсқаулықтың «Қылмыс құрбандары және куәгерлері болған
балаларды қорғау» туралы 5-тарауынан, сондай-ақ «Баланың
құқықтары саласындағы оқыту үшін нұсқаулық және ресурстар»
(судьялар үшін) оқу құралынан толық ақпарат алуға болады,
ЮНИСЕФ, Қазақстан, 2010 ж.
54 ЭКОСОС 2005/20-қарары, 2005 ж. 22 шілде Осы Жетекші
қағидаттарды әзірлеуге Халықаралық сарапшылар тобы қатысқан.
Топтың есебі, БҰҰ Құжаты, E/CN.15/2005/14/Add.1.
42
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясы және басқа да халықаралық құжаттар
1-тарау. Халықаралық стандарттар:
Бейнетүсірілімдер пайдаланылып, жауап алуды,
арыздарды азайту үшін, сондай-ақ, сот процесінде
сыртқы байланыстарды болғызбау үшін арнайы
шаралар қолданылуы тиіс (Жетекші қағидаттардың
33 (а) параграфы).
Әділ сотты жүзеге асыру процесінде полиция-
да жауап алу қылмыстың құрбаны болған баламен
алғашқы байланыс болып табылады. Ол үшін по-
лиция қызметкері жауап алу ережелерін жақсы
білуі тиіс. Жекелеген елдерде балалардан жауапты
маманданған психолог алады. Жауап алу/әңгіме по-
лиция учаскесінде немесе өзге де қолайлы жерде, ба-
лалар үшін қолайлы жағдайларда, балаға мейірімділік
таныта отырып өткізілуге тиіс.
55
Мұндай бөлмелер
қылмыс жасаған деген күдікті адамға және/немесе
оның адвокатына әңгімені бақылау үшін мүмкіндік
беретіндей бір жақты экранмен жабдықталуы ке-
рек. Оның жауап алушы адам арқылы нақтылау
сұрақтарын бере алатын мүмкіндігі болуға тиіс.
Мұндай шаралар күдікті деп танылған адамның
құқықтарын қамтамасыз ету үшін қажет.
Қылмыстың құрбаны болған балалар үшін жа-
сына қарай шектеулер көзделмеген. Жетекші
қағидаттарда былай делінген: «Әрбір бала әрекетке
қабілетті куәгер ретінде қаралғаны жөн, егер
баланың жасы, ересектік дәрежесі қарым-қатынас
жасаудың көмекші құралдарын және басқа да
көмек құралдарын пайдаланылып та немесе пай-
даланбай да
сенімді, анық жауап беруге мүмкіндік
берсе, одан жауап алуға болады және оның жауабы
тек жасына байланысты жарамсыз немесе сенімсіз
деп саналмауға тиіс».
Әдетте, балаға не жағдай болғанын көрсетуге
көмектесу үшін немесе бала суреттің көмегімен
не болғанын көрсетуіне мүмкіндік беру үшін су-
реттер пайдаланылады. Сондай-ақ, баланың жасы
мен ересектігі ескеріле отырып, одан жауап алудың
ұзақтығы және үзілістерді жоспарлау маңызды.
Әрине, бала, ата-аналар, қамқоршылар немесе
оның заңды өкілдері алғашқы жауап алудың сипа-
ты, ұзақтығы және салдары туралы тез арада және
дұрыс хабардар болуға тиіс.
Жауап алу бейнекамераға түсірілуге, ал судья бұл
бейнежазбаны қол жетімді айғақ ретінде қарауы
қажет. Бейнетүсірілімдер бойынша қол жеткізуге
болатын басымдықтар: ол
жауап алушының
балаға жетекші сұрақтар бергенін не бұрыс ықпал
жасағанын тексеруге, сондай-ақ, сот отырысын-
да баланы тыңдау міндетті болмауына мүмкіндік
береді. Мұны айыпталушының әділ сот талқысына
құқығын ескере отырып, судья шешуге тиіс.
Айыпталушы адамның маңызды құқығының өзіне
қарсы айғақ беруші адамнан жауап алу құқығын
пайдаланылуы болып табылады (АҚЕК 6 (d)-бабы).
Бірақ жауап алған кезде баланың қиындықтарға
кезігетінін ескере отырып, судьяның мынадай
нұсқаларды қарауына болады:
•
Айыпталушы адамның жауап алуға қатысу
мүмкіндігімен
алғашқы жауап алудағы
бейнетүсірілімді айғақ ретінде қабылдау және
баладан сот залында жауап алудың қажет деп са-
намау.
•
Судья баладан немесе оның атынан сот за-
лында жауап алмау туралы жазылған өтінішті
қабылдауына болады, өйткені бұдан бала
тағы да зардап шегуі мүмкін. Адам құқықтары
55 Әзірбайжан Республикасының Ішкі істер министрлігі полици-
яда Балалар бөлмелерін ашу және пайдалану жөнінде Нұсқаулық
әзірледі.